Жаңартылған бағдарлама жағдайында мұғалімдер мен оқушылардың мотивациялық әлеуетін қалай басқарамыз: үлгінің авторлық әзірлемесі
Білім беру процесіне қатысушыларды ынталандыру әрі қызықтыру мәселесі әрдайым өзекті болмақ. Қатысушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігі, сондай-ақ ұйым қызметінің нәтижесі білім беру ұйымында (бұдан әрі – БҰ) қолданылатын ынталандыру әрі қызықтыру жүйелеріне байланысты. Әріптестеріңіз жаңартылған бағдарлама жағдайында мотивациялық әлеуетті басқаруға көмектесетін үлгінің авторлық әзірлемесімен бөлісті. Мақалада үлгінің қандай мақсатты блоктарды қамтитынын көрсетіп, әр кезеңде не істеу керектігін айтып, үлгінің көрнекі схемасын береміз.
Мотивацияны басқару үлгісінің мақсаттары мен міндеттері
Үнемі ықпал ету мен бақылауды қажет ететін мәжбүрлеумен салыстырғанда мотивация икемді басқаруды құруға мүмкіндік береді. Мотивацияның көмегімен адамның іс-әрекетін оң әсер етіп, оның оқу-танымдық әрі педагогикалық қызметіне бағыт беретін жағдайлар жүйесін құруға болады.
Мотивацияны басқарудың жаңа үлгісі күткен нәтижеге жетуге сенім береді. Осы үлгінің арқасында басшы ғана емес, білім беру процесіне қатысушылар да қандай мақсатты көздейтінін әрі оның жұмыстағы рөлі қандай екенін түсінеді.
Үлгі қандай блоктарды қамтиды
Үлгі төрт блокты қамтиды: мақсатты, мазмұнды, процессуалды және нәтижелі. Төменнен үлгісін схемасын көре аласыздар.
ҚР білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдер мен оқушылардың мотивациялық әлеуетін басқару үлгісі
Мақсатты блок
Мақсатты блок БҰ басшысының басқарушылық шешімдерінің негізгі мақсатын айқындайды. Бұл БҰ білім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін көтеруге жетелейтін, педагогтер мен оқушылардың мотивациялық және шығармашылық әлеуетін дамытуды ынталандыратын жағдай жасау.
БҰ-да мотивациялық орта құру үшін автор мына шарттарды белгіледі:
- Білім беру процесінің субъектілерінен күтілетін нәтижені нақты түсіну.
- Жайлы психологиялық-педагогикалық микроорта.
- Шығармашылық қабілетін таныту мүмкіндігі.
- Педагогтер мен оқушылар жұмысын бағалаудың объективті өлшемшарттары.
- Жоғары нәтиже мен жетістіктер үшін марапаттау жүйесі.
Мазмұнды блок
Білім беру процесі субъектілерінің мотивациялық әлеуетін басқару үлгісін іске асыру үш кезеңді қамтиды:
I кезең – дайындық. Бұл кезеңде зерттеу мәселелерінің шеңбері айқындалып, мақсат, гипотеза тұжырымдалды, педагогикалық процеске қатысушылардың мотивациялық әлеуетін қалыптастыру үлгісі әзірленіп, ынталандырушы психологиялық-педагогикалық жағдай айқындалды.
II кезең – мазмұнды-дамытушы. Мотивациялық бағдарламалар мен іс-шаралар арқасында толықтырылады және мақсатты блоктың педагогикалық шарттарын орындау арқылы жайлы орта құру арқылы іске асырылады.
III кезең – нәтижелі-бағалаушы. Процесті аяқтайды, қорытынды диагностика, нәтижені бірге талдау, рефлексия жүреді.
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында мұғалім қызметі мен оқушылардың білім нәтижелерін бағалаудың жаңа тәсілдерін іздеу мәселесі өзектендіріледі. «№ 132 гимназия» КММ педагогикалық менеджмент әдістеріне сәйкес педагогтердің кәсіби жетістіктері мен оқушылардың оқудағы жетістіктерін рейтингілік бағалау тәсілдерін, сондай-ақ жоғары нәтиже мен жетістігі үшін марапаттау жүйесін қолданады.
Процессуалды блок
Процессуалды блок мотивациялық әлеуетті қалыптастыру қағидаттарыныңғ, әдістерінің, нысандары мен құралдарының жиынтығын құрайды. Мақсатқа жету қағидаттар жүйесін іске асыруды талап етеді: мақсаттылық, ғылымилық, қолжетімділік, жас және тұлғалық ерекшеліктерді ескеру, жүйелілік пен реттілік, саналылық, белсенділік.
Мотивациялық әлеуетті ынталандыратын жағдай жасау кезінде ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау және өзіндік бақылау әдісін қолданыңыз.

Педагогтер мен оқушылардың мотивациялық әлеуетін көтерудің негізгі нысандарына оқу, әдістемелік, ғылыми, тәрбиелік дәне ұйымдастырушылық нысандар жатады. Оған педагогикалық және әдістемелік кеңестер, педагогикалық идеялар фестивалі, дөңгелек үстел, пікірталастар. Сонымен бірге ӘБ мұғалімдерінің шығармашылық жұмысы, ұжымдық эксперименттік-зерттеу қызметіне қатысу, коучингтер, Lesson study, менторинг, оқытудың инновациялық технологиялары, интерактивті жұмыс әдістері, сондай-ақ ғылыми-практикалық конференцияларда, семинарларда баяндама жасау және олимпиада мен конкурстарға қатысу мотивацияны арттыруға көмектеседі.
Педагогтер мен оқушылардың мотивациялық әлеуетін арттыруға ауызекі, көрнекі, техникалық, ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар көмектеседі.
Нәтижелі блок
Үлігінің нәтижелі блогы белгіленген өлшемшарттар мен тиісті көрсеткіштерге сәйкес педагогикалық процеске қатысушылардың мотивациялық әлеуетінің қалыптасуының деңгейлік сипаттамасын білдіреді:
- мотивациялы-құнды – сұраныстар, мотивтер, қызығушылықтар, құүнды бағыттар жиынтығы, қабілеттерді іске асыруға бағыттау;
- танымдық-қызметтік – білім, машық пен дағдылар жиынтығы; кәсіби педагогикалық және оқу-танымдық қызметті жүзеге асыруға практикалық дайындық;
- тұлғалық-рефлексивті – тұлғалық қасиеттердің кәсіби педагогикалық және оқу-танымдық қызметі үшін маңызды қасиеттер жиынтығы: ынтымақтастық, ізгіліктілік, көшбасшылық, жауапкершілік, коммуникабельділік, оптимизм, өзіне деген сенім, толеранттылық, эмоционалды тұрақтылық пен рефлексия; мотивациялық әлеуеттің қалыптасу деңгейін бағалауды талап етеді: жоғары, орташа, төмен.
Сонымен, үлгінің барлық компоненті өзара байланысты және мектепте жайлы әлеуметтік-психологиялық микроорта құруға ықпал етеді. Практика көрсеткендей, осы үлгіні енгізудің арқасында педагогтер инновациялық технологияларды меңгеруге және педагогикалық тәжірибе алмасуға ұмтылады, бұл БҰ білім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Қалалық, республикалық және халықаралық конкурс жүлдегерлері мен қатысушыларының саны арттыру. Педагогтер мен оқушылар педагогикалық және оқу-танымдық қызметті рефлексиялауды үйренді, жоғары оқу орнына түсу кезіндегі бәсекеге қабілеттілік артты.
Үлгінің әр компоненті мұғалімдер мен оқушылардың мотивациялық әлеуетін басқару процесінде өз міндетін шешеді, бірақ барлық компоненті тығыз байланысты болғанда ғана нәтиже маңызды әрі тиімді болады.
Мұғалімдер мен оқушылардың мотивациялық әлеуетін басқарудың осы үлгісі қазіргі, сондай-ақ келешектегі білімге деген сұранысты іске асыруды көздейді. Ол мектеп қоғамдастығының жаңа сапалы күйге нәтижелі түрде көшуін қамтамасыз ететін қуатты әрі әсерлі құрал әрі оны басқару құралы ретінде қарастырылады.
