ещё
свернуть
Все статьи номера
№5, 2016
СҰРАҚ – ЖАУАПТАР

Заңгерлік кеңестер


Балабақша әдіскері қай блокқа жатады?

ҚР Білім және ғылым министрінің 29.01.2016 ж. № 123 бұйрығымен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымының тізіліміне сәйкес, әдіскер лауазымы В3-1, 2, 3, 4 – Біліктілігі жоғары-деңгейдегі жоғары (бірінші, екінші, санаты жоқ …) санатты әдіскерге және В4-1, 2, 3, 4 – Біліктілігі орта-деңгейдегі жоғары (бірінші, екінші, санаты жоқ …) санатты әдіскерге жатқызылған.


Неліктен жаңа еңбекақы есептеу кезінде әдіскерлер С блогына жатқызылған, неге В блогына теңестірілмейді? Егер ҚР Үкіметінің № 338 қаулысына жүгінсек, біз педагог қызметкерлерге жатамыз.

ҚР Білім және ғылым министрінің 29.01.2016 ж. № 123 бұйрығымен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымының тізіліміне сәйкес, әдіскер лауазымы В3-1, 2, 3, 4 – Біліктілігі жоғары-деңгейдегі жоғары (бірінші, екінші, санаты жоқ …) санатты әдіскерге және В4-1, 2, 3, 4 – Біліктілігі орта-деңгейдегі жоғары (бірінші, екінші, санаты жоқ …) санатты әдіскерге жатқызылған.

МДҰ әдіскерінің 2016 ж. айлықақысын есептеу мысалын келтіремін:

БЛА 17 697 х Коэффициент = айлықақы

Жылдарға
есептегенде,
мамандық бойынша
жұмыс өтілі
0–11–22–33–55–77–1010–1313–1616–2020–2525 жылдан
жоғары
В3-13,753,803,853,903,964,024,084,144,204,264,32
В3-23,353,403,453,503,563,623,683,743,803,863,92
В3-33,183,233,283,333,393,453,513,573,633,693,75
В3-42,772,822,872,922,983,043,103,163,223,283,34
В4-13,403,443,493,543,593,643,693,743,793,843,89
В4-22,922,963,013,063,113,163,213,263,313,363,41
В4-32,752,792,842,892,942,993,043,093,143,193,24
В4-42,342,382,432,482,532,582,632,682,732,782,83

Балабақша әдіскерінің апталық жүктемесі қандай? Оның жұмыс күні қанша сағатты құрайды?

ҚР Үкіметінің 30.01.2008 ж. № 77 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесінің «Педагог қызметкерлерге теңестірілген лауазымдар» 2-бөлімінде «білім беру ұйымдарының әдіскері, аға әдіскер (жоғары оқу орындарынан басқа)» лауазымы көрсетілген.

«Білім туралы» ҚР Заңы 52-бабының 7-тармағына сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге айлық жалақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі, мектепке дейінгі ұйымдар және мектепке дейінгі тәрбие берудің мектепалды топтары және білім беру ұйымдарының мектепалды сыныптары үшін 24 сағат белгіленеді.

Осылайша, әдіскер – апталық сағат жүктемесі 24 сағат болатын педагог қызметкер деп санаймын. ҚР Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес, жұмыс беруші еңбек тәртіптемесінің ережелерін бекітеді. Еңбек тәртіптемесінің ережелерінде жұмыс уақыты белгіленеді.

Күнделікті апталық жүктеме 5 немесе 6 күндік жұмыс аптасына байланысты:

6 күндік жұмыс аптасы кезінде: 24 / 6 = күніне 4 сағат;

5 күндік жұмыс аптасы кезінде: 24 / 5 = күніне 4,8 сағат.


Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі бойынша әдіскерлерге еңбекақы есептеудің жаңа тәсілдері қолданылатыны белгілі. Онда «жоғары санатты әдіскер» деп ашып көрсетілмеген. Әдіскерге аттестаттаудан өту қажеттілігі бар ма?

ҚР Білім және ғылым министрінің 29.01.2016 ж. № 123 бұйрығымен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымының тізілімінде әдіскер лауазымы В3-1, 2, 3, 4 – Біліктілігі жоғары-деңгейдегі жоғары (бірінші, екінші, санаты жоқ …) санатты әдіскерге және В4-1, 2, 3, 4 – Біліктілігі орта-деңгейдегі жоғары (бірінші, екінші, санаты жоқ …) санатты әдіскерге жатқызылған.

«Білім туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 51-бабы педагог қызметкерді 5 жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге міндеттейді. Тиісінше әдіскерлер-де, барлық басқа педагог қызметкерлер сияқты Заң талаптарын орындауы және аттестаттаудан өтулері тиіс.

Дереккөз: «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесі