ещё
свернуть
Все статьи номера
№4, 2019
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

Пәндердің ағылшын тілімен пәнаралық ықпалдастығын енгізу арқылы көптілді оқыту

Эксперименттің негізгі идеялары, мақсаттары, бастапқы теориялық-әдіснамалық ережелері

Оқу орындарында шет тілін оқытуды зерттеу мен оқыту іс-тәжірибесі ғылыми-практикалық және пәнаралық (кіріктірілген) тәсілдің оқыту негізін құрауы тиіс екендігін дәлелдейді.

Бұл тәсілдің басты ерекшелігі, оның жаңашылдығы тілдік дайындықтың жаратылыстану-математика циклінің оқу пәндерімен ықпалдастық байланысын қамтамасыз етуден тұрады.

Оқушылар көптілді білім беру бағдарламасының назарында.

Оқу қызметінің негізін ынтымақтастық (тұлғааралық және көптілді) құрайды.

Көптілді білім берудің ықпалдастырылған бағдарламасының мәнін оқушылардың физика, информатика, биология және химия пәндері бойынша ағылшын тілімен ықпалдастықта пән білімдерін меңгеруі құрайды.

Көптілді білім беру бағдарламасының өзектілігі мұның өмірлік қажеттілікке айналуына негізделген, себебі әлемдегі ғылым мен техниканың даму қарқыны мен деңгейі тиісті теориялық және практикалық білімді, машықтар мен дағдыларды барынша сапалы әрі толыққанды алу үшін шет тілдерін еркін меңгеруді қажет етеді. Бұл білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Мақсаты: оқу-тәрбие процесіне жаратылыстану-математика бағытындағы (бұдан әрі – ЖМБ) пәндердің ағылшын тілімен пәнаралық ықпалдастығын енгізу.

Көптілді білім берудің эксперименттік бағдарламасы алдына мынадай практикалық міндеттер қояды:

  • ағылшын тілін оқыту процесін ынталандыру жүйесін құру;
  • ЖМБ пәндермен ықпалдастыру арқылы ағылшын тілін қолдану саласын кеңейту;
  • оқушылардың ағылшын тілін қолданудың практикалық дағдыларын дамыту;
  • физика, информатика, химия, биология және ағылшын тілі мұғалімдерінің практикалық-бағдарланған, кіріктірілген жұмыс бағдарламалары мен көптілді білім берудің перспективалық-тақырыптық жоспарларын әзірлеуі;
  • білім беру процесі жүйесіне ЖМБ пәндер бойынша кіріктірілген сабақтарды енгізу;
  • 2017/2018 оқу жылынан бастап лицейлік компоненттің есебінен 7-сыныпта «Физика» және «Информатика» пәндерін ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыру;
  • 2018/2019 оқу жылынан бастап лицейлік компоненттің есебінен 7-сыныпта «Химия» және «Биология» пәндерін ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыру.

Эксперимент кезеңдері және әрбір кезең бойынша болжамды нәтижелер

Көптілді оқыту бағдарламасын іске асыру үшін сабақ барысында ғана емес, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет барысында түрлі цикл пәндерін біріктіретін тұрақты дамуға бағытталған білім беруге жалпы мектептік тұрғыдан келу қажет. Кез келген қызметте, әсіресе эксперименттік қызметте шыққан нәтижелерді бағалау ғана емес, сонымен бірге қызметтің негізгі бағыттарын айқын көру және оған жету жолдарын ұғыну өте маңызды.

Оқу-тәрбие процесіне көптілді білім берудің эксперименттік бағдарламасын енгізу үшін зерттеу үш кезеңмен өткізіледі:

  • дайындық кезеңінде – зерттелуші мәселенің қазіргі жай-күйін талдау жүзеге асырылады; зерттеу тақырыбы, мақсаты айқындалады, міндеттерді нақтылау жүзеге асырылады; физика, информатика, химия, биология және ағылшын тілі мұғалімдерінің кіріктірілген сынақ сабақтарында дайындық мазмұнын, көптілді оқыту бағдарламасы әдістері мен нысандарының алуан түрлілігін айқындауға қатысу рөлі айқындалады;
  • практикалық кезеңде – көптілді білім беру бағдарламасының ғылыми-әдістемелік қамтымы әзірленеді және негізделеді, оқудың ағымдағы және қорытынды нәтижелеріне мониторинг жүргізіледі;
  • талдау кезеңінде – оқушылардың көптілді білім берудің кіріктірілген бағдарламасы жағдайына дайындығының ғылыми-әдістемелік қамтымын эксперименттік тексеру жүргізіледі; нәтижелерді ұғыну және жалпылау жүзеге асырылады; оқытушылар мен оқушылардың оқу мазмұнын меңгеру бойынша пәндік қызмет әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы негізделеді; МЖМБС негізіндегі оқу-бағдарламалық құжаттама; оқу құралдары; бақылау құралдары, әдістемелік ұсынымдар.

Қызмет әдістері: Бағдарламаны іске асыру кезінде эмпирикалық зерттеу әдістері (негізгі әдіс – эксперимент, салыстыру, сипаттау, өлшеу қолданылады), теоретикалық таным әдістері қолданылады, сондай-ақ үлгілеу әдісі қолданылды. Жұмыс жүйелі тұрғыдан келуге негізделеді.

Эксперименттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

Кезең-
дері, мерзім-
дері
Кезеңнің міндеттеріМазмұныБолжамды нәтиже
I кезең. Дайындық«Көптілді білім беру», «пәнаралық ықпалдастық» ұғымдарының әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық мәнін ашуЗерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, әлеуметтанушылық, әдістемелік әдебиетті талдау, синтездеу, жүйелеу«Пәндердің ағылшын тілімен пәнаралық ықпалдастығын енгізу арқылы көптілді оқыту» талдамалы мақаласы
Оқу-тәрбие процесіне пәнаралық ықпалдастықты енгізу арқылы көптілді оқытудың теориялық үлгісін құруОқу-тәрбие процесіне пәнаралық ықпалдастықты енгізу арқылы көптілді оқытудың теориялық үлгісін құруОқу-тәрбие процесіне пәнаралық ықпалдастықты енгізу арқылы көптілді оқытудың теориялық үлгісі
Тәжірибелі-эксперименттік жұмыс (бұдан әрі – ТЭЖ) бағдарламасын түзетуМектеп базасындағы ТЭЖ бағдарламасы
Көптілді оқытуды енгізу бойынша педагогтардың шығармашылық тобының жұмысын ұйымдастыруға арналған регламенттеуші құжаттарды дайындауЖұмыс тобын құру туралы бұйрық, көптілді оқыту туралы ереже
Көптілді білім беруді қамтамасыз ету бойынша білім беруді ұйымдастыру жағдайы жиынтығын негіздеуОқу-жоспарлау құжаттамасын, оқу-әдістемелік өнімді дайындауОқу жұмыс бағдарламалары
«Пәнаралық ықпалдастық көптілді білім берудің барынша тиімді нысаны ретінде» оқыту семинарын ұйымдастыруӘдістемелік ұсынымдар
Білім беру ұйымында көптілді оқытуды жүзеге асыруға жайлы орта құруКөптілді білім берудің аясында 7 «А» сынып оқушыларына физика мен информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуӘдістемелік әзірлемелер, перспективалық-тақырыптық жоспарлар, ОӘК
II кезең. НегізгіБілім беру ұйымында көптілді оқытуды жүзеге асыру үшін жайлы орта құруКөптілді білім берудің аясында оқушыларға физика, информатика, биология және химия пәндерін ағылшын тілінде оқытуӘдістемелік әзірлемелер, перспективалық-тақырыптық жоспарлар, ОӘК
Эксперимент тақырыбы бойынша педагогикалық кеңеске дайындық және өткізуХаттама
Физика, информатика, биология және химия бойынша ағылшын тілінде кіріктірілген сабақтар сериясын өткізуӘдістемелік әзірлемелер
Көптілді білім берудің аясында 8-сынып оқушыларына физика мен информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуОӘК
Көптілді білім берудің аясында 7-сынып оқушыларына химия және биология пәндерін ағылшын тілінде оқытуӘдістемелік әзірлемелер, перспективалық-тақырыптық жоспарлар, ОӘК
«Заманауи кіріктірілген сабақ: тәжірибе, идеялары, келешегі» мектепішілік семинарын ұйымдастыруӘдістемелік ұсынымдар
«Көптілді оқыту кезінде оқу және тәрбие жұмысының сапасын бағалау жүйесі» педагогикалық идеялар фестивалін ұйымдастыруКіріктірілген сабақтар жинағы, фестиваль хаттамасы
Жобаға қатысушылардың біліктілігін арттыру және тағылымдамадан өтуіСертификаттар
Көптілді оқыту бағдарламасы қызметінің материалдық-техникалық базасын құруХимия, биология, физика және информатика бойынша CD-жеткізгіштегі ағылшын тіліндегі ОӘК сатып алу
Тілдік ортаға ену күндерін өткізуСценарийлер
Мектеп мұғалімдері үшін ағылшын тілі курстарын өткізуСөздіктер, әдістемелік ұсынымдар шығару
Ағылшын тілін дамыту бойынша сыныптан тыс іс-шаралар өткізуСценарийлер жинағын шығару
Олимпиадалар, конкурстар өткізуЕреже
Эксперименттік топта білім сапасын бағалаудың қалыптасқан үлгісінің нәтижелілігін тексеруЭкспериментке қатысушылардан сауалнама; сұхбат алу. Шынайы педагогикалық эксперимент барысында алған нәтижелерді талдауАралық диагностика нәтижелері бойынша талдамалы анықтамалар
III кезең. Жалпы-
лаушы
Экспериментті іске асыру барысында алған нәтижелерді талдауЭксперимент барысында алған мәліметтерді өңдеуТалдамалы анықтамалар
Көптілді оқыту жүйесі үлгісін нақтылау және түзетуҰйымның қызмет практикасына көптілді білім беруді енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
«Пәндердің ағылшын тілімен пәнаралық ықпалдастығын енгізу арқылы көптілді оқыту» ТЭЖ қорытындысы бойынша ғылыми-практикалық конференция ұйымдастыру

Күтілетін нәтижелер

Көптілді білім беру

  • орыс тілінің ТМД елдеріндегі мемлекетаралық қатынастың ресми тілі ретіндегі мәртебесін бекітудің (бірыңғай делдал тіл қызметінің объективтік қажеттілігі, ал тарихи факторға қарай тек орыс тілі осындай тілге жатады);
  • ағылшын тілін қазақ-орыс қостілділігі деңгейіне дейін ілгерілетудің (үштілділік – бұл ақсүйектер үшін ғана мүмкін емес) қуатты факторы мен әсерлі механизмі болып табылады деп болжануда.

Мектепте көптілді оқыту жүйесі педагогтарға мынадай мүмкіндіктер береді

  • көптілді оқыту кезінде қолданылатын ұғымдық аппаратты толықтыру;
  • педагогикалық шеберлікті арттыру;
  • тілдік дайындықты жетілдіру;
  • кіріктірілген сабақтарды өткізу әдістемесін меңгеру;
  • оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың оқу мен жұмыста жоғары нәтижеге жетуге деген ынтасын арттыру;
  • білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін, олардың қызығушылықтарын, білімге деген мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жетілдіру.

Оқушылар өзінің оқу және тәрбие сапасын бағалай отырып, мәселелі жағдайда тиімді әрекет ете алады, қазіргі қоғамның құбылмалы жағдайына бейімделуді үйренеді, бәсекеге қабілетті, өзін іс жүзінде танытуға, білімін бұдан әрі жалғастыруға дайын тұлғаға айналады.

Эксперимент жүргізудің қажетті шарттары

Эксперименттің негізгі қатысушылары – әкімшілік, физика, информатика, биология, химия, ағылшын тілі мұғалімдері, оқушылар. Эксперименттік бағдарламаны апробациялауға сондай-ақ ОТП сүйемелдеу мамандары, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің көптілді оқыту орталығының ғылыми кеңесшілері қатысады.

Оқу орнымыздың ЖМБ бейінін ескере отырып кәсіби біліктілігі жоғары мектеп түлектерін дайындауды қамтамасыз етуде ЖМБ педагогтарының жетекші рөл атқаратынын атап өту керек. Кіріктірілген оқыту бағдарламасын енгізу үшін ЖМБ және тілдік пән (ағылшын тілі) педагогтарының практикалық әрекеттестігі қажет.

ЖМБ оқытушыларының кадрлық әлеуетін айқындап, кестелерді толтыру керек.

ЖМБ педагогтарының сапалық құрамы
ПәніМұғалімнің Т. А. Ә.СанатыӨтілі
Биология   
   
Химия   
   
Физика   
   
Информатика   
   

Көптілді оқыту бағдарламасы тілдік пән (ағылшын тілі) педагогтарының қатысуын талап етеді.

Ағылшын тілі педагогтарының сапалық құрамы
ПәнМұғалімнің Т. А. Ә.СанатыӨтілі
Ағылшын тілі   
   
   
   

Дайындық кезеңінде ЖМБ пәндері мен ағылшын тілі педагогтары ағылшын тілі мұғалімдерінің ЖҰМ мәжілістерінің аясында пәндерді кіріктіруге арналған ортақ тақырыптарды айқындау үшін жұмыс бағдарламаларын тексеру мен мақұлдауды жүзеге асырады. Біз кіріктірілген сабақтың анықтамасына сүйене отырып, сабақта ЖМБ оқу пәнінің (физика, информатика, биология, химия) жетекші (интегрант), ал ағылшын тілінің көмекші пән деген екі жақты келісімге келдік.

Ағылшын тілі мұғалімдері CLIO курстарында оқиды, бұлар өз кезегінде болашақта ЖМБ мұғалімдерін оқу процесіне көптілділікті (ағылшын тілін) енгізуге машықтандыруға мүмкіндік береді. Өзге ағылшын тілі мұғалімдері білім беру мазмұнын жаңарту бойынша курстан өтті, мұның аясында оларға жаратылыстану-математика циклі пәндеріне ағылшын тілін енгізу жолдары көрсетілді.

Бағдарламаның тиісті ресурстық қамтымы

  • Кадрлық қамтым
  • Міндеттерінің кеңеюіне байланысты жаңа қоғамдық лауазымдарды енгізу (эксперименттік бағдарламаның ғылыми жетекшісі, педагогтардың шығармашылық тобының жетекшісі).
  • ТЭЖ іске асыруға бағдарланған бағыттар мен технологияларды меңгеру бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
  • Ғылыми-әдістемелік қамтым
  • Оқыту семинарлары серияларын, дөңгелек үстелдер, ғылыми-практикалық конференциялар, әдістемелік шеберханалар, педагогикалық идеялар фестивалін өткізу.
  • ТЭЖ тақырыбы бойынша технологиялар, диагностикалық материалдар қорын жасау.
  • Мектептің ТЭЖ бағыттарына сәйкес әдебиеттер сатып алу.

Көптілді оқыту бағдарламасын меңгеру нәтижелерін бақылау және бағалау

Эксперименттік жұмыс барысында біз тұрақты даму индикаторларының көмегімен мектепте көптілді оқыту бағдарламасын іске асыру жолдарын айқындауға болатын стратегияны ұсынамыз. Бүкіл индикаторлар жинағы «тілдердің үштұғырлығын тұрақты дамытуға ұмтылудың» ортақ бағытын белгілейді.

Көптілді оқыту экспериментін практикада жүзеге асыра бастау үшін

  • мектептің білім беру процесінің ағымдағы жай-күйін талдау: көптілді оқыту спектрін бейнелейтін индикаторларды таңдау;
  • көптілді оқыту эксперименті жүргізілетін мектептің білім беру, тәрбие, сабақтан тыс қызметіне назар аудару;
  • таңдалған индикаторларға сәйкес жағдайды жақсарту бойынша іс-әрекетті жоспарлау;
  • экспериментті үш кезеңмен жүргізу;
  • эксперимент аяқталған соң жағдайды талдау және жаңа іс-әрекетті белгілеу керек.

Көптілді оқытудың аясында мектептің білім беру процесінің сапалы өсуін тіркеуге мүмкіндік беретін параметрлері ретінде мыналар таңдалды: білім беру ортасын ұйымдастыру, көрсетілетін білім беру қызметтері сапасының мазмұнын жаңарту, пән мұғалімдерінің қызметіне мониторинг жүргізу, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, кіріктірілген сабақтарға дайындық кезінде білім алушылардың дербестігін арттыру.

Тұрақты даму индикаторларының негізінде мектептің білім беру қызметін бағалауға және көптілді оқыту бағдарламасының дамудың қай деңгейінде тұрғанын анықтауға болады: ұйымдастырушылық, қызметтің немесе шығармашылық, сондай-ақ оқу жылына арналған эксперименттік жұмысты талдау жолдарын белгілеуге болады:

  • педагогикалық ұжымның эксперименттік қызметке қатысуын анықтау (сауалнама алу);
  • экспериментші оқытушылардың технологиялық картасы мен есеп беру кестелерін салыстырмалы сипаттау: оқытушылардың эксперименттік қызметінің болжамды және түпкілікті нәтижелерін салыстыру;
  • педұжымның практикалық әзірлемелерін талдау: жаңа нысандарды, әдістерді, технологияларды оқу процесіне енгізу, инновациялық әдістемелердің эксперименттік топтағы білім алушылардың оқу сапасына ықпалы;
  • эксперименттік топтағы білім алушылардың білім срездерін өткізу;
  • шығармашылық топ жұмысын талдау: жұмыс кезеңіндегі экспериментші оқытушылар қызметінің нәтижелілігі, келесі оқу жылына арналған міндеттерді белгілеу;
  • дерекқорды талдау: ақпаратты жүйелеу және жалпылау, дерекқорды кеңейту үшін перспективалық бағыттарын әзірлеу.

Эксперимент нәтижелерінің нақтылығын бақылау және қамтамасыз ету құралдары

Мониторингтер

  • эксперименттік топ қызметі жағдайының сапасы;
  • эксперименттік топта пәндерді оқытудың өзгеру динамикасы мен сапасы;
  • педагог қызметкерлердің кәсіби біліктілігінің өсуі;
  • білім алушылардың оқу және тұлғалық өсу сапасы;
  • эксперименттік топтағы тәрбие жұмысының сапасы;
  • білім алушылар мен олардың ата-аналарының оқу сапасымен қанағаттанушылық деңгейі.