Директордың орынбасары сәуір айында нені бақылауы тиіс. Жұмыстың дайын циклограммасы
Жұмыс уақытын жоспарлау қиындық тудырмай, маңызды істі назардан тыс қалдырмауыңыз үшін біз екі циклограмма дайындадық: апта күндері бойынша және бір айға арналған. Біріншісіне ай сайын циклді түрде өткізетін іс-шараларды, екіншісіне сәуір айында шешімін табуы тиіс істің бәрін бөлдік. Соңынан пән апталығын өткізу жоспарын таба аласыздар.
Ай сайынғы істерді қалай бөлеміз
Айды әдістемелік лездемелерден бастаңыз. Осы уақытта ұстаздарды ғылыми жаңалықтармен таныстырып, озық педагогикалық тәжірибені енгізу жолын талқылаңыз, практикалық педагогика, психология мәселелеріне деген қызығушылықты оятыңыз.
Қатысқан сабақтарды талқылап, қорытындылау үшін айына бір рет мұғалімдердің басын қосыңыз. Ай сайын өтетін жиналыста өткізілген бақылау срездерінің, жұмыстардың, ауызша сауалдамалардың қорытындыларын талқылаңыз.
Кестеге шығармашылық топ жетекшілерімен кездесу күнін белгілеңіз. Өз бетімен білім алуды ұйымдастыру бойынша көмекке мұқтаж мұғалімдермен, сондай-ақ өз бетімен білім алу бағытында жұмыс істеп жүрген жаңашыл педагогтер мен үздік мұғалімдермен жеке жұмыс уақытын жоспарлаңыз.
Оқу жылы бойы жүктеменің тең бөлінуі үшін барлық істі жоспарда апта күндеріне бөліңіз. Мұндай жоспардың үлгісін төменнен қараңыз.
Директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасарының ай сайынғы жұмыс циклограммасы апта күндері бойынша
Сәуір айындағы жұмыс жоспарына нені қосамыз
Бітіру емтиханына дайындық. Сәуір айында емтиханға дайындықтың қалай өтетінін бақылаңыз. «Емтиханға дайындық» тақырыптық стендін безендіріңіз. Айдың соңғы аптасында сынып жетекшілерінің бітірушілердің қандай емтихан тапсыратыны туралы мәлімет өткізуін өтініңіз.
Біліктілікті арттыру. Мұғалімдердің біліктілікті арттыру курсына қатысуын бақылаңыз. Директордың ОТІ жөніндегі орынбасарымен бірге әдістемелік жұмыс жоспарына түзетулер енгізу жолын тшешіңіз, себебі мұғалімдер кәсіби тұрғыдан қиналмауы тиіс.
Кеңестер. Кесте бойынша директордың ӘЖ жөніндегі орынбасарларына арналған аудандық және қалалық кеңестерге, сондай-ақ бастауыш сынып ӘБ-нің кеңесіне қатысыңыз. Жедел кеңесті айдың ортасына не соңына жоспарлаңыз. Сәуірдің екінші жартысында әдістемелік кеңес отырысы мен нұсқаулық-әдістемелік кеңес өткізіңіз.
Пән апталығы. Осы айда қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша пән онкүндіктерін өткізіңіз және өткізілген жұмысты жоспарлаңыз.
Осы айдағы істерді тең бөлу тәсілін дайын циклограммадан қараңыз.
Директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасарының сәуір айына арналған жұмыс циклограммасы
Пән апталығы жоспарына нені енгіземіз
Пән апталығын мектептің МІБ жоспарына сәйкес өткізіңіз. Іс-шаралар жоспарын өткізуден екі апта бұрын директордың бекітуіне ұсыныңыз.
Әдістемелік апталықтар пән апталығының жоспарына пән олимпиадаларын, оқу пәні бойынша дәстүрлі емес сабақтарды, оқу сыныптары параллелінде және параллельдер арасында сыныптан тыс іс-шараларды, сондай-ақ жаппай әлеуметтік маңызы бар немесе ғылыми-танымдық іс-шараларды қоса алады.
Әкімшілік пен қамқоршылық кеңес мүшелері ынтаны арттыру үшін пән апталығының қорытындысы бойынша мұғалімдер мен оқушыларды марапаттайды.
Белсенді қатысушылар қатарынан қалалық немесе аудандық пән олимпиадасына қатысуға дайын команда құрамын жасақтаңыз. Оқушылардың ғылыми қоғамдастығына осындай балаларды қосып, ғылыми-практикалық конференцияны немесе жоғары сынып оқушыларының шығармашылық кешін ұйымдастыруға болады.
Пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысында апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шараларды талдаңыз. Мұғалімдер жұмысының мықты әрі әлсіз жақтарын атаңыз.
Мұғалімдер пән апталығының қорытындысы бойынша мектеп директорының оны өткізуге жетекшілік ететін орынбасарына пән апталығының жоспарын, пән олимпиадасын өткізуге қажетті тапсырма мәтіндерін және оның нәтижелері көрсетілген хаттамаларды, сондай-ақ ашық іс-шаралар жоспарын немесе сценарийін және пән апталығының қорытындысын талдауды өткізеді. Пән апталығын өткізу жоспарын шетел тілі мұғалімдерінің онкүндігінің жоспарын мысалға ала отырып құрастыруға болады.
«БЕКІТЕМІН»
«______________________________________» директоры
_______________ / _______________
2021 ж. «____» _______________
«______________________________» КММ шетел тілі мұғалімдерінің
2021 жылғы ______________________ «____» бастап «____» дейін онкүндік өткізу жоспары
