ещё
свернуть
Все статьи номера
№10, 2024
ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫП

Шеберлік сағаты педагогтардың шығармашылық қабілеттерін дамыту тәсілі ретінде

Педагог – шебер, сондықтан да ол ғана дамыған танымдық қабілеттерге ие, ол оқу материалының мазмұны мен нысанын, оның мәнін, сондай-ақ оқыту әдісін толық біледі.
А. Дистервег

Шеберлік сағаты – бұл оқу мен тәжірибе алмасудың интерактивті нысаны, ол тренинг және конференция форматын біріктіреді. Шеберлік сағаты – қандай да бір саланың үздігі. Көптеген тәжірибесіз педагогтар шеберлік сағаты мен семинардың арасындағы айырмашылықты байқамайды, алайда олардың айырмашылықтары айқын. Шеберлік сағаты кезінде педагог өзгелермен тәжірибесімен бөліседі, өзі меңгерген технологияны немесе әдісті практикада қолдану тәсілін көрсетеді. Сондықтан да шеберлік сағаттарын көрсетпейді, өткізеді.

Заманауи шебер – бұл зерттеу машықтары мен дағдыларын меңгерген, инновациялық педагогикалық технологияның ерекшеліктерін білетін, өз қызметінің мазмұнын талдай әрі практикада қолдана, қорытындылай білетін, әдістемелік ұсынымдар әзірлей алатын педагог.

Шебер педагог өз тәжірибесімен, шеберлігімен, өз ісіндегі өнерімен бөліседі, бұл ретте жұмыс тәсілдерін көрсетіп қана қоймай, өз іс-әрекетін түсіндіреді, қандай да бір компонентті не үшін қолданатындығын баяндайды.

Шеберлік сағаты өткізілетін педагогтар жай ғана тыңдаушы емес, белсенді қатысушы болып табылады. Олар шеберлік сағатының тақырыбы бойынша әзірлемелермен танысады, шыққан нәтижелерді талқылауға қатысады, сұрақ қояды, өз мәселелерін, сауалдарын, әзірлемелерін талқыға ұсынады, талқыланатын мәселені шешу бойынша өз ұсыныстарын жасайды. Шебер педагог қатысушылардың бәрін процеске тартуға, олардың өздері білмейтін қабілеттерін ашуға, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ненің кедергі келтіретінін түсінуге әрі жоюға тырысады. Шебер ашықтық, мейірімділік, қарым-қатынастағы шығармашылдық ортасын құрады.

Шеберлік сағатын өткізетін педагог мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:

  • импровизацияға қабілеттілік, жоспардан тыс жағдайларды басқару машығы;
  • психологиялық тұрақтылық;
  • психологиялық байқампаздық;
  • уақытты сезіну;
  • аудиторияға әсер ету, диалог, пікірсайыс жүргізу машығы.

Шеберлік сағатының басты қағидаты: «Мен оны істеу жолын білемін. Мен сіздерге үйретемін».

Шеберлік сағаты – бұл екіжақты процесс, және мұнда «оқытушы – тыңдаушы» қарым-қатынасы аса қажет. Шеберлік сағаттарын өткізу әдістемесінің белгілі бірыңғай нормалары жоқ. Әр шебер өз түйсігіне және тыңдаушының сезімталдығына сүйенеді.

Тыңдаушы шебердің жетекшілігімен әзірлеген сабақ моделі не педагогтың әдістемелік тәсілдерді меңгеруі, практикада үйренгендерін практикалық қызмет барысында қолдану машығы мен ниеті шеберлік сағатының нәтижесі болып табылады.

Шеберлік сағатын өткізу – бұл педагогтың кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейінің көрсеткіші.

«Шеберлік сағатын» өткізу құрылымы

Шеберлік сағатын өткізудің үлгілік сызбасы
Шеберлік сағатының жұмыс кезеңдеріКезеңнің мазмұныҚатысушылардың қызметі
IДайындық-ұйымдастырушылық
Мақсаты:
– кәсіби қарым-қатынасқа жағдай жасау;
– озық тәжірибені тарату;
– оқыту мен тәрбиенің жаңа технологияларын енгізу
Сәлемдесу, шебердің «Тілдік қызметті белсендіру» атты кіріспе сөзі (ұйымдасқан оқу қызметін өткізуде әдістер мен тәсілдерді қолдану бойынша тәжірибе алмасу)Диалогқа икемделеді, белсенді ұстанымын көрсетеді
IIНегізгі бөлім
Ұйымдасқан оқу қызметінің үзінділері:
«Сөйлемдермен жұмыс істеудегі схемалар мен мнемокестелер» (ересек топ)
Жұмыста сөздер схемасын, сөйлемдер схемасын, мнемокестелерді қолдануБелгіленген міндетке сәйкес тапсырмаларды орындайды
IIIРефлексия
• Шебер мен тыңдаушылардың бірлескен қызметінің нәтижелері бойынша пікірсайыс
Қатысушылардың пікір алмасуын ұйымдастырады, болып жатқан оқиғаларды бағалайдыРефлексия – шеберлік сағатында қызмет бойынша өзіндік баға мен өзіндік талдауды белсендіру
• Шеберлік сағатын бағалау өлшемшарттары бойынша талдау Шеберлік сағатының нәтижелілігін бағалайды

Шеберлік сағаты мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мен дамытудың тиімді технологиясы болып табылады.

Тәрбиешінің осы технологияны қолдану ерекшеліктерін білуі, түсінуі әрі пайдалануы балалардың шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейін арттырады.

Педагогтар үнемі өзін өзі дамытумен айналысып қана қоймай, бір-бірінен көп нәрсені үйренуі тиіс. Өзара кәсіптік тәжірибе алмасу, өзара оқу, педагогикалық қызметті өзара жетілдіру осының үздік ынталандырғышына айналуы тиіс. Шеберлік сағатына қатысушылар үшін бұл өз ісінде алға қадам басу болып табылады.