Зейнеткер материалдық жауапты қызметте қоймашы болып жұмыс істей ала ма
Иә, болады. ҚР құқықтық саласында зейнеткерлік жасқа толған адамдарды материалдық жауапты лауазымдарға жұмысқа қабылдауға шектеулер жоқ.
Еңбек кодексінің 5-бабына сәйкес, әркімнің қандай да бір кемсітусіз немесе мәжбүрлеусіз жұмысты еркін таңдауға немесе еңбек етуге ерікті келісімін беруге, өзінің еңбек қабілетін басқаруға, кәсіп пен қызмет түрін таңдауға құқығы бар.
ЕК 6-б., 1 және 2-тармақтарына сәйкес әркімнің еңбек саласында өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға тең мүмкіндіктері бар. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және өзге де заңдарында көзделген жағдайлар мен тәртіпті қоспағанда, ешкімнің де еңбек саласындағы құқықтары шектелуі мүмкін емес.
Еңбек құқықтарын жүзеге асыру кезінде ешкімді тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістігіне, қоғамдық бірлестіктер немесе басқа да жағдайларға байланысты кемсітуге болмайды.
Осылайша, балабақша қоймашы лауазымына зейнеткер жұмыскерді қабылдай алады.
