Қашықтан оқыту жағдайында мұғалімдердің кәсіптік дамуы: оқу моделі мен сауалнамалар жинағы
Педагогтерді үздіксіз білім берудің озық сипатын қамтамасыз ету үшін отандық және шетелдік білім беру жүйесінің даму қарқынын бақылау керек. Білімге деген сұранысты талдап, болашақта қандай білім, біліктілік, технология қажет болатынын болжау керек. Инновацияларды меңгеру педагогикалық практикада қолданыстан тыс қалмауы үшін бірқатар факторды ескеру керек, ал педагогтердің инновациялық дайындығы оның негізгі факторына жатады.

Педагог инновациялық қызметке дайын, егер ол
- жаңашылдыққа деген сұранысты түсінсе;
- педагогика ғылымы мен практикасының жаңа жетістіктері туралы ақпаратты білсе;
- зерттеу, эксперименттік қызметке, авторлық әдістемелерді әзірлеуге бағдарланса;
- жаңашылдықтарға байланысты қиындықты жеңуге дайын;
- өзін-өзі ұйымдастыруға, рефлексияға қабілетті;
- педагогикалық ойлау стереотиптерінен бас тарта алады;
- шығармашылық жетістікке ұмтылады;
- сыни ойлау дағдысын меңгерген.
Инновациялық режимде жұмыс істеуге кәсіби дайындық деңгейін анықтау үшін Павлодар қ. Б. Момышұлы ат. орта мектепте Т. В. Морозованың әдістемесі бойынша зерттеу жүргізді (1-қосымша). Педагогикалық диагностика нәтижесі мектеп педагогінің басым бөлігі педагогикалық практикаға жаңашылдық енгізу керектігін түсінгенін көрсетті. Бұл ретте педагогтер инновациялық қызметпен айналысуға кедергі келтіретін факторларды көрсетті. Педагогтер бұл факторларға мыналарды жатқызды
- тиісті кәсіпқойлық деңгейінің болмауы (62 %);
- жаңа технология, әдістеме туралы шекті білім (40 %);
- жеткіліксіз материалдық-техникалық база (38 %);
- инновациялық жұмысты материалдық ынталандырудың жоқтығы (36 %);
- күнделікті жұмыс жүктемесінің көп болуы (32 %).
Педагогтер алдыңғы қатарлы факторларға өздері реттей алатын факторларды жатқызды. Бұл мұғалімдердің оқу-тәрбие процесін оңтайландыру үшін жауапкершілігін түсінетінін білдіреді.
Жекелеген пәндердің оқытылу жай-күйін талдау жаңа жағдайда жұмыс істей алатын және үздіксіз оқу мен өзін-өзі дамытуды көздейтін инновациялық тұрғыдан белсенді мұғалімдерге деген сұранысты айқындады.
Мектептің әдістемелік кеңесінің отырысында сауалнама нәтижелерімен танысып, педагогтерге үздіксіз білім беруді ұйымдастыру жолын талқыладық. Қалыптасқан жағдайды нақты талдау үшін праксеологиялық талдау жүргіздік: жағдайға оңтайландыру тұрғысынан қарадық.
Педагогтерге үздіксіз білім беру моделін құру кезінде «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ ұсынған каскадтық модельді негізге алдық.
Каскадтық оқытудың мәні неде
Педагогтерге үздіксіз білім берудің каскадтық моделі тьюторларды, коуч-тренерлерді оқыту, оларды нормативтік, әдістемелік құжаттармен, практикалық материалдармен, ұсынымдармен жарақтандыру арқылы біліктілікті арттырудың кезеңдік деңгейлік нысанын талап етеді. Дайындықтан өткен тьюторлар өңірдің, қаланың (ауданның), мектептің педагогтерін оқыта алады (1-сурет).
Каскад қағидаты бойынша оқыту көп педагогті жаңашылдықпен таныстыруға мүмкіндік береді, жылдам ілгерілеуге ықпал етеді, өзін кәсіптік тұрғыдан жетілдіру мен дамытуға жағдай жасайды. Мұғалімдер жаңа әдістемелер мен технологияларды бейімдейді, авторлық оқу-әдістемелік құралдар дайындайды, шығармашылық бірлестік құрады. Каскадты модель бойынша Lesson study – сабақты зерттеу, Action Research – практикалық зерттеу, Case study – тақырыптық зерттеу, Team Тeaching – командалық оқыту секілді білім беру жобалары сәтті енгізілуде. Білім саласындағы коучингтер: Teenager Coaching – жасөспірімдер коучингі, Parent Coaching – ата-аналар коучингі. Соңғы кезде ұйымдық-әдістемелік сүйемелдеудің Skype-сүйемелдеу секілді нысаны кеңінен таралды. Бұл – Skype арқылы қашықтан жеке қадамдық оқыту нысаны, қашықтан оқытуды ұйымдастыру нысандарының бірі. Skype-тың арқасында тұрғылықты жеріне қарамастан нақты уақыт режимінде сөйлесу мүмкіндігі бар.
Skype арқылы кеңес берумен салыстырғанда Skype-сүйемелдеу сеансы шектеусіз. Әрбір жаңа сеанс үй тапсырмасын тексерген соң басталады.
Педагогтер білім берудің каскадтық технологиясының нәтижесін жаппай қашықтан оқыту нысанына көшу кезеңінде көрсетті.
Уақыт – мұғалімнің жаңа жағдайда жұмыс істеуге дайындығының көрсеткіші. Себебі мұғалімнің қандай да бір режимде жұмыс істеуге дайындығына уақыт талап қояды. Қашықтан оқытуға көшу мұғалімнен бірқатар біліктілікті меңгеруді талап етті:
- оқытатын пән саласындағы арнайы біліктілік – оқу пәнінің мазмұнын толық білу;
- әдістемелік біліктілік – оқу әдістері мен нысандары, тәсілдерін іріктеу, кері байланыс пен рефлексияны ұйымдастыру;
- АКТ-біліктілік – ақпараттық оқыту технологияларын меңгеру, оқытудың ақпараттық платформасына оқу материалын трансформациялау;
- коммуникативтік біліктілік – төрт тұрғыдан қатынас орнату: тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу және басқа біліктілік.
Қашықтан оқыту жағдайында мұғалімнің біліктілігі тұлғалық-бейімдеу біліктілігі тұрғысынан танылды. Ол икемділік таныту, өзгерістерді тез елеу қабілеті, өз бетімен білім алу мен өзін-өзі ұйымдастыруға дайындығын талап етеді.
Мұғалімдерге қандай әдістемелік қолдау көрсетілді
Мұғалімдердің қашықтан оқыту режимінде жұмыс істеуге педагогикалық дайындығын талдау көп мәселені айқындады:
- Жұмыс тәртібін меңгеруге уақыт жұмсамай, оқу процесіне қатысушыларды жұмысқа тартып, видеоматериалды да, оқу презентациясын да трансляциялауға мүмкіндік беретін ұсынылған көп білім беру платформасының ішінен қашықтан оқыту платформасын таңдау жолы.
- Оқу материалын қашықтан оқыту форматына ауыстыру тәсілі.
- Оқуды қолжетімді, сапалы, нәтижелі, тиімді ету жолы.
- Кері байланысты реттеу тәсілі.
Әдеттегідей, жауапқа қарағанда сұрақ көп болып шықты. Оның бастысы – мұғалімге әдістемелік қолдау көрсету тәсілі. Шығармашылық тәсілді өнімді ету үшін педагогикалық біліктіліктер қорын мұғалім қолдана білуі үшін жайлы жұмыс жағдайын жасау тәсілі.
Біріншіден, мектептің ішкі ресурсына талдау жасау керек: педагогтердің қайсысы қашықтан оқытудың тәжірибесіне ие, кім АКТ-біліктілікті жетік меңгерген, кім тәжірибесін трансляциялай алады. Екіншіден, қашықтан жұмыс істеу режимі тьюторлықты ұйымдастыру арқылы қашықтан үздіксіз білім беру жүйесін құру қажеттілігін туындатты: семинар-практикумдер, тренингтер, онлайн-форматтағы шеберлік алаңдары. Үшіншіден, қала және облыс педагогтерінің үздік практикасымен танысу арқылы білім беру кеңістігін кеңейту.
Қашықтан оқыту дағдыларын меңгерудің қысқа мерзімі жаңа мәселе тудырды: оқу пәнінің мазмұнын материалды баяндаудың қолжетімді форматына өзгерту тәсілі. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, материалды қолжетімді, көрнекті, танымдық ету жолы. Қарым-қатынастың диалогтық сипатын құру, оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес материалды іріктеу тәсілі және т. с. с.
Осы мәселені шешуде «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы уақтылы әдістемелік көмек көрсетті. Білім беру ұйымы бірнеше жыл бойы қашықтан оқыту форматында тәжірибе жинақтады: барлық оқу пәні бойынша видеосабақтар, видеодәрістер, «handmaker – оқу қолы» типі бойынша цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР).
Қашықтан оқыту кезеңінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар облысындағы филиалының оқытушылары білім беру тәжірибесінің өзекті мәселесі бойынша видеоконференциялар мен онлайн-семинарлар өткізді. Сонымен, педагогтерге үздіксіз білім берудің сипатталған каскадтық моделі сәтті жұмыс істейді және қашықтан жұмыс істеу режимінде нақты нәтиже көрсетті. Нәтижелі дәстүрлі әрі инновациялық технологияларды қолдану арқылы әртүрлі деңгейге ие тьюторларды дайындау және интерактивтілік деңгейін көтеру жалпы білім беру ұйымының практикасына келешегі бар жаңашылдықтарды тез әрі сауатты енгізуге мүмкіндік береді, демек, кез келген жағдайда жұмыс істеуге педагогикалық дайындықты көрсетеді.
1-қосымша
Педагогтердің инновациялық қызметке дайындық деңгейін анықтауға арналған сауалнамалар (Т. В. Морозованың әдістемесін модификациялау)
«Педагогтердің жаңашылдықтарға дайындығы» сауалнамасы
Нұсқаулық: Құрметті педагог! Төмендегі бағалау шәкілін қолдану арқылы жаңашылдықты қабылдау қабілетіңізді анықтаңыз:
3 балл – үнемі;
2 балл – кейде;
1 балл – ешқашан.
1. Сіз озық педагогикалық тәжірибені үнемі бақылап, қоғамның білімге деген сұраныстарын ескере отырып, оны енгізуге ұмтылыңыз, педагогикалық қызметтің жеке стилін қалыптастырыңыз.
2. Үнемі өз бетіңізбен білім алыңыз.
3. Белгілі педагогикалық идеяны ұстанасыз, оларды педагогикалық қызмет барысында жетілдіресіз.
4. Ғылыми кеңесшілермен ынтымақтастықта жұмыс істейсіз.
5. Қызметіңіздің келешегін көресіз, оны болжай аласыз.
6. Жаңашылдыққа ашықсыз.
Рақмет!
Нәтижені өңдеу
Нәтижені өңдеу толтырылған сауалнама балын математикалық жолмен есептеу арқылы жүргізіледі.
Педагогикалық ұжымның жаңашылдықты қабылдау деңгейі мына формуламен анықталады (К): К = Кфакт : Кмакс, мұндағы: Кфакт – барлық педагог жинаған нақты балл саны; Кмакс – ең жоғары балл саны (18).
Педагогикалық ұжымның жаңашылдықты қабылдау деңгейін бағалау үшін мына көрсеткіштер қолданылады:
К < 0,45 – шекті деңгейі;
0,45 < К < 0,65 – төмен деңгейі;
0,65 < К < 0,85 – мүмкін деңгейі;
К > 0,85 – оңтайлы деңгейі.
«Педагогикалық ұжымның жаңашылдықтарды меңгеруге мотивациялық дайындығы» сауалнамасы
Нұсқаулық: Құрметті педагог! Егер сізді инновациялар қызықтырса, оларды қолдансаңыз, бұған сізді не ынталандырады? Кем дегенде үш жауап таңдаңыз және олардың жанына «қанат белгісін» қойыңыз.
1. Жеткен нәтиженің жеткіліксіздігін түсіну және оны жақсарту ниеті.
2. Кәсіби тартымдылықтың жоғары деңгейі, жоғары нәтижеге жетуге деген сұраныс.
3. Қызықты, шығармашыл адамдармен араласуға деген сұраныс.
4. Шығармашылық бірлестікте жақсы, жайлы атмосфера құру ниеті.
5. Жаңашылдыққа, жағдайды өзгертуге, ескішілдікті жоюға деген сұраныс.
6. Көшбасшылыққа деген сұраныс.
7. Заңдылықтарды іздеуге, зерттеуге, жақсы түсінуге деген сұраныс.
8. Өзін-өзі танытуға, жетілдіруге деген сұраныс.
9. Инновациялық процеске дайындығын, өзіне деген сенімін сезіну.
10. Жаңашылдық туралы алған білімін практикада тексеру ниеті.
11. Тәуекелге деген сұраныс.
12. Материалдық себептер: жалақыны көтеру, аттестаттаудан өту мүмкіндігі және т. б.
13. Көзге түсуге және лайықты баға алуға ұмтылу.
Рақмет!
Нәтижені өңдеу
Нәтижені өңдеу жауаптарды талдау арқылы жүргізіледі. Педагогтердің тұлғаны таныту мүмкіндігіне байланысты мотиві басымдыққа ие болған сайын (2, 6, 8, 13 т.) педагогикалық ұжымның инновациялық әлеуетінің деңгейі де жоғары болады.
«Инновацияларды меңгеруге тосқауыл болатын кедергілер» сауалнамасы
Нұсқаулық: Құрметті педагог! Егер сізді инновациялар қызықтырмаса және қолданбасаңыз, себебін көрсетіңіз. Таңдаған ұйғарымның жанына «қанат белгісін қойыңыз».
1. Алдағы инновациялар туралы ұжымның ақпараттандырылмауы.
2. Ескі тәсілмен де тиімді оқытуға болады деген ұстаным.
3. Денсаулығының нашарлауы, басқа да жеке себептер.
4. Жұмыстағы артық жүктеме.
5. Дәстүрлі оқу нысаны да дұрыс орындалмайтын жұмыс тәжірибесінің жеткіліксіздігі.
6. Материалдық ынталандырғыштардың болмауы.
7. Кері нәтижеден қорқу.
8. Көмек көрсетілмеуі.
9. Ұжымдағы алауыздықтар, жанжалдар.
Рақмет!
Нәтижені өңдеу
Нәтижені өңдеу жауаптарды талдау арқылы жүргізіледі. Педагогтердің жолында инновациялық кедергі аз болған сайын педагогикалық ұжымның инновациялық әлеуетінің деңгейі де жоғары.
Педагогикалық ұжымның инновациялық әлеуеті деңгейін бағалау әдістемесі
Бұл әдістеме педагогтің инновациялық қызметін дамытуға ықпал етуші шарттар ауқымын айқындауға мүмкіндік береді.
Сауалдама
1. Сіздің ойыңызша, оқу, оқудан тыс қызметке өзгертулер енгізу қажет пе?
2. Бұл өзгерістер қалай көрініс табуы тиіс?
3. Неліктен бұл өзгерістерді енгізу қажет?
4. Сіздің ойыңызша, оқу орнына нақты қандай өзгерістер енгізу қажет?
- Басқару саласына.
- Оқу, тәрбие және дамыту технологияларына.
- Педагогтер мен оқушылардың жұмыс режиміне.
5. Сіз жаңашылдықты меңгеруге дайындықты сезінесіз бе:
- оқу мазмұнына (толық дайын, дайындығы жеткілікті, ішінара дайын, дайын емес – қажеттісінің астын сызу).
- оқу технологиясы (толық дайын, дайындығы жеткілікті, ішінара дайын, дайын емес – қажеттісінің астын сызу).
6. Мектептің инновациялық қызметті дамыту жағдайының сапасын бағалаңыз:
- 3 балл – өте жақсы;
- 2 балл – жақсы;
- 1 балл – қанағаттанарлық;
- 0 балл – қанағаттанарлықсыз.
Жағдайы | Балл |
---|---|
Материалдық | |
Қаржылай | |
Ұйымдастырушылық | |
Ұжымдағы психологиялық жағдай | |
Ынталандыру | |
Оқыту жүйесі |
7. Жаңашылдықтарды әзірлеу мен меңгеруде сізге не кедергі келтіреді? Өзіңіз үшін 5 маңызды кедергіні таңдап, астын сызыңыз:
- уақыт тапшылығы;
- оқу орнын дамытудың негізделген стратегиясының жоқтығы;
- көмек көрсетілмеуі;
- көшбасшылардың, жаңашыл педагогтердің жоқтығы;
- ұжымдағы алауыздықтар, жанжалдар;
- тиісті теоретикалық білімнің жоқтығы;
- білім саласындағы жаңашылдықтан хабардар болмауы;
- зерттеу машықтарының болмауы немесе толық дамымауы;
- ынталандырудың жоқтығы.
Бұл әдістеме білім беру ұйымында педагогтердің инновациялық қызметіне жасалған жағдайды анықтауға мүмкіндік береді.
«Педагогтің инновациялық қызметке қатысуға дайындығын бағалау» әдістемесі
Нұсқаулық: Құрметті әріптестер! Өзіңіздің дайындығыңызды 5 балдық шәкіл бойынша бағалаңыз.
№ р/н | Өлшемшарттар | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
---|---|---|---|---|---|---|
I. Тұлғаның мотивациялық-шығармашылық бағыты | ||||||
1 | Шығармашылық қызметке қызығушылық | |||||
2 | Шығармашылық жетістіктерге ұмтылу | |||||
3 | Көшбасшылыққа ұмтылу | |||||
4 | Әкімшілік тарапынан қызметіне жоғары баға алуға ұмтылу | |||||
5 | Шығармашылық қызметінің өзі үшін маңызы | |||||
6 | Өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу | |||||
Барлығы: | ||||||
II. Педагогтің креативтілігі | ||||||
7 | Педагогикалық қызметте стреотиптерден бас тартып, ойлау инерциясын жоюға қабілеттілік | |||||
8 | Тәуекелге ұмтылу | |||||
9 | Сыни ойлауға, сыни талқылауға қабілеттілік | |||||
10 | Өзін-өзі талдауға, рефлексияға қабілеттілік | |||||
Барлығы: | ||||||
III. Педагогтің инновациялық қызметті жүзеге асыруға кәсіби қабілеттілігі | ||||||
11 | Педагогикалық зерттеу әдістерін меңгеру | |||||
12 | Эксперименттік қызметті жоспарлауға қабілеттілік | |||||
13 | Авторлық тұжырымдама жасауға қабілеттілік | |||||
14 | Экспериментті ұйымдастыруға қабілеттілік | |||||
15 | Қызметін түзетуге қабілеттілік | |||||
16 | Басқа педагогтердің шығармашылық қызмет тәжірибесін қолдануға қабілеттілік | |||||
17 | Ынтымақтастыққа қабілеттілік | |||||
18 | Жанжалды шығармашылық тұрғыдан шешуге қабілеттілік | |||||
Барлығы: | ||||||
IV. Педагог тұлғасының жеке ерекшеліктері | ||||||
19 | Шығармашылық қызметте жұмысқа қабілеттілігі | |||||
20 | Өзіне деген сенім | |||||
21 | Жауапкершілік | |||||
Барлығы: |
Рақмет!
Нәтижені өңдеу
Шыққан нәтиженің негізінде тұжырым жасалады:
- егер педагог 71-тен 84 балға дейін жинаса, инновациялық қызметке дайындығының жоғары деңгейі туралы;
- егер педагог 55-тен 70 балға дейін жинаса, инновациялық қызметке дайындығының орташа деңгейі туралы;
- егер 55-тен төмен балл жинаса, инновациялық қызметке дайындығының төмен деңгейі туралы.
