Жобалық оқыту технологиясын енгізу тәжірибесі

В. И. Лебедев-Кумач
Білім алушылардың 50 % өз бетімен жұмыс жасай алмайтыны белгілі: өз идеясын немесе гипотезасын ұсыну және негіздеу, қызметін жоспарлау, мақсатты тұжырымдау, ізденісті жүзеге асыру және қажетті ақпаратты талдау, зерттеу нәтижелерін ұсыну, рефлексия жүргізу, баяндамалар мен хабарламаларды сауатты құрастыру.
Білім алушылар зерттеушілік, ізденушілік немесе жобалық қызметтің негіздерін меңгермегендіктен осындай жағдай орын алады.
Оқушы үшін жоба – бұл өзінің шығармашылық әлеуетін барынша ашу мүмкіндігі, өзін жекелей немесе топта көрсетуге, өз күшін сынауға, білімін қолдануға, пайдасын тигізуге, жеткен нәтижесін көпшілікке көрсетуге мүмкіндік беретін қызмет. Бұл оқушылардың өздері тұжырымдаған қызықты мәселені шешуге бағытталған қызмет. Бұл қызметтің нәтижесі – мәселені шешудің анықталған тәсілі практикалық сипатқа ие және ізденушілер үшін маңызы зор.
Оқушылар үшін оқу жобасы – бұл жобалаудың айрықша машықтары мен дағдыларын қалыптастыруға әрі дамытуға мүмкіндік беретін дамытудың, оқыту мен тәрбиелеудің интегративтік дидактикалық құралы:
- мәселенама;
- мақсатты тұжырымдау;
- қызметті жоспарлау;
- рефлексия және өзіндік талдау;
- презентация және өзіндік презентация;
- ақпарат іздеу;
- академиялық білімді практикалық тұрғыдан қолдану;
- өздігімен оқу;
- зерттеушілік және шығармашылық қызмет.
Жоба деп көбіне «ортаға ұсынылған нәрсе» түсініледі.
Бұрындары гуманитарлық ғылым мұғалімдері жұмыстың бұл түрі өздеріне жарамайды деп қателескен болатын. Олардың түсінігі бойынша жобаны қандай да бір үлгі, схема немесе тіпті механизм, немесе құрылғы түрінде ұсынуға болады.
Алайда, уақыт көрсеткендей, жобалау әдісі – бұл оқушыларға білім мен машықтарды өз бетімен меңгеруге мүмкіндік беретін дидактикалық санат.
Тақырыпқа:
Уақыт өте келе қандай да бір құжаттың алдын ала дайындалған мәтіні: түпкі ойы, оқушылар әзірлеген жоспарын гуманитарлық ғылымдарға қатысты жоба ретінде қолдануға болатындығы белгілі болды.
Негізінен кез келген жазбаша өзіндік жұмыс: шығармалар, әңгімелер, очерктер, эссе, хаттар, миниатюралар жобалық жұмыстың бір бөлігін құрайды.
Мен үшін жобалық қызметті енгізу бірнеше жыл бұрын басталды. «Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы жолдауын талдау» атты алғашқы жұмысты 10-сынып оқушысы орындады.
Жұмыстың авторы мемлекет басшыларының қай елдерде, қай уақыттан бастап халқына жолдау жасағанын анықтады. Елбасымыздың алғашқы жолдауын зерделей келе, соңғысына баса назар аудардық. Оқушы жолдаудың монологтық аспектісіне толығырақ тоқталып өтті: мәтінмен мұқият таныса келе, лексикалық және синтаксистік құрылымдардың ерекшеліктерін анықтады, қандай да бір сөздердің түрлері мен разрядтарын анықтады, қарастырылған сөйлемдердің схемасын жасады және жолдау мәтінінің стилистикасын зерделеді.
Әдебиет сабақтарында түрлі жобаларды жүзеге асыруға болады, мысалы, ақпараттық, мәселелі-ізденушілік, рефераттық, зерттеушілік, шығармашылық және т. с. с.
Аса қызықты жобалар бойынша әлдебір экскурсты назарларыңызға ұсынамын.
Жүзеге асырылған жобалар
«Заманауи оқушының оқуға қызығушылығы» жобалық жұмысы
Осы жұмыста зерттеушілер өзекті мәселені көтерді: оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі. Бұған оқу дағдысын қалыптастыруға ұмтылмау, нақтырақ айтсақ – техникалық сипаттағы пәндерге қызығушылық себеп болды.
Ауқымды ақпараттық кеңістік: теледидар, компьютерлік ойындар мен бағдарламалар көркем әдебиет оқуға уақыт қалдырмайды. Интерактивті компьютерлік ойындардың виртуалды ортасы көркем шығарма оқудан алатын әсерді алмастыра түсуде.
Осыдан барып мектепте қиындықтар басталады. Оқудың төмен техникасы, жаратылыстану-математика циклі пәндерінің шарттарын түсінбеу, ауызекі және жазба тілде өз ойын логикалық түрде жеткізе білмеу, тыңдаған немесе оқыған мәтіннің мазмұнын жеткізуге қабілетсіздік.
Осы жобалық жұмыс кітаптың тарихын көрсетеді, ежелгі уақыттан бастап оқудың танымалдылығын қадағалайды, қазіргі кездегі оқу мәселелерін айқындайды.
Мектеп оқушыларының өздері ұсынған әдебиеттер тізімі жасалды. Барлық жағынан ұтқырлықты талап ететін қазіргі жағдайда олар үйреншікті, қағаз кітаппен салыстырғанда электрондық кітаптың басымдықтарын атап өтті. Мектеп оқушылары мектепте оқитын әдебиеттер тізіміне қызығатын кітаптарын қосуға ниет танытты немесе тіпті оқушыларға талғамына қарай оқығысы келетін кітаптарды таңдауға мүмкіндік беруін сұрады.
Неліктен жаңа буын кітап оқығаннан гөрі фильм көруді немесе әлеуметтік желілер әлеміне енуді жөн көреді? Зерттеушілеріміз де осы сауалға жауап беруге тырысып көрді.
Шетелдік авторлардың кітаптары аса танымал болып шықты. Заманауи әдебиет бүгінгі оқушылардың ата-аналары оқыған кітаптарынан өзгеше.
Демек, оқуға қызығушылықты арттыру үшін мыналар қажет
- қазіргі оқуға деген сұраныстарды ескеру;
- отбасылық, аулалық, мектептік, аудандық, қалалық, республикалық оқу байқауларын ұйымдастыру (бұл оқулар поэзиялық болмауға тиіс);
- ересектерді сүйікті кітаптарымен қауыштыру, кітап индустриясындағы жаңалықтармен таныстыру (Ересектерді кітап оқуға ынталандыру үшін жұмыста оқу конкурстарын өткізу, басшылықтың қызметкерлерін оқуға деген қызығушылығы үшін марапаттау ұсынылды (міндетті түрде материалдық емес)). Осы жағдайда ғана жас зерттеушілер жанұяда кітап оқудың үлгісі қалыптасты деп санай алады: «үлгі етемін – үлгі аламын»;
- Интернетте көркем әдебиетке қатысты кері пікір жазуға тыйым салу;
- «Кітаптың қысқаша мазмұны» сайтының жұмысына тыйым салу;
- балалар әдебиеттерін таңдауды бақылауды ата-аналарға қалдыру, бірақ бұл ретте оларға өз таңдауын мәжбүрлі түрде телімеу;
- білім алушылардың және халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру мәселесін мемлекеттік деңгейге көтеру.
«Әзіл: қайнаркөзі және қазіргі заман»
Әзіл бір орында тұрмайды: қоғамның дамуына байланысты оған деген көзқарас та өзгереді. Бүгінгі жастарға соғыстан кейінгі жылдар мен қайта құру кезеңіндегі әзілдер түсініксіз.
Егер қазақ және орыс әзілдерінің арасында елеулі айырмашылық болмаса, онда ол америкалықтарға мүлдем түсініксіз болады деп болжайды.
Зерттеушілер Алматы көшелеріндегі адамдарды бақылай отырып, олардың тым байсалды әрі мүлдем күлмейтінін байқады. Қала орталығында серуендеп және көңіл көтеріп жүргендердің арасынан күлімдеп жүрген адамды жиі кездестіруге болады. Көбісі балаларды немесе үй жануарларын көргенде күлімдейді. Біздің адамдар бейтаныс адамдарға күлімдемейді, олар тек жақсы таныстарына, көршілеріне, әріптестеріне ғана күлімдейді.
Көбіне Астана және Алматы қалаларының тұрғындары күлімдеп жүреді, себебі бұл қалалардағы тұрғындардың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейі облыстық орталықтар мен шеткері аймақтарға қарағанда жоғары. Біздің отандастарымыз көктем келгенде, сондай-ақ мейрам кезінде жадырайды.
Қазіргі адамның күнделікті өмірі – бұл тіршілік үшін тұрақты күрес. Көптеген адамдардың өмірі қиын, сондықтан алаңдаушылық таныту әдетке айналды.
Күлкі адамды бақытқа бөлейтіні – аксиома. Әзілдің көмегімен жағымсыз эмоцияларды – қорқынышты немесе агрессияны жеңу оңай.
Ғалымдар атап өткендей, телеарнада тұрмыстық әзілдің орнын саяси әзіл басты, ол кез келген адамның үкімет пен шенділерді сынға алуына мүмкіндік береді.
Әзіл – психологиялық қарсылық білдірудің барынша әсерлі құралы.
Қариялар әңгімесінің эстрадалық сипаты айқын көрінеді: мұнда психологизм күшейген. Comedy Club, «Прожекторперисхилтон», «Вечерний Ургант», «Наша Russia», «Универ», «Папины дочки» секілді танымал әзіл-сықақ бағдарламаларында қазіргі сатира экранға сапасыз, тіпті кейде тұрпайы әзіл күйінде шығады.
Зерттеу барысында тек КТК-ның бұрынғы астарлы әзілді сақтап қалғаны аталып өтті.
Дөрекі әзілдер балалар мен жасөспірімдер арасында танымал, ал сатира ересектер мен білімді адамдар арасында өзекті.
Әзілдің саяси түрін көбіне қарсылық білдіру тәсілі деп атайды. Егер әдеттегі әзіл жиналып қалған агрессиядан құтылуға көмектессе, онда саяси әзіл, қағида бойынша, қарапайым адамдардың мемлекеттік билік тарапынан жасалатын қысымға берген жауабы болып табылады.
Практика көрсеткендей, мемлекеттегі саяси ахуал ауырлап, адамдардың жүрегінде қорқыныш пен алаңдаушылық күшейе түскен сайын саяси анекдоттар да көбейе түседі. Тіпті бұлай әзілдеу қауіп төндірген уақыттың өзінде адамдар бәрібір бірге жиналып, мемлекет басшыларының өміріндегі қызықты оқиғаларды баяндаған.

Балалар 5–10 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізді. «Әзіл қайда пайда болды?» – деген сауалға көбісі әзілдің туған жері Еуропада орналасқан деп жауап береді. сондай-ақ әзіл адамның қиялынан пайда болған, перзентханада дүниеге келген және Адам алғаш әзілдеген жан болған деген болжамдар да болды.

Басымдыққа ие жауаптар:
- тұрмыс туралы;
- өмірлік тәжірибеден алынған оқиғалар;
- жалқаулық туралы;
- адамдардың қарым-қатынасы туралы.

Жауабы әртүрлі болды: кейбіреуі қазақтар өз әзілінде өз елін күлкі қылады десе, басқалары қазақтардың әзіл тақырыбы ерекше деп жауап берді.
Жауап бергендердің басым бөлігі әр ұлттың әзілі оның мәдениетінен бастау алады деп санайды.

Сұрау жүргізілгендердің шамамен 98 % жиі күледі және тек 2 % ғана мұны сирек жасайды.

Ең көп таралған жауаптары – Павел Воля, Александр Ревва, Сергей Светлаков, Михаил Галустян (сұралғандардың 75 %). Тек 25 % ғана ұлы күлдіргіш Чарли Чаплинді атады.
Әзіл зілсіз болуы тиіс, сонымен бірге адамға өз әлеуметтік ортасының жағымсыз жақтарын көруге көмектесетін маңызды тақырыпты қамтуы тиіс.
Ежелгі орыс әдебиеті көз майын тауысқан сол «кішкентай адам» күлкі нысаны болды деп ойлайсыз ба? Іс жүзінде кейіпкерлер барлық таптан және әртүрлі ұлттан шыққан адамдар: жол қызметкері, ақылсыз блондинка, чукча, мәжнүн, ауылдан келген адам.
Күлкі – өміріміздің ажырамас бөлігі. Біз күлген кезде шынайы өмір сүреміз. Әзілдің ұлттық жақтырмау мен санаттық айырмашылықтарға қатысы болмауы тиіс екендігін естен шығармау керек.
«Рэп стилінде жазылған мәтіннің ерекшеліктері» жобалық жұмысы
Балалар рэп стилінің тарихы мен дамуын зерттей келе, Қазақстанда жастар ән мәтіндерін рэп стилінде жазуды және орындауды үйрене алатын арнайы мектеп/ұйым керек деген пікірге келді.
Басында осы әндердің мәтіндері коммерциялық емес мақсатта орындалды, бұл көңіл көтеру үшін ди-джейлер аудиторияға арналған мағынасыз өлең шумақтары болды.
Жобаға қатысушылар рэп-әндердің мәтіндерінде саяси тақырыптарды қолдануға болмайды деп санайды. Зиянды әдеттер, нашақорлық, ЖИТС, лаңкестік, экологиялық мәселелер, бүкіл әлемдегі бейбітшілік – осы әндердің аса танымал тақырыптары осы.
Өзіміз білетіндей, рэп – ауызша айтысу, мұнда әлем туралы түсінігің мен көзқарасыңды, сөздік қорың мен жалпы дүниетанымыңды көрсету керек. Себебі, авторға жақсы мәтін жазу үшін сөздікпен де, энциклопедиялармен де жұмыс жасау керек болады. Мүмкін, ұлы классиктердің өлеңдерін оқу қажеттілігі туындауы мүмкін.
Сөзсіз, мұндай мәтіндер үшін белгілі цензура қажет.
Осы стильдегі мәтіндердің авторы эмоциясын жеткізіп қана қоймай, дұрыс жанрлық және композициялық құрылысты сақтауға тиіс.
Жоба авторлары рэпті жоғары стильді поэзия деп атау қиын екендігіне келіседі, алайда, қалай болса да – бұл ырғағы мен құрылым ережелері сақталған өзіндік мәтіндік шығарма. Және де бұл рэп-ән авторларын тілдің бар байлығын қолдануға міндеттейді.
«Грек, салвян және түрік аңыздарындағы жер мен адамның пайда болуына адамдардың діни көзқарасы» жобалық жұмысы
Білім алушылар осы жобамен жұмыс істеу барысында аңызды зерделеу арқылы өзінің дүниетанымын білдірді.
Белгіленген міндеттер:
- славян, түрік және грек аңыздарындағы құдайлардың рөлін зерделеу;
- жер мен адамның пайда болуын бақылау;
- жалпы және айрықша белгілерін айқындау;
- аңыздардағы діни сипатты анықтау.
Зерттеу барысында бұл міндеттерге толық қол жеткіздік.
Аңыздар мен діни түсініктерді зерттеу адамдарға өзіне, талантына, мейірімге сенуге көмектеседі.
Жұмыс өзекті болды, себебі жастар дінге жоғары қызығушылық танытады, мұнда әлем мен адамның пайда болуы әртүрлі жолмен талқыланады.
Қазіргі кезде тәңіршілдік түрік халықтары арасында либералды исламмен және ғылыми дүниетаныммен астасқан. Қағида бойынша, қазір тәңіршілдік деп «ұлтшылдықты», ата-бабалар мен салт-дәстүрді дәріптеуді, түріктердің қандай да бір табынушылықтар мен мекемелерсіз еркін діншілдігін түсіндіреді. Бұл аңызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізудің арқасында сақталған.
Әр елдің мифологиясы адамдардың ежелгі әлем туралы тарихи білімін қалыптастырады, ал осы білімнің ғылыми деңгейі даму және тәрбие жолдары туралы мәлімет береді. Егер мифология туралы қалыптасқан пікірді негізге алсақ, адасушылыққа жол беру қаупі бар, бұл көптеген пікірді қабылдамауды жоққа шығармайды.
Қорытындылау
Жобалар әдісінің көмегімен білімді кіріктіру осы білімді қызыға, тұлғалық маңызды әрі саналы түрде қабылдауға әкеледі, бұл балалардың ынтасы мен оқу процесіне қосылуын күшейтеді.
