ещё
свернуть
Свежий номер

Новости

в системе образования

3 қыркүйек

И опять о важных нововведениях в школах

Читайте также эту новость на казахском языке

Легкий портфель

Министерство образования и науки разработает новую концепцию, и теперь школьникам можно будет не носить учебники, используя при этом электронные версии книг. Новые предметы Новый предмет для старшеклассников «Основы предпринимательства и бизнеса» ориентирован на единые европейские стандарты обучения предпринимательству. Ученикам старших классов будут преподавать «Графику и проектирование» и «Начальную военную и технологическую подготовку». Обычные тетради Министр образования и науки Асхат Аймагамбетов считает, что обычных тетрадей достаточно для образовательного процесса. Именно поэтому он попросил учителей не заставлять родителей покупать рабочие тетради. Пятидневка для учителей В министерстве посчитали, что учителя могут использовать субботний день по собственному усмотрению. «Если школа перешла на пятидневку, то учитель вправе использовать субботний день по своему усмотрению. Учителя смогут провести его дома, со своими детьми», – сказал министр. Отказ от оценок в виде смайликов В МОН решили, что такая система оценки вводит в заблуждение родителей и школьников. Учителям вернут привычные оценки. Штрафы за привлечение учителей к «несвойственным им функциям» Принято решение оградить учителей от лишних отчетов и работы, не связанной с профессиональной деятельностью. В проекте закона «О статусе педагога» предусмотрен штраф от 20 до 120 МРП (от 50 500 до 303 000 тенге).

Қайтадан мектептердегі маңызды жаңа енгізулер туралы

Жеңіл портфель Білім және ғылым министрлігі жаңа концепция жасап шығарады, енді оқушыларына кітап тасудың қажеті болмайды себебі, кітаптардың электронды нұсқасын қолдана алады. Жаңа пәндер Жоғары сынып оқушыларына арналған жаңа пән « Бизнес және кәсіпкерлік негіздері »кәсіпкерлікке үйрететін біріңғай еуропалық стандарттарға сәйкес бағытталған. Жоғары сынып оқушыларына «Кесте және жобалау» және «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық » пәндері оқытылады.   Кәдімгі дәптерлер Білім және ғылым Министрі Асхат Аймағамбетов оқу процесі үшін кәдімгі дәптерлері жеткілікті деп есептейді. Сол себепті, ол,мұғалімдерге ата-аналарды жұмыс дәптерлерін сатып алуға мәжбүрлемеулерін сұрады.   Мұғалімдерге арналған бес күндік. Министрлік есептеп сенбі күнін мұғалім өз қалауынша қолдануға болатынын айтты. «Егер мектеп бес күндік оқуға көшсе ,онда мұғалім сенбі күнін өз қалауы бойынша қолдануға құқылы . Мұғалімдер ол күнді үйінде балаларының жанында өткізе алады»,–деді министр.

 

Смайлик түріндегі бағалаудан бас тарту БҒМ –де осы жүйедегі бағалау түрі, оқушылар мен ата-аналарды жаңылыстырады деп шешілді. Мұғалімдерге үйреншікті бағалау жүйесі қайтарылады. Мұғалімдерді «олардың лауазымдық міндетіне жатпайтын» қызметке тару айыппұлы Мұғалімдерді өзінің кәсіби қызметімен байланысты емес есеп берулер мен жұмыстардан сақтау шешімі қабылданды . «Мұғалімнің мәртебесі туралы» заң жобасында 20-дан 120 АЕК (50 500-ден 303 000 теңге)айыппұл салу қарастырылған.

28 тамыз

Законопроект «О статусе педагога» одобрен правительством

Читайте также эту новость на казахском языке

Проект закона включает меры материального и нематериального стимулирования труда педагогов. Основные материальные стимулы заключаются в двукратном повышении доплат за классное руководство и проверку тетрадей, а также за педагогическое мастерство, степень магистра и наставничество. Кроме того, период отпуска для всех педагогов будет увеличен до 56 дней. Большое значение имеют и нематериальные стимулы: будет решен вопрос сокращения нагрузки учителей, гарантированы защита чести и достоинства педагогов, их детей будут принимать в детские сады в первую очередь. По словам министра образования и науки РК Асхата Аймагамбетова, принятие законопроекта позволит повысить статус и престиж педагога, стимулировать их к дальнейшему профессиональному росту и в целом повысит качество предоставляемых образовательных услуг.

«Педагогтың мәртебесі туралы » заң жобасы үкіметпен мақұлданды

Заң жобасына педагог еңбегін материалды және материалды емес ынталандыру шаралы кіреді. Негізгі материалды ынталандыруға сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені және педагогикалық шеберлігі, магистр дәрежесі мен тәлімгерлігі үшін қосымша төлем кіреді. Сонымен қатар, негізгі демалыс мерзімі 56 күнге ұзартылады. Материалды емес ынталандырудың да маңызы зор:педагогтардың балалары балабақшаға бірінші кезекте қабылданады, олардың ар намысы мен абыройын қорғау кепілдігі, мұғалімдер жүктемесін қысқарту мәселесі шешіледі. ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуы бойынша осы заң жобасын қабылдау педагогтың мәртебесі мен беделін арттырады және оларды осыдан әрі де кәсіби деңгейінің өсуіне ынталандырады, жалпы білім беру қызметінің сапасын арттырады.

23 тамыз

Стали известны даты школьных каникул

Читайте также эту новость на казахском языке

Согласно приказу министра образования и науки Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 337 начало 2019/2020 учебного года – 1 сентября 2019 года. «Продолжительность учебного года в 1 классах – 33 учебные недели, во 2–11 (12) классах – 34 учебные недели. Занятия, выпавшие на праздничные дни, переносятся на следующие дни с учетом интеграции содержания учебных программ за счет часов, отведенных на повторение», – говорится в приказе ведомства. МОН РК определило также каникулярные периоды в течение учебного года: в 1–11 (12) классах: осенние – 7 дней (с 28 октября по 3 ноября 2019 года включительно), зимние – 10 дней (с 30 декабря 2019 года по 8 января 2020 года включительно), весенние – 13 дней (с 21 марта по 2 апреля 2020 года включительно); в 1 классах: дополнительные каникулы – 7 дней (с 3 по 9 февраля 2020 года включительно). Таким образом, учебный год начинается с 1 сентября 2019 года и завершается 25 мая 2020 года.

Мектептегі каникул күндері белгілі болды

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 337 бұйрығына сәйкес 2019/2020 оқу жылы 2019 жылғы 1 қыргүйектен басталады. «Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)-сыныптарда – 34 оқу аптасы. Мереке күндеріне түскен оқу сабақтары оқу бағдарламасы мазмұнын кіріктіруді ескере отырып, қайталауға берілген сағат санымен келесі күнге ауыстырылады»,– делінген ведомство бұйрығында. ҚР БҒМ оқу жылы ішіндегі каникул мерзімін анықтады: 1-11(12)-сыныптарда: күзгі – 7 күн (2019 жылғы 28 қазаннан бастап 3 қарашаға дейін); қысқы – 10 күн ( 2019 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2020 жылғы 8 қаңтарға дейін); көктемгі –13 күн (2020 жылғы 21 наурыздан бастап 2 сәуірге дейін); 1-сыныптарда: қосымша демалыс – 7 күн (2020 жылғы ақпанның 3-нен 9-на дейін). Осылайша, оқу жылы 2019 жылғы 1 қыргүйекте басталып, 2020 жылғы 25 мамыр күні аяқталады.

21 тамыз

Школьные линейки пройдут в воскресенье, 1 сентября

Читайте также эту новость на казахском языке

В 2019 году День знаний приходится на воскресенье, но переносить праздничное мероприятие не будут. После линейки уроков у школьников не будет. Занятия начнутся в понедельник, 2 сентября.

Мектеп линейкасы жексенбі күні 1 қыргүйекте өткізіледі

2019 жылы Білім күні жексенбі күнге сәйкес келді, бірақ мерекелік шаралар басқа күнге ауыстырылмайды. Салтанатты жиын өткеннен кейін мектеп оқушыларында сабақ болмайды. Сабақ 2 қыргүйектен басталады.

20 тамыз

О новшествах в сфере образования

Читайте также эту новость на казахском языке

Будут разработаны и запущены специальные программы по уравниванию возможностей городских и сельских школьников. Планируется трансформация процедуры проведения ЕНТ, чтобы гарантировать прозрачность и справедливость распределения грантов. Студентам будет предоставлена возможность сохранения грантов при переезде в другой город. Школьникам разрешат не носить учебники, можно будет использовать электронные версии книг. Планируется принимать детей в детские сады с двух лет. Учителя могут теперь использовать субботний день по собственному усмотрению. По мнению министра, система оценки в виде смайликов вводит в заблуждение родителей и школьников, поэтому решено от нее отказаться.

Білім саласындағы жаңашылдықтар жөнінде

Қалалық және ауылдық оқушылардың мүмкіндіктерін теңестіру бойынша арнайы бағдарламалар әзірленеді және іске қосылады. Гранттарды бөлудің әділдігі мен ашықтығына кепілдік беру үшін ҰБТ өткізу процедурасын трансформациялау жоспарлануда. Студенттерге басқа қалаға көшкен жағдайда грантты сақтап қалу мүмкіндігі беріледі. Білім алушыларға оқулықтарды тасымауға рұқсат етіледі, кітаптардың электрондық нұсқаларын қолдануға болады. Балаларды екі жастан бастап балабақшаға қабылдау жоспарланып отыр. Енді мұғалімдер сенбі күнін қалауы бойынша пайдалана алады. Министрдің ойынша, смайликтер түрінде бағалау жүйесі ата-аналар мен білім алушыларды шатастырады, сондықтан одан бас тарту туралы шешім қабылданды.

19 тамыз

Учителям повысят зарплаты в 2 раза

Читайте также эту новость на казахском языке

Глава государства поручил правительству увеличить заработную плату учителей в два раза в течение четырех лет. Выступая на августовской конференции, он отметил, что зарплата педагогов несмотря на декларируемое сегодня повышение остается достаточно низкой и составляет всего лишь 65 процентов от средней зарплаты по экономике. Президент отметил, что в проекте закона «О статусе педагога» предусмотрены комплексные меры поддержки. Это сокращение нагрузки учителей, гарантия защиты чести и достоинства и материальные стимулы: доплата в двукратном размере за классное руководство и проверку тетрадей, сокращение нагрузки на педагога, установление запрета на увеличение несвойственных функций, предоставление чрезмерной отчетности, проведение необоснованных проверок.

Мұғалімдердің жалақысы 2 есеге өседі

Мемлекет басшысы үкіметке төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырды. Ол тамыз кеңесінде сөз сөйлеген кезде бүгінде декларацияланған ұлғайтуға қарамастан педагогтардың жалақысы төмен әрі экономика бойынша орташа жалақының 65 пайызын ғана құрайтынын атап өтті. Президент «Ұстаз мәртебесі туралы» заңның жобасында кешенді қолдау шаралары қарастырылғанын атап өтті. Бұл – мұғалімдердің жүктемесін азайту, ар-намысын қорғау кепілдігі мен материалдық ынталандырғыштар: сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін екі еселенген мөлшердегі қосымша ақы, педагогтың жүктемесін қысқарту, қызметінен тыс жұмыстарды артуға тыйым салу, артық есептілік, негізсіз тексерулер жүргізу.

14 тамыз

Штрафовать родителей шестилеток не будут

Читайте также эту новость на казахском языке

В Кодексе об административных правонарушениях есть статья: невыполнение родителями детей обязанностей по воспитанию и обучению несовершеннолетних влечет штраф в размере от семи МРП – около 17,6 тысячи тенге. Повторное нарушение в течение года влечет административный арест до 15 суток и штраф до 20 МРП. Министр образования и науки Асхат Аймагамбетов на пресс-конференции в правительстве прокомментировал ситуацию таким образом: «Таких требований нет, что ребенок, когда придет в первый класс, должен обязательно уметь читать и писать. Программа первого класса сделана с ожиданием, что дети приходят, не имея таких навыков и знаний. Поэтому они в первом классе изучают буквы, чтение, счет, письмо. Что касается шестилеток, норма закона есть. Я, как министр, госслужащий, не могу говорить, что эту норму не надо соблюдать. Поэтому с шести лет дети идут в школу, но это право родителя. Штрафов за то, что ребенок не приходит в шестилетнем возрасте в школу, у нас нет. Соответственно, никто никого не может штрафовать».

Алты жасар балалардың ата-анасына айыппұл салынбайды

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте мынадай бап бар: ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және оқыту бойынша міндеттерін орындамауы жеті АЕК-тен басталатын – шамамен 17,6 мың теңге мөлшеріндегі айыппұл салуға әкеледі. Бұзушылықтың жыл ішінде қайталануы 15 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға және 20 АЕК дейінгі айыппұлға әкеледі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкіметтің баспасөз конференциясында жағдайға қатысты мынадай пікір білдірді: «Бала бірінші сыныпқа келгенде міндетті түрде оқи әрі жаза білуге тиіс деген талаптар жоқ. Бірінші сынып бағдарламасы балалар мұндай машықсыз әрі білімсіз келеді деген болжаммен жасалған. Сондықтан олар бірінші сыныпта әріптермен танысады, оқуды, санауды, жазуды үйренеді. Алты жасар балаларға келетін болсақ, заң нормасы бар. Мен, министр, мемлекеттік қызметші ретінде бұл норманы сақтамау керек деп айта алмаймын. Сондықтан балалар алты жасынан мектепке барады, бірақ бұл ата-ананың құқығы. Бала алты жасында мектепке келмегені үшін айыппұл салынбайды. Сәйкесінше, ешкім ешкімге айыппұл сала алмайды».

9 тамыз

Забирать детей из детсадов Алматы станет сложнее

Читайте также эту новость на казахском языке

Об этом сообщила руководитель отдела дошкольного воспитания и обучения городского управления образования Алия Сагиева. «Алия Сагиева для нас стоит на первом месте… мы ужесточаем требования безопасности и контроль. Родители должны написать заявление на имя руководителя учреждения о том, что ребенка, кроме них, будут забирать бабушки или дедушки, с указанием конкретных лиц. Если же это посторонние люди, то нужно заверенное у нотариуса заявление. И раньше у нас были эти требования, но теперь мы повторно проверяем детские сады на наличие таких документов», – рассказала она. Сотрудникам дошкольных учреждений также повторно напоминают, что запрещено отдавать детей несовершеннолетним родственникам или родителям в состоянии алкогольного опьянения.

Алматыда балаларды балабақшадан алып кету қиындайды

Бұл туралы қалалық білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы Әлия Сағиева мәлімдеді. «Біз үшін балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау басты орында... Біз қауіпсіздікке қойылатын талаптарды және бақылауды күшейтеміз. Ата-аналар мекеме басшысының атына нақты адамдарды көрсете отырып, балаларын өздері болмағанда атасы немесе әжесі алып кететіндігі туралы өтініш жазуға тиіс. Бұрындары да бізде осындай талаптар болған, бірақ енді біз балабақшаларды осындай құжаттардың болуына қайта тексеріп жатырмыз», – дейді ол. Сондай-ақ балаларды кәмелетке толмаған туыстарына немесе мас күйдегі ата-аналарына беруге тыйым салынғанын мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің есіне қайта салып өттік.

6 тамыз

На поиски студентов

Читайте также эту новость на казахском языке

Как отмечается, поступить без экзаменов в один из 26 алматинских колледжей, бесплатно учиться, да еще получать стипендию и другие льготы – реальность. Получить бесплатное образование в 26 колледжах могут 2500 алматинцев. Педагоги обходят торговые ряды, раздают буклеты и рассказывают об уникальной возможности стать студентом одного из городских колледжей. От молодых людей требуется лишь желание. Вступительных экзаменов нет. Все расходы на обучение берет на себя государство. «Обучение бесплатное. Ребята, которые обучаются по данной программе, независимо от отметок получают стипендию. Кроме того, они обеспечиваются одноразовым горячим питанием, и в течение года мы дважды обеспечиваем их проездом до места жительства», – отметил директор колледжа энергетики и электронных технологий Т. Тайтулеев.

Студенттер іздеуге

Атап өткендей, Алматыдағы 26 колледждің біріне емтихансыз түсу, тегін оқу, тіпті шәкіртақы және басқа да жеңілдіктер алу шынымен де мүмкін болып тұр. 2500 алматылықтың 26 колледжде тегін білім алуына болады. Педагогтар сауда орталықтарын аралап, буклеттер таратып, қалалық колледждердің бірінде студент болудың ерекше мүмкіндігі туралы айтуда. Жастардан тек ынта талап етіледі. Қабылдау емтихандары болмайды. Оқуға кететін шығынның бәрін мемлекет көтереді. «Оқу тегін. Осы бағдарлама бойынша оқитын балалар куәліктегі бағасына қарамастан шәкіртақы алады. Сонымен қатар олар бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, және жыл бойы біз оларды екі рет тұрғылықты жеріне дейінгі жол ақысымен қамтамасыз етеміз», – деп атап өтті Энергетика және электронды технологиялар колледжінің директоры Т. Тайтүлеев.

5 шілде

Подведены итоги главного экзамена

Читайте также эту новость на казахском языке

В тестировании участвовали 110 тысяч выпускников. Главным нововведением этого года стала возможность пересдать экзамен 4 раза. Четвертая часть школьников, не сдавших тестирование, а это почти 27 тысяч человек, получат возможность сдать ЕНТ со второй попытки в августе и в случае удачной сдачи смогут поступить в вузы республики на платной основе.

Впереди следующий этап – распределение грантов. Дидар Смагулов, и. о. директора Центра национального тестирования, обещает сделать эту процедуру максимально прозрачной и объективной. На презентацию о том, как будут распределяться гранты, пригласят представителей СМИ.

Басты емтиханның қорытындысы шықты

Тестілеуге 110 мың түлек қатысты. Емтиханды 4 рет қайта тапсыру мүмкіндігі осы жылдың басты жаңалығына айналды. Түлектердің тест тапсырмаған төртінші бөлігі, ал бұл 27 мыңға жуық адам, ҰБТ-ны тамыз айында екінші рет тапсыру мүмкіндігіне ие болады және сәтті тапсырған жағдайда республикамыздың жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге түсе алады.

Алда келесі кезең – гранттарды бөлу кезеңі тұр. Дидар Смағұлов, Ұлттық тестілеу орталығы директорының м. а. бұл процедураны барынша ашық әрі объективті етуге уәде берді. Гранттардың қалай бөлінетіндігі туралы презентацияға БАҚ өкілдерін шақырады.

3 шілде

«Мектепке жол» акциясы – бір ай бұрын

2008 жылдан бастап жыл сайын еліміздің барлық өңірінде «Мектепке жол» акциясы өтеді. Әдетте ол 1 тамыздан 30 қыргүйекке дейін өтетін. Оның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан білім алушыларға, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету.

«Ағымдағы жылы көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында акция бір ай бұрын басталады. Еріктілерді тарту арқылы көшпелі пункттер, сондай-ақ мобильді топтар ұйымдастырылады», – деп түсіндіріп өтті Аймағамбетов.

19 маусым

Не проводить рейтинги школ по итогам ЕНТ

Читайте также эту новость на казахском языке

Министр образования и науки считает, что рейтинг не отражает уровень подготовленности учеников в школах.

«Мы считаем, что этот рейтинг не нужен. Он не объективен и не отражает уровень именно подготовленности школ», – заявил Асхат Аймагамбетов на пресс-конференции в правительстве.

Глава ведомства пояснил, что если раньше ЕНТ сочетало сразу две функции: итоговую аттестацию в школе и поступление в учебное заведение, где участвовали все, то сейчас произошло разделение и участие в ЕНТ стало добровольным для тех, кто хочет поступить в вузы.

ҰБТ қорытындысы бойынша мектептерге рейтинг жүргізудің қажеті жоқ

Білім және ғылым министрі рейтинг мектеп оқушыларының дайындық деңгейін көрсете алмайды деп санайды.

«Біз бұл рейтингтің қажеті жоқ деп санаймыз. Ол әділ емес және нақты мектептердің дайындық деңгейін көрсете алмайды», – деп мәлімдеді Асхат Аймағамбетов үкіметтің баспасөз конференциясында.

Ведомство басшысы егер бұрын ҰБТ бірден екі қызметті: мектептегі қорытынды аттестаттау мен оқу орнына қатысуды қамтыса, қазір бұл қызметтер екіге бөлінгенін және ЖОО түскісі келетіндер үшін ҰБТ-ға қатысу ерікті негізде жүзеге асырылатынын түсіндірді.

13 маусым

Назначен новый министр образования и науки РК

Читайте также эту новость на казахском языке

«Назначить Аймагамбетова Асхата Канатовича министром образования и науки», – говорится в указе Президента Касым-Жомарта Токаева.

С января 2019 года Асхат Аймагамбетов работал заместителем акима Карагандинской области. До этого он был вице-министром образования и науки. 

ҚР жаңа білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

«Аймағамбетов Асхат Қанатұлы білім және ғылым министрі болып тағайындалсын», – делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

2019 жылғы қаңтардан бастап Асхат Аймағамбетов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Осы уақытқа дейін ол білім және ғылым вице-министрі болған. 

6 маусым

Делать работу не ради отчетов

Особое внимание в ходе обсуждения депутаты уделили качеству обучения учителей-предметников английскому языку в целях перехода на трехъязычное образование. У депутатов вызвало вопросы, почему единственным критерием доплаты учителям является наличие сертификата без учета качества преподавания.

Как отметил Нигматулин, от такого непрофессионального подхода страдает качество обучения. «Никто не говорит, что не надо преподавать предметы в школе на английском языке. Но надо только делать эту работу правильно, по-умному, а не ради отчетов», – считает председатель Мажилиса.

Вопросы депутатов вызвало и количество учителей-предметников, прошедших обучение на языковых курсах. По словам Нурлана Нигматулина, эти цифры напоминают скорее попытку искусственного достижения показателя стратегического плана министерства.

Жұмысты есеп беру үшін жасаудың қажеті жоқ

Талқылау барысында депутаттар үш тілді білім беруге көшу мақсатында пән мұғалімдерін ағылшын тілін оқыту сапасына ерекше көңіл бөлді. Оқыту сапасын ескерместен сертификаттың болуы мұғалімдерге қосымша ақы тағайындаудың жалғыз өлшемшартына айналуы депутаттардың көкейінде көптеген сауал тудырды.

Нығматуллин атап өткендей, мұндай ұстанымнан оқу сапасы зардап шегеді. «Ешкім мектепте пәндерді ағылшын тілінде оқыту керек деп отырған жоқ. Бірақ бұл жұмысты есеп беру үшін емес, дұрыс, ақылға қонымды түрде орындау керек», – деп санайды Мәжіліс төрағасы.

Тілдік курстардан оқудан өткен пән мұғалімдерінің саны да депутаттардың сауалын тудырды. Нұрлан Нығматуллиннің айтуы бойынша бұл цифрлар министрліктің стратегиялық жоспар көрсеткішіне тез жетуге деген талпынысына ұқсайды.

5 маусым

К вопросу о штрафах

Читайте также эту новость на казахском языке

Согласно ст. 127 Кодекса РК «Об административных правонарушениях», невыполнение родителями или другими законными представителями обязанностей по воспитанию и обучению несовершеннолетних детей влечет штраф в размере 7 МРП. Действие, предусмотренное частью первой настоящей статьи, совершенное повторно в течение года после наложения административного взыскания, влечет штраф в размере 20 МРП либо административный арест до пятнадцати суток.

По словам министра, в Законе «Об образовании» четко прописано, что обучение в школе начинается с 6 лет. Но если ребенок начал предшкольную подготовку в 5 лет и 8 месяцев, то он эту программу должен закончить в дошкольной организации.

Айыппұл мәселесі жөнінде

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 127-б. сәйкес ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру жөнiндегi мiндеттердi орындамауы – 7 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 20 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Министрдің айтуына қарағанда, «Білім туралы» Заңда мектепте оқудың 6 жастан басталатыны анық жазылған. Бірақ егер 5 жас және 8 айынан бастап мектепалды даярлықты бастаса, онда ол бұл бағдарламаны мектепке дейінгі ұйымда бітіруге тиіс.

27 мамыр

В школу с шести лет

Читайте также эту новость на казахском языке

«Согласно пункту 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан «Об образовании» на обучение в 1-й класс принимаются дети с шести лет. Данная норма вступила в действие с 1 января 2019 года. Изучен международный опыт обучения детей раннего возраста. По данным ЮНЕСКО, обучение с 6-летнего возраста начинается в 134 странах мира из 204 (65,7 %), а обучение с семилетнего возраста – в 42 странах (20,6 %). Например, обучение с шестилетнего возраста начинается в таких странах, как Китай, Южная Корея, Сингапур, Япония, Канада», – привела пример Шамшидинова.

По мнению ученых Национальной академии образования им. Алтынсарина, у детей шести лет уже формируется устойчивость внимания, восприятие словесной инструкции, координация движений, словарный запас ребенка составляет около 4 000 слов.

По словам министра, шестилетние дети, посещавшие дошкольные организации, готовы к обучению по типовым учебным программам начального уровня образования.