ещё
свернуть
Все статьи номера
№1, 2016
НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР

«Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығы (02.07.2015 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 29–1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесі бекітілсін.

2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж. А. Жонтаева):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М. Н. Сарыбековке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр  Б. Жұмағұлов 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 514 бұйрығымен бекітілген

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесі

ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2013 ж. № 175 бұйрығымен 1-бөлім өзгертілді

1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар:

1) Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазақ диаспораларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім ана тілім» атты халықаралық олимпиада;

2) Қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасы;

3) Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы;

4) Математикадан Батыс Қытай олимпиадасы;

5) Математикадан Балқан олимпиадасы;

6) Жасөспірімдер арасындағы Балқан математикалық олимпиадасы;

7) Халықаралық математикалық олимпиада (IMO);

8) Математика, информатика, физика және химия пәндері бойынша «Туймаада» халықаралық олимпиадасы (Саха Республикасы, Якутия);

9) Оқушылардың химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасы;

10) Химия пәні бойынша халықаралық олимпиада (ICHO);

11) Физикадан халықаралық олимпиада (IPHO);

12) Физикадан Азия олимпиадасы (APHO);

13) Биологиядан халықаралық олимпиада (IBO);

14) Информатикадан халықаралық олимпиада (IOI);

15) Физикадан халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы;

16) Географиядан халықаралық олимпиада;

17) Мамандандырылған мектеп оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндері бойынша халықаралық Жәутіков олимпиадасы;

18) Халықаралық лингвистикалық олимпиада;

19) ҚР Білім және ғылым министрлігінің 12.11.2014 ж. № 460 бұйрығымен алып тасталды;

20) Информатикадан Еуразиялық олимпиадасы (ШЫҰ елдері арасында);

21) ҚР Білім және ғылым министрлігінің 12.11.2014 ж. № 460 бұйрығымен алып тасталды;

22) «Адам-Жер-Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жалпыресейлік олимпиадасы.

ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2013 ж. № 175 бұйрығымен; 12.11.2014 ж. № 460 бұйрығымен; 02.07.2015 ж. № 434 бұйрығымен 2-бөлім өзгертілді

2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстары):

1) Ғылым мен техника бойынша халықаралық жарыстар (Іntel ISEF);

2) Компьютерлік жобалар бойынша халықаралық жарыстар («INFOMATRIX – ASIA»);

3) ҚР Білім және ғылым министрлігінің 12.11.2014 ж. № 460 бұйрығымен алып тасталды;

4) Экология және биология бойынша жобалардың халықаралық жарыстары (INEPO);

5) Ғарыштық зерттеулер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық ғылыми жарыстар;

6) ҚР Білім және ғылым министрлігінің 12.11.2014 ж. № 460 бұйрығымен алып тасталды;

7) Халықаралық ғылыми конкурстар («Математика және жобалау», «Жас ғалым», «MOSTRATEC», «I-SWEEP»);

8) Жас өнертапқыштар халықаралық ғылыми жобалар олимпиадасы;

9) Ө. Жолдасбеков атындағы математикадан және механикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсы;

10) ҚР Білім және ғылым министрінің 02.07.2015 ж. № 434 бұйрығымен алып тасталды;

11) ҚР Білім және ғылым министрлігінің 12.11.2014 ж. № 460 бұйрығымен алып тасталды.

ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2013 ж. № 175 бұйрығымен 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда; ҚР Білім және ғылым министрлігінің 12.11.2014 ж. № 460 бұйрығымен 3-бөлім жаңа редакцияда

3. Республикалық ғылыми жобалар конкурстары:

1) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстары).

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 12.11.2014 ж. № 460 бұйрығымен 4-бөлім өзгертілді

4. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар:

1) Қазақ тілі және әдебиеті;

2) Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;

3) Орыс тілі және әдебиеті;

4) Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;

5) Қазақстан тарихы; Дүниежүзі тарихы;

6) Ағылшын тілі;

7) Неміс тілі;

8) Француз тілі;

9) Математика;

10) Информатика;

11) Физика;

12) Химия;

13) Биология;

14) География;

15) Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден Президенттік олимпиада;

17) «Әл-Фараби» республикалық олимпиадасы;

18) Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада.

6. Орындаушылардың халықаралық конкурстары:

1) Скрипкашылардың халықаралық конкурсы;

2) Пианистердің халықаралық конкурсы;

3) Халықтық, үрмелі және ұрмалы аспаптарда орындаушылардың халықаралық конкурсы;

4) Орындаушылардың «Астана-Мерей» халықаралық конкурсы;

5) FIDOF (ЮНЕСКО) ұйымында тіркелген орындаушылардың халықаралық конкурсы;

6) Музыкалық колледждері орындаушыларының халықаралық конкурсы.

ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2013 ж. № 175 бұйрығымен 7-бөлім өзгертілді

7. Орындаушылардың республикалық конкурстары:

1) Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары оқушыларының арасындағы Қазақстанның жас орындаушыларының республикалық конкурсы;

2) Музыкалық колледждері орындаушыларының республикалық конкурсы.

8. Халықаралық спорттық жарыстар:

1) Жазғы Олимпиада ойындары;

2) Қысқы Олимпиада ойындары;

3) Жазғы Азия ойындары;

4) Қысқы Азия ойындары;

5) Жабықжайлардағы Азия ойындары;

6) ТМД және Балтық елдері арасында жасөспірімдердің халықаралық спорттық ойындары;

7) Спорт түрлері бойынша жасөспірімдер және жастар арасындағы Әлем (Азия) чемпионаты;

8) Жастар арасындағы бүкіл әлемдік олимпиада ойындары.

9. Республикалық спорттық жарыстар:

1) Қазақстан Республикасының мектеп және колледж оқушыларының жазғы Спартакиадасы;

2) Қазақстан Республикасының мектеп және колледж оқушыларының қысқы Спартакиадасы;

3) Қазақстан Республикасының спорт түрлері бойынша (біріншіліктер) чемпионаттары.

10. «Үздік мамандығы бойынша» халықаралық кәсіби шеберлік конкурстары:

1) механизатор;

2) автомеханик;

3) дәнекерлеуші;

4) фермер;

5) әрлеуші;

6) монтажшы-құрылысшы;

7) тамақтандыру кәсіпорнының маманы;

8) аспазшы;

9) стропальщик;

10) ұста;

11) токарь;

12) шаштараз;

13) визажист;

14) тігінші;

15) мұнайшы;

16) байланысшы.

11. «Үздік мамандығы бойынша» республикалық кәсіби шеберлік конкурстары:

1) механизатор;

2) автомеханик;

3) дәнекерлеуші;

4) фермер;

5) әрлеуші;

6) монтажшы-құрылысшы;

7) тамақтандыру кәсіпорнының маманы;

8) аспазшы;

9) стропольщик;

10) ұста;

11) токарь;

12) шаштараз;

13) визажист;

14) тігінші;

15) мұнайшы;

16) байланысшы