ещё
свернуть
Все статьи номера
№1, 2019
ОЗЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Орыс тілі сабағы жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайында

Қазіргі білім беру үрдісінде жинақтаған біліммен бөлісу керек, бұл ретте өзіңнің және әріптестеріңнің жинақ сандықшасын толықтыру керек.

Сұрак-жауап
Мен жинақ сандықшамды қалай толықтырамын?

Әріптестердің пікірлері мен үшін өте маңызды, себебі бір адамның пікірі әрдайым дұрыс бола бермейді, бірлескен қызметте ақпарат алмасу жүреді, қиын мәселелер мен проблемаларды шешетін жағдайлар болады. Мақала мен қоса берілген қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарлау – тәжірибе алмасудың бір түрі.

Менің жұмысымның ең маңызды бөліктерінің бірі – әрбір баланың қалай оқитынын түсіну және оларды өз бетінше және саналы түрде оқуға үйрету қабілеті. Бұл мақсаттар мен үшін басымдыққа ие, ал менің күнделікті педагогикалық іс-әрекеттерімде қызықты және тиімді оқытуды үйрену үшін сабақтарда топпен, жұппен, жеке жұмыс және диалог сияқты әртүрлі жұмыс түрлерін қолданамын.

Білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу жағдайында мен біртіндеп педагогикалық қызметіме өзгерістер енгізіп, бағдарламаның жеті модуліне назар аударып, ал жұмыс барысында жетекшілікпен білім алатын оқушыға назар аударамын, ал жұмыстың белсенді нысанында міндетті түрде диалогтың көмегімен жүзеге асырамын, содан кейін балалар өздігінен дамиды, шығармашылық ойлайды және өздерін жетілдіреді.

Топтық жұмыс оқушылардың тығыз ынтымақтастығына мүмкіндік береді, бұл оқудың дәстүрлі нысанына қарағанда жақсы нәтиже береді. Бұл модуль оқушылардың өз бетімен оқуына бағдарланған.

Қазіргі білім беру қағидаттарына сай біз білімді дайын күйінде алмаймыз, керісінше өзіміз бен шәкірттерімізді ізденуге, ақпаратты түсіндіру мен талдауға бағыттаймыз.

Қосымша

Орыс әдебиеті сабағының қысқа мерзімді жоспары
Сабақ тақырыбы: А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романының шығармашылық тарихыМектеп: _______
Күні: ___________Мұғалімнің Т. А. Ә.: _______________________
Сынып: 9Қатысқандар саны: ________________Қатыспағандар саны: ______
Осы сабақта жетуі тиіс сабақтың мақсаттары• Оқушылардың А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романын жазу тарихымен танысуы.
• Өлеңмен жазылған роман ұғымын қалыптастыру.
• Өлең өлшемін айқындаудың қадамдық алгоритмін қолдану
Оқу мақсаттарыОқушылардың бәрі романның шығармашылық тарихын баяндап бере алады
Оқушылардың көбісі «өлеңмен жазылған роман» ұғымын тұжырымдай алады
Кейбір оқушылар өлеңнің өлшемін анықтай алады
Тілдік мақсатыОқушылар біледі:
Кілт сөздер мен фразалар: өлеңмен жазылған роман, төрт қайырмалы ямб
Сыныптағы диалогқа/жазуға тән тіл стилі:
Талқыланатын сұрақтар:
• «Роман» және «өлеңмен жазылған роман» ұғымдарын қалай түсінесіз?
• Мысал келтіре аласыңдар ма?
Неге … екенін айтып бере аласыңдар ма?
• «Евгений Онегин» – өлеңмен жазылған роман
• «Евгений Онегин» – түпнұсқалық жарқын шығарма үлгісі
Алдыңғы оқытуОқушылар 5–8 сынып курсынан А. С. Пушкиннің өмірбаянымен, сондай-ақ ақынның шығармашылығымен таныс
Жоспар
Жоспарлы мерзімдерЖоспарлы іс-әрекетРесурстар
Сабақтың басы. 7 мин.Сынып әдеби терминдер, атаулар мен аттары бойынша топқа бөлінеді: «Роман», «Татьяна», «Евгений», «Өлеңмен жазылған роман», «Пушкин». Сынып 5 топтан құралады.
Топтарға смайликтер таратылады, олар сабақтың басындағы оқушының көңіл күйіне сәйкес келетін өңтаңбаны бояуға тиіс, «А. С. Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбына «Сұрақтар қағаз бетінде» тәсілі.
Топтар мұғалімнің сұрақтарына жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын өз бетімен айқындайды: «Бүгінгі сабағымыз қай жазушы туралы, қалай ойлайсыңдар?», «Бұл жазушының қандай шығармаларын білесіңдер?», «А. С. Пушкиннің сүйікті ертегісінен үзіндіні еске түсіре аласыңдар ма?» Бүгінгі сабақта біз А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» атты танымал шығармасымен танысамыз. Сендер өлеңмен жазылған роман дегеннің не екенін білесіңдер, «Евгений Онегин» романының шығармашылық тарихымен танысасыздар, бұл шығарманың Пушкиннің қандай сүйікті әдеби өлшемімен жазылғанын білесіңдер
Үлестірме материал, оқулық
Сабақтың ортасы. 35 мин.Топтар «Jigsaw» әдісімен жұмыс істейді. Әр оқушыға параграфтың кіші тақырыбы беріледі, оны оқып шығып, содан кейін осы параграфты оқушылармен бірге ұқсас тақырыптармен талдап, кейін топқа оралып, өз тақырыбын түсіндіру керек: тек осыдан кейін топтың тақырыбын өз тобымен талқылап, ақпаратты флипчатқа ресімдеу керек. Осыдан кейін топ кластер түрінде ресімделген өз тақырыбын қорғайды.
1-ші топ: «Евгений Онегин» романын жазудың алғышарттары
2-ші топ: Шығарманың әдеби өлшемі
3-ші топ: Шығарманың шығармашылық тарихы
4-ші топ: «Өлеңмен жазылған роман» ұғымы
5-ші топ: Романның басты кейіпкерлері
«Ашық тәртіптегі» сұрақтар түріндегі кері байланыс
• Романның шығармашылық тарихы сол кездегі орыс қоғамының тарихына байланысты ма? Жауапты негіздеу.
• Роман жазудағы Кишиневқа оңтүстікке жер аударудың рөлі қандай?
• Романның шығармашылық тарихындағы реализм мен романтизмнің байланысы қандай?
• Роман кейіпкерлерінің сөйлеу стилінің рөлі қандай? Кейіпкерлердің сөйлеу стилін атаңдар.
• «Евгений Онегин» романының ерекшелігі қандай?
Оқулық, үлестірме материал, презентация, флипчат, қарындаштар, фломастерлер
Рефлексия. 3 мин.Сабақтың соңындағы көңіл күйіңізге сәйкес смайликті бояңыз.
Рефлексия.
«Синквейн» – «Евгений Онегин» өлеңмен жазылған романы». Оқушылар топта синквейн құрастырады: «Евгений Онегин» өлеңмен жазылған романы» ұғымына бір зат есім, үш етістік, белгілі мағынаға ие бір фраза, қорытынды немесе нәтижесі ретінде бір зат есім таңдайды
Қосымша ақпарат
Саралау. Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз? Қабілетті оқушыларды қалай ынталандырасыз?Бағалау. Оқушылардың алған білімін қалай тексересіз?Пәнаралық байланыстар, СанЕН сақтау, АКТ-біліктілік. Құндылықтармен байланысы
Топтық жұмыста «ашық тәртіптегі» сұрақтар түрінде саралауБағалауСанЕН нормаларға сай. Тарих
РефлексияОқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін нені білді? Оқу неге бағытталды? Жоспарлы саралау жақсы қолданылды ма? Оқу уақыты сақталды ма? Осы жоспардағы қандай өзгерістерді іске асырдым және неліктен?

2-қосымша

Бірізді сабақтар сериясының орта мерзімдік жоспары

Мақсаты: оқушылардың А. С. пушкин шығармашылығымен танысуы, білімін талдау және жүйелеу.

«Евгений Онегин» өлеңмен жазылған романы

ТақырыбыНегізгі оқу міндеттеріБелсенді оқытуда қолданылатын жұмыс нысандарыОқу нәтижелеріОқу мақсатындағы бағалауды қоса бағалауНегізгі ресурстар
1«А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романы»; «Евгений Онегин» романының шығармашылық тарихыБілу: романның шығармашылық тарихын. Түсіну: «роман» және «өлеңмен жазылған роман» терминдерін білу. Машығы: «өлеңмен жазылған роман» өз анықтамасын тұжырымдауШақыру: «А. С. Пушкин» тақырыбына «қағаз бетіндегі сұрақтар» тәсілі Ұғыну: Оқушылардың «Jigsaw» әдісімен топтық жұмысы; (оқулықпен жұмыс) Рефлексия: Синквейн – «Евгений Онегин» өлеңмен жазылған романы»Оқушылардың бәрі романның шығармашылық тарихын баяндап бере алады Оқушылардың көбісі «өлеңмен жазылған роман» ұғымын тұжырымдай алады Кейбір оқушылар өлеңнің өлшемін анықтай аладыБағалау өлшемшарттар енгізілген кестенің көмегімен жүзеге асырылады«Орыс әдебиеті» 9-сынып оқулығы, үлестірме материал, презентация, флипчат, фломастерлер
2«Евгений Онегин» романы жанрының мен композициясының ерекшелігіБілу: «жанр және композиция» ұғымын. Түсіну: «жанр және композиция» ұғымдарын ажырата біледі. Машығы: өлеңмен жазылған романның жанры мен композициясының жеке ұғымын қалыптастыруШақыру: жұппен жұмыс істеу, «Телеграмма» тәсілі. Ұғыну: «Кинометафора» – «Евгений Онегин – өмір салты» фильмінен үзінді. Жанр және композиция ұғымдарын шектейді – кесте құрастырады. Рефлексия: оқушылардың жеке жұмысы, «Ыстық орындық»Оқушылардың бәрі романның композициясы мен жанры туралы баяндап бере алады. Оқушылардың көбісі романның басты кейіпкерінің өмір салты туралы айтып береді. Кейбір оқушылар романдағы пушкиндік дәуір туралы әңгімелей алады. Сұрақтарға жауап беру: роман жазылған күні, романның басты кейіпкерлері. Романның негізгі идеясын тұжырымдауӨлшемшарттары берілген бағалау парағы бойынша оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауыИнтерактивті тақта, видеоролик, оқулық, үлестірме материал
3А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романының мәселенамасы. Басты кейіпкердің көрнекті болмысы, оның өмірлік ұстанымыБілу: роман мәселенамасының мәнін түсінеді. Түсіну: басты кейіпкердің іс-әрекетінің себебін (Евгений Онегиннің). Машығы: басты кейіпкер туралы және оның іс-әрекеті туралы өз пікірін қалыптастыруШақыру: Эссе – «Романнан өміріме не аламын?» Ұғыну: топтық жұмыс, сахналау. «Қорғаушылар мен прокурорлар» Онегиннің соты. Рефлексия: «Роман кейіпкерлері» ЗХУ тәсіліОқушылардың бәрі роман кейіпкерлері туралы айтып бере алады, кейіпкерлерге мінездеме береді. Оқушылардың көбісі алған білімін практикада, жеке және шығармашылық жұмыстарды орындауда қолдана алады. Кейбір оқушылар бас кейіпкердің болмысын талдау, Евгений Онегиннің өмірлік ұстанымы туралы айтып бередіОқушыларды өлшемшарттары бар бағалау парағы бойынша өзара бағалауИнтерактивті тақта, оқулық, үлестірме материал, стикерлер
4Онегин мен Татьяна. Татьяна – ақынның сүйікті кейіпкеріБілу: сұлулық және нәзіктік ұғымын анықтау. Түсіну: әр дәуірдегі әйелдер мінезінің сапаларын. Машығы: кейіпкерлерді өз ойы, әңгімелесу, пікірсайыс, пікірталас арқылы бағалау өлшемшарттарын қалыптастыруШақыру: «Татьяна» синквейні Ұғыну: «Алты қалпақ» топтық тәсілі Рефлексия: «Хокку» тәсіліОқушылардың әр дәуірдегі әйелдердің салыстырмалы мінездемесін құрастыра алады. Оқушылардың көбісі Онегин мен Татьянаның қарым-қатынасы туралы айтып бере алады. Ауызша Татьянаның портретін құрастыру. Кейбір оқушылар Онегин бейнесінің жан-жақтылығын талдай аладыӨлшемшарттары берілген бағалау парағы бойынша оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауыИнтерактивті тақта, оқулық, үлестірме материал
 
Дұрыс жауап үшін жұлдызша. Звезда за правильный ответ
Өзіңізді тексеріңіз!
Қате! Неправильно!
Дұрыс! Правильно!
«Жеті модуль» бағдарламасының мақсаты қандай?
Бағдарламаның мақсаты – оқушының пәнді терең түсінуін, алған білімді сыныптан тыс қолдану мен іске асыруды қамтамасыз ету. Оқыту адамның білім алу үшін нақты мүмкіндіктерді пайдалану сипатын қалыптастырады. Егер дәлірек айтсақ, бұл – адам өз бетімен меңгере алмайтын, бірақ нақты мақсаттары бар білетін адамдардың жетекшілігімен оқып-үйренуге немесе тануға қабілетті білім мен дағдылар.
Оқушының пәнді терең түсінуін дамыту
Жүктемені жеңілдету