ещё
свернуть
Все статьи номера
№6, 2018
ОЗЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Пәндік-әдістемелік комиссия онкүндігін өткізу

Біздің колледжде пәндік-әдістемелік комиссия (бұдан әрі – ПӘК) онкүндігін өткізу дәстүрі бар. Колледжде «Біз – алматылықпыз! Мұны мақтан тұтамыз!» ұранымен арнайы пәндер ПӘК онкүндігі өтті. ПӘК оқытушылары алдына қойған мақсат мынаған бағытталды

  • арнайы пәндер ПӘК оқытушыларының кәсіби біліктілігін жетілдіру;
  • білім алушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға және білімнің келешегін насихаттауға, білім алушылардың ПӘК пәндеріне қызығушылығын арттыруға бағытталған білім алушылар мен оқытушылар әрекеттестігінің нәтижелі жүйесін құру.

Арнайы пәндер ПӘК оқытушылары сабақта және сыныптан тыс жұмыста инновациялық оқу технологияларын қолдану бойынша жұмысты белсендіру арқылы білім алушылардың білім сапасы мен оқу үлгерімін арттырумен жұмыс істейді, ашық сабақтар, шеберлік сағаттарын және сыныптан тыс іс-шаралар дайындауға, ұйымдастыру мен өткізуге қатысу арқылы өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіреді.

Пәндік-әдістемелік комиссия тәрбие ісімен айналысады, ол мәселені өз бетімен тұжырымдай және оларды жоғары азаматтық ұстаныммен практикалық тұрғыдан шеше білетін шығармашылық тұрғыдан дамыған, біртұтас тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Арнайы пәндер ПӘК онкүндігі аясында көптеген қызықты кездесулер өтті, ал білім алушылардың тартымды-танымдық іс-шараларда өзінің шығармашылық қабілеттерін таныту мүмкіндігі болды. «Біз – алматылықпыз! Мұны мақтан тұтамыз!» музыкалық-әдеби композиция флешмобы онкүндіктің барлық іс-шарасының ұранына айналды. Ал колледж мұражайы барлық білім алушылар үшін «Тарих тұлғалармен: колледжбен танысу» мұражай апталығын ашты. Мұражайдағы жалпы колледж, оның рухани-адамгершілікті құндылықтары, туған қаласы Алматының өткен ерлігі туралы бастапқы түсінікті дәлелдейтін артефактілер арқылы 3-курс білім алушылары экскурсия өткізді. Экскурсия материалы сауатты дайындалған. Бай экспозиция мен экскурсияны жүргізушілердің эмоционалды әңгімесі өз колледжіңе, таңдаған кәсібіңе деген құрмет пен мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал етті. Білім алушылар экскурсиядан алған әсерлерімен «дөңгелек үстел» басындағы сұқбатта бөлісті. Кездесудің соңында білім алушылар «Сен өз қалаңның тарихын білесің бе?» викторинасына қатысты. Онкүндіктің аясында түрлі іс-шаралар өтті: жаңалықтардың шығармашылық көрмесі, колледж білім алушылары мен оқытушыларына арналған «Данышпандар мен данагөйлер» математикалық викторинасы, 1–3-ші курс оқытушыларымен және білім алушыларымен «Музыкалық кездесулер» өтті және тағы басқалары.

Арнайы пәндердің пәндік комиссиясының өткен онкүндігі біздің колледжде бастамашыл әрі креативтік, пысық оқытушылардың жұмыс істеп жүргенін, және білімді әрі шығармашыл білім алушылардың оқып жүргенін дәлелдеді.

Арнайы пәндер ПӘК пән онкүндігін өткізу бағдарламасы

Тақырыбы: «ҚР қазіргі білім беру саясаты жағдайында арнайы пәндер ПӘК оқытушыларының кәсіпқойлығын дамыту».

Мақсаты:

  • арнайы пәндер ПӘК оқытушыларының кәсіби біліктілігін жетілдіру;
  • білім алушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға және білімнің келешегін насихаттауға бағытталған білім алушылар мен оқытушылар әрекеттестігінің тиімді жүйесін құру;
  • білім алушылардың ПӘК пәндеріне қызығушылығын арттыру.

Онкүндіктегі сыныптан тыс іс-шараға қатысушылар

Онкүндіктің міндеттері:

  • сабақта және сабақтан тыс қызметте инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану бойынша жұмысты белсендіру арқылы ПӘК арнайы пәндер бойынша білім алушылардың білім сапасы мен оқу үлгерімін арттыру жұмысын жетілдіру;
  • ашық сабақтар, шеберлік сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралар дайындауға, ұйымдастыру мен өткізуге қатысу арқылы оқытушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;
  • білім алушыларды дербес шығармашылық қызметке тарту, өтетін оқу пәндеріне деген қызығушылықты арттыру;
  • кәсіпке деген сүйіспеншілікті бойына сіңіру;
  • қала тарихымен танысу арқылы отансүйгіштікті тәрбелеу; кіші отанға, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Өткізу мерзімдері: 20______ ж. «______» ____________– 20______ ж. «______» ____________

Жабдығы мен керек-жарағы: оқу және әдістемелік әдебиет, ОТҚ қолдану; стендтер; музыкалық және видео сүйемелдеу, көрнекілік материалдары.

Өткізу жоспары
КүніІс-шараларОқытушының Т. А. Ә.УақытыТопКабинет
1Онкүндіктің ашылуы«Біз – алматылықпыз! Мұны мақтан тұтамыз!» музыкалық-әдеби композициясы Флешмоб    
Мектепке дейінгі бөлімдегі тілдер күніне арналған «Тіл – халықтың жаны» сыныптан тыс іс-шарасы    
2«Тарих тұлғалармен» мұражай апталығы«Колледжбен танысу» дөңгелек үстелінде кездесу    
«Шығыс базары» Халықаралық фестиваліне экскурсия    
3«Туған колледж оқытушыларына арналады» атты көркем шығармашылық күні«Күз қиялы» жаңалықтар көрмесі    
«Оқу технологиясы мен әдістемесі» пәні бойынша ашық сабақ. «Оқу құралы мұғалімге көмекке» тақырыбы    
«Шығыс базары» Халықаралық фестиваліне экскурсия    
4«Данышпандар мен данагөйлер» математика күні«ТОМ» және бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша ашық сабақ Тақырыбы: «Көпмәнді сандар»    
Математика бойынша олимпиада    
5«Біз – алматылықпыз» тәрбиеші күніМектепке дейінгі бөлімдегі Тәрбиеші күні мен Қала күніне арналған сыныптан тыс іс-шара    
6«Музыкалық калейдоскоп» музыка күні«Музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша ашық сабақ. Тақырыбы: «Ырғақ пен метр»    
1–3 курс білім алушылары сабағындағы «Музыкалық кездесу» атты жағымды музыкалық көңіл күй    
7«Жер экологиясы – жан экологиясы» экология күні«Педагогика» және «Балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі» пәні бойынша қосарланған сабақ. Тақырыбы: «Жер экологиясы – жан экологиясы!»    
«Ғаламшарды таза әрі жап-жасыл күйінде сақтаймыз» көрмесі    
8Онкүндіктің жабылуыЖалпыколледждік линейка. «Ерекше мән бере отырып, көп нәрсені айтқымыз келеді…» видеоролигін қарау. Онкүндіктің белсенді қатысушыларын марапаттау