ещё
свернуть
Все статьи номера
№12, 2024
ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫП

«Тартымды» сурет саламыз: тәрбиешілерге арналған қадамдық шеберлік сағаты

Балалардың қабілеттері мен дарынының көзі олардың саусақ ұшында орналасқан. Көркемдеп айтқанда жіңішке жіптер – бұлақтар саусақтан бастау алады, бұлар шығармашылық ойды құнарландырады. Басқа сөзбен айтсақ, бала қолы шебер болған сайын оның ақылы да толыға түседі.
В. А. Сухомлинский

Сурет салу мектеп жасына дейінгі баланың жанына жақын әрі шынайы қызмет түріне жатады. Ол көру қабілетін, қиялын, кеңістік түсінігін, жадысын, сезімін дамытуға және қалыптастыруға септігін тигізеді.

Педагогтың балалармен бірге көркемдік шығармашылық қызметпен айналысу ерекшелігі олардың ақиқатқа деген эмоционалды-эстетикалық көзқарасын дамытудың ауқымды мүмкіндіктерін береді.

Балабақшада бейнелеу өнері сурет салу, мүсіндеу, аппликация, құрастыру секілді қызмет түрлерін қамтиды. Осы қызметтердің әрқайсысы баланың қоршаған орта туралы әсерін бейнелеудің өзіндік мүмкіндіктеріне ие.

Бейнелеу өнері мектеп жасына дейінгі бала қызметінің ең қызықты түріне жатады. Ол баланы жан-жақты дамытуда, оның шығармашылық қабілеттерін ашу мен толықтыруда аса құнды болып табылады.

Бүгінде педагогтар жұмыс барысында бейнелеу өнерінің дәстүрлі емес техникасының бірқатар түрлерін жиі қолдана бастады.

 Мәлімет үшін

«Дәстүрлі емес» термині жалпыға ортақ, дәстүрлі, танымал әдістерге жатпайтын материалдарды, құралдарды қолдануды білдіреді.

Дәстүрлі емес техникаларды қолдану балалардың заттар мен материалдар туралы, оларды қолдану, олардың қасиеттері, қолдану тәсілдері туралы білімі мен түсінігін байытуға ықпал етеді. Бұл балалардың қиялын, шығармашылығын дамытуға серпін береді.

Ерекше материалдар мен бірегей техникалар мұнда «тыйым» сөздердің жоқтығына байланысты балаларды өзіне тартады. Қалаған затпен және тәсілмен сурет салуға, тіпті өзіңнің ерекше техникаңды ойлап шығаруға болады. Балалар ұмытылмас жағымды эмоция алады, осы бойынша баланың көңіл күйі мен психологиялық жай-күйі туралы пікір қалыптастыруға болады.

Осындай дәстүрлі емес технологиялардың біріне жүнмен сурет салу жатады. Жүнді тоқыма тоқу үшін ғана емес, сонымен бірге сурет салу үшін қолдануға болады екен. Олар ерекше, нәзік, тартымды, жайлы болып шығады. Мұндай суреттерді «тартымды» деп те атайды: бұл сөз одан алатын әсерді барынша нақты жеткізеді.

Жүнмен сурет салу өнері

  • қолдың ұсақ моторикасын;
  • көзбен өлшеуді;
  • шығармашылық қабілеттерді;
  • шыдамдылықты;
  • кеңістіктік ойлауды;
  • өңдеу мен көлемін сезінуді;
  • жалпы қимылдар үйлесімін дамытуға;

сондай-ақ

  • бала қорқынышын басуға септігін тигізеді;
  • өз күшіне деген сенімді қалыптастырады;
  • балаларға өз ойын еркін жеткізуді үйретеді;
  • шығармашылық ізденістер мен шешімдерге ынталандырады;
  • түрлі материалмен жұмысқа бейімдейді;
  • композицияны, ырғақты, колоритті сезінуін, түсті қабылдауын дамытады.

Жүнмен сурет салу өнері – жүнді илемей негізге бірнеше қабатты сурет салудың бірегей техникасы. Табиғи жүн түсінің таңдауы үлкен. Оның көмегімен нағыз картиналар, пейзаждар, портреттер, натюрморттар, абстрактілі суреттер салуға болады. Әр түсті және реңкті иірілмеген қой жүні шыны үстіндегі матаға қат-қабатымен жайып қойылады. Түстер бояулар секілді араласып кетпейді, ал оларды бір-бірінің үстіне қабаттастыру арқылы бай палитраны алуға болады.

 Мәлімет үшін

Жүннен салынған картиналар акварельді картиналарға ұқсайды, бірақ олар температураның өзгеруі, қатты жарық пен ылғалдан қорықпайды.

Жүнмен сурет салу өнері көркемдік бағыт ретінде Германияда ХХ ғасырдың басында пайда болды, оның негізін қалаушы – неміс философы Рудольф Шайнер. Ол ауылдық жерде кең таралған әрі арзан материал ретінде жүнді таңдады. Ол жүннің ұйысып қалатын қасиетін біле тұра, боялған жүнді картина салуға арналған материал ретінде қолдану тәсілін ойлап тапты.

Жүнді бояу ретінде жиі қолданатын балаларды бақылау барысында балалардың психологиялық тұрғыдан босаңсып, барынша сабырлы бола түсетінін, олардың тұлғасы барынша толыққанды күйге түсетінін байқады.

Жұмыс істеу үшін бояу да, қылқалам да, су да қажет емес. Тек жүн, фотосуреттерге арналған жақтау және шығармашылыққа деген ниет керек.

«Жүннен жасалған акварель» тәсілдері көркемөнер тәсілдеріне қатты ұқсайды. Жүнмен сурет салуда нәзік түстік ауысымдар, қанық дақтар және аздап мұнарланғаны байқалады. Картинаның неден жасалғанын бәрі бірден түсіне бермейді, әсіресе егер сіз қолыңызда жылы әрі ашық түсті түтілмеген жүнді ұстап тұрсаңыз. Жүннен жасалған картиналар өте жеңіл, акварельді болып шығады, әрбір талшығы қылқаламмен жаққан бояу секілді. Мұндай картиналар «көркем сурет» секілді көрінеді және ұзақ жылдар бойы көз қуантады.

«Тартымды» картинаны қалай салуға болады

Түсті жүнмен картина салу үшін сізге

  • қатты картоннан, шыныдан, қысқыш кляймерден тұратын кез келген өлшемді жиектеме;
  • төсеніш;
  • төсенішті жапсыруға арналған қарындаш желім;
  • жүнді қиюға арналған түрлі өлшемді қайшылар;
  • ұсақ бөлшектерін орналастыруға арналған іскек;
  • әр түсті: көк, көгілдір, жасыл, ашық жасыл, қызғылт, ақшыл көк, алқызыл, қоңыр түсті жүн қажет болады.

Қадамдық алгоритм

Тәжірибесі жалпыналатын оқытушылар туралы ақпарат

Мұғалім қызметінің алгоритмі және оқушылардың бойында қалыптасқан оқу-ақпараттық машықтар мен дағдылар деңгейін анықтау өлшемшарттары

Балаларды сұраулы сөздермен таныстыруға арналған тірек кесте

 Маңызды

Суретті үстіңгі жағынан бастаңыз.

  • Бірінші қадам – суретті таңдаңыз. Қағида бойынша, картиналар үлгі бойынша жасалады – бұл жүннен жасалған дайын картина немесе кез келген басқа картина, тіпті фотосурет болуы мүмкін.
  • Екінші қадам – жиектеменің картонды қалқасын суырып алыңыз.
  • Үшінші қадам – төсенішті дайындаңыз. Негіздеме ретінде көбіне флизелин қолданылады. Бұл сапасы бойынша матаға ұқсайтын керемет материал. Осы мақсатта біртүсті, көбіне ақ фланельді, фетрді немесе тіпті шаруашылық майлығын жиі қолданады. Төсенішті фотожиектеменің форматы бойынша қиып алыңыз.
  • Төртінші қадам – негіздемені қарындаш желіммен қалқаға жапсырыңыз.
  • Бесінші қадам – «сурет салуды» бастаңыз. Жүнді шағын, жуандығы бірдей талшықпен жұлып алыңыз, тесіктер мен саңылаулар көрінбейтін етіп төсеңіз. Алдымен тік «бағытта» фонын және артқы жағын төсеңіз.

Бұдан кейін жүннің екінші қабатын көлденеңінен төсеңіз. Үшінші қабатын біріншісі секілді тігінен төсеңіз. Түрлі түсті жүнді матаға қабаттап төсеудің нәтижесінде акварельді кескіндеме әсері туындайды. Фоны төселген соң суретті төсеуге кірісуге болады. Ол үшін әртүрлі техниканы қолданыңыздар: жүнді ширату (мысалы, ағаштың діңін төсеу үшін), жүнді үзу (бұталарға шық төсеу үшін) және т. б.

Мектеп жасына дейінгі кіші балалар үшін дайын контур суретті қолданған дұрыс. Бұл жағдайда барқыт қағаз жұмысқа қажетті керемет негіздеме болады.

Үш жасар бала үшін жүннің бір түсін ғана пайдаланыңыздар, олар алдымен техниканы меңгеріп алсын. Осыдан кейін түрлі түсті жүннен құрамдастырылған түсті аппликациялар жасауға болады.

Мектеп жасына дейінгі ересек балалар дербес шығармашылығын көрсетіп, суретті таңдап, өз бетімен картина жасай алады. Балаға ірі бөлшектердің әдемі көрінетіндігін айтып, кеңес беруге болады.

  • Алтыншы қадам – картинаның бетін шынымен жабыңыз.

Жүннен картина жасау кезінде әлденені дұрыс жасамаудан қорықпаңыз. Бұл техника үнемі түзету, жөндеу және нәтижесінде қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігімен ерекше.

Жүнмен сурет салудың негізгі техникалары Созу

Тарақталған таспадан жуандығы әртүрлі талшықтарды созуға болады, алдыңғы түсті қабаттары көрініп тұратын жұқа немесе жақсы көмкеруші қабілетке ие аса тығыз талшықтар. Алғашқы тығыз негіздеме қабатын төсеу қажет болғанда картинаны құрастыру процесін соңғысынан бастаған ыңғайлы.

 Мәлімет үшін

Тарақталған таспа немесе топс – талшықтарының бәрі бір бағытта созылған және таспаға төселген тарамдалған жүн.

Жүнді былай созыңыз: сол қолыңызда тарақталған таспа, оң қолыңызбен қалаған өлшемді буманы созамыз.

   

Негізінен алдыңғы жақта тұрған заттарды (бөлшектерді) салу кезінде біраз күш салу арқылы ұсақ қысқа талшықтарды тарамдау машығы сирек қажет болады.

Тарамдалған таспадан «сабақтарды», «шөптерді» және «бұталарды», сондай-ақ заттардың контурын салуға арналған «жіптерді» тарамдауға болады. Буманың ұшын ұстаймыз және талшықтарын ширата отырып, тартамыз. Көп талшық ұстасаңыз, соған қарай жуан жіп шығады.

      

Жұлу

Жұлу нәтижесінде үлпілдеген түйіршік-өрмектер шығады, оның талшықтары шатасып кеткен (иілген және жан-жаққа бағытталған). Мұндай «үлпілдектермен» бір түстен басқасына жұмсақ өтуге болады. Осындай тәсілмен тө- селген фоны үлпілдек, акварельді болып көрінеді.

   

Жұлу былай іске асырылады: сол қолымызда (егер сіз оңқай болсаңыз) тарамдалған таспаны бүгілетіндей етіп ұстайсыз. Оң қолдың сау- сағымен жиі әрі жылдам қи- мылмен тарамдалған таспаның (иілген жеріндегі) шығып тұрған қылшықтарды жұлыңыз.

Төменде оң жақтағы фотода «үлпілдектердің» тығыздығы бойынша екі түрлі нұсқасы көрсетілген. Олардың көмкеру қабілеті әртүрлі.

   

 Назар аударыңыз

Назар аударыңыз! Жұлу кезінде ілмексіз біркелкі үлпілдектер алуға тырысу керек. Уақыт өте келе (тәжірибемен) бұл бәрінің қолынан келетін болады.

Жүнді қайшымен қию

Картина салу кезінде көбіне жүнді қиюға тура келеді. Мұнда қайшы көмекке келеді. Жүн картинаның қажетті жеріне қиылады (қырқылады). Бұл ретте шыққан мамықтың өлшемі мен пішіні сәйкес келуі тиіс екендігін түсіну керек.

Қолмен немесе іскекпен жүнді картинаның үстіне қалауыңа қарай төсеуге болады. Қиылған жүн «қиқымдарынан», мысалы, ағаштың жапырақтарын жасауға болады.

   

Жүнді араластыруға болады әрі қажет, яғни жүннің екі-үш түсін алып, олардан түсі біркелкі емес бума жасауға болады. Біркелкілік деңгейі әртүрлі болады, сондықтан өзіңіз қалаған көркемдік әсерді ескеру қажет. Мысалы, ағаштың жапырағын жасау үшін бір түсті жүн жеткіліксіз: жапырақ жалпақ, көлемсіз болып шығады.

   

Сондай-ақ картина құрастыру кезінде қолданылатын көптеген әртүрлі тәсіл бар, бірақ бұлар көбіне жүнмен жұмыстың осы үш негізгі техникасын білдіреді және олар сюжеттің ерекшелігіне негізделген нақты жағдайларда тиімді.

 Мәлімет үшін

Қағида бойынша, шынымен және шынысыз басқаша көрінеді. Жүн көлемді, сондықтан оны шыны басып тұрған кезде картинаның бөлшектері «жалпайып» қалады әрі осының көмегімен көлемі ұлғая түседі.

Кеңес. Картинаның үстіне шыныны жиі төсеңіз. Осылайша сіз жұмыстағы кемшіліктерді дер кезінде анықтап, оларды тез түзете аласыз. Себебі соңғы нәтиже – бұл шынының астындағы картинаны, осыған сәйкес, жүнмен жұмыс кезінде шынының астынан көріп тұрған кескінге бағдарлану керек. Ол өзіндік индикатордың қызметін атқарады.

Төселген қабаттардың үстіне шыны қою арқылы сіз жүннің осы қабаттарының қаншалықты жақсы төселгенін көре аласыз. Мысалы, қабаттың барынша тығыз емес екендігін әрі жұмыс қабатын толық жаппайтынын көруге болады немесе сіз ұсақ бөлшектердің шынының астынан қалай көрінетінін байқай аласыз.

Жүнмен сурет салу балаларға несімен пайдалы

Бала жүнмен картина салу арқылы қиялы мен фантазиясын жетілдіре отырып, керемет түс әлемін ашады. Шығармашылықтың бұл түрі ұсақ моториканы іске қосады және қимылдар үйлесімін жетілдіреді, себебі бір қабаттың үстіне басқа қабатты «мұқият» әрі сақтықпен төсеу керек. Бала мұқият әрі зейінді бола түседі, бұл ретте туындының са- пасы осыған байланысты екендігін толық түсінеді.

«Жүнді акварельде» жетістікке жетуге шап- шаңдық пен силуэт не- месе тиісті пішінді бөл- шектер жасаудың қа- тысты қарапайымды- лығы, оның шынайы бейнелермен үйлесімі және, соңында, зейінді ұстау факторы ретінде тәсілдің жаңашылдығы ынталандырады. Себе- бі жүннің көмегімен ғана ерекше 3D, жарқырау, мұнарлану әсеріне қол жеткізуге болады, май да, акварель де, басқа көркемөнер техникалары да мұндай әсер бермейді.

Балалардың жұмыстарын топтарды, құттықтау ашықхаттарын безендіруде, тақырыптық көрмелерге қатысу үшін немесе ата-аналарға сыйлық ретінде пайдалана аласыз.

№12, 2024
ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫП

Г. Альтшуллердің бұрынғы жаңа технологиясы, немесе Бала қиялын қалай дамытамыз

 

Мақаланы оқу үшін, сондай-ақ Луллий сақиналарын дайындаудың қадамдық нұсқаулығын жүктеп алу үшін тегін көру мүмкіндігін алыңыз немесе журналға жазылыңыз.

Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу мен оқытудың аса маңызды міндеттерінің бірі – шығармашылық қабілеттерді мақсатты қалыптастыру, балалардың әлемге деген бейстандартты көзқарасын, жаңаша ойлауын дамыту.

Практика көрсеткендей, дәстүрлі жұмыс нысандарының көмегімен бұл мәселені түбегейлі шешу мүмкін емес. Жаңа нысандарды, әдістер мен технологияларды қолдану керек.

Біздің ойымызша, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді педагогикалық технологияға авторы орыс ғалымы, жазушы-фантаст Генрих Саулович Альтшуллер болып табылатын технология жатады.

Оның технологиясының мектепке дейінгі дамытудың классикалық тәсілінен басты айырмашылығы — балалар үшін ересектер айтқанды қайталауға емес, керісінше сұрақтардың жауабын өз бетімен табу, тапсырмаларды шешу, талдау мүмкіндігін беру. Бала өз ойын түсіне бастайтын және оларды ым-ишараттың немесе сөздің көмегімен тұжырымдауды үйренетін екі жастан бастап балаларды оқыту мен тәрбиелеуде бұл технология тиімді. Г. Альтшуллердің технологиясы педагогикалық ортада өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы (бұдан әрі – ӨТШТ) ретінде танымал.

Тарихқа үңілсек

Г. Альтшуллер технологиясы көп жылдар бойы жас техниктер станциясында балалармен жұмыс барысында сәтті қолданылды, мұнда оның екінші бөлімі – шығармашылық педагогика, содан кейін ӨТШТ жаңа бөлімі – шығармашылық тұлғаны дамыту теориясы пайда болды. Технологияның бірегейлігі оны соңғы 30 жыл бойы мектепке дейінгі, орта, сондай-ақ кәсіптік орта білім беру саласына бейімдей алмауында.

Мәлімет үшін

Басында технология техникалық тапсырмалардың шешімін табуға көмек ретінде жасалды және ойлауды, икемділікті, жүйелілікті, логикалық құрылым мен бірегейлікті дамытуға ықпал етті.

Тәжірибеміз көрсеткендей, көптеген педагогтар, әсіресе жас педагогтар бұл технологиямен толық таныс емес, және оны ешқашан практикада қолданған емес. Біз біліктілікті арттыру курстарын өткізу кезінде 25 педагогтың екі-үшеуінің ғана ӨТШТ-ны практикада қолданатынын байқаймыз. Бұл ретте сабақ біткен соң курсанттар дәл осы технологияны қолданып көретіндігін атап өтеді.

Мектепке дейінгі ӨТШТ-ның жарқын өкілдеріне В. Ф. Богат, А. М. Страунинг, М. Н. Шустерман секілді ғалымдар жатады, олардың ғылыми мақалалары, әдістемелік әзірлемелері мен кітаптары мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қолданылатын бағдарламалар мен технологиялардың негізін құрайды.

ӨТШТ-педагогиканың әдіснамалық негізіне Г. С. Альтшуллердің «Третье тысячелетие» атты фантастикалық әңгімесі жатады, мұнда ол болашақтағы педагогика қағидаттарын сипаттайды:

  • Педагогика бәрін білетін және қолынан бәрі келетін әмбебап мамандар даярлауға бағытталуы тиіс.
  • Оқыту ерте жастан (5 жас) басталады және 13, 15, 16 жаста аяқталады.
  • Мамандану өздігімен жүреді. Студент мамандықты өзі таңдайды.
  • Оқыту ең жоғары жылдамдықпен жүргізіледі (форсаж қағидаты).
  • Даярлық бағдарламасы үнемі жаңартылып әрі толықтырылып отыруға тиіс.
  • Оқу топтары бала ерекшеліктерін ескеру үшін шағын болуға тиіс (төрт адам).
  • ӨТШТ-педагог өзі әмбебап шығармашыл тұлға болуға тиіс. 

Технологияның мәні

МДҰ-ғы Г. Альтшуллер әдістемесі бойынша ұйымдасқан оқу қызметі төрт кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – мәнін іздеу.

Балаларға шешімін табуға тапсырма беріледі. Әр бала «жағдайдан шығудың» өз жолын ұсынады. Жағдайлар шынайы (Отбасы бір айға демалысқа кетеді. Пәтердегі гүлге кім су құяды? Егер сағат болмаса, уақытты қалай білуге болады?), сондай-ақ қиял-ғажайып (Патшалықтан ең ақылды адамды қалай табамыз? Суды елеуішпен қалай жеткізуге болады?) болуы мүмкін.

Екінші кезең – «қос құпия».

Бір-біріне қарама-қайшы ақиқатты анықтау және түсіну. Мысалы, күн – бұл жақсы әрі жаман. Жылытатындықтан жақсы, ал күйдіріп жіберетіндіктен жаман.

Үшінші кезең – ертегілер мен ойындардың көмегімен қарама-қайшылықтарды шешу. Мысалы, жауыннан қорғану үшін үлкен қолшатыр керек. Бірақ үлкен қолшатыр сөмкеге сыймайды, демек кішкене қолшатыр керек. Шешімі – жиналмалы қолшатыр.

Үшінші кезеңі шығармашылық қиял мен ойлауды дамытуға бағытталған. Енді бала бұрын орындалмаған тапсырмаларды, сондай-ақ қарама-қайшылықтар кездесетін ертегілерді өз бетімен ойластыруы қажет.

ҰОҚ-де мектеп жасына дейінгі балалармен бірге талқылауға болатын ӨТШТ-сұрақтар мен тапсырмаларға мысал келтірейік:

Кім көп: ерлер немесе әкелер?

Жер бетінде не көп: текшелер немесе шаршылар?

Үйге терезе не үшін керек?

Жұмбақ құрастыруды үйренеміз

Сондай-ақ ұйымдасқан оқу қызметінде балаларға жұмбақ құрастыруды үйреткен дұрыс. Ол үшін балаларға үш жастан бастап қолжетімді арнайы модельдер құрастырылған.

Жұмбақтардың жиі қолданылатын модельдері

1-модель

  • Жұмбақтың не туралы болатынын ойластыру.
  • Бұл объектінің негізгі қасиеттерін белгілеу (төртеуден көп емес).
  • Әр қасиетіне тура осы қасиетке ие басқа объектіні таңдау.

Басқа сөзбен айтсақ, кестеге сүйене отырып, белгілерін схема бойынша жазып алу.

Мысалы, ағаш туралы жұмбақ мынадай
Қандай?Тағы не дәл осындай болады?
Жасыл (түсі бойынша)бақа
Үлкен (пішіні бойынша)піл
Шулайды (іс-әрекеті бойынша)мұхит
Байланыстыратын сөздерді қосып, жұмбақ шығарамыз:
Бақа секілді жап-жасыл,
Піл секілді үп-үлкен,
Шулайды, бірақ мұхит емес.

2-модель

Объект орындайтын іс-әрекетке сүйене отырып, жай жұмбақ құрастыруға болады. Қимылға, дыбысқа, жарық әсерлеріне, иісіне байланысты екі-үш қасиетін белгілеуге болатын объектіні негізге алған дұрыс.

Не істейді?Тағы не дәл осылай істейді?
Жүзедібалық
Ұшадыұшақ
Жүредіадам
Сондай-ақ байланыстырушы сөздерді қосып, жұмбақ шығарамыз:
Жүзеді, бірақ балық емес.
Ұшады, бірақ ұшақ емес.
Жүреді, бірақ адам емес. (Қаз, үйрек)

3-модель

Мұнда ұқсастықтары мен айырмашылықтарын іздеу жұмыстары жүреді. Демек, кестеге шешуіміздің қандай объектіге ұқсайтынын және ерекшелігі қандай екенін жазуға болады.

Неге ұқсайды?Байланыстырушы сөзЕрекшелігі қандай?
Кит секілдібірақ емесдем алады
Машина секілдібірақ емесжүреді
Үй секілдібірақ емесорнында тұрады
Жұмбақ шығады:
Кит секілді, бірақ дем алмайды,
Машина секілді, бірақ жүрмейді,
Үй секілді, бірақ бір орында тұрмайды. (Кеме)

Мәлімет үшін

Әрдайым кесте сызудың қажеті жоқ. Өзіңе керекті модельді ойша елестету немесе бір жұмбақта екі модельді біріктіру жеткілікті.

Ойын құрастыру

Г. Альтшуллердің технологиясында жұмбақтардан басқа ойын құрастыру маңызды орын алады. Олардың кейбіреуіне мысал келтірейік.

«Бірдеңе – әлдененің бөлшегі» ойыны

Бұл ойынның қағидаты ойын телебағдарламасынан алынды.

12–16 бөліктен тұратын заттың қима суреттері керек. Сурет кескіні төмен қараған күйі үстелде жатыр. Балалардың қалауы бойынша жорамалдап бір текшені ашады. Балалар оны қарап, кескіннің неге ұқсайтынын болжайды, қандай заттардың осындай бөлшектері болатынын айтады. Нұсқалары біткенде келесі текшені ашады, суретте бейнеленген кескін табылғанша осылай жалғасады.

«Жақсы – жаман» ойыны

Мақсаты: балаларға қоршаған ортадағы заттардың жағымды және жағымсыз жақтарын анықтауды үйрету.

Ойын ережесі

Тәрбиеші. Кәмпит жейді – жақсы. Неліктен?

Балалар. Себебі ол тәп-тәтті.

Тәрбиеші. Кәмпит жейді – жаман. Неліктен?

«Ұлғайтамыз және кішірейтеміз (үш жастан бастап)» ойыны

Мақсаты: балалардың сөздік қорын байыту, -ша, -леу, -дау, -рек жұрнақтарының көмегімен сөз тудыруды үйрету.

Ойын ережесі

Тәрбиеші. Мен әлдекімді немесе әлденені атаймын, ал сен оны кішірейт. (Мысалы, кіші — кішірек, орындық — орындықша, жапырақ — жапырақша).

Маңызды

Баланың дұрыс жауаптың орнына жануарлардың төлін атамауын қадағалаңыз: қоян — көжек емес, керісінше қоян — кішкене қоян; сиыр — бұзау емес, керісінше сиыр — кішкене сиыр.

Кері бағытта да дәл осылай істеуге болады. Ересек «кішірейтілген» сөзді атайды, ал бала әдеттегі нұсқасын айтады.

«Ұлғайтқыш» жұрнақтармен де осындай ойындар өткізуге болады: мысық — мысықан.

Луллий сақиналары

Бұл технологияда жұмбақтар, ойындар, сұрақтардан басқа Луллий сақиналары қолданылады.

Идея авторы Раймунд Луллий – каталондық миссионер, ақын, философ әрі теолог, еуропалық орта ғасырдың ықпалды әрі бірегей ойшылдарының бірі болып табылады.

Басында Раймунд Луллий қағаз шеңбер түрінде логикалық машина жасады. Луллий сақиналары – бұл компьютер секілді дүние, тек сөзге арналған. Р. Луллий секторларға суреттерді орналастырып, сөздер мен тұтас нақыл сөздер жазды. Кез келген қалаған адам сұрақ қойып, шыққан комбинацияның көмегімен жауап алған, қиялының көмегімен оның шифрын ажырату керек болған.

Оның идеясы қайта өңделіп, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмысқа бейімделді.

Мәлімет үшін

Қазіргі кезде Луллий сақиналары – бұл балалардың логикасын, қиялы мен тілін дамытуға бағытталған дидактикалық ойын құралы.

Бұл құрал диаметрі 40, 55 және 70 см үш жылжымалы шеңберден тұрады. Шеңберлер секторларға бөлінген, жалпы осі бар. Үлкен шеңберге орташа, содан кейін кішкене шеңбер салынады. Әр секторға объектінің суреті немесе схемалық кескіні бар карточканы салуға болады. Балалардың назары аударылған сектор орталықтан шығатын нұсқармен белгіленген.

Төрт жасар балалармен жұмыс істеу үшін әрқайсысында төрт секторы бар диаметрі әртүрлі екі шеңберді ғана алған дұрыс.

Бес жасар балалармен жұмыс істеу үшін екі-үш шеңбер қолданылады (әрқайсысында төрт-алты сектор бар).

Алты жасар балалар әрқайсысында сегіз сектор бар төрт шеңбер қолданылатын тапсырмаларды толық орындай алады.

Луллий сақиналарымен жұмыс тәсілдері

  • Белгілі саладағы білімін нақтылау (нақты тапсырма).
  • Бірінші, ең үлкен шеңбер секторына ағаштың кескінін (қарағай, алма ағашы және т. б.); екіншісіне – олар өсетін жердің кескінін (бақ, орман, батпақ және т. с. с.); үшіншісіне – жемістердің немесе тұқымдарының кескінін (апельсин, алма, бүршік және т. с. с.) жапсырды делік. Балаларға шеңбердегі сәйкестікті табу ұсынылады. Мысалы, тәрбиешінің өтініші бойынша олар алма ағашының кескінін табады, осыдан кейін ортаңғы шеңберді айналдыру арқылы бақтың суретін табады және оны алма ағашының астына орналастырады. Кішкентай шеңберден де осылай алманы табады. Не шыққанын түсіндіреді.
  • Сәйкессіздіктерді табу.
  • Шеңберлер ретсіз тәртіпте айналады. Мысалы, жауады: қайың – батпақ – апельсин. Балалардың міндеті – мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес екендігін дәлелдеу және әр сектор үшін дұрыс жұптарды іздеу.
  • Қиялды дамытуға арналған жаттығулар (фантастикалық тапсырма).
  • Шеңберлер ретсіз тәртіпте айналады. Бірақ енді бала объектінің мұндай жерде қалай өсіп, осындай жемістер беретіндігін түсіндіруге тиіс. Осы фантастикалық түрлендірудің дұрыстығын барынша түсінікті деңгейде жеткізу. Осының негізінде әңгіме құрастырылады. Мысалы: батпақты жерде осындай ғажап қайың болғаны жақсы ма, және мұнда апельсиннің өсуі орманның қандай тұрғындарына ерекше ұнауы мүмкін.

Түрлендірудің қорытындысы бойынша өнімді қызмет ұйымдастырылады: мүсіндеу, сурет салу және т. б. Балаларға шыққан әңгіме бойынша сурет немесе аппликация жасау ұсынылады.

Балалар Луллийдің сақиналарымен жұмыс жасауды үйренген соң олар бір-біріне шынайы әрі фантастикалық тапсырмалар шығара алады.

Осылайша, Г. Альтшуллердің ӨТШТ ретінде аса танымал технологиясы көптеген педагогикалық міндеттерді шешеді, оның негізгілері бала фантазиясы мен қиялын дамыту болып табылады.

Технологияның өзінде көптеген ойындар, жұмбақтар, оқу құралдары қолданылады. Осы технологияны сауатты қолдана отырып, тіпті арнайы жабдығың болмаса да, педагогикалық процесті нәтижелі етіп, балалардың логикалық ойлауын дамытуға, оларға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешу арқылы қиялдауды үйретуге болады.

1-қосымша

Луллий сақиналарын өз бетіңмен қалай дайындауға болады

Дайындау үшін сізге қажет нәрселер: шере табағы, бұрандасы бар түйреуіш, шайбалар, сомындар, өзі жабысатын қағаз, ДСП тілімі (тіреуіш үшін).

№12, 2024
ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫП

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін жаттау техникасы арқылы дамыту

Қалай ойлайсыздар, тақпақтар мен ережелерді жаттауы қиын кейбір балалар кинофильмдер мен мультфильмдердің сюжетін қалайша жеңіл әрі тез есте сақтайды? Сабақ материалын түсіндіргеннен кейін не туралы айтылғанын кейбір балалар есте сақтағанын, ал кейбір балалар ұмытып қалғанын байқадыңыз ба? Жалпы, барлығы зейінмен тыңдаған сияқты еді. Сонда білімді сіңіріп, баланың есінде қалдыратын «нәрсені» қалай табуға болады?

Назарды аудартып, есте сақтау барысын қарапайым әрі еркін ете алатын не нәрсе?

Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істеу барысында олардың кейбіреуінің оқу әрекетіне құлықсыз қосылатындығы байқалды. Әдеттегідей мұндай балалардың есте сақтау қабілеті толық дамымаған, назар аударуы төмен, психикалық үдерістері айтарлықтай қозғалмайды. Сондықтан да балалар іздестіру әрекетіне қызықпайды және оның кез келген түрін әрең жоспарлайды, тапсырмаларды орындауға дайын емес, жоғары жұмысқа қабілеттілігімен ерекшеленбейді. Осы және өзге де себептермен бұл балалар тақпақ жаттауды, мәтіндердің мазмұнын айтып беруді, әңгіме құрастыруды жақсы көрмейді, есте сақтау тәсілдері мен әдістерін игермейді.

Сөзсіз, мектепке дейінгі жастағы балаларға баланың толық пікір айтуын жеңілдететін және қалыптасу барысына бағыттайтын қосымша құралдар қажет. Осындай құралдардың бірі — көрнекілік. Ұлы педагогтардың пікірлері негізінде өз тәжірибемде көрнекі материалдың тиімділігін ескере отырып, мен балалармен жұмыс істеуде ертегі арқылы тіл дамыту бойынша жаттау техникасы әдісін пайдалануды жөн көрдім.

Жаттау техникасының мақсаты

Ұлы орыс педагогы К. Д. Ушинский «балаға өзіне белгісіз қандай да бір бес сөз жаттатқызсаңыз, ол ұзақ әрі бекер қиналатын болады, алайда осындай жиырма сөзді суреттермен байланыстырсаңыз, ол оларды жылдам жаттап алады» деп есептеген.

Мектепке дейінгі жас – тілді меңгеру және тануға арналған маңызды сезімталдық кезең, сөздіктің белсенді даму уақыты.

Балалармен жұмыс істеу тәжірибесі оқыту үдерісінің олар үшін қызықты, ойын-сауық, дамытушылық түрінде болуы тиіс екенін көрсетеді, дұрыс таңдалған технологиялар тілді жетілдіруге, оның даму үдерісіне тиімді әсерін тигізеді.

Отандық психологтар С.Я. Рубинштейн, Л.В. Элькониннің көрнекілікті пайдалану туралы, психолог Л. С. Выготскийдің пікір айту жоспарын жасау туралы ережелерін негізге алып, осы жастағы баладағы негізгі бейнелі құралдар сезімталдық эталондары, әртүрлі нышандар мен белгілер екенін біле отырып, өз жұмысымда жаттау техникасының тәсілдері мен әдістерін қолданып көрдім және олардың тиімділігіне тез арада көзім жетті.

Заттарды, суреттерді қарау балаларға заттардың атын атауға, олардың сипаттамалық белгілерін, олармен жасалатын әрекеттерді атауға көмектеседі.

«Жаттау техникасы ертегі арқылы балалардың сөйлеу белсенділігін ынталандыру құралы ретінде» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесі ерекше маңыздылыққа ие, өйткені дамыған жүйелі сөйлеу – баланың мектепке дейінгі балалық шағындағы ең маңызды жетістіктерінің бірі.

Жұмыстың мақсаты:

  • балалардың тіл белсенділігін тудыру;
  • мектепке дейінгі жастағы балалардың жүйелі сөйлеуін қалыптастыру үдерісін жетілдіру;
  • біріккен және өзіндік әрекет етуде ертегілер арқылы жаттау техникасының тәсілдерін пайдалана отырып, дұрыс сөйлеттіру.
Жаттау техникасы деген не?

Жаттау техникасы – грек тілінде «есте сақтау өнері», еске сақталатын ақпараттың маңызды элементтерін білдіретін көру бейнелері арасындағы байланыстардың миға тікелей жазылуына негізделген «ішкі жазу» жүйесі.

Басқаша айтқанда, бұл — балалардың табиғат нысандарының ерекшеліктері туралы, қоршаған орта туралы білімдерін тиімді есте сақтауын, сәтті меңгеруін, әңгімелеу құрылымын тиімді жаттауды, ақпаратты сақтауды және айтуды, тіл дамытуды қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдер жүйесі.

Жаттау техникасы арқылы есте сақтау кезеңдері

  • Бейнелер түрінде кодтау.
  • Есте сақтау (екі бейнені біріктіру).
  • Бірізділікті есте сақтау.
  • Жадыға бекіту.
Жаттау техникасы не береді?
  • Сөздік қор ғана емес, қоршаған орта туралы білім де кеңейеді.
  • Мазмұнын айтып бергісі келеді, бала мұның мүлдем қиын емес екенін түсінеді.
  • Өлеңдер жаттау балаларға қатты ұнайтын ойынға айналады.
  • Бұл — мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың тиімді әдістерінің бірі.
  • Қолдың ұсақ моторикасы жетіледі.

Жаттау техникасының құралдары

Мнемоквадрат – бұл бір сөзді немесе қарапайым сөйлемді білдіретін жалғыз сурет.

Күн

Мнеможолақ – бұл сөйлем немесе 2-3 сөйлемнен кішігірім әңгіме құрауға болатын 3-4 суреттен тұратын шаршы.

Бұлттың арғы жағынан күн көрінді.

Қар астында орман ұйықтап жатыр.

Мнемокестелер есте сақтау үдерісін жылдамдатады, тіл әрекетін белсендендіреді, ойлауды, қиялдауды дамытады.

Осы әдістемені пайдаланғаннан бері топтағы балалардың сөйлеу жүйесі айтарлықтай жақсарғанын айта кеткен жөн:

  • балалар ертегінің дайын мәтінін ересектердің көмегінсіз жүйелі, бірізді және айқын жеткізе алатын болды;
  • олар жаттау техникасын пайдалана отырып, өздігінен сипаттамалық немесе баяндамалық әңгіме құрастырады;
  • тәрбиеленушілер сюжеттік желіні ертегінің мазмұнына сәйкес дамытады, жеке сөйлемдер мен сөйленім бөлімдерін баяндамалық мәтінге біріктіреді.

Әрбір ұйымдастырылған оқу қызметінде тіл тапсырмаларының кешенді шешілуі көзделеді, мұнда тақырып пен нақты тапсырмаларға қарамастан, бір мезгілде тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық аспектілерімен жұмыс жүргізіледі, жүйелі сөйлеудің машықтары қалыптасады.

Өз жұмысымда мнемокестелермен, сондай-ақ балалардың сөздік қорын байытуға арналған түйсіну кітаптарымен, пазлдармен, қуыршақ және саусақ ертегі-театрларымен жұмыс істеудің тиімді әдісін пайдаланамын, олар жаңа лексиканы бекітуге, диалог пен жүйелі мәтіндер құру қабілетін қалыптастыруға, сондай-ақ жеңіл әрі жылдам есте сақтауға әсерін тигізеді.

Мнемокестелермен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру ертегі арқылы балалардың сөйлеу белсенділігіне бағытталған тапсырмаларды шешуге әсерін тигізеді, атап айтқанда:

  • Кішігірім әдеби шығармалардың мазмұнын жүйелі түрде, бірізді және айқын айтып бере алуды дамыту.
  • Сөздікті байыту.
  • Ертегіні қабылдай білу, түсіну және эмоционалды үн қата білуін дамыту.
  • Қоршаған орта туралы ұғымын дамыту.
  • Халық шығармашылығына деген қызығушылыққа және сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
  • Өзіндік ойнау және шығармашылық қызметте ертегілік сюжеттерді пайдалануға ниеттендіру.

Мнемокестелер балаларға толығырақ етіп, логикалық және жүйелі түрде әңгіме құрастыруға немесе мәтінді мазмұндап беруге көмектесетін өзгеше жоспар болып табылады.

Сондай-ақ балалар бұл ертегілерді драмалай отырып, лексика мен грамматиканы жеңіл меңгереді, өздерінің зияткерлік және тілдік мүмкіндіктерін жүзеге асырады. Ал халық ертегілерін пайдалану мектеп жасына дейінгі балалардың тіл белсенділігі мүмкіндіктерін анықтауға, мектеп жасына дейінгі балаларды тіл дамыту бойынша оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыруға және мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың негізгі әдістерін анықтауға көмектеседі.

Ең алдымен тіл дамыту бойынша пәндік-кеңістіктік дамыту ортасы құрылды:

  • тіл дамыту орталықтары, театрланған қызмет, тілдік ойындар картотекасы толықтырылды;
  • жүйелі сөйлеуді дамыту бойынша жаттау техникасының әдістері мен тәсілдеріне бірте-бірте өтуге әсер ететін ойындар, жаттығулар енгізілген перспективалы жоспар әзірленді.

Жаттау техникасы бойынша өз жұмысымды қарапайымнан қиынға қарай құрамын. Балалармен жұмыс істеуді оларды қарапайым мнемоквадраттармен таныстырудан бастаймын. Мысалы, үй құстары мен жануарларын белгілеу үшін үй пайдаланылады, ал жабайы жануарлар мен құстарды белгілегенде шырша пайдаланылады. («Жабайы және үй жануарлары» жіктемесі).

Балалар сөзді шартбелгімен көрсетуді біртіндеп түсіне бастайды. Содан кейін біртіндеп мнеможолақтарға көшуге болады. Сөз тіркестерін кодтай отырып, балалар нышандарды есте сақтайды және ақпаратты сыртқа шығарады. Бұдан кейін мнемокестелерге көшемін.

3-5 жастағы балаларға түрлі-түсті мнемокестелерді беру қажет, өйткені баланың жадында түрлі-түсті бейнелер тез сақталады. Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға түрлі-түсті суреттерге алаңдамауы үшін қара-ақ түсті кестелерді беру керек.

Кестедегі ұяшықтар саны мәтіннің құрылымына және мөлшеріне, сондай-ақ баланың жасына байланысты болады.

Жаттау техникасының тәсілдерін пайдалану барысында сұлбалар мен үлгілер өзгеріп және жетілдіріліп отырды. Өзім жұмыс істейтін балалардың тіл дамыту деңгейі мәселесін ескере отырып, жаңа, өзіндік бірдеңе ойлап тапқым келді.

Педагогтар Т. В. Большова, Е. Е. Васильеваның жұмыс тәжірибелеріне сүйене отырып, өлеңдерді жаттауға, ойыншықтар, жануарлар, ыдыс-аяқ, киім туралы сипаттамалық әңгімелер құрастыруға арналған, сондай-ақ әңгімелер мен ертегілердің мазмұнын айту кезінде пайдаланылатын мнемокестелерді әзірледім.

Менің тәрбиеленушілерім өте икемді және жеңіл үйренеді, бірақ кей кезде ұйымдастырылған оқу қызметі уақытында олардың назарын сақтау қиын болады, ал мнемокестелерді құру және оларды қайта кодтау балалардың қызығушылығын арттырып, бұл тапсырманы шешуге көмектеседі.

Сызбалар балаларға:

  • әңгіменің құрылымын және оның бірізділігін;
  • лексикалық грамматикалық толымдылығын құруға көмектеседі.

Күтілетін нәтижелер:

  • бала жеткілікті түрде ауызша сөйлеуді меңгереді;
  • өзінің ойы мен тілектерін айта алады;
  • әңгімелесу жағдайында өзінің ойын, сезімі мен тілектерін білдіру, тілдік сөйленімді құру үшін сөйлеуді пайдалана алады;
  • сөздердегі дыбыстарды ажырата алады;
  • бала сауаттылығының алғышарттары қалыптасады.

Жаттау техникасының тәсілдері мен әдістерін пайдалану арқылы балалардың тілін дамыту бойынша жүйелі жұмыс оң нәтижесін берді:

  • балалардың қоршаған орта туралы түсінігі кеңейеді;
  • жүйелі сөйлеу қалыптасады;
  • назар аудару, жады, логикалық және бейнелі ойлау деңгейі артады;
  • балалар әңгіме құрастырып үйренді, бұл оларға мектепте білім алу кезінде жетістікке жетуге мүмкіндік береді және олардың әрі қарайғы зияткерлік және жеке дамуына әсер етеді.

Тәрбиешілерге арналған бірнеше ереже, оларды сақтаған кезде сабақ барынша пайдалы өтеді:

  • Жаттау техникасы бойынша сабақ міндетті түрде конспектілерде немесе технокарталарда көрсетілуі тиіс.
  • Жаттығуды мнемоквадраттардан бастайды, кейін мнемотізбекке және содан кейін кестелерге өтеді.
  • Сурет есте сақталып қалатындай міндетті түрде ашық, анық болуы керек.
  • Бір оқу құралындағы шаршылар саны тоғыздан артық болмауы тиіс. Бұл мектеп жасына дейінгі баланың қабылдауы үшін ең жоғарғы сан болып табылады.
  • Бір күннің ішінде екіден артық мнемокесте пайдаланбаған дұрыс.
  • Егер осы әдістемені күнделікті қолдануды ұйғарсаңыз, онда суреттемелерді ауыстырып отыру қажет.

     
 
Дұрыс жауап үшін жұлдызша. Звезда за правильный ответ
Өзінді тексер!
Қате! Неправильно!
Дұрыс! Правильно!
Жауаптың қай нұсқасы жаттау техникасының құралы болып табылмайды?
Жаттау техникасының құралы
Мнемоквадрат – бұл бір сөзді немесе жай сөйлемді білдіретін жалғыз сурет.
Мнеможолақ – бұл сөйлем немесе 2-3 сөйлемнен кішігірім әңгіме құрауға болатын 3-4 суреттен тұратын шаршы.
Мнемоквадрат
Мнемосәуле
Мнеможолақ