Тәрбиеші тәрбиешіні 1,75 ставкаға ауыстыра алады. Меңгеруші тәрбиешіні, әдіскерді алмастыра ала ма?
Иә, тәрбиеші басқа тәрбиешіні алмастыра алады, яғни 1,75 ставка бойынша педагогикалық қызметті жүзеге асырады, өйткені тәрбиеші лауазымдарды біріктірмейді, уақытша болмаған қызметкердің (тәрбиешінің) міндеттерін өз жұмыс сағатынан кейін орындайды (негізгі қызметінен демалыс кезінде жұмысты орындайды), сондықтан факті бойынша нақты жұмысының көлемі табельге түседі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына 18-қосымшаның 6-тармағына сәйкес жалақы 100% мөлшерінде есептеледі. Әдетте, ол жұмыс күнінің бірінші жартысында да, екінші жартысында да жұмыс істейді.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы негізгі лауазымдағы жұмыс уақытында (40 сағаттық жұмыс аптасы) тәрбиеші немесе әдіскер (немесе басқа педагог) лауазымдарын біріктіруге құқылы емес, өйткені ол мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы болып саналады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына 18-қосымшаның 5-тармағынан бастап лауазымдарды біріктіру (қызмет көрсету аймағын кеңейту) үшін қосымша ақы мемлекеттік мекемелердің, қазыналық кәсіпорындардың басшыларына және олардың орынбасарларына қолданылмайды деп айқындалды.
