Елімізде оқу әдебиетінің сарапшыларын дайындайды
Мақсаты – оқу әдебиетінің сарапшысы ретінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
«Үш ай ішінде курс тыңдаушылары оқу әдебиетінің мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптармен танысты. Оқу материалдарын сараптау әдістері мен тәсілдерін меңгере отырып, олар өздерінің кәсіби дағдыларын дәйекті түрде жетілдірді. Оқыту нәтижелерін бағалау аралық тестілеу, қорытынды тестілеу және оқулықты сараптау түріндегі қорытынды практикалық жұмысты орындау арқылы жүзеге асырылды», — деп мәлімдеді Республикалық оқу мазмұнын сараптау ғылыми-практикалық орталығының директоры Назира Абдрахманова.
Курсқа барлығы 581 үміткер өтініш білдірді. Іріктеу және аралық тестілеу нәтижелері бойынша бітіру жұмысына 81 тыңдаушы жіберілді. Кәсіби шеберлігін көрсетіп, барлық курс модульдерін сәтті аяқтаған үміткерлер сертификат алды. Бұл мамандар сарапшылар тізіліміне енгізіліп, оқу әдебиеттеріне сараптама жүргізуге тартылады.
Мұғалімдер сарапшыларды іріктеу және оқытуға қатысу үшін орталықтың https://bmso.kz сайтына өтінім бере алады.
Дереккөз: https://web.telegram.org/k
