Қазақстанда мектеп демалысының кестесі бекітілді
Оқу-ағарту министрлігі 2024−2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекітті.
Оқу жылы 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 25 мамырды қоса алғанда өтеді.
1−11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсан және демалыс ұзақтығы:
- 1 тоқсан — сегіз оқу аптасы, күзгі демалыс — жеті күнтізбелік күн (2024 жылғы 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда);
- 2 тоқсан — сегіз оқу аптасы, қысқы демалыс — 10 күнтізбелік күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда);
- 3 тоқсан — 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс — 11 күнтізбелік күн (2025 жылғы 21-31 наурызды қоса алғанда);
- 1-сыныптарда қосымша демалыс — күнтізбелік жеті күн (2025 жылғы 10-16 ақпан аралығында қоса алғанда);
- 4 тоқсан — сегіз оқу аптасы.
Қорытынды аттестаттау мерзімі өтеді:
- 9 (10) сынып оқушыларына арналған қорытынды қорытынды емтихандар — 2025 жылғы 29 мамырдан 9 маусымға дейін;
- 11 (12) сынып оқушыларына арналған мемлекеттік бітіру емтихандары — 2025 жылғы 30 мамырдан 13 маусымға дейін.
- 9 (10) сынып оқушылары үшін:
1) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан — 2025 жылғы 29 мамыр;
2) ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі/орыс тілі және ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі) эссе түрінде, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептердің білім алушылары үшін — жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) —2025 жылғы 2 маусым;
3) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзілік тарих, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) — 2025 жылғы 5 маусым;
4) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан — 2025 жылғы 10 маусым;
11 (12) сынып оқушылары үшін:
1) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан — 2025 жылғы 30 мамыр;
2) алгебра және талдау бастамалары бойынша жазбаша емтихан — 2025 жылғы 3 маусым;
3) ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытатын мектептер/сыныптар үшін қазақ тілі/орыс тілі және ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі) —2025 жылғы 6 маусым;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын / француз / неміс), информатика) — 2025 жылғы 12 маусым;
5) өзбек/ұйғыр/тәжік/орыс тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан — 2025 жылғы 13 маусым.

Кәсіптік даму: мұғалімнің жеке әдістемелік тақырыппен жұмыс жоспарын құрастыру тәсілі
Білім беру ұйымының (бұдан әрі – БҰ) әдістемелік тақырыбы тұрғысынан педагог өз бетімен білім алу қызметінің мәселесін айқындайды.
Тақырып мәжбүрден тыс телінбеуі тиіс, ол педагогтің кәсіби мүддесінен туындайды.
Педагогтің әдістемелік тақырыппен жұмысы – бұл арнайы іс-шаралар кешені. Ол ғылымның жетістіктеріне, озық педагогикалық тәжірибеге негізделеді. Мұғалім жұмысы – өзін-өзі жетілдіруді талап ететін тұрақты ізденіс, демек, педагогикалық және әдістемелік қорын жаңарту.
Жеке шығармашылық жоспарға шығармашылық тұрғыдан келу қажет. Мәселені жақсы түсінетін және кәсіби өсуге ұмтылатын педагог сапалы жоспар құра алады. Жаңадан келген педагогке осы күрделі істе, қағида бойынша, БҰ басшысының, әдіскердің көмегі қажет. Жеке әдістемелік тақырыппен жұмыс жоспарын әзірлеу процедурасы ресми сипатқа ие болмауы тиіс.
Барлық деңгейдегі әдістемелік қызмет жетекшілерінің міндеті жеке кәсіптік дамуды жоспарлау педагогтің ішкі сұранысына айналмай, оның алға жылжуына, үнемі өзін-өзі жетілдіруіне көмектесуден тұрады.
Әдістемелік тақырыппен жұмыс жоспарын құрудың ең оңай нысандарының бірін қолданыңыз.
Педагогтің әдістемелік тақырыппен жеке жұмыс жоспары
I. Түсіндірме жазба (жазу схемасы)
1. Мәселе.
2. Тақырып.
3. Мақсаттары мен міндеттері.
4. Жұмыстың негізгі нысандары мен әдістері.
5. Болжамды нәтиже.
II. Жұмыстың негізгі кезеңдері (төмендегі кестені қараңыз)
№ | Кезеңнің атауы, педагог қызметінің мазмұны | Орындау мерзімі |
1 | ДИАГНОСТИКАЛЫҚ - қиындықтарды талдау; - білім беру процесінің жай-күйін талдау; - қарама-қайшылықтарды айқындау; - мәселе бойынша әдебиетпен танысу | |
2 | БОЛЖАМДЫҚ - мақсаттары мен нақты міндеттерді анықтау; - гипотезаны тұжырымдау (ғылыми, эксперименттік жұмыс деңгейлері үшін); - нәтижелерді болжау | |
3 | ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ - жұмыс бағдарламасын дайындау; -материалдық-техникалық базаны дайындау; - әдістемелік қамтамасыз ету | |
4 | ПРАКТИКАЛЫҚ - жеке бағдарламаны іске асыру (әдістемелер, технологиялар); - аралық нәтижені бақылау | |
5 | ТҮЗЕТУШІЛІК - бақылау срездерін, тесттер, диагностикалық процедуралар өткізу; - қажет болғанда бағдарламаны түзету | |
6 | ЖАЛПЫЛАУШЫ - алған мәліметті өңдеу; - алған нәтижені жоспармен үйлестіру; - гипотезаны түзету; - нәтижені ресімдеу, сипаттау | |
7 | ЕНГІЗУШІЛІК - жеке педагогикалық қызметте әзірленген материалдарды қолдану; - сұраныс болған жағдайда осы бағдарламаны (әдістемені, технологияны) тарату | |
8 | ҚОРЫТЫНДЫЛАУ - қорытындылау нысанын таңдау (реферат, баяндама, мақала, әдістемелік құрал дайындау, ұсынымдар әзірлеу, шығармашылық есеп); - қорытындылау |

Балабақша әдіскерінің шілде айындағы жұмыс циклограммасы мен әдіскердің демалуына мүмкіндік бермейтін психологиялық тұзақтар
Құрметті оқырмандар!
Журналымыздың жаңа нөмірінде балабақша әдіскерінің шілде айындағы циклограммасын бердік. Циклограмма Астана күніне арналған тақырыптық іс-шаралардың сценарийлерімен және балалардың табиғаттағы мінез-құлық ережелерімен толықтырылған. Бұларға қоса болашақ бірінші сынып оқушылары үшін шағын мектептің дайын бағдарламасын да бердік.
Педкеңестер тақырыбындағы екі мақала: «Педагогикалық кеңесті өткізудің стандартты емес нысандары» және «Педагогикалық кеңес үшін стандартты емес шешім: педагогтермен интерактивті пікірталас»әріптестеріңізбен кездесулеріңізді қызықты, нәтижелі және есте қаларлық етуге көмектеседі. Бірақ педагогикалық кеңес беру кезінде бірқатар шектеуден аулақ болу керек. Бұл туралы осы мақалалардан оқыңыз.
Әлеуметтік желілерде жиі кездесетін зиянды кеңестерді теріске шығаруды және мұғалімдерге оны бұзбай өтуге көмектесетін ППБ өту бойынша қадамдық іс-қимыл алгоритмін сақтап алыңыз. Бұл туралы«ПББ: біз зиянды кеңестерді жоққа шығарамыз және қадамдық іс-қимыл алгоритмін береміз» мақаласынан оқыңыз.
«Жазда балалардың бойында қандай қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру керек» мақаласында мұғалімдерге жаз мезгілінде балалардың бойында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмысты жоспарлау және жүргізуді үйретуге көмектесетін семинар сценарийі берілді.
Сондай-ақ «Әдіскердің демалуына мүмкіндік бермейтін психологиялық тұзақтар»мақаласын оқыңыз. Онда әдіскерлердің толық тынығуына кедергі болатын психологиялық тұзақтар туралы айттық. Бұларға қоса дұрыс тынығуға көмектесетін тапсырмалар карталарын да ұсынамыз. Өзіңіз сынап көріп, әріптестеріңізге де ұсыныңыз. Жақсы тыныққан әдіскер – бақытты ұстаздар қауымы, ал жақсылап тынығып демалған ұстаздар – бақытты балалар мен ата-аналар деуге болады.
