ещё
свернуть
Все статьи номера
№6, 2019
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР

Әдебиет сабағында «Фишбоун» тәсілін қолдану

«Фишбоун» – ақпаратты көрнекілік-мазмұнды нысанда ұсынудың үздік тәсілдерінің бірі.

Үздік мақалаға дауыс беріңіз
Үздік мақалаға дауыс беріңіз
100% Иә
0% Жоқ
Всего ответов: 2

«Фишбоун» (Fish bone) – «балық сүйегі», «балық қаңқасы», «балықтың шеміршегі» – жапон ғалымы Каору Исикава ұсынған әдістің қарапайым атауы. Ақпаратты жеткізудің графикалық техникасы мәселені белгілеу, оның себептері мен нақтылаушы деректерді айқындау арқылы қандай да бір құбылысты талдау барысын бейнелеуге мүмкіндік береді.

Оқушылар «балық қаңқасын» құрастыру барысында

  • топпен немесе жұппен жұмыс істеуде үйренеді;
  • себеп-салдарлық байланысын айқындайды;
  • маңызы бойынша түрлі факторларды жазады;
  • сыни ойлау қабілетін дамытады;
  • шынайы құбылыстарға баға беруді үйренеді.

Мәлімет үшін

Бұл әдісті алған ақпаратты тұтас дүниеге жинауды қажет ететін жалпылаушы сабақтарда қолданған барынша тиімді.

Бостон университетінің бастауыш сынып оқушыларының қабылдау тәсілдерін зерттеумен айналысатын ғалымдары балалардың 2 жастан 13 жасқа дейінгі кезде көрген бейнелері арқылы қажетті ақпаратты тез есіне сақтайтынын растады.

Исикаваның схемасы білімді негізгі санаттар бойынша жүйелеуге көмектеседі:

  • себептері;
  • фактілері;
  • тұжырымдар.

Балық қаңқасының «басына» мәтінде қарастырылатын немесе «маңызды сауал» қойылатын мәселе белгіленеді.

Маңызды

Жазбалар қысқа, кілт сөздерден немесе бастысын бейнелейтін фразалардан құралуға тиіс.

Жоғарғы сүйектерде оқушылар зерттеу мәселесінің туындау себептерін белгілейді. Жоғарғыларына қарсы – төмендегілері орналасады, мұнда қалыптасқан себептердің бар екенін растайтын деректер жазылады.

«Фишбоун» тәсілінің мәні сабақта қарастырылатын мәселені көтеруге байланысты, сондай-ақ оның аспектілерін айқындауға және қандай да бір пікірді растайтын дәлелдерді, фактілерді табудан тұрады. Ол сыныпта жұмыс істеуге жарамды және үй тапсырмасы ретінде ұсынылуы мүмкін.

Л. Н. Андреевтің шығармашылығы бойынша «Фишбоун» тәсілі үшін бірнеше тақырып нұсқаларын ұсынуға болады.

Басы. Л. Н. Андреевтің «Рассказ о семи повешенных» атты шығармасының көркемдік тұжырымдамасындағы өмір мен өлім.

  • Бұл адамдар кімдер және олар өзін өлім алдында қалай ұстайды?
  • Өлім жазасы тақырыбы – орыс қоғамы үшін қайғылы сұрақ.

Себептері:

  • 1905 жылғы қанды революциядағы жеңіліс;
  • саяси реакция уақыты;
  • газеттегі 1908 жылы дарға асқан бес терроршы туралы мақала;
  • шаруалар қонысты талқандады;
  • қоластындағылар қожайындарға қарсы көтерілді;
  • революционерлер мемлекеттік шенеуніктерге қастандық ұйымдастырды.

Деректер. Біреу тараулардың атауларын немесе терроршылар бей- нелерінің галереясын шығара алады: Таня Ковальчук, Муси, Вернер, Сергей Головин және Василий Каширин.

Әңгіме 12 тарауға бөлінген, оның әрқайсысының өз атауы бар.

Атау — бұл адамды барынша алаңдататын ой. Ол жиі қайталанады және тараудың өзі осының шеңберінде құрылады. Әр тарау қандай да бір адамға немесе оқиғаға арналған.

Мәтіннің өзінен фактілерді үзінділермен келтіруге болады: «Мыңдаған адам біреуді өлтірсе, демек жалғыз адам жеңіске жетеді». Ал кейіпкерлердің іс-әрекетін камерадан қарауға болады.

Төменгі жүзу қанаттарында: реакциялар, көтерілістер, дарды құру, өлім жазасын шығару, министрге қастандық жасау, әскери-дала соттары, өлім жазасына кесу, дарға асу – «столыпин галстуктері».

  • Дарға асу арқылы өлім жазасына кесілген төрт тұтқынның тағдырын зерттеу.
  • Әлеуметтік деңгейі әртүрлі кейіпкерлер және өлім алдындағы ауыр сынақ.
  • Министр – барлық зұлымдықтың көзі.
  • Сәтсіз қастандық.

Мұғалім немесе мықты оқушы қорытынды жасайды.

Азаматтық тұлғаларды қатал әскери кезеңнің заңы бойынша соттады, оларға тіпті қорғаушылар да бермеді. Осының бәрі онсыз да бүлінген халықты дүрліктірді. Адамдар қайтадан ұрлыққа, адам өлтіруге шықты. Қылмыскерлерді өлім жазасына кесті.

Шығарманың әрбір кейіпкері ажалын әрқалай уайымдады. 1907 жылы Ресейдің әр қаласында дар тұрғызылды. Күнделікті газеттерде шығарылған өлім жазасы мен күніне дарға асылғандар саны туралы жазды. Адамдар бірнеше жыл бойы қорқынышта өмір сүрді, дарға асылмау үшін бірнәрсені дұрыс айтпаудан немесе істемеуден қорықты.

Әңгімеде өмір мен өлім салыстырылады. Ақиқат пен жалғанның, күн мен түннің, жарық пен қараңғының контрасты басты көрнекі үлгіге айналады. Дарға асудың алдында оның бойын тек қорқыныш пен абыржу билейді. Өлім жазасына кесуге себеп болған қылмыс адам шошырлық жағдай. Зорлық-зомбылықты ештеңемен ақтап шыға алмайсың, ол табиғаттың заңы мен өмірге қайшы келеді.

Кейбір кейіпкерлер уланған аңдарды еске түсіреді және аяушылық тудырады, өзін дарға асатынына сене алмайды.

Кейіпкерлер үшін ажал алдындағы ең ауыр сынақ ата-анасымен кездесу болды. Олардың біреуі кісі өлтіру мен ұрлық жасауды қаһармандық, әлдебір қызықты, тартымды ойын ретінде қабылдайды, бұл қаһармандықтың әлдекімнің тіршілік ету, жай ғана өмір сүру құқығын шектейтіндігін ойламайды да. Терроршылар бір адамды өлтірудің (олар үшін ол адам емес, министр болды) жағдайды өзгерте алатындығына сенді.

Ал кейбіреуінің қорқынышын жеңуге ата-анасының соңғы батасы көмектеседі. Осы қастандыққа қатысқан әйелдер де өлімді тайсалмай қарсы алады.

Көбісі үшін министр зұлымдықтың көзі болды. Жазушы оқытушыны зорлық-зомбылыққа бармауға шақырады. Шығарманың соңғы сөйлемі де маңызды естіледі: «Адамдар осылай шыққан күнді қарсы алған». Мұнда өмір мен өлімге қайшы келетін, адамдар жасаған былықтардың бәрі берілген. Сол кездегі жазушылар бұл мәселені айналып өте алмады, сондықтан шығармаларымен өлім жазасын орындауға қарсы шықты.

Леонид Андреевтің «Рассказ о семи повешенных» шығармасы — бұл өлім жазасына кесілген адамдардың жай ғана оқиғасы емес. Бұл олардың ажал алдындағы санасын мұқият талдау. Олардың әрқайсысы өмірінің соңғы сәтін әрқалай елестетеді. Бұл жеті дарға асылғандар туралы әңгіме, бірақ іс жүзінде тек бір адам – министр ғана өлім жазасына кесілді. Оған қарсы қастандық ашылады, енді оның өміріне қауіп төнбейді. Бірақ оны өлтіруі мүмкін болғаны туралы ой алаңдатады. Ол өлім емес, оны күтудің қорқынышты екендігін түсінеді. Сондықтан түнде министр апоплексиялық соққы алады. Андреевтің кейіпкерінің мінезі оның іс-әрекеті арқылы емес, керісінше оның ойы, сезімі, алаңдауы арқылы ашылады.

Түн — өлімнің бейнесі. Күндіз министр өзін байсалды ұстайды, бірақ кеш бата салысымен айналадағының бәрі күдікті әрі қорқынышты болады, белгісіз көлеңкелер, «үнсіз заттардың үнсіз бейнесі» пайда болады. Өлім жазасына кескендер ажалын күтетін қамал да өлімнің символына жатады. Бұл зәулім қара үй қаланың шулы, тынбайтын өміріне қарсы тұрады.

Табиғат — өмірдің бейнесі. Барлық қойылымдар жақын қалған көктемнің картиналарымен қатар жүреді: тамшы, таза ауаның иісі, даладағы торғайлардың шырылы. Тіпті соттың өзінде терроршылар ашық көк аспан көрінетін терезеге қарайды. Бұл – өмірдің бір бөлшегі, рухани күштің көзі. Бірақ сот кешке аяқталады, бұл кезде аспан «түнеріп, сұрланды, кенет күн суытып кетті».

Күн — тіршілік символы. Жарық қиялды шарықтата түседі.

«Рассказ о семи повешенных» шығармасының соңы — өмір мен өлімнің шешуші сәті. Өлім жазасына кесілгендерді түнде дарға алып келеді, бірақ оларды күн шығып, табиғат жанданғанда дарға асады. Жарық пен қараңғының контрастын Андреев эмоционалды шиеленісті күшейту үшін қолданады. Әңгіменің басында автор деректерді баяндайды және сөйлемдер ақпараттық сипатқа ие. Содан кейін баяндау адамдардың ойына, өмір мен өлімнің құпиясына қатысты болған кезде абстрактілі құбылыстар алғашқы орынға шығады: уақыт жанданады, сағат тілі баяу жүреді, көлеңкелер «ұстап алып, дарға асады, аяқтан тартады, арқанды кеседі, жатқызып, жерлейді». Қиял шындыққа айналады.

Маңызды

Балықтың «денесінде» жазбалар құрастыру «ҚНЫ» (қысқа, нақты, ықшамды) нысаны бойынша жүргізіледі. Құбылыстың мәнін бейнелейтін қандай да бір тармақтың бар-жоғы бір-екі елеулі тұсын қолданған дұрыс.

Осы тәсілдің бәрін Андреев өлім жазасының «ессіздігі мен қорқынышын» көрсету үшін қолданады. Ол «өмір заңын бұзудың бұдан қорқынышты тәсілінен» басқа ештеңе жоқ деп санайды. Министр жалғыз қалғанда жабайы қорқыныш күйіне түседі. Оның бесеуі сәтсіз қастандық кезінде ұстап алған терроршылардың дәл өзі. Л. Н. Андреев толық сипаттама береді, мұнда сот қойылымы кезінде өлімге жақындау белгілері көрінеді: тұтқындардың шекесінен тер ағып, қолы дірілдейді, айғайлап, саусағын сындыру ниеті туындайды. Тұтқындар үшін өлім жазасының өзі керемет азапқа айналады, оның барысында олар өздерін барынша батыл әрі лайықты ұстайды, бір-бірін қолдайды, тек ұзақ күту жаман.

«Рассказ о семи повешенных» шығармасы ХХ ғасырдың басындағы жағдайдың арнасымен жазылған, мұнда тағдыр, жазмыш, өлім мен өмір мәселесі әдебиетте алғашқы орынға шығады. Шегара, апат, әлеуметтік тіректерден айырылу – осының бәрі әңгіме мәселенамасының өзектілігін негіздеді.

Тұжырым. Зорлық-зомбылықты ешнәрсемен ақтауға болмайды, ол тіршіліктің, табиғаттың заңына қайшы. Мәселенің шешімі өзектілігіне қарай құрылғаны өте маңызды: басына жақындаған сайын өзекті.

«Фишбоун» – кез келген сабақ түрінде қолдануға болатын әмбебап тәсіл. Бірақ «балық сүйегінің» нәтижелілігіне осы тәсілді жалпылаушы сабақтарда қолданған кезде жетуге болады, бұл оқушыларға алған ақпаратты элементтер арасындағы нақты байланыспен жүйе ретінде құруға көмектесу үшін қажет.

Әсіресе схеманы толтыру кезінде шыққан нәтижелерді көрсетуге немесе жариялауға назар аудару маңызды. Кейде оқушылар бірнеше мәселені белгілейді, ал дәйектерге қатысты қиындықтар туындайды. Сондықтан төменгі «сүйектер» толтырылмаған күйі қалуы мүмкін.

Назар аударыңыз!

«Балық қаңқасын» құрастыру тәсілі жеке, сондай-ақ топтық болуы мүмкін.

Ал тұжырымға, яғни балықтың құйрығына тоқталатын болсақ, онда оны дайын күйінде ұсынуға немесе толықтыру үшін балаларға қалдыруға болады. «Қаңқамен» жұмысты аяқтау алдағы іс-әрекетті анықтаудың негізінде құрылады: не мәселені зерттеуді жалғастыру, не оның шешімдерін тұжырымдау.

Исикаваның тәсілі кез келген цикл сабақтарында қолдануға жарамды, бірақ зерттеу қызметінің бастамасын талап ететін сабақтарда: филология, тарих, қоғамтану, биология және география сабақтарында бұл схемалар барынша «өнімді» болады.

 

 
Дұрыс жауап үшін жұлдызша. Звезда за правильный ответ
Өзіңізді тексеріңіз!
Қате! Неправильно!
Дұрыс! Правильно!
Исикава схемсының жоғарғы сүйектерінде қандай жазбалар орналасуы тиіс?
Балық қаңқасының «басына» мәтінде қарастырылатын немесе «маңызды сауал» қойылатын мәселе белгіленеді.
Жоғарғы сүйектерде оқушылар зерттеу мәселесінің туындау себептерін белгілейді.Жоғарғыларына қарсы – төмендегілері орналасады, мұнда қалыптасқан себептердің бар екенін растайтын деректер жазылады.
Мәселе немесе «өзекті  сауал»
Фактілер
Мәселенің туындау себептері
№6, 2019
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР

IТ-технологиялар – білім беруді жаңғыртудың басты факторы

Сөзсіз, цифрландыру дәуірінде Қазақстандағы білім саласы өзгеріссіз қалмайды және біз қазірдің өзінде жаңа ақпараттық технологиялардың оқу процесіне белсенді енгізіліп жатқанын, бұл процестерді не байланыстырып тұрғанын көріп отырмыз.

Заманауи білім саласының негізгі қиындығы қазіргі буын өкілдері адамзат тарихындағы ерекше буын – «цифрландыруға бейін». Қазіргі заман балалары ақпаратты алдыңғылары секілді қабылдай алмайды. Мысалы, тіпті өте білікті оқытушының бір жарым сағаттық дәрісін тыңдаған соң олардың көбісі естіген ақпаратты меңгеруге қабілетсіз болады. Керісінше олар бөлшектеп және сұрау бойынша берілген ақпараттың ауқымды көлемін «қорыта» алады. «Z» буынының өкілдері план- шеттерді, smart-телефондарды, компьютерлерді белсенді қолданады.

Үздік мақалаға дауыс беріңіз
Үздік мақалаға дауыс беріңіз
100% Иә
0% Жоқ
Всего ответов: 1

Компьютер, Интернет, интерактивті тақта мен панельдер, ұялы байланыс құралдары, мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің ХХІ ғасырда тіршіліктің және адамдардың кәсіби қызметінің маңызды факторына айналуына байланысты осы мәселе аса өзекті. Соңғы екі онжылдықта олардың пайда болуы мен белсенді қолданылуы қоршаған ортаны түбегейлі өзгертті, олар адамның қарым-қатынасы мен қызметінің, соның ішінде білім алуының маңызды әрі қажетті құралдарына айналды.

Оқу процесін ұйымдастырудың түбегейлі жаңа тәсілін ұсынамыз, мұнда сабақ барлық кезеңде медиақұралдарды қолдану арқылы өтеді, бұл ретте қағаз жеткізгіштегі ақпараттан бас тартады, бұл табиғи материалды – қағазды үнемдеу мәселесіне қатысты экологиялық жағдайға оң әсерін тигізеді.

Қазіргі кезде оқу процесін цифрландырудың 50-ден астам құралы жинақталды, бұлар сабақтың тақырыбы мен мақсатына немесе кезеңіне қарай қолданылады.

Мысалы, кері байланыс, онлайн-тестілеу және Google Forms сауалдамалары нысандарын құруға арналған онлайн-сервис. Осы онлайн-сервистің көмегімен мыналарды жүзеге асыруға болады

Назар аударыңыз!

Танымал тәжірибені, білімді бір буыннан басқасына тікелей жеткізу идеясына негізделген дәстүрлі білім беру парадигмасы бүгінде қазіргі қоғамдағы ең жаңа байланыс тәсілдеріне қайшы келді.

  • іс-шараға онлайн-тіркеуді;
  • онлайн-зерттеуді;
  • фидбек жинауды;
  • бриф;
  • дауыс беруді және т. б.

Ұсынылған онлайн-сервистің бірнеше жағымды тұсын белгілейік.

  • Қолдану қарапайымдылығы. Интерфейсі өте ыңғайлы: енді нысандарды жүктеп алып, оларды студенттерге жіберудің және олардан пошта арқылы толтырылған нұсқасын алудың қажеті жоқ. Google Forms статистиканы жауап бойынша жинайды және кәсіби тұрғыдан ресімдейді. Оқытушылардың алған мәліметтерді қосымша өңдеуінің қажеті жоқ, бірден нәтижелерді талдауға кірісуге болады.
  • 24/7 қолжетімділік. Нысандар «бұлтта» сақталады.
  • Жеке ресімдеу. Оқытушы нысан үшін өз дизайнын құрастыра алады. Google Forms нысандары қолжетімділердің көп мөлшерінен шаблондарды тегін таңдай немесе оларды өзінің шаблонын жүктей алады.
  • Тегін. Сервис тегін.
  • Ұтқырлық. Google Forms ұялы телефондарға бейімделген. Толық функционалды жеңілдетілген ұялы нұсқасының көмегімен телефоннан және планшеттен нысанды жасауға, редакциялауға және жіберуге болады.

Google Forms онлайн-сервисі арқылы студенттер арасында жүргізілген сауалдама аса қызықты әрі тиімді құралдарды анықтады. Олардың бірі – Quizlet.

Quizlet – бұл флеш-карталар мен оқыту ойындарын құрастыруға және қолдануға арналған тегін онлайн-сервис. Кез келген адам басқа пайдаланушылар жасаған контентпен танысу немесе өзінің оқу модульдерін құру үшін осы сервисті қолдануды тез үйренеді. Ай сайын 30 миллионнан астам оқушы бүкіл әлем бойынша Quizlet-ті қолданады.

Quizlet ойындары есептік жазбасы бар адамдар үшін тегін. Сондықтан сабақ барысында ойнау үшін мыналар қажет

  • Quizlet есептік жазбасы;
  • кем дегенде терминдер мен анықтамалардың алты бірегей жұбы бар оқу модулі;
  • кем дегенде төрт студент;
  • әр студентке арналған компьютер, планшет немесе смартфон;
  • оқытушы басқаратын қағидалар мен көшбасшылар тізімін проекциялауға арналған құрылғы.

Quizlet-пен жұмыс істеу алгоритмі

Quizlet-пен жұмысты бастаудың ең жақсы тәсілі – бұл басқа пайдаланушылар жасаған оқу модульдері бойынша іздеуді орындау. Студенттер мен оқытушылар үнемі жаңа модуль жасайды, сондықтан сіз өзіңізді қызықтыратын тақырыптың модулін таба алатын шығарсыз.

Іздеуді орындау үшін Quizlet-ттің кез келген бетінің жоғарғы бөлігіндегі ұлғайтқыш шынының белгісін таңдаңыз. Осыдан кейін қызықтыратын пәнді немесе емтиханның атауын таңдаңыз және нәтижелер тізімін көрсету үшін «Енгізуді» басыңыз. Анықтамалық орталықтың «Мұғалімдерге арналған» бөлімінде оқытушыларға арналған көптеген пайдалы ресурстар берілген.

Ойын кезінде қолдану қажет модульді таңдаған соң Live батырмасын басыңыз. «Ойынды құру» батырмасын басыңыз және бейнені экранға шығарыңыз.

Студенттерден https://quizlet.liveөтуін және шыққан код пен өз есімін енгізуді сұраңыз. Оқушылардың бәрі ойынға қосылғанын күтіңіз, содан кейін «Ойынды құру» батырмасын таңдаңыз. Студенттер командаларға бөлінеді. Егер ойыннан оқушыны шығару қажеттілігі туындаса, оның есімін басыңыз.

Егер бұл мүмкін болса, студенттерден командадағы жолдастарының жанына отыруын сұраңыз. «Ойынды бастау» батырмасын таңдаңыз. Әр студентке құрылғысының экранында модульдегі бірдей анықтама көрсетіледі, әр команда мүшесіне әртүрлі жауап нұсқалары беріледі. Студенттер дұрыс жауаптың команданың қай мүшесінде екенін шешу үшін бірге жұмыс істеуге тиіс. Команда дұрыс жауапты таңдаған кезде ол экраннан көрсетілмейді және келесі сұрақ шығады. Егер команда сұраққа дұрыс жауап бермесе, оның нәтижесі нөлге теңестіріледі және оны қайта бастауға тура келеді. Оқытушының экранында нақты уақыт режимінде көшбасшылар тізімі көрсетіледі.

ІТ-құралдарды қолдану арқылы өткізілетін сабақ жоспары

Сабақты өткізу үшін үлгілік жоспарды ұсынамыз.

Мамандығы 0507000: «Қонақүй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру»

Біліктілігі 0507063: Сервис жөніндегі менеджер

Оқу пәні: «Қонақүй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру»

Модулі: Әріптестермен тиімді әрекеттестік

Сабақ тақырыбы: «Қонақүй кәсіпорнындағы менеджмент қызметтерін талдау»

Оқу мақсаты:

Студенттердің 100 %-ы қонақүй кәсіпорнындағы менеджменттің негізгі функцияларына сипаттама береді, олардың 80 %-ы алған білімін практикада қолдана алады.

Дэвид Колб циклі бойынша сабақ кезеңдері (David A. Kolb)
Ұйымдастырушылық кезең
ТапсырмаКомандаға бөлу
IT-құралKahoot
Білім алушылар қызметіСтуденттер оқытушылар құрастырған сұрақтарға жауап береді, бұл ретте командамен жұмыс қағидаларын планшеттен, ноутбуктен, смартфоннан, яғни Интернетке кіре алатын кез келген құрылғыдан таңдайды
ІТ-құралды қолдану механизміТестілеуге қатысу үшін студенттер сервисті ашып, оқытушы өз компьютерінен беретін PIN-кодты енгізуге тиіс.
Студент өз құрылғысында ұнаған жауапты таңдауға тиіс. Нұсқалары геометриялық пішіндермен берілген
Күтілетін нәтижеАқпаратты визуалды қабылдау, ақпараттық ресурстарды қолдану, сабақта өзін-өзі ұстау ережелерін таңдау машығын дамыту
Үй тапсырмасын тексеру
Тапсырма«Өз ойыным» қағидаты бойынша сауалдама
IT-құралPower Point Mobile
Білім алушылар қызметіАНА интерактивті LED-дисплейінің экранына шығатын сұрақтарға жауап береді
ІТ-құралды қолдану механизміГиперсілтемелері бар Power Point Mobile презентациясы
Күтілетін нәтиже– Құбылмалы ортада тез бағдарлану және сұрақтарға тез жауап беру дағдысын дамыту.
– Алдыңғы сабақтағы ақпаратты қайталау, жаңа ақпаратпен танысуға дайындық
Практикалық жұмыс
Тәжірибе (қызмет талпынысы)
Тапсырма– Квест;
– Видео көру
IT-құралHP Reveal Aurasma
Білім алушылар қызметіБұл – қоршаған ортамен әрекеттестік тәсілін өзгертетін толықтырылған шынайы тегін қосымша. Студенттер қосымшаның көмегімен оқытушы видеороликтерді қарайды
ІТ-құралды қолдану механизміҚосымша қоршаған ортадағы түрлі объектілерді ажырату үшін камераны, оқытушының GPS және Wi-Fi-құрылғыларын қолданады. Бұдан әрі осы объектілер оқытушының экранында видеоның, фотоның, анимацияның, 3D немесе «Ауралар» деп аталған өзге цифрлық контенттің үстінде көрсетіледі
Күтілетін нәтиже– Оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқу материалын студенттер үшін қызықты форматта меңгеру.
– Видеороликті қараудың көмегімен қызмет тәжірибесін алу
Талдау (ойлану)
ТапсырмаВидеоны талдау. Кестені толтыру
IT-құралMicrosoft teams – Office 365-те командамен жұмыс істеуге арналған орталықтандырылған кеңістік
Білім алушылар қызметі– Білім алушылар бірлесе отырып ортақ виртуалды кеңістікте видеороликтің мәселелерін талқылайды. Бірлескен жұмыс нәтижелері АНА интерактивті LED-дисплейінің экранында бәрі көрінеді.
– Нәтижелерді Google disk-те көрсету
ІТ-құралды қолдану механизміTeams — бұл студенттер файлдармен, редакциялауға арналған ортақ қолжетімділікпен бірлесе жұмыс істей алатын ортақ жұмыс кеңістігі
Күтілетін нәтижеВидеороликті қарау нәтижесін талқылау және ойластыру үшін ортақ виртуалды кеңістік құру
Теоретикалық жалпылау
Тапсырма– Квест.
– «Менеджмент функциялары» тақырыбына ақпарат іздеу және танысу. Студенттер топпен жұмыс істеу кезінде алгоритм бойынша қонақүй кәсіпорнының тиімді менеджментіне әсер ететін күштік өрісін талдай алады
IT-құралИнфографика. Рiktochart менеджері. Сілтеме: http://piktochart.com/.
Білім алушылар қызметі–Білім алушылар ми шабуылы арқылы қонақүй кәсіпорнының тиімді менеджментінің дамуына қарсы тұратын тежеуші күштерді бейнелейді. Олар мұны күштік өрістің диаграммасына жазып алады.


Күштік өрістің диаграммасында белгіленген қозғаушы күштер оның менеджментті дамытуға оң әсер ететін функцияларының бірі болып табылады.
– Әр фактордың менеджменттің нәтижелілігіне әсер ету күшіне назар аудара отырып, қозғаушы және тежеуші күштерді талдайды және бағалайды.
– Барлық фактордың менеджмент нәтижелілігіне әсер ететін графикалық күшті бейнелейді.
– Қозғаушы күштерді күшейту немесе тежеуші күштерді әлсірету бойынша стратегияны әзірлейді.
– Менеджмент функциясының ұйымның дамуына әсері туралы қорытынды жасайды.
– Талдау нәтижесі бойынша инфографиканы қолдану арқылы Mind Map дайындайды, курстарының алдында баяндама жасайды.
– Нәтижелерді көрсетеді
ІТ-құралды қолдану механизміИнфографика құралдары кескіндермен қатар графиктерді, диаграммаларды, блок-схемаларды, кестелерді, картаны, тізімді қамтиды. Қайта құру инфографикасы – қандай да бір оқиға туралы мәліметтерді негізге алатын, оқиғалар динамикасын хронологиялық тәртіппен көрсететін инфографика қолданылады
Күтілетін нәтижеАқпаратты графикалық түрде ұсыну дағдысын дамыту, өз қызметінің және команда қызметінің жоспарын құрастыру
Практикалық қызмет
ТапсырмаМеңгерген ақпараттың негізінде нақты мәселелерді шешу
IT-құралQR-код
Білім алушылар қызметі– Смартфонда «QR-код генераторы» арнайы бағдарламасын іске қосады.
Сілтеме: http://ru.qr-code-generator.com/, мұның көмегімен оқытушы ұсынған жағдайды оқиды.
– «Нөмірлерді орналастыруға дайындау» жағдайымен танысады.
– Менеджмент функциясын іске асыру мәтінінен мысалдарды таңдайды.
– Мәселені шағын топтарда талқылайды және оны шешу жолдарын табады
ІТ-құралды қолдану механизміQR код — бұл ұялы телефондағы камераның көмегімен тез ажырату үшін ақпарат беретін екі өлшемді штрих-код (немесе бар-код). Қосымшаны жүктейміз, QR-сканер ашық тұрған кезде смартфонды тікелей кодқа жақындатамыз (ол экранда, тауарда, билетте, чекте және т. б. көрсетілуі мүмкін) және осы код берілген хабарламаны оқимыз
Күтілетін нәтиже– Ақпаратпен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
– Практикалық жағдайды шешу, командамен жұмыс істеу дағдысын алу.
– Мәселені анықтау және оны шешу жолдарын іздеу
Кері байланыс
ТапсырмаОқу қызметінің рефлексиясы. «Қонақүйлердің жұлдызы»
IT-құралИнфографика
Білім алушылар қызметі– Өз қызметінің және ұжым қызметінің нәтижелерін талдайды. – Алдағы өндірістік қызметте алған нәтижелердің құндылығын бағалайды
ІТ-құралды қолдану механизмі«Қонақүйлер жұлдызы» инфографикасы. Рiktochart менеджері, сілтеме: http://piktochart.com/. Инфографика құралдары кескіндермен қатар графиктерді, диаграммаларды, блок-схемаларды, кестелерді, карталарды, тізімдерді қамтиды
Күтілетін нәтиже– Өз қызметін және ұжымның қызметін саналы рефлексиялау. – Кәсіби біліктілігін бұдан әрі жетілдіруге ынталандыру
Сабақты бағалау
ТапсырмаKPI. Жеткен мақсаттарды талдау. Тиімділіктің негізгі көрсеткіштері (ағылш. Key Performance Indicators, KPI) — белгіленген мақсатқа жетуде көмектесетін қызмет көрсеткіштері. Тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін қолдану жағдайды бағалауға және нәтижелерді бағалауға көмектесуге мүмкіндік береді
IT-құралQuizlet
Білім алушылар қызметіСтуденттер дұрыс жауаптың команданың қай мүшесінде екенін шешу үшін бірге жұмыс істеуге тиіс. Команда дұрыс жауапты таңдаған кезде ол экраннан көрсетілмейді және келесі сұрақ шығады. Егер команда сұраққа дұрыс жауап бермесе, оның нәтижесі нөлге теңестіріледі және оны қайта бастауға тура келеді. Оқытушының экранында нақты уақыт режимінде көшбасшылар тізімі көрсетіледі
ІТ-құралды қолдану механизміФлеш-карталар мен оқыту ойындарын құруға және қолдануға арналған онлайн-сервис
Күтілетін нәтиже– Сабақ барысы бойынша қызмет нәтижелерін нақты көрсету.
– Белгіленген мақсаттар мен міндеттердің жетістіктерін талдау. – Алдағы кәсіби біліктілігін арттыруға ынталандыру
Үй тапсырмасы
ТәсіліСтуденттер сабақтың ақпараты мен өзінің жеке тәжірибесіне сүйене отырып «Менеджмент функцияларын талдау басқару нәтижелілігін арттыру құралы ретінде» тақырыбына ғылыми мақала жазуға тиіс
Білім алушылар қызметіСмартфонда «QR-код генераторы» арнайы бағдарламасын іске қосады, сілтеме: http://ru.qr-code-generator.com/, оның көмегімен оқытушы ұсынған ақпаратты оқиды
ІТ-құралды қолдану механизміQR code үй тапсырмасы туралы ақпаратты қамтиды
Күтілетін нәтиже– Үй тапсырмасын орындауға деген ынтаны арттыру, ақпаратты жеткізудің жаңа тәсілдерімен танысу.
– Ғылыми мақала жазу арқылы сабақта алған ақпаратты жалпылау

Білім беру процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу дәстүрлі оқыту жүйесін барынша өзгертеді, білім беру мазмұнына бәсекеге қабілетті маман дайындауға қажетті мүлдем жаңа компоненттерді енгізеді.

Кадрлардың кәсіби даярлығын және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушыларының дидактикалық машықтарын заманауи ІТ-құралдармен қаруланбай жетілдіру мүмкін емес. Оқыту барысында студенттердің жас, тұлғалық және өзге ерекшеліктерін ескере отырып, бүгінде белгілі педагогикалық әдістерді, ақпараттық технология тәсілдерін қолданады.

 

 
Дұрыс жауап үшін жұлдызша. Звезда за правильный ответ
Өзіңізді тексеріңіз!
Қате! Неправильно!
Дұрыс! Правильно!
Мақалада кері байланыс нысандарын, онлайн-тестілеу мен сауалдама құруға арналған қандай танымал онлайн-сервис туралы сөз болып отыр?
Қазіргі кезде оқу процесін цифрландырудың 50-ден астам құралы жинақталды, бұлар сабақтың тақырыбы мен мақсатына немесе кезеңіне қарай қолданылады.
Мысалы, кері байланыс, онлайн-тестілеу және  Google Forms сауалдамалары нысандарын құруға арналған онлайн-сервис. Осы онлайн-сервистің көмегімен мыналарды жүзеге асыруға болады
- іс-шараға онлайн-тіркеуді;
- онлайн-зерттеуді;
- фидбек жинауды;
- бриф;
- дауыс беруді және т. б.
FormDesk
FormsSmarts
Google Forms
№6, 2019
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС

Оқу-тәрбие жұмысын талдау

Бөбекжай-балабақшаның ұйымдасқан білім беру қызметі 1 қыргүйектен бастап 25 мамырға дейін жүзеге асырылды.

Оқу жұмыс жоспары 36 оқу аптасына арналған. Педагогтар Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын балалармен бірлескен қызмет, мектеп жасына дейінгі балалар үшін табиғи қызмет түрлерін біріктіру арқылы күнделікті өмірде жүзеге асырады, оның басты түрі ойын болып табылады.

Бөбекжай-балабақшаның (бұдан әрі – МДҰ) білім беру қызметі бекітілген жылдық жоспарға және ҰОҚ оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды. МДҰ-да мектепке дейінгі білім беру мен оқыту мазмұнын жаңартудың аясында белгілі тәжірибе жинақталды:

Үздік мақалаға дауыс беріңіз
Үздік мақалаға дауыс беріңіз
100% Иә
0% Жоқ
Всего ответов: 1
  • бекітілген өтпелі тақырыптардың негізінде перспективалық жоспарлау;
  • балалардың Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру бойынша машықтары мен дағдыларының дамуына мониторинг.

Жылдық міндеттер:

  • шығармашылық және өнімді қызмет арқылы балалардың коммуникативтік-тілдік қабілеттерін дамыту;
  • театралды-ойын қызметі арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі біліктіліктерін қалыптастыру.

Белгіленген міндеттерді іске асыру балаларды дамыту әрі олардың алуан түрлі қызметін ұйымдастыру үшін мүмкіндік берді.

  • Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру мазмұнын жаңартудың аясында ________________________ педагогикалық ұжымы өткен кезеңде мынадай іс-шаралар өткізді:
  • Әдістемелік қызмет педагогтармен бірге түзетулер енгізілген бекітілген өтпелі тақырыптардың негізінде білім беру қызметін перспективалық жоспарлаудың жұмыс нұсқасы әзірленді (20____ ж. қыргүйек).
  • Педагогтар вариативтік компонент бағдарламаларын әзірледі әрі іске асырды:
Б/б саласы, бағытыАтауыЖас ерекшелігі тобы, тәрбиешінің Т. А. Ә.Сағат саны аптасынаСағат саны жылына
1«Қатынас»
3–4 жасар балалардың коммуникативтік-тілдік дағдылары мен театрландырылған ойындарға оң көзқарасын қалыптастыру
«Ертегіде қонақта»Екінші кіші топ136
2«Шығармашылық»
3–4 жасар балалардың шығармашылық сурет салу қабілеттерін дамыту
«Ойын барысын үйренеміз»Екінші кіші топ136
3«Таным»
3–4 жасар балалардың логикалық ойлауын дамыту
«Сандар құрамы»Екінші кіші топ136
4«Таным»
Саусақтың ұсақ моторикасын дамыту, 4–5 жасар балалардың конструктивтік-шығармашылық қабілеттерін дамыту
«Шебер қолдар»Ортаңғы топ136
5«Қатынас»
Байланысты сөйлеуді дамыту, 4–5 жасар балалардың ырғақты, сөзі бар ойындарға деген қызығушылығын дамыту
«Речецветик»Ортаңғы топ136
6«Шығармашылық»
5–6 жасар балалардың сюжеттік сурет салу арқылы бояулармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру
«Көңілді акварель»Ересек топ136
7«Таным»
5–6 жасар балалардың цифрлар мен сандар туралы түсінігін, есептеу қызметі дағдыларын қалыптастыру
«Қызықты математика»Ересек топ272
8«Қатынас»
5–6 жасар балалардың коммуникативтік-тілдік, ойын, артикулациялық дағдыларын дамыту
«Жас актер мектебі»Ересек топ136
9«Таным»
5–6 жасар балалардың цифрлар мен сандар туралы түсінігін, қарапайым есептеу қызметі дағдыларын қалыптастыру
«Математика айналамызда»Ересек топ136
10«Әлеуметтік орта»
Алматы қ. көрнекті жерлерімен танысудың негізінде 5–6 жасар балалардың туған өлке туралы түсінігін кеңейту
«Туған өлкеңді сүй әрі біл»Ересек топ136
11«Әлеуметтік орта»
Қазақ халқының педагогикалық мұрасының негізінде 5–6 жасар балалардың рухани-адамгершілікті құндылықтарын қалыптастыру
«Қазақ этнопедаго-гикасы»Ересек топ136
12«Шығармашылық»
5–6 жасар балалардың мүсіндеу, аппликация, сурет салу барысында сюжеттік композициялар құру дағдыларын жетілдіру
«Қол еңбегі»Ересек топ272
13«Қатынас»
6–7 жасар балалардың жылдам оқу дағдыларын жетілдіру
«Білгір»Дайындық тобы272
14«Таным»
6–7 жасар балалардың дербес конструктивтік-шығармашылық қабілеттерін жетілдіру
«Өзіміз жасаймыз»Дайындық тобы272
15«Таным»
6–7 жасар балалардың модельдеу дағдыларын жетілдіру
«Робот техникасы»Дайындық тобы136
16«Әлеуметтік орта»
Алматы қ. тарихымен танысудың негізінде 6–7 жасар балалардың туған қала туралы түсінігін кеңейту
«Алматытану»Дайындық тобы272
17«Денсаулық»
Қазақ қимылды ойындарын қолданудың негізінде 6–7 жасар балалардың денсаулығын нығайту және физикалық қасиеттерін дамыту
«Батырлар»Дайындық тобы136
18«Денсаулық»
ЖҚЕ негізінде 6–7 жасар балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру
«Жол қозғалысы әліпбиі»Дайындық тобы136
19«Таным»
6–7 жасар балалардың логикалық ойлауын дамыту
«Балалардың логикалық ойлауын қалыптастыру»Дайындық тобы136
20«Қатынас»
6–7 жасар балалардың ауызекі тіл компоненттерін дамыту, ана тіліне деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты тәрбиелеу
«Тілді дамыту»Дайындық тобы136
21«Әлеуметтік орта»
6–7 жасар балалардың заттар мен табиғат құбылыстары туралы бастапқы түсінігін кеңейту
«Табиғат – тіршілік көзі»Дайындық тобы136
  • Педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін кеңестер, семинарлар, педагогикалық кеңестер, ҰОҚ және режимдік сәттердің ашық көрсетілімдері ұйымдастырылды.
  • Жыл бойы педагогикалық жобалар әзірленді:


  • Ашық есік күнінің бағдарламасы іске асырылды:
  • Тақырыптық педкеңеске қарай ____________________________________________________________ өткізілді
  • Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру бойынша машықтар мен дағдылардың дамуына мониторинг жүргізілді.
  • Қорытынды педкеңеске қарай ___________________________________ өткізілді ___________________________________

Білім беру салалары бойынша оқу-тәрбие жұмысы «Денсаулық» білім беру саласы

Бөлімдері: дене шынықтыру, жүріс-тұрыс қауіпсіздігінің негіздері.

Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы балалардың денсаулығын қорғау мен нығайтуға, өмірлік маңызы бар қимыл түрлерін қалыптастыруға, балалардың физикалық қасиеттері мен дербес белсенділігін дамытуға ықпал етті.

«Денсаулық» білім беру саласын меңгерудің тұрақты көрсеткіштері мыналарға негізделген

  • нормаланған оқу жүктемесіне;
  • оңтайлы ауа, жылу және қимыл режимдерін, сондай-ақ топ үй-жайларында жарықтандыруды жасауға;
  • балалар қызметінің алуан түрлілігіне;
  • дене шынықтыру бойынша ҰОҚ, спорттық ойын-сауық, мерекелер өткізу жүйесіне.

Бөбекжай-балабақшада баланың физикалық және психикалық жайлылығына жағдай жасалды, түрлі аурулардың алдын алу жүзеге асырылды.

Білім беру процесі денсаулық сақтау технологиясының негізінде құрылды:

  • балалардың денсаулығы үшін жайлы, бала ағзасының жас ерекшеліктеріне бағдарланған күн тәртібін құру;
  • қызмет түрлері арасындағы үзілісті сақтау;
  • төрт реттік қалыптандырылған тамақтануды ұйымдастыру;
  • балалардың қимыл және зияткерлік белсенділігін мақсатты үйлестіру;
  • балалардың таза ауада болуы.

Балалардың болу шарттарына қойылатын санитариялық талаптар сақталды:

  • ауа-температура режимі;
  • жиһаз бен жабдық жарық көздеріне қатысты орналастырылды, балалардың өсу көрсеткіштеріне сай.

ҰОҚ, спорттық мерекелер, ойын-сауықтар музыка залында, сондай-ақ таза ауада өткізілді. Жоспарға сәйкес тәрбиешілер спорттық мерекелер, іс-шаралар, ойын-сауықтар өткізді. Дене шынықтыру бойынша ҰОҚ, ҚЖН өзінің және құрдастарының денсаулығына саналы көзқарасты қалыптастырды. Сауықтыру іс-шаралары жоспарға сәйкес балалармен бірге өткізілді.

Ересек және дайындық топтарында мына циклдер бойынша ата-аналар үшін стендтік кеңестер безендірілді: 


Мына тақырыптар бойынша отбасылық газеттер байқауы өткізілді: 


20___/20___ оқу жылы балалардың тізімдік құрамы ___________________________________тәрбиешіні құрады. Оның ішінде:

___________ қыз;

___________ ұл.

Бөбекжай-балабақшаға ____________ бала жаңадан келді.

Бейімделуді қамтамасыз ету үшін жаңадан келген балаларды қабылдау жаз кезеңінде біртіндеп жүргізілді. Барлық режимдік сәтте балаларға жеке тұрғыдан келу жүзеге асырылды. Бөбекжай-балабақша тәрбиешілері қызметкерлермен, ата-аналармен кеңес берулер өткізді. Барлық баланың әлеуметтік бейімделуі жеңіл өтті.

Балалардың бейімделу деңгейінің сипаттамасы
Бейімделу деңгейі20__/20__, %-бен20__/20__, %-бен
жеңіл деңгейі  
орташа деңгейі  
ауыр деңгейі  
Денсаулық топтары
Оқу жылыТәрбиеленуші барлығы1-ші денсаулық тобы, %2-ші денсаулық тобы, %3-ші денсаулық тобы, %4-ші денсаулық тобы, %
20__/20__     
20__/20__     
Жиыны төмендеу/жоғарылаутөмендеу/жоғарылау  
Аурушаңдық
 20__/20__20__/20__
Дизентерия  
Скарлатина  
Баспа  
ЖРВИ. ЖРА  
Пневмония  
Желшешек  
Жарақаттар  
Отит  
Стоматит  
Менингит  
Басқалары  
Жалпы ауру саны (бала күндер)  
Атауы20__/20__ оқу жылы20__/20__ оқу жылы
Жиыны
Балалардың тізімдік құрамы  
Жоспар бойынша бала күндер  
Нақты бала күндер  
Сырқаты бойынша келмеді  
Басқа себептер бойынша келмеді  
Келу %  
Аурушаңдық %  
Бір баланың келуі  

Тұжырым. Өткен оқу жылымен салыстырғанда қатысу _____%-ға артты/төмендеді, сырқаты бойынша келмеу саны _____ артты/төмендеді. «Денсаулық» білім беру саласы бойынша тәрбие-білім беру процесінің мазмұны, жоспарлау, ұйымдастыру МЖБС сәйкес келеді.

Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру бойынша балалардың машықтары мен дағдыларының даму мониторингінің көрсеткіштері
Деңгейлері20__/20__ж. Қорытынды, %-бен
1-ші деңгей 
2-ші деңгей 
3-ші деңгей 

Әлсіз жақтары: «Дене шынықтыру» бөлімі бойынша ҰОҚ ұйымдастыру мен өткізудің тұрақты жүйесінің болмауы бақыланады: 


Перспективалық міндеттер

  • ҰОҚ жүйелі өткізуге, балабақшаның денсаулық сақтау технологиясын жүйелі іске асыруға қол жеткізу.
  • Балалардың келуін арттыру, бөбекжай-балабақшаның денсаулық сақтау бағытын көтеру.
  • Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының кешенді жүйесін іске асыру арқылы балалардың денсаулығын қорғау және нығайту бойынша жұмысты жалғастыру.

«Қатынас» білім беру саласы

Бөлімдері: тіл дамыту, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, көркем әдебиет, драма, сауат ашу негіздері.

Жыл бойы педагогтар мыналарға жеткілікті/жеткіліксіз көңіл бөлді

  • өнімді және театрландырылған қызмет арқылы балалардың коммуникативтік қабілеттерін дамытудың тиімді нысандарын енгізуге;
  • тіл дамытудың заманауи, белсенді әдістерін қолдануға.

Жекелеген педагогтар дидактикалық және дамытушы, соның ішінде педагогтар мен ата-аналардың бірлескен күшімен дайындалған авторлық ойындар мен оқу құралдарын белсенді қолданды, мысалы: мнемокестелер, тактильді кітапшалар, тақырыптық шағын кітапшалар; ойын және тосынсый тәсілдері мен жаттығулары, ақыл-ой және тілдік логикалық тапсырмалар.

Жыл бойы балалардың талқылау мен мазмұндауға деген ынтасы, көркем әдебиет пен драмалауға қызығушылығы байқалды. Бөбекжай-балабақшада атаулы күндер мен мемлекеттік мерекелерге арналған музыкалық-әдеби және театралдық кештер өткізу игі дәстүрге айналды. Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың басым бөлігі диалогтық сөйлеуді, ересектер және құрдастарымен араласу дағдыларын меңгерген, фонематикалық белгілері бойынша ұқсас сөздерді ажыратады, сөзді дыбыстық-әріптік талдау дағдыларын меңгерген, қиысу қағидаларын, күрделі көмекші сөздерді, зат есімдер мен сын есімдерді қолдануды меңгерген, салалас құрмалас және бағыныңқы құрмалас сөйлемдер құрастыра біледі. Мектеп жасына дейінгі ересек балалар барлық сөз таптарын қолданады; тиісті сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдерді қолданады, әдеби шығарма мазмұнын тыңдай әрі түсіне біледі, көрнекі сөздерді қолданады, әдеби сюжеттерді қабылдайды, кейіпкерлерге алаңдайды.

Тұжырым.«Қатынас» білім беру саласы бойынша тәрбие-білім беру процесінің мазмұны, жоспарлау, ұйымдастыру МЖБС сәйкес келеді.

Әлсіз жақтары: мектеп жасына дейінгі ересек балалар шығармашылық әңгіме құрастыруда қиналады, қиялдау қабілетін әлсіз көрсетеді. Әдеби шығармалармен танысқан соң педагогтар балаларды жақсылық пен зұлымдық туралы адамгершілікті тұжырымға алып келетіндігіне, балаларға достық пен өзара түсіністік танытуға ынталандыратынына қарамастан балалардың бір-біріне қатысты агрессия мен дөрекілік танытуы, қоғамға жат қылық танытуы орын алады. Педагогтар балалар әдеби шығармадан алған әсері мен эмоциясын өз бетімен жеткізуге, балалардың бейстандартты ойлауын көрсету әрі әдеби дарынын дамыту үшін ертегілер немесе өлеңдер құрастыруға, сондай-ақ тәрбиеленушілердің шығармашылық әлеуетін толық ашуына, достық қарым-қатынас қалыптастыруға тиісті жағдай жасай алмайды.

Педагогтар театрландырылған ойындарды адамгершілікті, тұлғаның ізгілікті қасиеттерін: мейірімді, қамқорлықты, адалдықты, достықты дамыту құралы ретінде жеткілікті деңгейде қолданбайды. Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың достық қарым-қатынасын тәрбиелеу құралы ретінде театрландырылған ойындарды қолдану арқылы жұмысты барынша жоғары деңгейде құруға мүмкіндік беретін практикалық материал да жеткіліксіз.

Сондықтан педагогтар тарапынан балалардың достық қарым-қатынасын тәрбиелеу бойынша театрландырылған ойындарды қолдану арқылы жұмысын жоспарлау қажеттілігі мен осы мәселенің психологиялық-педагогикалық әдебиетте әдістемелік тұрғыдан толық қарастырылмауы арасында қарама-қайшылық туындайды.

Перспективалық міндеттер

  • Балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
  • Балалардың тұлғалық қабілеттерін ескере отырып, шығармашылық, тілдік қызметін қалыптастыруға көмек көрсету.
  • Шығармашылық әңгіме құрастыру, балалардың қиялдау машықтары мен қабілеттерін дамыту бойынша жұмысты жетілдіру.
  • Бала тұлғасының ізгілікті қасиеттерін: мейірімді, қамқорлықты, әділдікті, достықты, адамгершілікті дамытуда; дөрекілік пен агрессиялық сияқты көріністерінің алдын алу үшін драма мен театрландырылған ойындарды, арт-технология элементтерін қолдану.
  • 20___/20___ оқу жылына арналған міндетті белгілеу: бөбекжай-балабақшада мектеп жасына дейінгі балалар үшін қолжетімді жүріс-тұрыс нормаларымен реттелетін белгілі қатынас нысаны ретінде балалар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру мен тәрбиелеуді қамтамасыз етуші кеңістік құру, бұл ретте олар түсіністік, қамқорлық, елгезектік және өзара көмек секілді сезімдерін көрсетуге қабілетті болады.

«Таным» білім беру саласы

Бөлімдері: сенсорика, қарапайым математикалық түсінікті қалыптастыру, құрылымдау, жаратылыстану.

Педагогтар зияткерлік дамуға, ҰОҚ қызығушылықты сақтауға, білуге құмарлықты, бақылау және эксперименттеу машығын тәрбиелеуге, дербес зерттеушілік, ізденушілік қызметті жүргізуге ықпал етуші ортаны қамтамасыз етті.

Балалар құрылыс, табиғи және қалдық материалдармен құрылымдау мен модельдеу дағдыларын жеткілікті деңгейде меңгерді. Мектеп жасына дейінгі ересек балалар логикалық тұрғыдан ойлай әрі талқылай, қарапайым арифметикалық есептерді, ребустар мен басқатырғыштарды құрастыра әрі шеше біледі, қажетті сенсорлық дағдыларды меңгерген. Балалардың қоршаған орта мен қоғамдық өмір құбылыстары, Қазақстан тарихы туралы тиісті түсініктері қалыптасқан.

Барлық жас ерекшелігі топтарында бағдарламалық ұсынымдарға сәйкес жарақтандырылған табиғат бұрыштары бар. Балалар өсімдіктерге, балықтарға күтім жасайды, бақшада жұмыс істейді. Тәрбиешілер жоба паспорттарына серуендеу кезіндегі, сондай-ақ таңғы және кешкі уақыттағы бақылау кезінде жазылған: қардың, мұздың еруін, құстарды, бұлақтарды, бұталарды және ағаштарды, күндізгі жарықтың, ауа температурасының көтерілуіне байланысты табиғаттағы маусымдық өзгерістерді көрсетеді.

Кітап бұрыштарында балалар жасына сәйкес әдебиет, жануарлар мен өсімдіктер туралы энциклопедиялар бар. Топтарда тәжірибеге қажетті жабдық жеткілікті мөлшерде: лупалар, сынауықтар, орамалдар, сүзгілер және т. б.; табиғи материал: шыршаның, қарағайдың бүршігі, үйеңкінің, қарбыздың, қауынның тұқымы, емен жаңғағы, бұршақ және т. б.

Жыл бойы экологиялық тақырыпқа құрылымдау бойынша балалардың үздік жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Топта маусым сайын «терезенің алдына бақша» отырғызылды. Білім беру процесінде жобалық әдіс, балалардың ізденушілік-танымдық қызмет тәсілдері іске асырылды. Балалар белсенділік таныту, қарапайым себеп-салдарлық байланысын анықтады.

Танымдық дамыту бойынша жұмыс балалардың жас және тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылды. Бағдарлама талаптарына сәйкес топтарда пәндік-дамыту ортасы қалыптасты. Дидактикалық ойындар мен материалдар балалар өз бетімен қолдануға ыңғайлы болатындай етіп орналастырылды. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін дамыту баланың ақыл-ойын, оның танымдық қызығушылықтары мен білуге құмарлығын, логикалық операцияларды (салыстыру, жалпылау, жіктеу) қарқынды дамыту үшін аса құнды.

Мектепалды топ тәрбиешілері педагогтар мен ата-аналар бірлесе дайындаған оқу-ойын құралдарын, ____________________________________________________________________________________________________________ қолданды; кіші топтарда – ____________________________________________________________________.

Тәрбиешілер ҰОҚ келесі қағидат бойынша құрды: әрбір алдыңғысы және келесісі ортақ элементтерге ие: материал, әрекет ету тәсілдері, нәтижелері. Өзара байланысты және қайтарымды іс-әрекет тәсілдерін меңгеруге арналған жаттығулардың уақыты жақындастырылды немесе бір уақытта берілді (қабаттастыру – қосымшалар, қарым-қатынас артты – кеміді, жоғары – төмен, ауқымды – тар). Балалардың логикалық ойлауын дамытуға арналған ойындар мен тапсырмалар балаларды міндеттерді белгілеу ерекшелігімен, оны жеткізу тәсілімен қызықтырды. Балалардың дербестігін, тапқырлығын, байқампаздығын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Бұған салыстыру, жалпылау, қарапайым тұжырым жасау машықтарын қалыптастыруға арналған тапсырмалар мен дамытушы ойындар ықпал етті. Сондай-ақ ҰОҚ-де көркем сөз (өлеңдер, өтірік өлеңдер, жұмбақтар), өлеңмен берілген тапсырмалар, әзіл тапсырмалар кеңінен қолданылды. Олар мазмұнымен қызығушылық тудырып қана қоймай, балаларды талқылауға, ойлануға, дұрыс жауабын табуға ынталандырады, жадыны жаттықтырады, сондай-ақ балалардың шығармашылық белсенділігін, бастамасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Тұжырым. Балаларды танымдық тәрбиелеу және білім беру жұмысы жеткілікті деңгейде жүргізілді. «Таным» білім беру саласы бойынша тәрбие-білім беру процесінің мазмұны, жоспарлау, ұйымдастыру МЖБС сәйкес келеді.

Әлсіз жақтары: жобаларды іске асыру әкімшілік пен әдістемелік қызметтің қатаң талабы бойынша жүзеге асырылды. Бұл әдістің балаларды дамыту мен білім берудегі нәтижелілігі жалпы мойындалса да, тәрбиешілер сындарлық және жалпылық, талдау және синтездеу қабілетін, логикалық негізделген болжамды ұсыну және тұжырымдау және т. б. қалыптастыру секілді маңызды ғылыми ойлау қабілеттерін тәрбиелеуге жеткілікті деңгейде көңіл бөлмейді. Жобалық оқыту әдісін қолдану кезінде жекелеген педагогтардың бастамашылық пен белсенділік танытудың әлсіз тұлғалық көріністері орын алды.

Педагогтар жеке, сондай-ақ жұптық және топтық нысандарда қиындықтарды еңсеру мен белгіленген мәселені шешу үшін қажетті дағдылар мен машықтарды қалыптастыра отырып, дүниетанымды кеңейте отырып, нақты белгіленген тақырыптың аясында ойлану мен әрекет етуді үйрететін балалардың зияткерлік уәждемесі мен бастамасын дамытуға қажетті жағдай жасай алмайды. Бұл МЖБС аясында қазіргі дамыту педагогикасының аса өзекті міндеттерінің бірі – танымдық-белсенді, білуге құмар жаңа буын даярлау мәселесінің шешімін таппағанын дәлелдейді.

Маңызды

Қазіргі заман баласы үшін білім көлемі емес, жүйелі әрі дәйекті ойлау, ақыл-ойы мен дербестігін таныту қабілеттілігі маңызды болды.

Перспективалық міндеттер

  • Балаларды оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың танымдық-белсенді әдістерін қолдануда педагогтардың жауаптылығын, кәсіби біліктілігін арттыру.
  • ТБП инновациялық технологияларды, соның ішінде жобалық әдісті қолдануды жалғастыру, жұмыс сапасына қол жеткізу.
  • Мектеп жасына дейінгі ересек балалармен жұмыста сындарлық және жалпылық, дербес талдау мен синтезге қабілеттілікті қалыптастыру секілді ғылыми ойлаудың маңызды қасиеттерін тәрбиелеуге баса назар аудару.
  • ҚМТҚ бойынша үлестірме материалды толықтыру.
  • 20___/20___ оқу жылына арналған міндетті белгілеу: бөбекжай-балабақшаның пәндік-дамыту ортасын кеңейту, ол балалардың мынадай бірегей қабілеттерін дамытуды қамтамасыз етеді
  • алдағы қызметті жоспарлау;
  • құрдастарымен келісу;
  • міндеттерді бөлу;
  • қажетті ақпаратты іздеу, оны жалпылау, жүйелеу;
  • туындаған сұрақтарға өз бетімен жауап беру;
  • білімі мен машықтарына сүйене отырып, жеке шешім қабылдау.

Мәлімет үшін

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудің осындай практикалық және қызметтік тәсілдерін іске асырудың бірегей әдістерінің біріне лэпбуктарды қолдану жатады. «Лэпбук» (lapbook)  – «тізе кітабы» (lap – тізе, book — кітап). Бұл кез келген қызметте, соның ішінде танымдық қызметте қолданылатын мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың бірегей құралы.

«Шығармашылық» білім беру саласы

Бөлімдері: сурет салу, желімдеу, аппликация, музыка.

Балаларды музыкалық дамыту ҰОҚ, сондай-ақ күнделікті өмірде жүзеге асырылды. ҰОҚ музыкалық-дидактикалық ойындар, театрландыру элементтері, қазақ халық музыкалық аспаптары мен өзге халықтардың аспаптары қолданылды. Балалар халық және заманауи музыкамен танысты. Мектеп жасына дейінгі ересек балалар музыкалық шығарманың жанрын ажыратады, шығарманы кіріспесі, әуені және ырғақты суреті бойынша таниды. Негізінен балалар ән айту машықтарын меңгереді. Музыканың мінезін, оның эмоционалды-бейнелі мазмұнын қимыл арқылы жеткізе біледі, шулы аспаптарда ойнай алады. Күнтізбелік мерекелер (ҚР Тұңғыш Президенті күні, ҚР тәуелсіздік күні, күзгі, қысқы, көктемгі мерекелер, аналар мерекесі, бітіру кеші), тақырыптық сабақтар (Отан қорғаушылар күні, Қазақстан халықтары бірлігі күні, Алғыс айту күні, Жеңіс күні) өткізілді, мұнда балалардың жарқын көңіл күйін қалыптастыру үшін тәрбиешілер, ата-аналар қатысты. 

Бейнелеу өнері қызметі бойынша ҰОҚ тәрбиешілер оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі нысандарын қолданды:

  • балаларды түрлі кескіндеу техникасымен таныстыру (саусақ кескіндемесі, дымқыл қағазға сурет салу және т. б.);
  • балалардың өз ойын композициямен, түспен, пішінмен, ырғақпен жеткізу машығы.

Ертеңгіліктерге арналған декорациялар, балабақша үй-жайын безендіру тәрбиешілер мен балалар қызметінің нәтижесі болып табылады. Балабақша фойесіне балалар шығармашылығының түрлі көрмелерін орналастыру игі дәстүрге айналды. Бұл тәрбиеленушілердің эстетикалық талғамын дамыту міндетін шешуге мүмкіндік береді.

Тұжырым. Қаралған ҰОҚ, педагогикалық қызметі, балалардың өнімді қызметін мониторинг қорытындыларын талдаудан балаларды шығармашылық дамыту жұмысының жеткілікті деңгейде жүргізілгенін байқауға болады. «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша тәрбие-білім беру процесінің мазмұны, жоспарлау, ұйымдастыру МЖБС сәйкес келеді.

Әлсіз жақтары: балалардың қарапайым нота сауаттылығы туралы түсінігі әлсіз (Үлгілік бағдарламаның аясында). Классикалық музыкаға, қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармашылығымен танысуға жеткілікті көңіл бөлінбеді. Кескіндеу қызметі бойынша ҰОҚ тәрбиешілер суретшілердің репродукцияларын аз қолданды, Қазақстан суретшілерінің шығармашылығымен аз таныстырды. Балаларға сазбен жұмыс істеу мүмкіндігі сирек берілді (саз қоры қамтамасыз етілді), өз бұйымдарын сипаттай алмады.

Перспективалық міндеттер

  • Музыкалық-дидактикалық ойындар, балалар спектакльдері, концерттер тақырыбын кеңейту.
  • Балалардың музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмысын жалғастыру.
  • Дарынды балаларды дамытуға ықпал ету.
  • Балаларды классиктердің: суретшілер мен композиторлардың шығармашылығымен кеңірек таныстыру, классикалық және халық музыкасына тарту.
  • Мүсіндеуде сазды, тұзды, қамырды жиі қолдану.
  • Кескіндеудің дәстүрлі емес нысандарын қолдану.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

Бөлімдері: қоршаған ортамен таныстыру, экология негіздері, өзін-өзі тану.

Педагогтар жұмысы өзі туралы, өзге адамдар туралы білімнің негізінде адекватты жүріс-тұрыс үлгілерін қалыптастыруға бағытталды.

Педагогтар ойыннан ҰОҚ-не, режимдік сәттерге баяу көшуді қамтамасыз етті, балалардың ойын барысындағы белсенділігін дамытуға жағдай жасады, импровизацияға ынталандырды. Ойын кезінде жеке тұрғыдан келу іске асырылды. Балаларды түрлі халықтардың ойындарымен таныстырды. Педагогтар түрлі қызмет түрлерінде және режимдік сәттерді ұйымдастыру кезінде ауызекі-ойын және практикалық әдістер мен тәсілдерді қолданды.

Бөбекжай-балабақшада адамгершілікті-ұлтжанды тәрбиелеу белсенді жүзеге асырылды. Балалардың бәрі Қазақстан Республикасының рәміздерімен танысты. Ортаңғы топтан бастап балалар күнделікті Қазақстан әнұранын мемлекеттік тілде орындайды және тыңдайды. ҰОҚ, ойында, әңгімелесуде, балалардың шығармашылық қызметінде республиканың көпұлттылығы, халықтар арасындағы достық, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ұлттық костюмдер, музыка және т. б. туралы білімді нығайтуға және кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді.

Өзін-өзі тану бойынша ҰОҚ туған қалаға, еліне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге жеткілікті көңіл бөлінді. Тәрбиешілердің қызметі құрдастар арасындағы достық қарым-қатынасты, түрлі ұлт өкілдеріне деген құрметті тәрбиелеуге бағытталды; балаларды отбасылық дәстүрлер мен құндылықтармен таныстырды әрі қызықтырды. Мектеп жасына дейінгі ересек балалар бір-бірімен араласу дағдыларын меңгерген, үлкендерге құрмет көрсетеді.

Кіші топтан бастап балаларды түрлі кәсіптермен және олардың атқарымдарымен таныстыру жүрді. Балалардың өзіне өзі қызмет көрсету дағдылары, еңбек тапсырмаларын, кезекшілікті орындау машықтары қалыптасты. Ол үшін барлық жас топтарында жағдай жасалды: кезекшілік бұрыштары, өсімдіктер мен балықтарға күтім жасау бойынша табиғат, шаруашылық-тұрмыстық еңбек бұрыштары сәйкес жабдықталды.

Тұжырым. Балаларды шығармашылық дамыту жұмысы жеткілікті деңгейде жүргізілді. «Әлеуметтік орта» білім беру саласы бойынша тәрбие-білім беру процесінің мазмұны, жоспарлау, ұйымдастыру МЖБС сәйкес келеді.

Әлсіз жақтары: сонымен бірге топтарда табиғатта еңбек етуге, шаруашылық-тұрмыстық ұжымдық еңбекке аз көңіл бөлінгенін атап өту керек. Регламенттелмеген қызметте ойын қызметі арқылы әлеуметтік дағдыларды тәрбиелеу әлсіз жүзеге асырылды. Сюжеттік-рөлдік ойындарды ұйымдастыруға жеткілікті жағдай жасалмайды.

Перспективалық міндеттер

  • Балалардың шаруашылық-тұрмыстық еңбегіне, табиғаттағы балалар қызметіне жағдай жасау.
  • Регламенттелмеген қызметте сюжеттік-рөлдік ойындарды ұйымдастыруға жағдай жасау.

Білім беру салалары бойынша жалпы тұжырымдар

Қарастырылған сабақтар мен оқу жылы ішінде өткізілетін тәрбие-білім беру қызметін жоспарлауды талдау нәтижелері бойынша педагогтардың балалармен әрекеттестігінің жағымды-эмоционалды ортасын атап өтуге болады: мейірімділік, сенімді қарым-қатынас, балалардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеру.

Педагогтар балалар аудиториясын басқарады, балаларды өзара әрекеттестік пен ынтымақтастыққа ынталандырады. Балалар алған білімін түрлі шығармашылық пәндік-өнімді, коммуникативтік қызметте қолданады, өзінің және өзге адамдардың іс-әрекетін сыни бағалайды, қоршаған ортаға деген өз көзқарасын жеткізеді.