ещё
свернуть
Все статьи номера
№1, 2021
БIЛIКТIЛIКТI АРТТЫРУ, АТТЕСТАТТАУ

Мектепке Lesson study технологиясын енгізу мен педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырудың қадамдық алгоритмі

Қостанай қ. жетекші мектептің жұмыс тәжірибесі қаладағы әріптес мектептегі мұғалімдердің 50 % кәсіби тұрғыдан мектептегі әріптестерінен оқшауланғанын көрсетті. Сондықтан әріптес мектептерге мұғалімдердің бірлескен жұмысы арқылы әр педагогтің кәсіби шеберлігін арттыру мен оқу сапасын көтеруге бағытталған Lesson study тәсілін енгізу туралы шешім қабылданды.

Жетекші мектептің басшылығы әріптес мектептер арасында сауалнама жүргізді. Педагогтер біліктілікті арттырудың қай түрін таңдайсыз деген сауалға былай жауап берді:

  • аттестаттау – 100 %;
  • әдістемелік бірлестік – 99 %;
  • біліктілікті арттыру курстары– 97 %;
  • ашық сабақтар – 88 %;
  • Lesson study тәсілі қолданылатын сабақтар – 55 %.

Әріптес мектептерге Lesson study тәсілі енгізілген соң сауалдама нәтижесі осы тәсілді қолдану жағына қарай 100 % көрсетті.

Қаланың жетекші әрі әріптес мектептері арасында неліктен сабақты зерттеудің танымалдылығы артуда?

Әріптес мектептерде әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың дәстүрлі тәсілдері ойдағыдай жұмыс істемейді. Мысалы, әдістемелік бірлестік жетекшілері көбіне есеп беруден, құжат толтырудан босамайды, олардың сабаққа қатысатын уақыты қалмайды. Директорлар мен оның орынбасарлары да мұғалімдермен әрекеттестік орнатуға уақыт таппайды.

Lesson study тәсілін енгізудің алты дәлелі

1-ші дәлел. Lesson study – бұл мұғалімді бақылау тәсілі де, сабақ талдауы да емес. Әдетте мұғалімдер өзіне қатысты сыннан қорқады, бірақ мұнда оқушылардың жұмысына назар аударылған, яғни жағдай ашық сабақпен салыстырғанда мұғалімді күйзеліске түсірмейді.

2-ші дәлел.Бір нақты мәселе шешіледі: мысалы, «әлсіз» оқушылардың артта қалуына жол бермеу немесе топтық жұмысты енгізу тәсілі және т. б. Қандай да бір магниттік мектеп үшін өзекті мәселе таңдалады. Мектеп өз кезегінде параллельді не сыныпты таңдайды.

3-ші дәлел.Әріптес мектеп педагогтері сабақты бірге жоспарлайды және материалды меңгеру деңгейі әртүрлі оқушылар қол жеткізген нәтижелерді белгілейді. Бұл ретте әр әріптес мектеп дербес жұмыс жасайды. Әдетте үш оқушы түрі бақылауға алынады: «үлгерімі жақсы», «орташа», «артта қалған». Педагогтер өзі байланысқа шығатын «мықты» оқушылармен ғана емес, сонымен бірге «артта қалғандарымен» де жұмыс жасайды. Жобаның үш сабақ пен талдау нысанындағы үш циклі мәселені шешу үшін әдістемелік тәсілдерді жедел қолдануға әрі түзетуге мүмкіндік береді.

4-ші дәлел. Бірлескен жұмыста мұғалімдер бір-бірінің тәжірибесін, әдістерді, лайфхактарды көре алады. Олар командамен жұмыс істейді, бірге жобалық қызмет атқарады. Осылай олар өздері ХХІ ғасыр дағдыларын меңгереді және тәжірибеде қолданады, оны оқушыларына жеткізеді.

5-ші дәлел. Жекелеген оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылатындықтан, сабақта басты білім беру трендінің бірі – оқуды дараландыру іске асырылады.

6-шы дәлел. Мұғалімдер жобаның нәтижесін әріптестеріне ұсына әрі олармен бөлісе алады.

Lesson study технологиясын енгізудің қадамдық алгоритмі

Lesson study технологиясын енгізуге әкімшілік бастама танытуы міндетті емес. Жобаны мұғалімдердің қалауы бойынша да іске қосуға болады. Мұғалімдерге технологияны іске асыруға көмектесетін қағидалар жазылған жаднаманы таратып, қадамдық алгоритмді ұстаныңыз.

1-ші қадам. Педагогтер тобын құрыңыз. Топ мүшелерінің тиімді саны 3–5 адам, бірақ жұппен педагогтер жұмысын ұйымдастыруға болады. Егер алты және одан да көп адамнан үлкен команда жинайтын болсақ, көбісі жұмыстан шеттетіледі және қатыспайды, жай ғана бақылайды.

Командаға мектеп әкімшілігінің мүшесін қосу керек пе?

Бұл міндетті емес, бірақ, мысалы директордың орынбасарлары жобаның беделін көтереді.

Топқа мұғалімдерді пән бойынша емес, қызығушылықтары бойынша таңдаңыз. Егер бір пән оқытушыларын топтастырсаңыз, онда зерттеу оқу материалын пысықтауға әкеледі.

2-ші қадам. Алдын ала кездесу өткізіңіз: қағидалар мен құндылықтарды, тақырыбы мен алғашқы сабақты мақұлдаңыз. Басында топтың әр мүшесін қызықтыратын мәселені таңдаңыз және міндеттерді бөліңіз. Топтың әр мүшесінің ашылуына көмектесіп, шешімнің бәрін тіркеп отыратын модератор тағайындаңыз.

Тәжірибесі мен лауазымына қарамастан қатысушылардың мәртебесін теңдей сақтаңыз.

3-ші қадам.1-ші сабақты жоспарлау үшін алғашқы кездесу күнін белгілеңіз. Топ мүшелері сабақтың мақсаттарын белгілеп, сыныптан оқу үлгерімі әртүрлі үш оқушыны, оның әрқайсысы бойынша өлшемшарттарды таңдайды, сабақтың кезеңі, сабақтан кейін оқушылардың сұқбат алуға қажетті сұрақтарды мақұлдап, оқушылардың іс-әрекеті мен реакциясын болжауға тырысады. Мұнда «артта қалған» оқушыларға байланысты төмен нәтижені көрсетпей, жақсы ойлап, әр бала жетістікке жететін сәтті сабақты жоспарлауға болады.

Мақсат қою кезінде мына төрт сұраққа жауап беру керек:

  • Бұл өлшене ме?
  • Бір сабақта осыған қол жеткізу мүмкін бе?
  • Оқушы тұрғысынан бұл қалай естіледі?
  • Бұл оқу нәтижесі ме?

Қате мақсаттардың үлгілері

• Жақша ішіндегі өрнектің шешімімен таныстыру (тақырыппен танысу оны түсінгенін білдірмейді).
• Өткен тақырып бойынша жұмысты жалғастыру (бұл – мақсат емес, қызмет түрі).
• Байқампаздықты, зейінді, тапқырлықты, есептеу дағдыларын дамыту (бір сабақтың ішінде қамтылмайды).
• Денсаулық сақтау технологияларын енгізу (мұндай тұжырымдама оқушыға арналған мақсатты емес, мұғалімнің мақсатын айқындайды).

Сабақты жоспарлаудың негізгі нүктелері

  • Бала меңгеруі тиіс нәрсеге қатысты болжам.
  • Осы білім мен дағдыны өлшеу тәсілдері.
  • Сәтсіздікке ұшараған жағдайдағы реакциясы (оқушылардың қолынан келмеді).
  • Мақсатқа тез жеткен жағдайдағы реакциясы (тым оңай тапсырмалар немесе оқушылар бұрын бәрін меңгере алмады).

4-ші қадам. № 1 мұғалім сабақ өткізеді, қалған қатысушылар оған қатысып, бақылайды. Мұғалімдер бақылау нәтижелерін кестеге жазады. Кестенің үлгісін төменнен таба аласыздар. Сабақ аяқталған соң қатысушылар таңдалған үш оқушыдан сұқбат алады.

5-ші қадам.Топ № 1 сабақты талқылайды әрі талдайды. № 1 сабақ бойынша тұжырымның негізінде № 2 мұғалімнің № 2 сабағын жоспарлайды.

6-шы қадам.Жобаның екінші және үшінші циклі. Мұғалімдер алғашқы сабақ секілді № 2 және № 3 сабақты өткізеді әрі талқылайды.

7-ші қадам. Топ жоспарлау және бақылау нәтижелерін салыстырады, тұжырым жасайды. Қағида бойынша, топ зерттеу нәтижесін мектептік және мектептен тыс (жетекші және әріптес мектептердің жұмысының шеңберінде) іс-шараларда таныстырады. Егер презентация мектептен тыс өтсе, онда мектептегі жобаның беделі жоғары болады.

Lesson study технологиясын енгізудің нәтижесі қандай

Педагогтер кәсіби шеберлігін арттырудың дәлелі ретінде жетекші және әріптес мектептердің жұмысы бойынша материалдар жинағын ұсынады. Мысалы, «Қостанай қ. әкімдігі білім бөлімінің № 1 мектеп-лицейі» ММ жетекші мектебінің алты педагогі осы оқу жылында қашықтан оқытудың шеңберінде 1 және 2 тоқсанда 1-ші сыныптарға арналған сабақ жоспарын әзірлеу арқылы облыс деңгейінде тәжірибесін жалпылады.

Lesson study тәсілі мұғалімдерге

  • мұғалімнің ойынша, балаларды оқыту кезінде орын алатын әрі нақты орын алатын жағдайдың арасындағы айырмашылықты сезінуге;
  • оқу оқушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру үшін оны қалай жоспарлау керектігін түсінуге көмектесетіндіктен тиімді.



← Толық көру үшін басыңыз


Жүктеу