ещё
свернуть
Все статьи номера
№11, 2019
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС

Студенттер қашып кетпейтін сабаққа қалай дайындаламыз. Қадамдық нұсқаулық

Сабақ – педагогикалық процестің бір бөлігі. Мұнда, су бетіне түскен күн сәулесі секілді оның барлық ерекшеліктері ашылады. Педагогиканың бар бөлігі болмаса да, елеулі бөлігі сабаққа назар аударады.
М. Н. Скаткин

Білім саласының мақсаты мен мазмұны өзгереді, оқытудың жаңа құралдары мен технологиялары пайда болады, бірақ сабақ үнемі оқытудың басты нысаны болып қала береді. Сөзсіз, қазіргі білім саласы да оның әлеуметтік және педагогикалық мәртебесін, педагогтарды, білім алушыларды қалыптастырудағы, дамытудағы рөлі мен орнын айқындайтын сабақтың көмегімен жүзеге асырылуда.

Жүздеген жыл бұрын болған секілді білім беру процесінің басты мүшелері: оқытушы мен білім алушылар сабақта ғана кездеседі. Олардың арасында үнемі білімнің құпия әлемі, танымдық әрі меңгермеген білім, жетістікпен қанағаттанушылық сезімі мен жаңаны, қоршаған ортаны танудың арасындағы қарама-қайшылықтар тұрады.

Білім алушы үшін де, оқытушы үшін де сабақ барынша заманауи болған жағдайда ғана қызықты болмақ.

Заманауи – бұл мүлдем жаңа, және өткенмен байланысын жоғалтпаған, бір сөзбен айтқанда – өзекті дүние.

Өзекті (латын тілінен actualis – қызметтік) қазіргі уақытта маңызды, елеулі нәрсені білдіреді. Сондай-ақ әсерлі, заманауи, қазір өмір сүретін адамның мүддесіне сай, елеулі, қолданыстағы, ақиқатта көрініс табатын дүние.

Сонымен бірге егер сабақ заманауи болса, онда ол болашақтың негізін қалайды, білім алушыны құбылмалы ортадағы өмірге дайындайды.

Басқасы маңызды. Түсіну керек:

  • қазіргі сабақта қандай өзгерістер бар;
  • ол білім саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді шешуде қаншалықты тиімді;
  • біз соңғы жылдары сабақтың мақсатын, оның құрылымын, оқу мазмұны мен әдістерін түсінуде қалай ілгеріледік;
  • оқытушының ұстанымы қалай өзгереді және өзге мәселелер.

Заманауи сабақ – бұл тұлғаны дамыту, оның ақыл-ойын белсенді түрде толықтыру, білімді тереңнен әрі толық меңгеру, оның адамгершілікті негіздерін қалыптастыру үшін педагог бар мүмкіндігін шебер қолданатын сабақ.

Заманауи сабақты жоспарлау кезінде біз мыналарды білуге тиіспіз:

Заманауи сабақты қалай елестетеміз?
  • Қазіргі сабақта зерігуге, қорқуға және ашулануға орын жоқ.
  • Қызығушылық, сенім мен ынтымақтастық ортасы қалыптасқан.
  • Әр оқушыға орын бар, себебі заманауи сабақ – болашақтағы жетістіктің кепілі!



Заманауи сабақтың негіздері

Сабақтың жаңа технологиясының негізін үш постулат құрайды.

Заманауи сабақтың түпкі ойы оқытушының білім алушының дербестігін дамытуға білім беру процесінің барынша ықпал етуге жағдай жасауынан құралады. Заманауи сабақтың бастапқы идеясы оқу, тәрбие мен дамудың біртұтастығы туралы түсінік болып табылады. Әр сабақ осы идеяға сәйкес құрылымдалуы және жүзеге асырылуы тиіс. Өз бетімен білім алу, қашықтықтан оқыту секілді қажетті әрі дұрыс идеялар туралы не айтса да, оқытушы кез келген сабақтың басты әрекет етуші тұлғасы болып қала береді.

Сонымен бірге біз сабақтың өзгеретіндігін түсінеміз. Бұл бірқатар факторлар әсер ететін объективті процесс.

Атап айтсақ:

Белгіленген ұстаным заманауи сабақты ұйымдастырудың ортақ тәсілдерін тұжырымдауға мүмкіндік береді:

  • іргелі әрі практикалық білімнің оңтайлы үйлесімін қарастыратын білім саласының практикалық бағдары;
  • ойлауды, практикалық дағдыларды дамытуға бағытталуы;
  • ұжымдық жұмыс нысандарын кеңейту, өткен материалды күнделікті өмірдің мәселелерімен үйлестіру;
  • білім беру процесін саралау, өзіндік жұмыстың үлесін арттыру (рефераттар, жобалар, зерттеу және эксперименттік қызмет).

Дәстүрлі және заманауи сабақты салыстыру

Қазіргі кезде көптеген педагог бұрынғыдай дәстүрлі сабаққа ұмтылады. Бұл көптеген себептермен түсіндіріледі:

  • дәстүрлі оқыту нысандарына әдеттенуі мен жаңашылдықтан қорқақтауы;
  • көп мөлшердегі инновацияны түсінбеуі және т. б.

Дәстүрлі сабақтың жағымды және жағымсыз тұстарын бірге талқылап көрейік.

Дәстүрлі сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктері
АртықшылықтарыКемшіліктері
Өзгермелі уақыт сабақтың жақсы тұстарын өзгерте алмайды. Ғасырлар бойы жинақталған дүние ешқашан құндылығын жоғалтпайды. Мықты, жүйелі, терең білімсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Дәстүрлі сабақпен тәрбиеленген тәртіп пен ойдың реттілігін де ескеру керекОқытушының қатты шаршауы, әсіресе соңғы сабақта, себебі сабақтың көп бөлігін оқытушының өзі өткізеді
Дәстүрлі сабақта жұмыс істеу оңай: оны ұйымдастыру оңай, үйреншікті, жақсы таныс және ұсақ-түйегіне дейін ойластырылған«Өткенін қайталай» беру; «мықты» білім алушылар зардап шегеді, олардың саны жыл сайын азая түсуде («төмен» деңгейді «ортаңғы» деңгейге дейін жеткіземіз, ал «мықтылармен» жұмыс істеуге уақыт жоқ)
Сыныптағы оқушының бәріне тең дәрежеде көңіл бөлуге мүмкіндік бередіКөбісі «теңестірілген» топта оқығысы келеді
Нормалары нақты белгіленген, жеңіл орындалады, ешкімге ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ, бәрі бәрін түсінедіҚызығушылықтың болмауына, оқуға ниетсіздігіне, білім алушылар мен ата-аналардың педагог қоятын талаптарды түсінбестігінен тұрақты қанағаттанбаушылық сезімі
 Жаңашылдықты талап ететін әкімшіліктің қанағаттанбауы. Бағдарламалардың, оқулықтардың, оқу құралдарының нормативтік құжаттарға сәйкессіздігі
 Дәстүрлі сабақтың басты бағдарлары – ұжымдық теңестіру, орташа оқу сәттілігі (оқу үлгерімі), жалпы орта білім алушы. Педагогтардың көбісі нақты сынып мысалында білім алушылардың танымдық деңгейінің күрт түскенін атап өтеді, тым болмағанда даму деңгейі «орташа» және төмен деңгейлі білім алушылардың артуы

Дәстүрлі оқыту барысында колледжді сәтті бітірген студенттердің өмірден өз орнын табуы қиынға соғады. Олардың арасында өз орнын таба алмаған тұлғалар өте көп. Соңғы жылдары педагогтар арасында мынадай әзілдің пайда болуы кездейсоқ жағдай емес. «Ресейде кім жақсы өмір сүреді: оқу озаты немесе үшке оқушы» деген сұраққа үшке оқушы деп жауап береді, себебі ол өмірге бейімделген, кез келген жағдайға ыңғайлана алады, бейстандартты шешім таңдап, жауаптылықты өз мойнына алып, тәуекел ете алады және т. б. Сондықтан педагогтың тапсырмаларын нақты әрі дұрыс орындаған оқу озаттарына қарағанда олардың арасында өмірден өз орнын таппаған, бақытсыз тұлғалар аз.

Қазіргі педагогикалық әдебиетте ғалымдардың көзқарасы бойынша дәстүрлі және дамытушы сабақтарды көп салыстырады. Олар жақсы танымал, бірақ нақты педагог-практикке жауап бермейді:

Неліктен дәл қазір танымның классикалық жолдарынан алшақтай отырып, үйрету аса маңызды? Неліктен бұл студент үшін ғана емес, педагогтың өзі үшін де маңызды?
Егер жаңа тәсілдің барлық жағы жақсы болса, онда қолымыздағыға қалай жеттік?

Біржақты жауап жоқ, себебі

Сабаққа қойылатын талаптарДәстүрлі сабақЗаманауи сабақ
Сабақтың тақырыбын хабарлауОқытушы оқушыларға хабарлайдыСтуденттердің өздері тұжырымдайды
Мақсаттары мен міндеттерін хабарлауОқытушы тұжырымдайды және студенттерге хабарлайды, олар үйренуге тиісОқушылардың өздері тұжырымдайды, білім мен білімсіздіктің шегін айқындайды
ЖоспарлауОқытушы мақсатқа жету үшін қандай жұмысты орындау керектігін хабарлайдыСтуденттердің белгіленген мақсатқа жету тәсілдерін жоспарлауы
Студенттердің практикалық қызметіОқушылар оқытушының жетекшілігімен бірқатар практикалық тапсырманы орындайды. Қызметті ұйымдастырудың жан-жақты әдісі жиі қолданыладыСтуденттер белгіленген жоспар бойынша оқу әрекеттерін жүзеге асырады. Топтық және жеке әдістер қолданылады
Бақылауды жүзеге асырадыОқытушы оқушылардың практикалық жұмысты орындауын бақылайдыОқушылар бақылауды жүзеге асырады. Өзіндік бақылау мен өзара бақылау нысандары қолданылады
Түзетуді жүзеге асыруОқытушы орындау барысында және оқушылар орындаған жұмыс қорытындылары бойынша түзетуді жүзеге асырадыСтуденттер қиындықтарды тұжырымдайды және түзетуді өз бетімен жүзеге асырады
Оқушыларды бағалауОқытушы оқушыларды сабақтағы жұмысы үшін бағалауды жүзеге асырадыСтуденттер оның нәтижесі бойынша қызметті бағалайды (қызмет нәтижелерін өзіндік бағалау, өзара бағалау)
Сабақ қорытындысыОқытушы студенттерден нені есте сақтағанын сұрайдыРефлексия жүргізіледі
Үй тапсырмасыОқытушы хабарлайды және пікір айтады. Көбіне – бәріне бір тапсырмаОқушылар жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, оқытушы ұсынғандардың ішінен бір тапсырманы таңдайды

Дәстүрлі сабақ – бұл бүгінгі күннің ақиқаты: оқытушылардың 60 %-дан астамы бұрынғыдай сабақты дәстүрлі нысанда өткізуді таңдайды.

Расында, педагогтардың басым бөлігі қызметінде ештеңені өзгерткісі келмейді: өзінің жаңа нәрсені меңгеруге уақыты да, күші де жоқ, және мұның мәні жоқ деп есептейді. Бастысы – сабақта бәрі таныс, үйреншікті, дәстүрлі.

Сондықтан ештеңені өзгертудің қажеті жоқ?

Бұл сұрақ риторикалық болып қалмауы үшін Я. Коменскийдің атақты сөзін еске түсірейік: «Мәңгілік заңдылық мынадай: бәрін мысалдар, тағылымдар мен іс жүзінде қолдану арқылы үйрету және үйрену керек».

Ақылды адамдар санының артуына байланысты адамзат даму үстінде.

Бірақ ақыл-ой сапасы меңгерген білім мөлшерімен емес, олардың қарым-қатынасының сапасымен бағаланған жағдайда ғана адамзат жетіле түседі. Оқу, яғни жаңа білімді қабылдау қабілеті, тіпті егер олар қазір меңгерілсе де – бұл адам тұлғасы ашықтығының нақты көрсеткіші.

Заманауи сабақтың тиімділік өлшемшарты

Оқу процесіндегі педагогтың біржақты рөлі де жойылады. Бүгінде оқытушы «білім көзі» және «тәлімгер» ғана емес, сонымен бірге «көмекші», «ұйымдастырушы», «қорғаушы», «сарапшы» болып табылады.

Қазіргі білім саласының жаңашылдығы педагогтың тұлғалық бастамасын талап етеді, бұл оған білім алушылардың білімін, машығы мен дағдыларын толықтыра отырып сабақ беруге, немесе осы білімді, машықтарды, дағдыларды түсінуді дамыта, олардың құндылықтары мен мәнін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, сабақ беруге мүмкіндік береді.

Заманауи сабаққа қойылатын талаптар

  • Сабақ тақырыптың логикалық бірлігі болуы, дидактикалық мақсаттар мен мазмұнымен анықталатын өзінің қатал, бірыңғай логикасы болуы тиіс.
  • Бағдарламалық талаптар мен оқу стандарттары талаптарын ескере отырып, студенттердің сұраныстары мен мүмкіндіктерін диагностикалау, оқытушының мүмкіндіктерін өзіндік бағалау арқылы құрылады.
  • Нақты дидактикалық мақсаты (түрі) және өзінің қайталанбас ерекшеліктері болуы тиіс.
  • Нақты нәтижені көздейді.
  • Ұтымды құрылымы мен қарқыны болуға тиіс.
  • Сабақта материалды баяндау құрылымы бойынша вариативті болуға тиіс.
  • Меңгергендерімен салыстырғанда өзгерген жағдайда жаңа білімді іс жүзінде қолдануды талап ететін тапсырмаларды қарастыруы тиіс.
  • Білімнің басым бөлігі ізденушілік тапсырмаларды өз бетімен шешу процесінде алынуы тиіс.
Заманауи сабақтың негізгі компоненттері

Заманауи сабақты қалай дайындаймыз

Сабақ білім алушыларды маңыздылығына күмән туындамайтын білім мен машықтармен қаруландырып қана қоймай, сабақта болып жатқан оқиғалардың бәрі шынайы қызығушылық, ынта тудырып, олардың шығармашылық санасын қалыптастыруы үшін не істеу керек?

Төменде берілген ұсынымдар осындай сабақты дайындау барысында көмектеседі. Оларды сабақ дайындалатын реттілікпен баяндаймыз.

  • Сабаққа дайындықты бастауға болатын алғашқы саты:
  • Өзің және жеке білім алушы үшін сабақтың мақсатты ұстанымын анықтау және нақты тұжырымдау: оның не қажеті бар? Осыған байланысты сабақтың оқытушы, дамытушы және тәрбиелеуші қызметтерін белгілеу керек.

Сабақтың мақсаттарын анықтауға арналған бағыттаушы сөздер
Дәстүрлі тәсілБілікті тәсіл
Талаптарды түсінуМақсатты тұжырымдауды үйрету
Білім (…жайлы білім қалыптастыру)Білімге сұранысты қалыптастыру (қиындықты көру)
Түрлі білім көзімен жұмысты үйретуБілім көзін таңдауды үйрету
ЖүйелеуЖүйелеуді үйрету
ЖалпылауЖалпы және ерекше тұстарын анықтауды үйрету
Тапсырмаларды шешу кезінде белгілі іс-әрекетті орындауды үйрету (машықтарды қалыптастыру)Тапсырмаларды шешу тәсілдерін таңдауды үйрету
БағалауБағалау өлшемшарттарын, тәуелсіз бағалау қабілетін қалыптастыру
БекітуМодификациялау, қайта топтастыру, қолдануды үйрету
ТексеруӨзіндік бақылау тәсілдерін үйрету
Талдау (оқушылардың қателіктері, жетістіктері)Өзіндік бағалауға қабілеттілік
  • Оқу материалын жоспарлау. Ол үшін тақырып бойынша әдебиет таңдау керек. Егер жаңа теориялық материал туралы сөз болса, онда жоғары оқу орны оқулығын, энциклопедиялық басылымды, монографияны (дереккөз), ғылыми-көпшілік басылымды осы тізімге енгізуге тырысу қажет. Қолжетімді материалдың ішінен барынша қарапайым тәсілмен ұсынылған міндеттерді шешуге қолданылатын материалды іріктеуге болады.
  • Мынадай мақсаттарды көздейтін оқу тапсырмаларын таңдау
  • жаңа материалмен танысу;
  • еске түсіру;
  • білімді жаңа жағдайда қолдану;
  • білімді басқа жағдайда қолдану;
  • шығармашылық тұрғыдан келу;
  • «қарапайымнан күрделіге» қағидатына сәйкес оқу тапсырмаларының реттілігі.

Үш тапсырма жинағын құрастыру:

  • Сабақтың «қызықты тұсын» ойластыру. Әр сабақ білім алушылардың таңданысын, қызығушылығын, шаттығын тудыратын дүниеден құралуға тиіс. Бір сөзбен айтқанда олар бәрін ұмытқан кезде есінде қалатын нәрселер. Бұл қызықты дерек, күтпеген жаңалық, әдемі тәжірибе, белгілі нәрсеге бейстандартты тұрғыдан келу болуы мүмкін.
  • Іріктелген оқу материалын топтастыру. Ол үшін іріктелген материалмен жұмыстың қандай реттілікпен ұйымдастырылатынын, білім алушылардың қызмет түрін ауыстырудың қалай ұйымдастырылатынын ойластыру керек. Материалды топтастыру кезіндегі басты нәрсе – сабақты ұйымдастырудың жаңалықты енжар қабылдауды емес, жоғары белсенділік тудыратын нысанын табу машығы.
  • Сабақта студенттер қызметін бақылауды жоспарлау, ол үшін мыналарды ойластыру:
  • Сабаққа жабдық дайындау. Қажетті оқу-көрнекілік құралдарының, аспаптардың және т. б. тізімін жасау. Жаңа материал тірек конспект ретінде тақтада қалуы үшін сынып тақтасының түрін ойластыру.
  • Үй тапсырмасын ойластыру: оның мазмұнды бөлігін, сондай-ақ оны орындау бойынша ұсынымдарды.

Осындай жолмен дайындалған сабақ конспектіде көрініс табуы тиіс.

  • Рефлексия

Бір параққа алақаныңызды қойып, айналдыра сызыңыз. Әр саусағыңыз – өз пікіріңді жеткізуді талап ететін ұстаным.

  • Бас бармақ – мен үшін маңызды әрі қызықты.
  • Сұқ саусақ – мен нақты ұсынымдар алдым.
  • Ортан терек – маған қиын болды (ұнамады).
  • Аты жоқ саусақ – психологиялық атмосфераға берген бағам.
  • Шынашақ – маған … жеткіліксіз болды. 
Әрбір сабақ кезеңінде әмбебап оқу әрекетін қалыптастыру
Сабаққа қойылатын талаптарЗаманауи үлгідегі сабақӘмбебап оқу әрекеттері
Сабақтың тақырыбын хабарлауОқушылардың өздері тұжырымдайды (оқытушы оқушыларға тақырыпты түсіндіреді)Танымдық жалпы оқу, қатынас дағдылары
Мақсаттары мен міндеттерін хабарлауБілім мен білімсіздік шегін анықтау арқылы оқушылардың өздері тұжырымдайды (оқытушы оқушыларға мақсаттары мен міндеттерін түсіндіреді)Мақсатты тұрақты тұжырымдау, қатынас дағдылары
ЖоспарлауКолледж оқушыларының белгіленген мақсатқа жету жолдарын жоспарлауы (оқытушы көмектеседі, кеңес береді)Тұрақты жоспарлау
Оқушылардың практикалық қызметіОқушылар белгіленген жоспар бойынша оқу әрекеттерін жүзеге асырады (топтық, жеке әдістер қолданылады; оқытушы кеңес береді)Танымдық, реттеуші, коммуникативтік
Бақылауды жүзеге асыруОқушылар бақылауды жүзеге асырады (өзіндік бақылау және өзара бақылау нысандары қолданылады; оқытушы кеңес береді)Тұрақты бақылаулар (өзіндік бақылау), коммуникативтік
Түзетуді жүзеге асыруОқушылар қиындықтарын тұжырымдайды және өз бетімен түзетуді жүзеге асырады (оқытушы кеңес береді)Коммуникативтік, тұрақты түзетулер
Оқушыларды бағалауОқушылар нәтижесі бойынша қызметке баға береді (өзіндік бағалау, өзара бағалау; оқытушы кеңес береді)Тұрақты бағалаулар (өзіндік бағалау), коммуникативтік
Сабақтың қорытындысыРефлексия жүргізіледіТұрақты өзіндік реттеулер, коммуникативтік
Үй тапсырмасыОқушылар жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, оқытушы ұсынғандардың ішінен тапсырманы таңдай аладыТанымдық, коммуникативтік