ещё
свернуть
Все статьи номера
№4, 2025
ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫП

Жаңа форматтағы ашық есік күні туралы ереженің үлгісі

Мектепке дейінгі ұйымда ата-аналарға арналған ашық есік күнін өткізу туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ашық есік күні туралы ереже «____________» МКҚК (бұдан әрі – МДҰ) Жарғысына, даму бағдарламасы мен жылдық жоспарына сәйкес әзірленді.

1.2. Ашық есік күнін өткізудің шеңберінде ереже педагогикалық ұжымның, ата-аналар мен қоғам өкілдерінің қызметін реттейді.

1.3. МДҰ қаражатының есебінен өткізілетін ашық есік күнінің жоспарына кіретін іс-шаралар.

1.4. Ашық есік күні МДҰ-ның жылдық жұмыс жоспарына және бекітілген кестеге сәйкес жылына кем дегенде екі рет өткізіледі.

2. Ашық есік күнінің мақсаттары мен міндеттері

2.1. Ашық есік күнінің мақсаттары – МДҰ-ның оң беделін қалыптастыру, ата-аналарға материалдық-техникалық, кадрлық ресурстар, топ балаларының балабақшаға келу жағдайы туралы, сондай-ақ қосымша білім беру қызметтері мен тамақтандыруды ұйымдастыру туралы ақпарат беріңіз.

2.2. Міндеттері:

  • педагогикалық ұжымның балалардың ата-аналарымен және қоғам өкілдерімен тиімді қарым-қатынасына жағдай жасау;
  • ата-аналарды МДҰ қызметінің мақсаттары мен міндеттерімен, педагогикалық ұжымның тәрбиеленушілермен және олардың отбасымен жұмыс жүйесімен таныс- тыру;
  • әр отбасының жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктері мен мұқтаждықтарын ескере отырып, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беруді қамтамасыз ету;
  • мектепке дейінгі ұйымға келу кезеңінде балаларды бірлесе тәрбиелеу мен үйлесімді дамыту міндеттерін белгілеу;
  • бақшаішілік дәстүрлер қалыптастыру;
  • МДҰ-ның әлеуметтік ортамен кері байланысын іске асыру.

3. Қатысушылар

3.1. Ашық есік күнінің шеңберіндегі іс-шараларға ата-аналар мен кіші және мектепке дейінгі жастағы балалар, өзге қоғам өкілдері қатысады.

3.2. МДҰ меңгерушісі, әдіскер, педагогтер: топ тәрбиешілері, педагог-психолог, логопед мұғалім, дефектолог мұғалім, музыка жетекшісі, дене шынықтыру бойынша нұсқаушы, қосымша білім беру педагогтері ұйымдастырушылар, сондай-ақ ашық есік күні іс-шараларына тікелей қатысушылар рөлін атқарады.

4. Ашық есік күнін ұйымдастыру және өткізу

4.1. МДҰ меңгерушісі ашық есік күнінің шеңберіндегі іс-шаралар кестесін бекітеді: іс-шаралар өтетін күнді, уақытты, орынды және жауапты тұлғаларды.

4.2. МДҰ әдіскері ашық есік күнінің шеңберіндегі іс-шараларға дайындық пен өткізуге қатысады, сондай-ақ педагогтерге дайындық барысына көмек көрсетеді.

4.3. Педагогтер жоспарлы іс-шаралардың тақырыбы мен мазмұнына қарай ашық есік күніне қатысады.

4.4. Ашық есік күні екі форматта ұйымдастырылуы мүмкін: бекітілген жоспар бойынша офлайн-режимде; МДҰ-ға келуді шектеу жағдайында онлайн-режимде (мысалы, карантинге байланысты).

4.5. Ашық есік күні төрт кезеңмен өтеді:

  • 1-ші дайындық кезеңінде – ашық есік күнінің тақырыбын белгілейді, оны өткізу жоспарын әзірлейді және бекітеді;
  • 2-ші ұйымдастырушылық кезеңде – меңгеруші мен әдіскер ашық есік күнін өткізу бойынша атқарымдық міндеттерді педагогтер арасында бөледі; іс-шара туралы ақпаратты стендке, МДҰ сайтына, БАҚ-қа жариялайды; ата-аналар мен өзге қоғам өкілдері үшін шақыртуларды ресімдейді және таратады; педагогтер көрнекі және үлестірме ақпаратты ресімдейді, балалармен жұмыс нысандары мен әдістері туралы презентациялар, білім беру қызметінің видеожазбалары мен видеопрезентациялар дайындайды;
  • 3-ші іс-тәжірибелік кезеңде – МДҰ қызметкерлері меңгеруші мен әдіскердің жетекшілігімен ашық есік күніне қатысушыларды қарсы алады, тіркейді және шығарып салады, оларды балабақшамен таныстырады және жоспар бойынша іс-шараларды өткізеді;
  • 4-ші қорытынды кезеңде – меңгеруші мен әдіскер педагогикалық кеңес отырысында ашық есік күнін қорытындылайды.

4.6. Ата-аналар мен өзге қоғам өкілдері ашық есік күніне қатысуға өтінімді телефонмен, электронды почтамен немесе МДҰ сайты арқылы алдын ала жібереді.

4.7. Өтінімдердің негізінде әдіскер ойлайн-қатысушылар тобын жасақтайды (әр топтағы қатысушы саны 15 адамнан аспауы тиіс).

4.8. Онлайн-режимдегі ашық есік күніне қатысушылар саны шектеусіз.

4.9. Жауапты педагогтер ата-аналардың ашық есік күнінің шеңберіндегі іс-шараларға қатысуы кезінде тәртіп пен қауіпсіздік шараларын сақтауын қадағалайды.

5. Іс-шараларды өткізу нысандары

Ашық есік күнінің шеңберінде мына мақсатта түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады:

  • ата-аналарды МДҰ-ның материалдық-техникалық ресурсымен және дамыту ортасымен таныстыру: балабақша үй-жайлары мен аумағына экскурсия; әңгімелесулер;
  • МДҰ жұмыс тәжірибесін ұсыну: меңгеруші мен әдіскердің сөзі; тәрбиеленушілердің ата-аналарының сөзі; презентациялар; видеороликтер; балалармен бірге өткізілген білім беру қызметінің ашық көрсетілімдері; концерттер, тәрбиеленушілер мен педа- гогтердің қатысуымен спектакльдер; балалар қолөнерінің көрмесі;
  • консультативтік көмек көрсету және ата-аналардың педагогикалық біліктілігін арттыру: консультациялар, шеберлік сағаттары, пікірталастар, педагогикалық қонақ бөлмелер; оқулықтардың, балалар мен педагогикалық әдебиеттердің көрмесі;
  • ата-аналар мен болашақ тәрбиеленушілерді білім беру қызметіне тарту: ойын-сауықтар, өнімді қызмет, шеберлік сағаттары;
  • кері байланыс ұйымдастыру: сауалнама, сауалдама алу.