ещё
свернуть
Все статьи номера
№4, 2025
РЕДАКТОР СӨЗІ

Сәуір айындағы іс-шаралар - жаңа технологиялар және әдіскердің бақылауы

Құрметті оқырмандар!

Сәуір айына арналған балабақша әдіскерінің циклограммасында «Дене шынықтыру нұсқаушысының жұмысын ұйымдастыру» жедел бақылау жұмысы мен «Ата-аналармен жұмыс жоспарлаудың іске асырылу деңгейі» тақырыптық бақылауды жүргізу жолдарын түсіндіреміз. Ұйымдастырылған іс-шаралардың әмбебап жоспары балабақшада ұйымдастырылған «Ойын түріндегі стретчинг» әрекетін ашық қарауға дайындалуға көмектеседі.

Мектеп директорының орынбасарының циклограммасында сіз мектеп директорының орынбасары сәуір айында өткізуі қажет негізгі іс-шаралар мен «Оқушылардың шығармашылық және танымдық белсенділік қабілеттерін анықтау және дамыту» бағдарламасы берілген кестені таба аласыз.

«Жасанды интеллект көмегімен тапсырмаларды әзірлеудің бес нұсқасы: промптан іске асыруға дейін» мақаласында – жасанды интеллектпен жұмыс істеу бойынша мұғалімдерге арналған практикалық ұсыныстар және оқу процесіне ЖИ енгізу бойынша қадамдық жұмыс алгоритмі берілген.

Дидактикалық анықтамалығының көмегімен мұғалімдер топтарда эмоциялық жайлы ортаны қамтамасыз етіп, тәрбиеленушілердің балабақшаға бейімделуіне жағдай жасайды. Бұл туралы «Таңғы қабылдауды баланы жылатпай жүргізу. Балаларды балабақшаға бейімдеуді жеңілдететін дидактикалық нұсқаулық» мақаласынан оқыңыз.

Назгүл Есболова,
бас редактор, e-mail: moo@mcfr.kz