Шығармашылық жоба
Жобаның ақпараттық картасы
Құрастырғандар:
Жоба түрі: қысқамерзімдік, бірлескен, шығармашылық.
Ойын уәждемесі: мерекелік көңіл күй қалыптастыру.
Жобаға қатысушылар: мектепке дейінгі ересек жастағы балалар, тәрбиешілер, ата-аналар.
Ұзақтығы: 20___ ж. «___» ________ бастап «___» ________ дейін.
Өзектілігі. Осы жоба балаларды халық мерекелерімен таныстыруға бағытталған. Балалар халық және ұлттық мерекелердің шығу тарихы, олардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жөнінде аз біледі. Қандай сыйлық сыйлауға болатынын қалай білу керек? Мерекеде өзіңді қалай ұстау керек? Бір мерекенің басқасынан айырмашылығы қандай? Біздің жобамыз балалар мен ата-аналардың мерекенің тікелей мүшесіне айналуына, мереке алдындағы эмоциялар мен әсерлердің толқынына толық енуіне мүмкіндік береді.
Мақсаты:
- бағдарламаның физикалық, көркем-эстетикалық, танымдық, әлеуметтік-коммуникативтік, тілдік білім беру салалары арқылы ересектер мен баланың бірлескен шығармашылық қызметін дамыту;
- балалардың басқа ұлт өкілдерінің өміріне, олардың мәдениетіне, әдет-ғұрыптарына, өнеріне деген қызығушылығын қалыптастыру;
- отбасының мәртебесін, балалар мен ата-аналардың шығармашылық одағының беделін көтеру;
- «ҚР Тәуелсіздік күні» мерекесі туралы білімді кеңейту.
Дайындық жұмысы: тәуелсіз Қазақстан туралы презентациялар мен бейнебаян дайындау, республиканың 25 жылда дамуы туралы, ақпарат жинау, кітап көрмесі.
Негізгі міндеттері:
- «ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі» ұғымын түсіндіру, оның өзіндік ерекшеліктерін айқындау: атрибутикасын, адамдардың көзқарасы мен көңіл күйін, әдептілік қағидаларын, дәстүрлерін;
- мерекеге дайындыққа қатысуға деген ниетін тудыру (топ ғимаратын безендіру, ҚР-на арналған оқу құралдарын, қол бұйымдарын, фотогазеттер шығару, балалар шығарған еліміз туралы әңгімелер, өлеңдер мен жұмбақтар кітабы, балабақша балаларының, ата-аналары мен қызметкерлері суреттерінің альбомын жасау, олардың Тәуелсіздік күнін тойлау туралы пікірлерін жинау);
- ата-аналарды мерекеге дайындықтың белсенді мүшелері ретінде топтың өміріне тарту;
- тіл шығармашылығы арқылы мереке туралы түсініктерін тереңдетудің негізінде балалардың сөздік қорын кеңейту және белсендіру.
Күтетін нәтижелер:
- мереке туралы, оның ерекшеліктері, тойлау дәстүрі туралы білімдері мен түсініктерін нығайту;
- мереке туралы түсініктерін тереңдету мен жалпылаудың негізінде, сондай-ақ әңгімелермен, өлеңдермен танысу барысында тілдік қорды кеңейту және белсендіру;
- әртүрлі қарым-қатынас жағдаяттарында байланысты сөйлеудің қалыптасқан дағдыларын қолдану;
- жобаны іске асыру барысында, әртүрлі қызмет түрлерінде жинақталған білімді көрсету (бейнелеу, театрландырылған, ақыл-ой, ойын, тілдік қызмет);
- балалар мен ата-аналардың дайындыққа белсенді қатысуы.
Шыққан нәтиже:
- нәтижесінде балалардың мереке туралы білімі мен түсініктері толықты, жүйеленді;
- мереке туралы түсінікті тереңдету мен жалпылаудың, сәйкес тақырыптағы әңгімелермен, өлеңдермен, мақал-мәтелдермен, жұмбақтармен танысу барысында балалардың сөздік қоры кеңейді және жанданды;
- өз бетімен шығармашылықпен айналысуға деген ниеті қалыптасты: мереке туралы жұмбақтар мен шағын әңгімелер құрастыру, оларды иллюстрациялау, ортақ жобамен бірлесе жұмыс істеу;
- ата-аналардың басым бөлігі жобаны іске асыруға белсене қатысты.
Жобаның өнімдері:
- «Менің сүйікті қалам» газеті;
- «Бір шаңырақ астында» мерекелік ертеңгілігі;
- балалар мен ата-аналарға арналған «Менің елім туралы әңгімелерім» тіл шығармашылық кітабы;
- балалар мен ата-аналардың мерекеден алған әсерлері туралы пікірлері мен суреттері жинақталған альбом.
Жобаны ресурстық қамтамасыз ету
Материалдық-техникалық жарақтандыру:
- фотоаппарат, компьютер;
- балалар көркем шығармашылығына арналған жинақ (ватман, түрлі түсті қағаз бен картон, желім, фломастерлер, түрлі түсті қарындаштар, бояулар);
- мереке туралы иллюстрациялар;
- залды безендіру;
- жоба жоспарының сызбасы;
- көркем шығармаларды таңдау.
Әдістемелік оқу құралдары:
- қыс пен мереке туралы жұмбақтар, өлеңдер, ертегілер мен әңгімелер жинағы;
- балалармен ұйымдасқан қызметтің конспектілері.
Жобаны іске асыру жоспары
Дайындық кезеңі:
- жобаның тақырыбын анықтау;
- жобаның мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау;
- жобаның негізгі кезеңін іске асыру жоспарын құрастыру;
- жобаға қажетті, ақпараттық, көрнекілік және техникалық материалды таңдау;
- ата-аналарды жобаның міндеттері мен мазмұны жөнінде, ақпараттандыру.
Негізгі, ұйымдық-практикалық кезең:
- өлеңдерді, әндерді, билерді жаттау;
- «Менің отбасым – менің байлығым», «Қазақстан балалар көзімен» атты балалар суреттерінің көрмесі;
- қол бұйымдарын жасау;
- «Менің сүйікті елім» альбомын дайындау;
- «Қазақстан – достық мекені» фотогазетін шығару;
- «Астана – еліміздің бас қаласы», «Туған жер», «Алматы – менің сүйікті қалам» атты тақырыптық сабақтар мен сұхбаттар;
- «Менің елім – Қазақстан Республикасы» сюжеттік картиналары бойынша сипаттау әңгімелерін құрастыру;
- сәйкес тақырыпқа ертегі, әңгіме, жұмбақ шығару;
- «Менің елім туралы әңгімелерім» балалардың тіл шығармашылығы кітабын шығару;
- дидактикалық ойындар;
- «Тап және ата» ауызекі ойындары және т. б.;
- қимылды ойындар (қазақ халық ойындары);
- мереке туралы әңгіме оқу;
- мультфильм қарау;
- Тұңғыш Президент саябағына, қала мұражайларына экскурсиялар.
Отбасымен өзара әрекеттестік:
- «Менің сүйікті қалам» газетін безендіру;
- бірлескен шығармашылық: қол бұйымдарын жасау;
- «Мерейтойды атап өтуге дайындаламыз» консультациясы;
- «Менің сүйікті ойыншықтарым» шеберлік сыныптары;
- топты безендіру.
Аяқтаушы кезеңі: «Бір шаңырақ астында» мерекелік ертеңгілігі.
Презентация
- сәйкес тақырыпқа арналған бала-ата-ана шығармашылық жұмыстарының көрмелері (конкурсты қорытындылау, жоба бойынша безендіру);
- «Қазақстан – достық мекені» фотогазеттері;
- «Менің сүйікті елім» балалардың тілдік шығармашылығы кітаптары мен балалардың мерекеден алған әсерлері бейнеленген және жеткізілген альбомдар.
Осы жобадағы қызмет өнімдері:
- сабақ кезінде орындалған жұмыстар;
- ата-аналармен бірге жасалған қол бұйымдары;
- ойын-сауық және жасалған жұмыс үшін марапаттау;
- балалардың тілдік шығармашылығы альбомдары мен кітаптары.
Педагог қызметінің өнімдері:
- жоба бойынша презентацияларды безендіру;
- көрмелерді ұйымдастыру;
- фотоальбом мен фотогазетті безендіру;
- балалардың тілдік шығармашылығы кітаптары.
