ещё
свернуть
Все статьи номера
№4, 2016
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ БАСҚАРУ

Мұғалім қызметін бағалау критерийлері

Мұғалім мектепте жұмыс істей жүріп, күнделікті бағалауға тап болады: оқушының ауызша жауабын, бақылау немесе шығармашылық жұмысын талдау және мүмкіндігінше барынша әділ баға қою керек. Деңгейлік курс бағдарламаларының 7 модулі идеяларын енгізуге байланысты баладан неліктен қандай да бір ұпайды алғаны туралы сауалды сирек естуге болады: бағалау оқушы үшін ашық, түсінікті әрі қолжетімді болады, оқушылар оны біліп қана қоймай, мұғаліммен бірге бағалау критерийлерін әзірлейді, өзінің жеке нәтижелерін интерпретациялайды және өзінің ары қарайғы оқуының ұзақмерзімдік немесе қысқамерзімдік міндеттерін белгілейді.

Мұғалімнің қызметі бағалау мақсатында, сонымен бірге өз қызметін тұрақты рефлексиялау мақсатында үздіксіз бағалауды және өзіндік бағалауды талап етеді: мәселелерді тұжырымдау, оларды шешудің жолдары мен әсерлі құралдарын іріктеу. Бұл үдерісте әдістемелік қызметтің жұмысы маңызды рөл атқарады. Мысалға, оқу жылының басында сабақты бағалау критерийлері мектеп сайты арқылы мұғалімдердің назарына жеткізіледі, бұл педагогтардың сабаққа сапалы дайындалуына, сондай-ақ оған өзіндік талдау жасауына септігін тигізеді (1-қосымша).

Аттестаттау мен портфолио мұғалім қызметін бағалаудың маңызды кезеңі болып табылады. Бұл мұғалім тәжірибесінің шығармашылық таныстырылымы болғандықтан, мұнда портфолио құрастыруды регламенттейтін мемлекет-деңгейіндегі нормативтік құжаттар жоқ, мұнда қандай да бір шектеулер болмайды. Алайда кез келген шығармашылықтың белгілі бағыты болуы тиіс, сондықтан педагогтарға көмек ретінде Аттестатталушы мұғалімнің электрондық портфолиосы туралы ереже (2-қосымша) жасалды, мұнда Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шартына (ҚР білім және ғылым министрінің м. а. 07.08.2013 ж. № 323 бұйрығымен бекітілген) сәйкес бөлімдер, сондай-ақ аттестаттау комиссиясының оны бағалау критерийлері көрсетілген.

Педагогтардың шығармашылық топтарының қызметін бағалауда бірқатар сауалдар туындайды, оларға пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерін жатқызуға болады. Бұл мәселе әсіресе Білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау кезеңінде өте өзекті, бұл кезде әдістемелік бірлестік (бұдан әрі – ӘБ) жетекшілері қолда бар, ақпараттардың молдығынан сасқалақтайды және оны қалайша сауатты әрі сапалы түрде ұсынуға болатынын білмейді. Аталған мәселені шешу мақсатында мектеп-гимназиямызда әдістемелік кеңесте әр кезеңді бағалау критерийлерін алдын ала талқылау арқылы үздік мектептік ӘБ конкурсы өткізілді. Конкурс туралы жасалған ереже ӘБ мүшелеріне жинақталған материалды жүйелеуге және өзінің жұмыс тәжірибесін барынша жоғары-деңгейде ұсынуына көмектесті (3-қосымша).

Педагогтар қызметін сабақтан бастап тәжірибесін портфолио түрінде шығармашылық таныстыруға дейін сыни бағалау (және өзіндік бағалау) бойынша жұмыс нәтижелілігі сөзсіз: мұғалімдер мен оқушылардан сауалдама алу, сабаққа қатысу, құжаттаманы зерттеу және нәтижелілікке мониторинг жүргізу педагогтардың рефлексивтік мәдениетінің жалпы дамуына және олардың кәсіби біліктілігін арттыруына дәлел болады.

1-қосымша

2-қосымша

3-қосымша