ещё
свернуть
Все статьи номера
№11, 2019
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС

Пән апталығына дайындық: зияткерлік марафонының сценарийі

Пән апталығының міндеттері

  • Оқушылардың танымдық қызығушылығын тәрбиелеу.
  • Балаларға таныс оқу пәндерін басқа жағынан: ережелер жинағы түрінде емес, керісінше даму үстіндегі жанды нәрсе ретінде көрсету.
  • Оқытушылар мен оқушылардың бейресми қарым-қатынасы.

Апталықты өткізу қағидаттары: әр бала апталықтың барлық іс-шараларына белсенді қатысады, өзін әр рөлде сынайды, әртүрлі қызметте өз күшін сынайды.

Пән апталығы – кез келген жалпы білім беретін мектептегі үйреншікті сабақтан тыс қызметтің дәстүрлі бөлігі. Оны танымдық әрі қызықты түрде өткізу үшін іс-шаралар қатарына зияткерлік марафонды енгізіңіз.

Бұл іс-шараны пән апталығында, онкүндіктің алғашқы күндері өткізіңіз.

«Жылжымалы сөздік» зияткерлік марафонының сценарийі

Жүргізуші (жылжымалы сөздік) мектепте «кездейсоқ өткіншіге» жақындап, алдын ала дайындаған сауалдарын қояды.

Алғашқы жүгіру

Сұрақтарға дұрыс жауап бер:

  • Бүргені тағалаған кім? (Солақай)
  • Кімнің жүгі ауыр? (Өзіңнің)
  • Бір уыс шаш. Басқаша қалай айтуға болады? (Бұрым)
  • Мери Поппинстің сүйікті аксессуары? (Қолшатыр)
  • Қандай ботқаның түйіршіктері көп болады? (Ұнтақ ботқасында)
  • Чешир мысығының құрбысы. (Алиса)
  • Болжауға арналған карталар қалай аталады? (Таро)
  • Әдетте кімді кеудесінде жылытады? (Жыланды)
  • Қаланың 1/4 бөлігі қалай аталады? (Квартал)
  • «Үш мушкетерді» кім жазған? (Александр Дюма)
  • Киімге тағатын әшекей қалай аталады? (Танамоншақ)
  • Тамақтанғаннан кейін қолданылған майлықты қайда салады? (Тәрелкеге)
  • Қай өсімдік туралы былай айтады: «Гүлдер патшайымы»? (Раушан туралы)
  • Әлемдегі ең қымбат сөз? (Ана)
  • Бір сөзбен қалай атауға болады: тәрелкелер, кәстрөлдер, шәйнектер, табалар, стақандар? (Ыдыс-аяқ)

1-ші үзіліс. Шашка ойыны

Екі қатысушы шашка ойнайды (бұл турнирді дәлізде ұйымдастыруға болады). 20 секундтың ішінде кім көп шашка «жинайды».

Ал балалар осы уақытта екінші жүгіруге дайындалады.

Екінші жүгіру

«Өз ойыңды бақыла» немесе «Сөйлемді аяқта» конкурсы

  • Жаңылмайтын жақ…(болмайды)
  • Тісіңнен… (шығарма)
  • Аузының салымы… (бар)
  • Бүйректен сирақ… (шығару)
  • Ешкімнің ала жібін… (аттама)
  • Жағына пышақ… (жанығандай)
  • Жанын қоярға жер… (таппау)
  • Жарғақ құлағы… (жастыққа тимеу)
  • Жұмған аузын… (ашпау)
  • Аузынан түсіп… (қалғандай)
  • Ине шаншар… (жер жоқ)
  • Көзге түртсе… (көргісіз)
  • Отансыз адам – … (ормансыз бұлбұл)
  • Оқу – жарық,… (надандық – қараңғылық)
  • Көз шырымын… (алу).

2-ші үзіліс. Әдеби конкурс

Жүргізуші өлең оқиды. Балалар (өткіншілер) өлеңнің атауы мен авторын табуға тиіс. Мысалы:

Жаздыгүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек, 

Ұзарып өсіп толғанда;

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда; 

Шұрқырап жатқан жылқының 

Шалғыннан жоны қылтылдап, 

Ат, айғырлар, биелер 

Бүйірі шығып, ыңқылдап, 

Суда тұрып шыбындап, 

Құйрығымен шылпылдап, 

Арасында құлын-тай 

Айнала шауып бұлтылдап. 

(Абай Құнанбайұлы, «Жаз»)

Үшінші жүгіру

Сұрақтарға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап бер

  • Алғашқы космонавт – әйел. Иә әлде жоқ па?
  • А. С. Пушкиннің ертегісіндегі қария Алтын балықты бес рет шақырды. Иә немесе жоқ?
  • Су қайнау үшін 150 градус қажет. Иә немесе жоқ?
  • Үш орындаушыдан құралған музыкалық ансамбль квартет деп аталады. Иә не жоқ?
  • Дымбілмес пен оның достары туралы ертегі авторы Николай Носов. Иә немесе жоқ?
  • 60 центнер 6 тоннадан аз. Иә немесе жоқ?
  • Инеліктер су қоймасына қайтып келіп, жұмыртқасын суда қалдырады. Иә немесе жоқ?
  • Бір қысқы олимпиададан келесісіне дейін алты жыл өтуі тиіс. Иә немесе жоқ?
  • Волейбол командасы сегіз ойыншыдан тұрады. Иә немесе жоқ?
  • 2010 жылдан бастап трамплиннен секіру сайысына әйелдер қатысады. Иә немесе жоқ?
  • Диадеманы қолға киеді. Иә немесе жоқ?
  • Ток күші кернеуге тура пропорционалды. Иә немесе жоқ?
  • Ботқаға алдымен тұз қосқан дұрыс. Иә немесе жоқ?
  • Ридикюль – бауы ұзын шағын әйел сөмкесі. Иә немесе жоқ?
  • Жарғанат – бұл құс. Иә немесе жоқ?

3 -ші үзіліс. Соңғысы.

Үш адамды шақырамыз. Ойын үш турмен өтеді.

1 -ші тапсырма. А әрпінен басталатын жеті қаланы атаңыз (Алматы, Астана, Абакан, Абрамцево, Абрау-Дюрсо, Ашхабад, Амстердам және т. б.)

2-ші тапсырма. Ым-ишараттың көмегімен карточкаға жазылған сөзді табыңыз. (Мысалы: шаңсорғыш, аула сыпырушы, сиыр, Сорғыш Боб және т. б.)

3-ші тапсырма. Мысалды тез әрі нақты шеш.

8+5-3+7-0+4+2=… (23)

9-5+4-2+3-1+0=… (8)

16-5+1-2+3-4+0=… (9)

Марафонның соңында конкурсты қорытындылаймыз және қатысушыларды марапаттаймыз.