Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
Сабақта функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – оқушылардың біліктілігін дамытудың маңызды шарты. Баланың қазіргі әлемге бейімделуіне дәл осылар көмектеседі. Әсіресе бұл жаңартылған білім берудің қазіргі тенденциялар тұрғысынан ол өзін-өзі ұйымдастыру, рефлексия, өз бетімен білім алу, мәселелі жағдайларды шешу, құнды пайымдар мен өз ұстанымын жеткізу, ынтымақтастық пен қатынас жүйесінің қалыптасуын айқындайды.
Қазіргі тарих пен қоғамтану курстарының мазмұны білім алушыларды қазіргі қоғамда өмір сүруге дайындауға қажетті бөлімдер мен тақырыптарды қамтиды. Интерактивті технологиялар оқушылардың өткен және қазіргі оқиғалардың өзара байланысын көруіне, қоғам дамуының қандай да бір аспектісіне сыни тұрғыдан қарауға, қазіргі әлемнің қиындықтары мен қателіктеріне қарсы тұруға, пікірсайыста өз ұстанымын білдіруге, қазіргі адам қарым-қатынасқа түсетін саяси және экономикалық ортаның маңыздылығын көруге, оқиғалар мен құбылыстарды объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Маған алған білімімді практикалық кеңістікке ауыстыруға тұлғалық бағдарланған технологиялар, сыни ойлау технологиялары, интерактивті әдістер мен тәсілдер көмектеседі. Олар оқушыларға тұлғалық тарихи тәжірибені ұғыну процесін сауатты ұйымдастыруға көмектеседі.
Менің ойымша, ең тиімділерінің бірі оқудың зерттеушілік әдісі болып табылады. Себебі жобаны дайындау кезінде оқушы шешім қабылдауды, мақсат қоюды үйренеді және өз іс-әрекеттері мен қызметінің бағытын (құнды-мағыналық біліктілік) айқындайды, командамен жұмыс істейді, басқа адамның ұстанымын қабылдайды және құрметтейді (жалпымәдени біліктілік), жұмысқа қажетті материалды өз бетімен табады, жоспар құрастырады, бағалайды және талдайды, тұжырым жасайды және өз қателері мен жолдастарының қателерінен сабақ алады (оқу-танымдық біліктілік). Бұл ретте оқушы қазіргі ақпарат құралдары мен ақпараттық технологияларды меңгереді (ақпараттық біліктілік), өзін және өз жұмысын таныстыруды, өзінің пікірін жеткізуді, пікірталас жүргізуді, дәлелдеуді, сұрақ қоюды үйренеді (коммуникативтік біліктілік).
Жоғары сынып оқушысы өз жобасымен жұмыс істеу арқылы тұлға болуға машықтанады, бұл ретте өзі орындайтын еңбектің маңызы мен қажеттілігін түсінеді (әлеуметтік-еңбек біліктілігі мен тұлғалық өзін-өзі жетілдіру). Жолдастарының жұмысын бағалау арқылы объективтілікті үйренеді. Түлек тұлғасының қалыптасуында рефлексия маңызды рөл атқарады.
Қоғамтану бойынша кіріспе сабақта біз меңгеретіндер туралы ғана айтпаймыз, сонымен бірге әлемнің қазіргі жағдайын талдаймыз. Әр оқушы қоғамға білімнің не үшін қажет екендігі туралы өз пікірін жеткізеді. Сонымен бірге оқушылар пікірлерін талдай келе, қоғамның қиындықтарының бәрі біржақты әрі жеңіл шешуге болмайтынын анықтайды. Сондықтан біз мәселелерді шешу бірегейлігі өлшемшарттарын бірге әзірлейміз – бұл ізгіліктілік. Дінтану сабағындағы кез келген жағдайдың аса маңызды өлшемшарты ретінде оқушылар толеранттылықты ұсынады – көпұлтты Қазақстан үшін аса маңызды фактор. Алдағы сабақта даулы тұстары осы ұғымдардың призмасы арқылы қарастырылады. Бұл оқушылардың адамзат өркениетінің басты құндылығы – өмір сүру бірегейлігін меңгеруіне көмектеседі, адамгершілікті қалыптастырады, баланы қарама-қайшы әлемде өмір сүруге бейімдейді.
Мәлімет үшін
Негізгі біліктіліктер жеке қызмет тәжірибесінде қалыптасады, сондықтан сабақты балалардың қалыптасуына ықпал етуші жағдайда болатындай етіп құру керек.
Бұдан әрі ұсынылатын жеке тәжірибе оқушылардың танымдық қызметін іс жүзінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді, тұрақты қызығушылықтарын дамытады, дербес қызмет дағдыларын қалыптастырады.
Мәселелі оқыту технологиясы мәселелерді шешу бойынша дербес қызметті белсендіруді талап етеді, сыни ойлау дағдыларына, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
Сабақта мәселелі жағдай құруға ықпал етуші әдістемелік тәсілдер мен нысандар
- Оқу қарама-қайшылығын қалыптастыру және оны оқушылардың шешу тәсілін іздеуді ұйымдастыру. Өткізу нысаны: «Ашық мінбер».
- Қоғамның саяси өмірін зерделеу кезінде У. Черчиллдің демократия туралы ойына талдау жасайды: «Демократия – нашар дүние, бірақ бұдан жақсысын адамзат әлі таппады». Оқушылар осы режимнің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетеді, тарихи деректерді талдайды, осы мәселе бойынша түрлі философтардың көзқарасын жеткізеді, өз көзқарасын тұжырымдайды және дәлелдейді.
- Бір мәселе бойынша түрлі көзқарасты жеткізу. Өткізу нысаны: «Дөңгелек үстел».
- Дінтану курсында біз діннің қоғамдағы рөлін анықтаймыз. Оқушылар деректерді талдайды, келесі пайымдауларды дәлелдейді немесе жоққа шығарады.
Мәлімет үшін
Руханилық пен адамгершілік тақырыбын талқылай отырып, мына пікірді талқылауға болады: Қытайда балаларының еңбегі үшін ата-аналарын құрметтейді, ал бізде керісінше. Адамгершілікті тұрғыдан қайсысы дұрысырақ?
- Ғылымның қарқынды дамуына қарамастан дүниежүзінде дінді ұстанушылар азаймайды.
- Өмір сүру мен білім сапасы жоғары елдерде дінді ұстанушылар аз. Өз тұжырымдарын жасайды.
- Оқушыларға құбылысты әр тұрғыдан қарастыру ұсынысы. Өткізу нысаны: «БҰҰ клубындағы кездесу».
- Толеранттылық дегеніміз не? Бөтен құндылықтарды көзсіз көшіру мәселесінде толеранттылықтың рөлі қандай? Өмірдегі барлық құбылысқа толерантты тұрғыдан келуге тиіспіз бе? (Түрлі көзқарас)
- Тоталитаризм – еркіндік пен демократияның болмауы. Бұл режим қай кезеңде және қашан оң әсер етті?
- Жоғары сынып оқушыларын өз бетімен нақты жағдайлар туралы салыстырулар, жалпылаулар, тұжырымдар қалыптастыруға, деректерді салыстыруға ынталандырамын. Өткізу нысаны: «Пікірсайыс әткеншегі».
Кез келген тақырып бойынша жалпылау сабақтарын өткізудің ең танымал нысаны конференция-брифинг болып табылады, мұнда оқушылар өздерін «журналист» рөлінде – сұрақтар қояды, «сарапшылар» рөлінде – сұрақтарға жауап береді, «талдаушылар» рөлінде байқап көреді – алдыңғы екі топтың жұмысына талдау жасайды және бағалайды және әр қатысушыға қорытынды балл қояды.
Бағалау парағы
№ | Оқушының аты-жөні | Төмен деңгейі «3» Кім? Не? Қанша? Қандай? Қашан? Қайда? Айтып беріңдер… Анықтама беріңдер | Орташа деңгейі «4» Мысал келтіріңдер… Неліктен? Мәні неде? Себебін түсіндіріңдер… Салдарын түсіндіріңдер… Салыстырыңдар… | Жоғары деңгейі «5» Дәлелдеңдер…, негіздеңдер… Егер … болса, не болатынын болжаңдар | Жалпы балы | |||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Сұрақ «Журна- листер» | Жауап «Сарап- шылар» | Сұрақ «Журна- листер» | Жауап «Сарап- шылар» | Сұрақ «Журна- листер» | Жауап «Сарап- шылар» | |||
1 | ||||||||
2 | ||||||||
3 | ||||||||
4 … |
Мәлімет үшін
Іскерлік және рөлдік ойындар, пікірсайыстар мен пікірталастар қолданылатын сабақтар қызықты өтеді: таңдау құқығы, саяси көшбасшылық, қазіргі қоғамдағы отбасының рөлі. Конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысу дербес жұмыс дағдыларын дамытады, ал пікірсайыстарға қатысу, топпен жұмыс, өз көзқарасын жеткізу оқушыларға талдау жасауды, бүгінгі күнмен салыстыру жасауды үйретеді.
Ең қиын сұрақ
Ең қызықты сұрақ
Талдаушының аты-жөні
Осылайша, сабақта мәселелі (жағдайды) тапсырмаларды қолдану тапқырлықты, байқампаздықты, бейстандартты шешімдерге қабілеттілікті, мәселелі пайымды, ақыл-ой икемділігін, ұтқырлықты, ақпараттық және коммуникативтік мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың оқу-танымдық біліктіліктерді меңгеру деңгейін осындай сабақта көруге болады деп ойлаймын: әлеуметтік және азаматтық қасиеттерінің қалыптасуы, коммуникабельділік, толеранттылықты, отансүйгіштікті көрсету.
Осы жұмыс нысандары ізгілікті бағытымен ерекшеленетін, білім беру процесінің субъектісі ретінде оқушының еркін әрі шығармашылық дамуын мақсат етіп қоятын тұлғалық бағдарланған үлгіге сәйкес келеді.
