Оқу материалын есте сақтауды жақсарту үшін сторителингті білім беруде қалай қолдануға болады

Қазіргі оқушыларды кейбір ғалымдар Digital ұрпақ, кейбірі Z ұрпақ, ал үшіншілері Alpha ұрпақ деп атайды. Олардың барлығы бір нәрсені айтады: қазіргі заманғы балалар IT-технологияларды тез меңгереді және осыған байланысты олардың қарым-қатынас формалары өзгеріп, әлеуметтік желілер және интернеттегі мемдер мен басқа ақпаратқа толы сайттар олардың назарын аудартып отыр. Демек, заманауи мұғалімдерге оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін TikTok пен YouTube блогерлерімен бәсекелесуге тура келеді.
Сабақтары қызық болуы үшін педагогтердің көбі материалды әңгімелеу түрінде бере бастады, бұл – тексерілген сенімді әдіс. Ежелден-ақ барлық елде ертегішілер мен ақындар өз білгенін эпос, ертегі, аңыз түрінде жастарға жеткізіп отырған. Қазір бұл заманауи форматқа ауысып сториттелинг деп аталады (storytelling – оқиғаны баяндау).

Техникалық тәсіл ретінде сторителлингті алғаш рет АҚШ корпорацияларының бірінің басшысы Дэвид Армстронг компанияның жұмысын жақсарту және жаңадан келгендерге жұмысты тез үйрету үшін қолданды, мұндағы жұмыс принциптерінің бірі – «теорияның практикамен байланысы болды».
Бүгінгі таңда сторителлинг бизнес пен жарнамада қандай да бір өнімді сату үшін жиі қолданылады.

Білім беруде сторителлинг пайдаланыла бастағанына көп болған жоқ, енді оны оқытудың, тәлімгерліктің, дамытудың және ынталандырудың педагогикалық міндеттерін шешуге бағытталған нақты құрылымы мен сипаты бар әңгімелерді пайдалануға негізделген педагогикалық техника ретінде сипаттауға болады.

Сторителлингті қолдануда қазіргі қиыншылық мынау болып тұр, кез келген жаңа нәрсе сияқты бұл жерде де әлі нақты сабақтар бойынша дайын қызық оқиғалар жоқ. Сондықтан да мұғалімдер бұл оқиғаларды өздері құрастыруға мәжбүр. Енді осыны қалай дұрыс жасаймыз, соған тоқталайық.
Сторителлинг ерекшеліктері мен оның танымалдығының себебі
Алдымен сторителлинг тәсілін және оның соншалықты тез танымал болу себептерін түсініп алу керек. Ал бұл оңай:
1-себеп. Сторителлингті есте сақтау жеңіл
Әңгімелеу контекст құра отырып, есте сақтауды жеңілдетеді. Біздің миымызға контекстен тыс сандарды, деректерді немесе фактілерді есте сақтау қиын. Бірақ егер біз контексі бірдей ақпарат алсақ, онда біз оны оңай жүйелеп, түсінеміз және есте сақтаймыз. Өйткені контекст күрделі, дерексіз немесе кездейсоқ ақпаратты түсінуге оңай қылып, көз алдымызға жанды бейнесін келтіріп береді. Мысалы, егер оқиғаны бірінші жақтан – өз атыңыздан баяндайтын болсаңыз және де оны сол заман күйін балалар көз алдына елестететіндей қызық етіп, мысалы, геометрияның қалай пайда болғанын немесе алғашқы қозғалтқыштың қалай жасалғанын айтып берсеңіз, балаларға тақырыпты түсіну оңай.
2-себеп. Баяндалатын оқиға эмоция тудырады да, адамдар арасында сенім орнатады
Адам – әлеуметтік тіршілік иесі. Біздің өмір сүруіміз бен бақытымыз басқа адамдарға байланысты, сондықтан табиғат бізге басқа адамдардың эмоциялық күйін оқи алу мүмкіндігін берді: адам мейірімді немесе ашулы қауіпті немесе қауіпсіз, дос немесе жау. Бұл механизмнің қорғаныс функциясынан басқа да қызметі бар, мысалы, адамдармен қарым-қатынас орнатуға және байланысқа шығуға мүмкіндік береді. Мысалы, жай ғана қауіпсіздік техникасы туралы дәріс оқығаннан гөрі, оның орнына сабақта бір ойдан шығарылған баланың басынан өткен хикаясын айтып берген әлдеқайда тиімдірек.
Сторителлинг түрлері
Классикалық сторителлинг
Классикалық сторителлинг – бұл мұғалім айтып беретін өмірден алынған (немесе ойдан шығарылған) оқиға. Бұл кезде оқушылар тек тыңдап, ақпарат қабылдайды. Бұл жағдайда классикалық әңгіме – бұл есте қалатын жарқын әңгіме (ережелер, теориялар, эксперименттік заңдар және т.б.) түрінде ұсынылған нақты білім беру ақпараты.
Мысалы, ақпаратты дәстүрлі форматта беру мен классикалық сторителлинг форматын салыстырыңыз.


Белсенді сторителлинг
Белсенді сторителлинг – бұл нақты емес, жасырын оқиға. Білім алушылар оқиғаны тыңдау кезінде ұйып тыңдап, процеске толық араласады. Сондықтан белсенді сторителлинг үшін нақты білім мен деректер (ережелер, анықтамалар) пайдаланылмайды, бірақ практикалық қызметке қажет болуы мүмкін ақпарат бөлігі беріледі.
Белсенді сторителлингте білім алушылар мына нәрселерді істей алады:
- мұғалімнің ұсынымдары мен тапсырмаларына сүйене отырып, өз беттерінше оқиға құрастыра алады;
- әртүрлі жағдаяттардың моделін жасап, мәселені шешу жолдарын іздейді;
- оқиғаларды өз беттерінше немесе мұғаліммен талдайды.
«Мен бірде «Түбірдегі ызың сөздерден кейін келетін О мен Ё дауысты дыбыстары» ережесін оқыдым. Үйреніп алған сияқтымын. Кішкене серуендеп келіп, қайта қайталамақ болдым. Кітапты ашқан жоқпын, есімде бар деп ойладым.
– Сөз түбірінде екпін түсіріп жазамыз…
Осы жерде іркіліп қалдым. Тіпті өлтірсең де, не жазатынымызды есіме түсіре алмас едім: О ма, әлде Ё ма? Қалай есіме түсірмек болсам да, ештеңе есіме түспеді. Қой, оқулықты алайын деп ойладым. Енді қараңыз, кітапты таба алмай барлық жерді ақтардым, жер жұтқандай жоқ. Ал ереже әлі есіме түскен жоқ. Таптым-ау, әйтеуір., креслоның артына түсіп кеткен екен. Алдым да, аштым. Алақай! Ё жазамыз. Бірақ ылғи ё жазбаймыз ғой.
– Шов, шорох, капюшон, крыжовник, шомпол, – деп оқи бастадым.
Қалай жаттасам екен?
Бірақ мен өзіме хикая ойлап таптым. Ол былай: «я чистил ружье шомполом, вдруг услышал в кустах крыжовника шорох. Я накинул капюшон и пошел посмотреть, в чем дело. Да зацепился за колючку, порвал куртку. Пришлось накладывать шов. Вот такая история со мной приключилась».
Цифрлық сторителлинг
Цифрлық сторителлинг — оқиғаны баяндауға визуал (бейне, скрайбинг, майнд-мэп, инфографика) қосылатын сторителлинг форматы.
Бұл бағыт қазір белсенді дамып келе жатыр: дайын оқиғалары бар арнайы сайттар мен қосымшалар көбейіп жатыр. Мысалы, Edstories орыс-француз порталы, мұнда сіз негізгі мектеп пәндері бойынша материал таба аласыз, бұл материалдар интерактивті тапсырмалары бар кәсіби түрде жасалған қысқа (4-5 минут) бейнесабақтар түрінде берілген.
Сториттелингтің кез келген түрін пайдаланған кезде оқиғаның өзін құру және айту ережелерін сақтау маңызды:
- ресми емес, түсінікті тілде баяндау;
- қысқа әрі есте сақталатын болуы керек;
- айтылып жатқан хикая шынайы өмірмен байланысты болуы керек;
- балалар арасында танымал телехикаялардың, фильмдердің, комикстердің кейіпкерлеріне сілтеме жасаған дұрыс.
Хикаяның бәрі сапалы білім беретін сторителлинг бола алмайды. Нақты мысалдармен кейбір ережелерді ашып көрсетейік.
Сторителлинг пайдалануға арналған 4 ереже
1-ереже. Сторителлинг тілі жеңіл болуы керек, ақыл мен уағыз айтудың қажеті жоқ
Мысалы үшін екі тұжырымды алайық, бірі – биология курсынан, екіншісі – қайта өңделген.


Әрине, екінші сөйлем оқушыларға түсініктірек, әрі ақпаратты есте сақтауға берік негіз жасайды.
2-ереже. Баяндалатын оқиға қысқа әрі өмірлік жағдайлармен байланысты болуы керек.
Химия курсындағы 2 оқиғаны салыстырыңыз.
Екі әңгіме де сторителлинг контексінде жазылған. Оқушыларға қай әңгіме қызығырақ болады?


Екеуі де түсінікті тілде жазылған. Бірақ бірінші әңгіме, біріншіден, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескермеген, құрылымы бастауыш сынып оқушыларына көбірек келеді. Екіншіден, көлемінің ұзақтығы мен кейіпкерлерінің көп болуы маңызды ақпаратты басып калды. Үшіншіден, кез келген оқушы оқиғаның нақты контексі жоқ екенін бірден түсінеді.
3-ереже. Оқиғаларға танымал мультфильм немесе комикс кейіпкерлерін қосып айтыңыз
Танымал мультфильмдердің немесе комикстердің кейіпкерлерін қосып, тіпті фильмдерден дайын сюжеттер алып, балалардың сүйікті кейіпкері басынан не өткергенін еске түсіру де жақсы нәтиже береді.
Елестетіңіздер: биология сабағы, тақырыбы «Қосмекенділер». Сіз қосмекенділердің кластары, олардың түрлері, түр тармақтары туралы айта бастайсыз... Содан кейін сіз «От кубогындағы» Хәрри Поттерді еске түсіресіз және қосмекенді Хәрри мысалында қосмекенділердің ерекшеліктері туралы айтып бересіз.
Толық көру үшін басыңыз


4-ереже. Өзіңіз туралы оқиға құрастырғанда нақты ережелерге сүйенген дұрыс.
Мағынасы мен мазмұны. Оқиға шындыққа, өмірлік тәжірибеге сай болуы керек. Айрықша белгілері: дамып отыратын сюжет, кейіпкерлер мен хикаяға дәм беріп, қызығырақ қылатын метафоралар.
Мақсаты мен қорытындысы. Жақсы хикая ақылға де, сезімге де әсер етеді. Айтқыңыз келген идея түсінікті болуы керек.
Сапалы әрлеу. Ақпаратты визуалды түрде берген өтімдірек болады. Мысалы, презентация немесе фотолар ұсыныңыз.
Өз сторителлинг оқиғаларыңызды ойлап таппайынша, дайын шаблондарды пайдаланыңыз.
Сторителлингтің 4 дайын шаблоны
1-шаблон. Шынай оқиғалар негізінде
Мысал ретінде шешуді қажет ететін өмірлік жағдайлар келтіріледі. Сторителлингтің бұл түрі мәселені түсіну дұрыс шешімнен басым болған кезде қолданылады. Сонымен қатар балалар ұжымын біріктірудің жақсы жолы болып есептеледі, өйткені оны топтық талқылау мен пікір алмасу мақсатында пайдалануға болады.
2-шаблон. Баяндау негізінде
Ойдан шығарылған немесе шын әңгімелеуші қажет ақпарат береді. Бұл әдіс оқушылардың сабақ тақырыбына деген қызығушылығын арттыру үшін қолданылады.
3-шаблон. Сценарий негізінде
Оқушы оқиғаның бір бөлігіне айналады және қабылдаған шешімдеріне байланысты әртүрлі нәтижелерге қол жеткізеді. Бұл әдіс сирек қолданылады немесе тәрбиеші балалардың бұрын алған білімі мен тәжірибесін тексергісі келген кезде өте қолайлы. Сценарийлер пайдалану балалардың біліміне мән үстеп, оны нақты әлемде қолдануға көмектеседі.
4-шаблон. Күрделі жағдаяттар негізінде
Мәселені жақсы нәтижемен шешу жолы болып есептеледі. Бұл әдіс қиын жағдайлардан шығу дағдыларын дамытуға және білімді практикада қолдануға көмектеседі.
Оқиғалардың көбінің құрылымы мынандай болады.
Есте қалатындай, бірақ қысқа оқиға. Бұл жерде шешілуі керек мәселе айтылады.
Егер оқушылар назары басқа жақта болса, оқиғаның кіріспесі олардың назарын өзіне аударуы керек. Кіріспе негізгі тақырыппен байланысты болуы қажет. Ол балалардың назарын берілген сұраққа немесе мәселеге аударады және әңгіме соңында жауап береді. Сонымен қатар, кіріспеде оқушылардың нақты өмірлік тәжірибесі қарастырылуы керек.
Оқиғаның дамуы, бұл жерде кейіпкерлердің негізгі сюжеттік бағыттары мен мінез-құлықтары ашылады. Бұл бөлік кіріспеде сипатталған мәселеге немесе конфликтке тереңірек бойлауға мүмкіндік береді. Әңгіменің бұл бөлігі мәселені одан ары қиындатады да, осылайша белгілі бір шиеленіс тудырады. Мәселе шешілмейді. Одан ары шиеленсіе түседі.
Оқиғаның шырқау шегі, мәселенің шешілуі. Мәселе шешіліп, барлық құпия ашылады. Көп жағдайда шешім біз ойлағандай бола бермейді.
Қорытынды, оқиғаға қорытынды жасалады.
Химия сабағында сторителлинг қолдану үлгісі
Сотрителлингті химия сабағында қолдану бойынша бірнеше мысал келтіреміз.

Катализатор немесе асыл платина
Алыстағы галактикада бір бала болыпты. Ол өзінің Платина әулетіндегі барлық адам сияқты «асыл» мінезді болып тәрбиеленеді. Олар өздерін ерекше ұстады (жеке), көршілерімен аз сөйлесті. Ол бір күні жалығып, ата-анасын көндіре бастады: «Мені жіберіңіз. Мен жаңа әлемді көргім келеді, жаңа планеталарға барғым келеді». «Жақсы», – деп жауап берді әкесі. – Бірақ сен текті әулеттен екеніңді ұмытпа! Өзіді абыройлы ұста. «Егер қандай да бір оқиғаға тап болсаң, өзіңді құтқара аласың». Көп ұзамай жас жігіт «Органикалық заттар» ғаламшарына ұшып келді, ал оның тектілігін көптеген отбасы бағалады. Олардағы өмір жаңа күшпен жалғасты. Оның адал болғаны соншалық, Платина еш өзгерген жоқ. Көп ұзамай ол өз фирмасын ашып, оны «Катализатор» деп атады. Ол көп жұмыс істеді, кездесулерге барып тұрды. Органикалық заттардың әртүрлі отбасыларында танымал болды, бірақ әрқашан өзінің асылдығы мен өзіндік ерекшелігін сақтап қалды.
Стоителлингтен кейін оқушылар сұрақтарға жауап беріп, маңызды ақпаратты бөліп көрсетуі керек:
- «Бағалы металдар» ұғымына сипаттама беріңіз.
- Неліктен платина табиғи зат болып саналады?
- Органикалық заттар платинаны неге бағалайтыны туралы ойланыңыз?
- Катализатор дегеніміз не?
- Өртті қалай сөндіруге болады?

«Өнеркәсіптік аймақтағы өрт магний тіркемесі болуы мүмкін», – деген радиохабар келді. Арман уайымдап, бірінші курста не үйренгенін есіне түсіре бастады... ол кезде бұл керек емес ақпарат болып көрінген еді.
Ол кезде тақтада оқытушы подполковник Ионова мен курсант Сәрсенов тұрған еді. Төтенше жағдайлар министрлігі шығарған химия есептерінің жинағынан алынған тапсырма: «Мысал ретінде натрийді пайдаланып, сілтілілік металдарды сөндіру үшін төрт хлорлы көміртек мысалында галогенмен алмастырылған көбіктүзгіш негізіндегі көбікті сөндіру құралы ретінде пайдалану мүмкіндігін бағалаңыз.
Жауабыңызды негіздеңіз. Мұндай заттарды сөндіру үшін қандай өрт сөндіргіштер қолданылатынына мысалдар келтіріңіз».
– Сілтілік металдарды қалай өшіресіз?
Сумен! – деп жауап берді курсант Сәрсенов.
– Неге? Түсіндіріңіз! – деді Ионова.
– Ол көп, арзан, сұйық, жылу сыйымдылығы жоғары, оны алысқа жеткізу оңай, сонымен қатар сіз өзіңіз айттыңыз: ол үш бағытта жұмыс істейді – салқындату-сұйылту-оқшаулау, яғни барлық жағынан жақсы.
– Суды сөндіру құралы ретіндегі артықшылықтары тұрғысынан қарастырсақ, сіз өте дұрыс айтасыз. Бірақ өрт сөндіру әдісін таңдағанда, біз ең алдымен қандай принципті басшылыққа аламыз?
– Қауіпсіздік! – деп жауап берді алдыңғы үстелде отырған біреу.
– Дұрыс! Ал бұл жағдайда қауіпсіздік дегенді қалай түсінеміз?
Бірінші ереже: қауіпсіз өрт сөндіргішті таңдағанда, ол біз сөндіретін затпен химиялық реакцияға түспеуі керек екенін ескереміз. Есептеулерге сәйкес, сілтілік және сілтілік жер металдары сумен және төрт хлорлы көміртегі негізіндегі көбік түзгішпен өте күшті әрекеттеседі, көп мөлшерде жылу бөледі, ал бұл жарылысқа әкелуі мүмкін.
Қорытынды: сумен және тетрахлоридпен сөндіруге болмайды! Ұнтақ құрамдарды таңдаймыз!
Осы оқиғаны есіне түсірген Арман бірден қорытынды жасады.
Өртті сөндіргеннен кейін командир:
– Ал, жарайсың! Бәрін орнына қойдың. Қалай оларды су құймаңдар деп, тоқтатып үлгердің?! Енді бәрі біліп жүретін болды.
Оқиғаны оқып, талқылағаннан кейін мұғалім оқушыларға қатесі бар есептерді беріп, келесі сабаққа сюжеті осыған ұқсас оқиға құрастырып келуді тапсырады: «Ал егер былай істесек қайтеді…».
Көріп отырғанымыздай, сторителлинг оқу тапсырмаларын қандай да бір абстракциядан нақты өмірлік жағдаятқа айналдыруға, қателерді байқауға, іс-әрекеттің даму тәртібін дұрыс бекітуге, теориялық білімнің практикалық артықшылықтарына көз жеткізуге көмектеседі.
Сторителлинг пен оны пайдалану туралы көбірек білу үшін келесі әдебиеттерді оқуға ұсынамыз:
- Аннет Симмонс. «Сторителлинг. Оқиғалар күшін қалай пайдалануға болады». Кітап сторителлингтің алты түрін және жағдайлар мен аудиторияға байланысты оларды қолдану жолдарын ұсынады. Бұл кітапта сізді шабыттандыратын және осындай өз оқиғаңызды жазуға көмектесетін көп әңгіме бар.
- Роберт Макки «Миллион долларлық оқиға. Сценаристерге, жазушыларға және басқаларға арналған шеберлік сабағы». Автор фильмдерді талдап, жақсы оқиға қандай құрамдас бөліктерден тұратынын көрсетеді. Оқиғаны баяндау түрлеріне мысал келтіріп, кейіпкерді дағдарысқа жеткізу жолдарына тоқталады. Осылайша көрермен, тыңдаушы немесе оқырман өзі де оқиғаға араласып, ішінде жүретіндей жасауға болады дейді.
- Пол Смит «Хикая шебері. Қызықтыр, сендір, шабыттандыр». Кітапта оқиғалардың матрицасы берілген. Бұл матрица бойынша сіз кез келген тақырыпқа оқиға тауып ала аласыз.
Сонымен қатар ауызша және цифрлық әңгімелеу дағдыларын жаттықтырып, хикая құрастыруды үйрететін палтформалар бар: Foxford, 4Brain, Storytelling School.

Түстер туралы ойындар жиыны. «Жыл тәрбиешісі» байқауы финалистінің тәжірибесі

Балаларға түстерді ажыратуды үйрету үшін берілетін тапсырмалардың әртүрлі нұсқалары бар. Мысалы, үш заттың ішінен басқа түстегі бір «артық» затты таңдау, ойыншыққа оның киімінің түсіне келетін мойынорағыш байлау. Сондай-ақ, сіз баланы әртүрлі түстердің элементтерінен ою-өрнек үлгісін жасауға, фигуралардан бір түсті таңдауға, сызба пайда болуы үшін фигураларды белгілермен бояуға қызықтыра аласыз. Балалар бұл тапсырмалардан жалықпауы үшін балаларға белгілі ойындарды жаңа форматта беріп, оларға жаңа мазмұн үстеңіз.
«Сұрыптаушы» ойыны
Ойын барлық жастағы балаларға, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арналған. Бұл ойын көмегімен заттарды жасалған материалына қарай және түсіне қарай сұрыптау дағдыларын жаттықтыруға, кеңістікте бағдарлау дағдыларын дамытуға, лексикалық тақырыптарды бекітуге, санауға болады.
Кіші топтағы ойын үшін сізге түрлі түсті үш кәдімгі себет және себеттердің түсіне сәйкес карточкалар қажет. Карточкалар ретінде сіз басқа заттарды да пайдалана аласыз, мысалы, «кәмпит орауыштарын». Үлкен топта сізге төрт себет пен алдыңғы жағында заттардың кескіні бар карточкалар қажет болады. Бұл монохромды сызбалар болуы мүмкін, мысалы, көк себетке арналған көк бөтелкелер, сары себетке банан немесе лимон және т.б. немесе төрт объект төрт санатқа жататын бар тақырыптық суреттер болуы мүмкін.
Ойын шарты бойынша балалар қай қоржынға қай карточканы қою керек екенін бірге шешеді. Мұндай бірлескен іс-әрекет мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативті дағдыларын дамытады, балалар ұжымын біріктіреді.
Балалар заттарды түсі бойынша сұрыптауды үйрене отырып, бірте-бірте тапсырмаларды күрделендіріп, басқа есептерді де шеше алады. Мысалы, баланың математикалық бейнелі ойлауын дамытыңыз: балалардан белгілі бір пішіндегі немесе белгілі бір бөлшектері бар заттарды сұрыптауды сұраңыз, сөйлеуді, фонематикалық қабылдауды дамыту: атаулары бір әріптен басталатын себеттердегі заттарды таратуды сұраңыз.

Түрлі түсті кілемшемен ойын
Кез келген жастағы бала түрлі түсті кілемшемен ойнай алады. Кіші мектеп жасына дейінгі балаларға түстер бойынша сұрыптауды жаттықтыру жеткілікті. Мұны істеу үшін олардан қоржыннан бос шеңберлерді алып, оларды кілемшедегі бірдей түсті шеңберлерге қоюды сұраңыз. Төрт жастан асқан балаларға қиынырақ тапсырмаларды ұсынуға болады. Мысалы, бір түсті шеңберді емес, 3-5 шеңбердің фрагментін іздеу керек. Ол үшін түсті кілемшенің фрагменттерін дәл қайталайтын пішіндерді дайындаңыз. Бұл тапсырма зейінді, кеңістіктік ойлауды және түстерді қабылдауды дамытады.

Балаларда жартышараралық байланыстарды дамыту және оларды кеңістікте бағдарлануға, зейінін шоғырландыруға және жылдам әрекет етуге үйрету үшін оларға «Бір уақытта екі қолмен көрсету» ойынын ұсыныңыз. Балалардың міндеті – екі қолдың сұқ саусақтарымен кілемшенің әртүрлі бөліктеріндегі бір түсті шеңберлерді көрсету.
Балалардың математикалық дағдыларын дамыту үшін олардың алдындағы санда көрсетілгендей бірдей түсті немесе әртүрлі түстердегі көп шеңбер салуды ұсыныңыз. Егер бала әртүрлі түсті шеңберлерді орналастыратын болса, одан әр түстен қанша шеңбер алғанын санауды сұрауға болады.
Балаларды оқуға үйрету, сонымен қатар есту-сөйлеу қабілеті мен зейінін дамыту үшін шеңберлерге буындарды тіркеңіз: үш-төрт буын жеткілікті. Тапсырмаға дайындаңыз: буындарды бағандарға басып шығарыңыз, қастарына біртүсті шеңбер қойыңыз. Түстер қайталанбауы керек. Балаларды «кілемшені оқуға» шақырыңыз: шеңберге қараңыз да, бір түстегі шеңбер болса, осы түстегі шеңбер тағайындалған буынды оқыңыз.
Балалармен бірге негізгі түстерді және олардың реңктерін есте сақтау ғана емес, сонымен қатар қай түстер қайда кездесетінін нақты көрсету маңызды. Мысалы, балалармен бірге жыл мезгілдерін зерттей отырып, олардың назарын жаз бен күзде жапырақтардың түсетініне аударыңыз. Ауа райы туралы айтқанда, кемпірқосақтың, бұлттардың және бұлттардың түстерін ажыратып көрсетіңіз.
Балалардың логикалық ойлауын дамыту, заңдылық пен реттілік негіздеріне үйрету үшін схемалары бар екі ойын ұсыныңыз. Бірінші ойында 12 шеңберден тұратын шағын кілемше дайындаңыз: 3 – жанына қарай, 4 – ұзындығына қарай бойлайтын және бір шеңберден екіншісіне қарай көрсеткіш сызықтары бар 12 шеңберден тұратын шағын кілемше болады. Көрсеткіш сызықтарды бірте-бірте қосыңыз: үш жасар балалар үшін үшеу, төрт жасар балалар үшін төртеу алуға болады. Сюжет пайдаланыңыз, мысалы, бақаның үйге дейін ең күшті төмпешіктерден секіріп жетуіне көмектесу керек, ал араларға ең әдемі гүлдер, мен шеңберлерге отыруға көмектесуге болады.
Екінші ойын үшін карточкалар дайындап қою керек, бұл ойында схемалар бар. Оларға түзу сызықта орналасқан он шеңбер тізбегін сызыңыз және олардың арасына бір бағытта көрсеткіштер қойыңыз. Балаларды кілемшеден шеңберлердің осы тізбегінің бөліктерін, мысалы, біріншіден бесінші шеңберге немесе екіншіден сегізіншіге дейін салуға шақырыңыз.
«Мекенжайы бойынша тап» ойыны
Бұл ойын балаларға кестемен жұмыс істеуге, координаталарды анықтауға көмектеседі. Балалардың міндеті – шеңбердің түсімен көрсетілген координаталар бойынша түрлі түсті шеңберлерді шаршыларға орналастыру. Мысалы, «В2» қызыл түспен, ал «В4» жасыл түспен жазылса, бала «В2» ұяшығына қызыл шеңберді, «В4» ұяшығына жасыл түсті шеңберді қояды. Ойын үшін 6×6 көлеміндегі үстел-кесте дайындаңыз.

Жоғарғы оң жақ бұрыштағы ұяшық бос, бірінші бағанға екіншіден алтыншы ұяшыққа дейін А-дан Д-ға дейінгі әріптерді, екінші жолдан алтыншы ұяшыққа дейінгі бірінші жолға 1-ден 5-ке дейінгі сандарды жазыңыз. Шеңберлердің «мекенжайларын» әр жолы жаңадан жазуға болады.

Викторина мен «Крест пен нөл» ойыны
Балалардың назарын «Крест пен нөл» ойыны кезінде белгішелердің қалай орналасатынына аударыңыз: көлденең, тігінен, диагональ бойынша. Бұл балаларға осы ұғымдарды жақсы меңгеруге көмектеседі.
Ересек балалардың логикалық ойлауын дамыту үшін түрлі түстер бойынша викторина өткізіп, «Крест пен нөл» ойынымен біріктіріңіз. Балалар үшін оны қызық ету үшін 50×50 см үлкен алаң сызып алыңыз және әртүрлі түстердегі кресттер мен нөлдер қиып алыңыз.
Викторина алдында балалардан олардың командалары қандай кресттер немесе нөлдермен ойнауды таңдайтынын сұраңыз. Ең бастысы, олар керек түсті атайды. Содан кейін барып балаларға ережені түсіндіріңіз: Командалар кезекпен сұрақтар алады. Команда дұрыс жауап берсе, өз команда белгісін алаңға апарып қояды. Оларды ойынның классикалық нұсқасындағыдай орналастыру керек: бір қатарда – көлденең, тігінен немесе диагональ қатармен қою керек. Егер команда жауаптан қателессе, жауап беру құқығы басқа командаға беріледі. Дұрыс жауап берсе, өз белгісін қояды. Егер олар да қателесе, алаңға ешкім белгіше апарып салмайды.
Ойын алаңында өздерінің крест немесе нөл қатарын құра алған команда жеңеді. Егер командалар үш белгішені қатар қоя алмаса, ойын алаңына белгішелерін ең көп жинаған команда жеңеді.
Содан кейін әр командаға бір түс туралы сұрақ қойыңыз. Бірінші айналымда табиғаттағы немесе балабақшадағы бір заттың түсі қандай екенін сұрауға болады. Екінші айналымды басқа ережелер бойынша өткізіңіз: мұғалім түсті атайды, ал командалар бұл түсте не бар екенін атайды. Жауап берген команда бірінші болып төсбелгісін алаңға қояды.

Балалар өздері жасаған «Серуен» ойыны
«Серуен» үстел ойыны балалардың түстер туралы білімін бекітуге, сөздік тақырыптарды пысықтауға және танымдық қызығушылықтарын қолдауға көмектеседі. Бұл ойынды балалар өз қолымен жасай алады. Алдымен ойын тақырыбын таңдап, электрондық форматтағы сапасы жақсы бояуға арналған сурет таңдаңыз. Ол үшін фотосуреттермен жұмыс істеуге арналған бағдарлама пайдаланыңыз, таңдап алған суретті ені мен биіктігі бойынша тең төрт пиксельге бөліңіз. Сурет фрагменттерін басып шығарып, оларды желімдеңіз. Содан кейін балаларға бояуға беріңіз.
Боялған суретке кілемшеден алып түрлі түсті шеңберлер салыңыз, олар старттан финишке дейінгі жол болады. Ойыншыларға шеңбер түстері бойынша тапсырма беріңіз: ойын тақырыбына қатысты бір затты немесе көк шеңбердегі ойыншының ерекше қасиетін атаңыз немесе сын есіммен ойын объектісін сипаттаңыз. Немесе ойыншының сары шеңберде жасай алатын әрекетін сипаттап айтыңыз. Фишкалар орнына ойын тақырыбына сай келетін шағын ойыншықтар, мысалы, шоколад жұмыртқалар алыңыз. Балалар оларды ойын алаңында текшеге қаншалықты құлатса, сонша қадам жылжыта алады.

Мысал
Егер ойын тақырыбы «Аңдар» болатын болса, онда фишка орнына қолданылатын ойыншықтар да аң пішінінде болғаны дұрыс.
Балалар тапсырма түсін білдіретін шеңберлерге түскен кезде қарсы тұрған жануардың белгілері мен әрекеттерін сипаттауы керек. Мысалы, егер бала жолбарыстың мүсінімен жүрсе, онда жолбарыстың сыртқы түрін сипаттайды: жолбарыстың азу тістері, тырнақтары, қара жолақтары бар; ол қызыл және қара, үлкен, әрекеті – жолбарыс аң аулайды, жүгіреді, қуып жетеді.
5-6 жастағы балалармен сұрақты қайталамау туралы келісіңіз. Мысалы, егер біреу өзінің белгісін «жасыл» деп сипаттаса, басқа ойыншы бұл сын есімді пайдалана алмайды. Егер ойыншы тапсырманы орындай алмаса, оған басқа ойыншыларға көмектесуге рұқсат етіңіз. Егер балалардың ешқайсысы тапсырманы орындай алмаса, оларға жетекші сұрақтар қойыңыз немесе мүсінді қалай сипаттау керек екенін өзіңіз мысалмен көрсетіңіз.
Мысал
Балада мүйізтұмсықтың фишкасы бар, бірақ ол оны қалай сипаттау керек екенін білмейді. Оған сұрақ қойыңыз: «Жануардың мұрнында не бар?» – мүйіз; «Мүйізтұмсықтың түсі қандай?» – сұр; «Ал улкен бе?» – үлкен; «Мүйізтұмсық не жейді?» – Шөппен және жапырақтармен қоректенеді, демек шөпқоректі; «Мүйізтұмсық қайда мекендейді?» – Африкада, демек бұл жабайы жануар.
Бізге сіздің пікіріңіз маңызды! Мақаланы төмендегі 5 смайлдың бірін таңдап, бағалауыңызды сұраймыз (e.stvospitatel.ru сервисі).

«Серуен» ойыны балалармен топтық және жеке жұмыс істегенге қолайлы. Оның көмегімен сіз оқушылардың бір затты схема бойынша табу, түстерді ажырату және қозғалыс санын санау дағдыларын нығайтасыз. Ойынды апта тақырыбына сәйкес түрлендіруге болады.

«Сіз ұқыпты адамсыз ба?» тесті

Сіз жұмысқа немесе басқа да маңызды жерге асығып бара жатырсыз, бірақ кенеттен көптен бері көрмеген досыңызды кездестіріп қаласыз. Не істейсіз, қандай шешімге келесіз?
Кешірім сұраймын да, қазір онымен сөйлесуге уақытым жоқ екенін айтып, ары қарай асығып жүріп кетемін – 0 балл.
Қал-жағдай сұрасып, әңгімелесуден бас тартпаймын, аздап кешіккенде тұрған ештеңе жоқ деп есептеймін – 2 балл.
Біреумен кездесуге баратын болып келіскенде уақытты қалай есептейсіз?
Уақытты кездесуге дәл уақытында келетіндей қылып есептеймін, ерте барып, күтіп қалғым келмейді – 2 балл.
Міндетті түрде ертерек келемін, біреуді күттіргім келмейді – 0 балл.
Кездесуге бара жатып жолда кешігіп жететініңізді түсінсеңіз не істейсіз?
Кешігетінімді ескерту үшін міндетті түрде телефон шаламын – 0 балл.
Егер шамамен 15 минуттай кешігетінімді білсем, ештеңе істемеймін, бұл ондай көп уақыт емес – 2 балл.
Туған күн не басқа отырысқа қай уақытта барасыз?
Көбіне ең соңынан жетемін – 2 балл.
Бәрінен бұрын келуге тырысамын – 0 балл.
Досыңызбен не құрбыңызбен телефонмен сөйлесіп жатып, жарты сағаттан кейін қайта қоңырау шаламын деп уәде беріп әңгімені үзесіз, бірақ біраздан кейін қоңырау шала алмайтыныңызды түсінесіз, осы жағдайда сіз не істейсіз?
Міндетті түрде қысқа SMS жазамын, кейінірек хабарласатыным туралы ескертемін –0 балл.
Ештеңе етпейді, уақытым болғанда хабарласамын ғой – 2 балл.
Енді қорытынды шығаратын уақыт келді



Оқушының ережені қалай үйренгені туралы әңгіменің мысалы келтірілген