ещё
свернуть
Все статьи номера
№5, 2016
НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР

«Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді (деңгейлік бағдарлама бойынша курстарды) ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.15.01. № 27 бұйрығы

2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет көрсетулер» туралы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2)-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді (деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарды) ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж. А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына» жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
 А. Сәрінжіпов  

ҚР Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 15 қаңтардағы № 27 бұйрығымен
бекітілген

«Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді (деңгейлік бағдарлама бойынша курстарды) ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді (деңгейлік бағдарлама бойынша курстарды) ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 630 бұйрығымен бекітілген «Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді (деңгейлік бағдарлама бойынша курстарды) ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде (бұдан әрі – Стандарт) (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12385 болып тіркелген) әзірленген.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы жүзеге асырылады:

1) үшінші (базалық), екінші (негізгі), бірінші (ілгері) деңгейлердегі бағдарламалар, сондай-ақ басшылар бағдарламасы бойынша – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – «НЗМ» ДББҰ);

2) үшінші (базалық), екінші (негізгі) деңгейлердегі бағдарламалар бойынша – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Өрлеу» БАҰО» АҚ);

3) үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Стандарттың 6-тармағына сәйкес үшінші (базалық); екінші (негізгі); бірінші (ілгері) деңгейлердегі бағдарламаларға және басшылар бағдарламасына сәйкес сертификат беру болып табылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастауға Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ұсынған өтініші мен құжаттар топтамасы (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) негіз болады.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметті алушылардың құжаттарын қабылдайды және өтінішін тіркеп, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді (күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде);

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қарастырады (күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде);

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарастырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыны құжаттарды қабылдау немесе кері қайтару туралы, ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының сауалнамасындағы қызметтік мәлімет бойынша хабарлайды (күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде);

4) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін құрады (күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде);

5) көрсетілетін қызметті беруші басшысы көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін бекітеді (күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде);

6) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыларды Курсқа қабылдау бойынша бұйрық шығарады (Курс басталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде);

7) көрсетілетін қызметті беруші келесі күнтізбелік жыл басынан бекітілген оқыту кестесіне сәйкес Курсты жүргізеді (күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күн ішінде);

8) көрсетілетін қызметті беруші Курс аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылардың дайындық деңгейін қорытынды бағалауды өткізеді (күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде);

9) көрсетілетін қызметті беруші сәтті бағалау қорытындысы бойынша сертификат береді (күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде);

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет берудің әрбір рәсімінің (әрекетінің) нәтижелері:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің кіріс нөмірі;

2) көрсетілетін қызметті алушылардың құрылған тізімдері;

3) көрсетілетін қызметті алушылардың бекітілген тізімдері;

4) көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығы;

6) бекітілген оқыту кестесі;

5) қорытынды бағалау хаттамасы;

6) сертификат беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысады:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

4) көрсетілетін қызметті беруші.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттары мен өтінішін қабылдап, жауапты орындаушыға жібереді (1 (бір) күнтізбелік күн ішінде) жібереді;

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қарастырады (1 (бір) күнтізбелік күн ішінде);

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарастырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыны құжаттарды қабылдау немесе кері қайтару туралы, ақпаратты қызметті алушының сауалнамасындағы қызметтік мәлімет бойынша хабарлайды (күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде);

4) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін құрады (күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде);

5) көрсетілетін қызметті беруші басшысы көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін бекітеді (күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде);

6) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыларды Курсқа қабылдау бойынша бұйрық шығарады (Курс басталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде);

7) көрсетілетін қызметті беруші келесі күнтізбелік жыл басынан бекітілген оқыту кестесіне сәйкес Курсты жүргізеді (күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күн ішінде);

8) көрсетілетін қызметті беруші Курс аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылардың дайындық деңгейін қорытынды бағалауды өткізеді (күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде);

9) көрсетілетін қызметті беруші сәтті бағалау қорытындысы бойынша сертификат береді (күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде).

9. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы Регламент қосымшасына сәйкес қызмет көрсетушілердің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) өзара әрекеттестігі блок-сызбасында берілген.

«Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша
білім беруді (деңгейлік бағдарлама бойынша курстарды) ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттестігі бойынша блок-сызба

№5, 2016
НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР

«Экстернат нысанында оқыту қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.22.01. № 61 бұйрығы

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46–10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқыту қағидалары бекітілсін.

2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е. Н. Иманғалиевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрі
 А. Сәрінжіпов  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығымен
бекітілген

Экстернат нысанында оқыту қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Экстернат нысанында оқыту қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46–10) тармақшасына сәйкес әзірленді және орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқыту тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

экстернат – білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ, тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;

экстерн – денсаулығына байланысты орта білім беру ұйымдарында оқуға мүмкіндігі жоқ және/немесе шетелде уақытша тұратын тұлға.

3. Орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқыту білім алушылардың негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын өздігінен оқуын, сондай-ақ уақытша шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларын қашықтықтан оқытуды қарастырады.

4. Экстернат нысанында оқу мынадай санаттарға ұсынылады:

денсаулығы туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бар білім алушыға;

уақытша шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларына.

5. Экстернат нысанында білім алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламалары шегінде жүзеге асырылады.

6. Экстернат нысанында оқуға өтініштерді қабылдау және оған рұқсат беру, қажетті құжаттар тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11057 болып тіркелген «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына сәйкес ресімделеді.

7. Білім алушылардың тиісті-деңгейдегі жалпы білім беру бағдарламаларын уақтылы меңгеруі үшін экстернат нысанында оқуға рұқсат алуға өтініштер, ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірілмей тапсырылады.

2. Экстернат нысанында білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау

8. Экстерндерді аттестаттау Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген «Білім алушылардың үлгерімін, ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

9. Экстерндерді қорытынды аттестаттауға жіберу туралы шешімді білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі қабылдайды. Экстерндерді қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрықты орта білім беру ұйымының басшылары, ағымдағы оқу жылының соңында шығарады.

10. Аттестаттау нысаны мен мерзімдерін оқу бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарларына сәйкес орта білім беру ұйымдарының басшылары белгілейді.

11. Жалпы білім беретін пәндер бойынша консультациялар, аралық аттестаттау оқушылардың уақыт мүмкіндіктерін ескере отырып, ағымдағы оқу жылының желтоқсан-сәуір айларында білім беру ұйымдарының басшылары бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.

12. Негізгі мектеп курсы бойынша экстерндер негізгі орта білімі туралы куәлікке енгізілетін пәндер бойынша, орта мектеп курсы бойынша жалпы орта білімі туралы аттестатқа енгізілетін пәндер бойынша аттестатталады.

Дене тәрбиесі, технология, алғашқы әскери дайындық, музыка, сызу бойынша аттестаттау өткізілмейді, ал білімі туралы құжатта «оқылған жоқ" деген жазу жазылады.

13. Аралық аттестаттаудан өтпеген, қорытынды мемлекеттік аттестаттауға дәлелді себепсіз келмеген экстерндер білім беру ұйымынан шығарылып, жазбаша (тапсырыс хатпен) не жеке хабарланады, ол шығару туралы бұйрыққа қол қоюмен расталады.

14. Экстерндерді аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау емтихан комиссиясының барлық мүшелері қол қойған және орта білім беру ұйымының басшысы бекіткен «Экстернат» белгісі бар хаттамаларда көрсетіледі.

Хаттамаға аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өту нәтижелерінің жазбаша материалдары қоса тігіледі.

15. Аралық аттестаттаудан өткен экстерндерге тиісті оқу бағдарламалары бойынша оқуды экстернат нысанында аяқтағаны туралы белгісі бар қорытынды бағаларымен табель беріледі.

16. Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткен экстерндерге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген «Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына сәйкес білім-деңгейі (сатысы) туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

№5, 2016
НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.28.01. № 91 бұйрығы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19–2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С. Н. Нүсіповке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрі
 А. Сәрінжіпов  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығымен
бекітілді

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19–2) тармақшасына сәйкес мектепке дейінгі даярлықтың, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдарын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен (бұдан әрі – ОӘК) уақтылы және толық қамтамасыз ету мақсатында әзірленді (бұдан әрі – білім беру ұйымдары).

2. Осы Қағидалар республиканың білім беру ұйымдарын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету тәртібін, оларды орындау мерзімдерін, мемлекеттік органдар (Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік), Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет), оның Білім саласындағы аумақтық бақылау департаменттері, жергілікті атқарушы органдардың, баспалардың және білім беру ұйымдары қызметінің бекітілуін айқындайды.

3. Мектепке дейінгі даярлық, орта білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының барлық білім алушылары әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес білім беру ұйымдарының оқу жылына болжанатын көлемде Министрлік бекітетін оқу әдебиеттерінің қорландыру цикліне сәйкес оларды жыл сайын кезең-кезеңімен сатып алу (резерв қорын есепке ала отырып) арқылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етіледі.

4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1) баспа – баспа өнімін дайындау мен басып шығаруды жүзеге асыратын кәсіпорын;

2) қосымша әдебиет – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖБС), үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыруға ықпал ететін, оқулық пен оқу-әдістемелік кешен жиынтығына кірмейтін басылымдар;

3) оқулық – оқу пәнін (пәнді) жүйелі баяндайтын, ҚР МЖБС, үлгілік оқу жоспарына және үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келетін және осы оқу басылымының түрі ретінде ресми бекітілген оқу басылымының түрі;

4) Білім беру ұйымдарының оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу мониторингі – қамтамасыз ету барысы туралы, ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және тарату (білім беру ұйымдарының оқу әдебиеттерін мемлекеттік сатып алу қорытындылары, жеткізу жөніндегі шарт жасасуы, баспалардың жөнелтуі, тасымалдаушы ұйымдардың жеткізуі, мектептік кітапханаларда кітап қорының жағдайы және т. б.);

5) оқу әдебиеті – білімдік, сондай-ақ рухани-адамгершілік және тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, жеке және (немесе) олардың жиынтығы бойынша барлық қабылданған оқу басылымдарының түрлерін қамтитын әртүрлі білім саласындағы баспа шығармалары;

6) оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) – білім алушылардың оқу пәндерінің мазмұнын игеруді қамтамасыз етуге бағытталған және оқулыққа ілеспе болатын оқу және әдістемелік басылымдар жүйесі, оның барлық компоненттері бірыңғай тұтастықты қалыптастырады және білім беру бағдарламасының мақсатына қол жеткізу үшін әрекеттеседі (жұмыс дәптері; мұғалімге арналған әдістемелік құрал; дидактикалық материалдар; жаттығулар, диктанттар жинағы; карталар; хрестоматия; мультимедиалық материалдар және т. б.);

7) оқу басылымы – нақты білім беру (оқу) бағдарламасы бойынша білім беру процесінде пайдалануға арналған басылым;

8) оқу-әдістемелік құрал (бұдан әрі – ОӘҚ) – оқу пәнінің жеке элементтерін зерделеу мақсатында оқулықты толықтыратын немесе ішінара алмастыратын және осы оқу басылымының түрі ретінде ресми бекітілген, оқу пәндерінің (пәнінің) бөлігін жүйелі баяндауды қамтитын оқу басылымының түрі.

2. Білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету тәртібі

5. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Министрлік Оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тiзбесiн (бұдан әрі – Тізбе) жыл сайын 30 қарашаға дейін бекітеді және оны білім беру ұйымдары мен баспалардың танысуы үшін Министрліктің сайтында орналастырады.

6. Оқулықтар мен ОӘК-ні Тізбеге енетін атауы бойынша сатып алу қорландыру циклі бойынша қажетті оқу әдебиеттерін бұдан әрі қосымша сатып алу арқылы толық таралымымен 4 жылдық циклдің 2 жыл мерзімінің өтуі бойынша болжанған білім алушылар контингентінің жиырма пайызынан артық емес көлемде жүргізіледі.

7. Республикалық білім беру ұйымдары, сондай-ақ шетел мектептерінде білім алатын отандастарымыз оқулықтармен және ОӘК-мен республикалық бюджет қаражаты есебінен халықаралық шарттарға сәйкес қамтамасыз етіледі.

8. Білім беру ұйымдары мемлекеттік емес білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және ОӘК-мен өздігінен қамтамасыз етеді.

9. Баспалар жыл сайын қазан айында Комитетке Тізбе бекітілгенге дейін оң сараптамалық қорытынды мен қоғамдық бағалауды алған оқулықтар мен ОӘК-ке бағдарлы бағаны жолдайды.

10. Баспалар жыл сайын 10 желтоқсанға дейін өз ұйымының сайтында Тізбеге енген оқулықтар мен ОӘК-тің прайс-парағын білім беру ұйымдарының танысуы үшін орналастырады.

11. Жергілікті атқарушы органдар білім беру ұйымдарында білім алушылардың болжалды санын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін есепке ала отырып, келесі оқу жылына оқулықтар мен ОӘК-ті сатып алуға өтінімді оның негізінде қалыптастырады.

12. Білім беру ұйымдары 30 мамырға дейін оқушылар санына жеткілікті болу нысаны бойынша кітап қорын түгендеуді жүргізеді және кітап қорынан білім алушыларға оқулықтарды келесі оқу жылына береді.

13. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 31 қаңтарға дейін баспаларға білім беру ұйымдарынан қағаз және электрондық жеткізгіштерде келіп түскен оқулықтар мен ОӘК-ті сатып алуға өтінімді жолдайды. Тиісті өтінімдерді жасауда оқулықтарды сатып алуға басымдық берілуі қажет.

14. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 1 наурызға дейін білім беру ұйымдарының өтінімдері негізінде оқулықтар мен ОӘК басып шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен шарттар жасайды.

15. Жергілікті атқарушы органдар оқулықтар мен ОӘК-ті басып шығаратын баспалармен «Оқулық басылымдарына қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 тамыздағы № 611 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12089 болып тіркелген) сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда ғана шарт жасасады.

16. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 31 сәуірге дейін оқулықтар мен ОӘК басып шығарушы ұйымнан білім беру ұйымдарына дейін оқулықтар мен ОӘК-ті жеткізу бойынша қызмет көрсетудің әлеуетті жеткізушілерді анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімін ұйымдастырып, өткізеді.

17. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 1 тамызға дейін мектепке дейінгі даярлық, орта білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы түзету жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру органдарының оқу жылына болжанатын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу мен жеткізуді қамтамасыз етеді.

18. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 10 тамызға дейін білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына оқулықтармен және ОӘК-пен қамтамасыз етілуі бойынша қорытынды, ақпаратты Комитетке жолдайды.

19. Комитет, оның аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттері білім беру ұйымдарын оқулықтармен және ОӘК-пен қамтамасыз ету процесі барысында туындаған мәселелерге дереу әрекет ету мақсатында республиканың білім беру ұйымдарын оқулықтармен және ОӘК-мен қамтамасыз етудің мониторингін 1 маусымнан 10 тамызға дейінгі кезеңде әр он күндікте ұйымдастырады және соның барысында жергілікті атқарушы органдар жеткізу бойынша, баспалар білім беру ұйымдарына оқулықтар мен ОӘК-ті жіберу бойынша мәліметтерді ұсынады.

20. Жергілікті атқарушы органдар қажеттілік туындаған жағдайда аудан, облыс ішіндегі білім беру ұйымдарының арасында оқулықтар мен ОӘК-ні қайта бөлуді жүргізеді.

3. Білім беру ұйымдарын оқулықтармен және ОӘК-пен уақтылы толық қамтамасыз етуді бұзудағы жауапкершілік

21. Келесі оқу жылына білім алушылардың санын қате болжаған жағдайда және соның салдары ретінде жеткіліксіз қаржыландырылғанда, білім беру ұйымдарына оқулықтар мен ОӘК-ті сатып алу бойынша іс-шараларды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім саласындағы жергілікті атқарушы органдар жауапты болады.