ещё
свернуть
Все статьи номера
№1, 2021
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

Білім алушының қабілетін анықтауға арналған «Қызығушылықтар картасы» әдістемесі

Баланың қабілеті мен дарынының ерекшелігін әділ бағалау үшін «Қызығушылықтар картасы» әдістемесін қолданыңыз. Бастауыш сынып оқушыларының басым бөлігінің қызығушылығы нақты сараланбағанын әрі тұрақсыз екенін ескеріңіз. Бірақ бұл оларды зерттеуге себеп болмайды. Баланың бейімділіктері мен қызығушылықтары туралы ақпарат болмаған жағдайда педагогикалық шаралар нәтижесіз.

Қызығушылықтар, бейімділіктер, қабілеттіліктер мен дарындылықтың арасында ұқсастықтың жоқ екенін ғалымдар атап өткен. Тұлға дамуының бастапқы кезеңінде айқын көрінетін тығыз байланыс жоқ. Бала барынша табысты, ересектер мен құрдастарынан жиі мақтау еститін ғылымға не қызмет саласына қызығушылық танытады.

Алған ақпарат әділ болуы үшін ата-аналарынан ғана емес, балаларынан да сауалнама алыңыз. Ұжымдық түрде сауалнама алуға болады.

Балаларға арналған нұсқаулық

Жауап парағының оң жақ бұрышына өз атыңыз бен тегіңізді жазыңыз. Сұрақтың жауабын торкөзге жазыңыз: бірінші сұрақтың жауабын 1 нөмірлі торкөзге, екінші сұрақтың жауабын 2 торкөзге жазыңыз және т. б. Барлығы 14 сұрақ. Егер баяндалған нәрсе сізге ұнамаса (–) белгісін; егер ұнаса (+), егер қатты ұнаса (++) қойыңыз.

Ата-аналарға арналған нұсқаулық

Баланың дамуына дұрыс кеңес пен нақты ұсыным беру үшін біз оның бейімділіктерін білуіміз керек. Сізге 35 сұрақ ұсынылады. Ойланып, оның әрқайсысына жауап беріңіз, бұл ретте баланың мүмкіндіктерін көтермеуге әрі түсірмеуге тырысыңыз. Барынша әділ болу үшін оны осы жастағы балалармен салыстырыңыз.

Жауап бланкіне аты мен тегін жазыңыз. Жауапты сұрақтың нөміріне сәйкес келетін торкөзге жазыңыз. Егер сұрақта баяндалған нәрсе сізге ұнамаса (–) белгісін; егер ұнаса (+), егер қатты ұнаса (++) қойыңыз. Егер қандай да бір себеппен жауап беруге қиналсаңыз, осы торкөзді толтырылмаған күйі қалдырыңыз.

Сұрақтар парағы

Әр сұрақ «... ұнай ма» сөзімен аяқталады

1. Логикалық тапсырмалар мен тапқырлыққа арналған тапсырмаларды шешу.

2. Өз бетімен ертегі, әңгіме, повесть оқу.

3. Ән айту, музицирлеу.

4. Дене шынықтырумен айналысу.

5. Басқа балалармен бірге түрлі ұжымдық ойындарды ойнау.

6. Табиғат туралы әңгіме оқу.

7. Асүйде бір іспен айналысу (ыдыс жуу, тамақ жасауға көмектесу).

8. Техникалық конструктормен ойнау.

9. Тіл үйрену, жаңа бейтаныс сөздерге қызығу әрі қолдану.

10. Өз бетімен сурет салу.

11. Спорттық, қимылды ойындарды ойнау.

12. Басқа балалардың ойынына жетекшілік ету.

13. Саябаққа бару, табиғат аясына шығу, өсімдіктерді, жануарларды, жәндіктерді бақылау.

14. Азық-түлік алуға дүкенге бару.

15. Техника, машина, ғарыш кемесі туралы кітап оқу және т. б.

16. Сөз жасырылған ойындарды ойнау (қала, жануарлар атауы).

17. Өз бетімен оқиға, ертегі, әңгіме шығару.

18. Күн режимін сақтау, таңертең жаттығу жасау.

19. Бөтен адамдармен әңгімелесу.

20. Аквариумге күтім жасау, құстарды, үй жануарларын асырау.

21. Кітаптарды, дәптерлерді, ойыншықтарды жинау және т. б.

22. Ұшақ, кеме нобайын құрастыру, сурет салу және т. б.

23. Тарихи мұражайды аралау арқылы тарихпен танысу.

24. Ересектердің көмегінсіз өз бетімен көркемдік шығармашылықтың алуан түрімен танысу.

25. Спорт туралы кітап оқу, спорттық телебағдарламаларды қарау.

26. Басқа балаларға немесе ересек адамдарға бірнәрсені түсіндіру: дәлелдеу, дауласу, өз пікірін дәлелдеу.

27. Үй жануарлары мен өсімдіктеріне күтім жасау.

28. Ересектерге пәтер тазалауға көмектесу: шаң сүрту, еден жуу және т. с. с.

29. Өз бетімен санау, мектепте математикамен айналысу.

30. Қоғамдық құбылыстар мен халықаралық оқиғалармен танысу.

31. Драмалық ойындарға, спектакль қойылымдарына қатысу.

32. Секциялар мен үйірмелерде спортпен айналысу.

33. Басқа адамдарға көмектесу.

34. Бақшада жұмыс істеу, өсімдік өсіру.

35. Өз бетімен тігуге, кестелеуге, кір жууға көмектесу.

 

← Толық көру үшін басыңыз

Нәтижені қалай өңдейміз

Мұғалім немесе педагог-психолог тігінен плюс пен минус санын есептейді (плюс пен минусты өзара қысқартыңыз). Есептеу нәтижесін әр бағанның астына жазыңыз. Балл жиыны баланың қызмет саласына қызығушылығын сипаттайды:

1) математика мен техника;

2) гуманитарлық;

3) көркемдік;

4) дене шынықтыру мен спорт;

5) қатынас;

6) табиғат пен жаратылыстану;

7) үйдегі міндеттер, өзіне қызмет көрсету.