ещё
свернуть
Все статьи номера
№4, 2021
ОЗЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шығармашылық жоба: қалай президент тапсырмасын орындап, балалардың туған өлке туралы білімін 35 %-ға көтереміз

Президентіміз 2021 жылды Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнағанын ескере келе, балаға адамгершілікті-патриоттық тәрбие беру көп мектепке дейінгі ұйым жұмысының басты бағытына айналды. Осы бағыт бойынша балалармен жұмыс кезеңдерінің бірі – туған өлке туралы өмірлік тәжірибе жинақтау және оны мәдени құндылықтарға тарту. Әріптестеріңіз қысқамерзімдік шығармашылық жоба дайындады, ол жылдық жоспардың міндеттерін шешуге әрі балалардың туған өлкенің тарихи, географиялық, табиғи-экологиялық ерекшелігі туралы білім деңгейін 35 %-ға көтеруге көмектесті. Мақалада жобаны іске асырудың кезеңдік алгоритмін береміз, балалардың білім деңгейін диагностикалауға көмектесеміз әрі іс-шаралардың дайын жоспарымен бөлісеміз.

Жоба патриоттық тәрбие бойынша қандай міндеттерді шешуге көмектеседі

«Сүйемін сені, туған өлкем!» жобасы мектепалды даярлық тобының балаларына арналған. Ол мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттық тәрбиелеуге кешенді тұрғыдан келуге, олардың туған өлке тарихы туралы білімін кеңейтуге көмектеседі және ұжымдық шығармашылық қызмет арқылы атаулы оқиғалармен таныстырады.

Жобаның міндеттері

  • Мектеп жасына дейінгі балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени, географиялық, табиғи-экологиялық ерекшелігімен таныстыру.
  • Туған өлкенің тарихы мен қазіргі мәдени келбеті туралы мәліметтерді қабылдауға жағдай жасау.
  • Туған өлкенің көрікті жерлеріне, мәдени құндылықтарына, табиғатына деген ұқыпты көзқарасты қалыптастыру.
  • Балалардың жүйелі тілін дамыту, мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын байыту әрі белсендіру.
  • Ойлау қызметін белсендіру.
  • Жаңіа шығармашылық өнім жасауды үйрету.
  • Туған өлкеге және өзінің шығармашылық қызметіне деген эстетикалық және эмоциналды-құнды көзқарасты тәрбиелеу.

Жобаны іске асыру мерзімдері: қысқамерзімдік (екі ай).

Жобаны іске асыруға көмектесетін кезеңдік алгоритм

Жобаны үш кезеңге бөліңіз: дайындық, негізгі және қорытынды. Басында тәрбиешілер балалар мен ата-аналардың туған өлке тарихын қаншалықты жақсы білетінін анықтап, перспективалық жоспар дайындайды. Негізгі кезеңде іс-шаралар жоспары бойынша жұмыс істейді: балаларды туған өлкенің көрікті жерлерімен таныстырады. Қорытынды кезеңде тәрбиешілер білім деңгейін қорытынды диагностикалайды әрі жобаны қорғайды.

1

кезең

Дайындық

Бұл кезеңде тәрбиешілерге қала тарихы туралы әдебиетпен танысып, мұнда мектепке дейінгі білім саласының қалай дамығанын біледі. Олар осы білімнің негізінде шығармашылық жобаның тұжырымдамасын әзірлей әрі іс-шаралар жоспарын дайындай алады. Мысал ретінде жоба авторлары қолданған әдебиеттер тізімін қараңыз.

Алматы қ. тарихымен танысуға арналған әдебиет

1. В. Проскурин. «Три столицы в лицах: Верный, Алма-Ата, Алматы». Издательство «Алматы», 2002 ж.
2. М. К. Козыбаев, М. Х. Асылбеков «История города Алматы с древнейших времен до наших дней». Издательство «Алматы», 2010 ж.
3. Г. Айдаров. Алма-Ата: осколки города Верного.
4. О. Сулейменов. Сборник стихов «Алматы», 2011 ж.
5. Энциклопедия Алматы. Казахстан.

Әдістемелік әдебиет
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Астана, 2016 ж.
2. 1 жастан бастап 6 (жасқа) дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары. Астана, 2016 ж.
3. В. В. Гербова. Приобщение детей к художественной литературе. М: Мозаика – Синтез, 2008 ж.
4. К. С. Ильяшева. Художественная литература «Капелька». Методическое пособие для педагогов предшкольной подготовки детей 6 (7) лет. Алматы, 2016 ж.

Балаларға арналған әдебиеттер

М. Турежанов «Маленький садовод»
К. Ильяшева «Как маленький Ескендир ездил в Алматы»
К. Баянбаев «Приходите в гости!»
К. Ильяшева «Наш казахский дастархан»
О. Олегова «Я расту достойной сменой»

Тәрбиешілер білім деңгейін бағалау үшін балалар арасында диагностика жүргізеді, ал ата-аналарға «Өз қалаңды білесің бе?» атты сауалнама алады. Диагностика жүргізуге көмектесетін тапсырмалар үлгісі мен сауалнама сұрақтарын төменнен қараңыздар.


1-қосымша

2-қосымша


Жоспарға қандай іс-шараларды қосамыз

Жоспарға баланы туған қаланың тарихи әрі мәдени өткенімен таныстыратын, тілін дамытып, туған өлкеген деген эмоциналды-құнды көзқарасты тәрбиелеуге көмектесетін іс-шараларды қосыңыз. Бұл мұражай аралау, ашық ҰОҚ, дидактикалық және сюжеттік-рөлдік ойындар, құрылымдау болуы мүмкін. Тәрбиешілерге туған қаласының тарихи және мәдени өткенін ескере отырып, өз жоспарын дайындауды тапсырыңыз немесе оларға дайын жоспарды беріңіз.

Шығармашылық жобаны перспективалық жоспарлау

Жүктеу

2

кезең

Негізгі

Негізгі кезеңде тәрбиешілер жобаны перспективалық жоспарға сәйкес іске асырады: балаларды өлкетану және тарихи мұражайларға апарады, қаладағы ескерткіштерге экскурсия жасайды, құрылымдау, ҚМТҚ және тіл дамыту бойынша оқу қызметін өткізеді. Түстен кейін қаланың түрлі тарихи кезеңдегі нобайын жасау үшін материал мен жабдықты дайындайды.

Тәрбиешілер жобаға қызығушылықты арттыру үшін топтағы дамыту ортасын «Туған өлкем, сүйемін сені!» жобасының мазмұнына байланысты материалмен толықтырады. Мысалы, «Алматы қаласына қош келдіңіздер», «Алматы – 1 000 жыл» фотоальбомдарымен.

Ата-аналарды жобаға тартуға үй тапсырмасы көмектеседі. Тәрбиешілер ата-аналардан баласымен бірге «Отбасымның қаланың мәдени өміріне қосқан үлесі» атты коллаж жасасын. Жұмыс нәтижесін балалар жұмыстары мен отбасылық коллаж галереясын ұйымдастыру арқылы көрсетуге болады.

3

кезең

Қорытынды

Үшінші кезеңде тәрбиешілер «Тіл дамыту», «Қоршаған ортамен танысу» пәндері бойынша ҰОҚ өткізеді, балалар тәжірибесін жалпылайды және материалды жүйелейді.

Осыдан кейін тәрбиешілер қорытынды диагностика өткізеді. Бұл балалардың туған өлке тарихы мен көрнекті жерлері туралы білімнің қалыптасу деңгейін бақылауға көмектеседі. Ол үшін бастапқы және соңғы диагностика мәліметтерін диаграммаға енгізу керек.

Шығармашылық жоба іске асырылған мектепалды даярлық тобында диагностика нәтижелері 35 %-ға өскенін көрсетті. Егер бастапқы кезеңде туған қала тарихы туралы білімнің жоғары деңгейін балалардың 19 %-ы ғана көрсетсе, онда жобаның соңғы кезеңінде ол 54 %-ды құрады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тең жартысы (44 %) бастапқы диагностикадан өте алмады: балалар туған қала туралы сұрақтарға мүлдем жауап бере алмады немесе жауап беруде қиналды. Қоршаған ортамен танысу бойынша ҰОҚ пен сабақтан тыс дербес жұмыстар сериясынан кейін ақпараттық және мультимедиялық технологиялар арқылы қайта диагностикалау кезінде балалардың білім деңгейіне қатысты көрсеткіш 4 %-ға дейін түсті. Жоспарды іске асыру бойынша кешенді жұмыс балалардың сөздік қорын белсендіруге әрі толықтыруға, олардың туған өлке туралы білімін кеңейтуге көмектесті.

Жұмыс қорытындысы бойынша тәрбиешілердің баяндамасымен бірге жобаны қорғауды ұйымдастырыңыз.

Жобамен жұмыс мектеп жасына дейінгі балалардың туған қала тарихы туралы білім деңгейі мен қызығушығын арттырады, қалалықтарды көрнекті жерлермен таныстырады, адамның туған жерімен рухани байланысын көрсетеді, демек, патриоттық, эстетикалық және адамгершілікті тәрбие міндеттерін орындауға көмектеседі.

№4, 2021
ОЗЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Масару Ибук, Глен Доман және Никитин бойынша балаларды ерте дамыту әдістемесі: практикада қалай қолданамыз

Колумбия университетінде жүргізілген зерттеулер ерте дамыту бағдарламасы бойынша оқыған балалардың өмірде табысты екенін көрсетті: олар жұмысқа оңай орналасады әрі табысты. Сонымен бірге адам өмірінің алғашқы үш жылының мидың дамуына тигізетін әсерінің маңызын дәлелдеді. Сондықтан балаларды ерте дамыту мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің біріне жатады. Мақалада үш авторлық әдістемені көрсетеміз әрі оларды жұмыс барысында қолдану жолын үйретеміз, ерте жастағы балалармен жұмыс барысында осы әдістемелерді қолдануға болады.

Глен Доманның ерте дамыту әдістемесі

Глен Доман — нейрофизиолог дәрігер. Ол 6 жастағы адамның алдағы жылдармен салыстырғанда ақпаратты үш есе көп қабылдай алатынын дәлелдеді. Сондықтан оның әдістемені 3 айлық сәбилер үшін әзірленген. Осы кезде көру жадысын жаттықтырып, физикалық дағдыларды жетілдіреді. Теорияда әдістемені 7 жасқа дейін қолданады, себебі бас миы осы жасқа дейін белсенді түрде дамиды.

Әдістеменің негізін балаларды интеллектуалды дамыту мен физикалық тәрбиелеу құрайды. Физикалық тәрбие туғаннан бастап барлық бұлшықетті ерте жаттықтырудан тұрады: аунау мен еңбектеуден бастап спорттық жаттығуларға дейін, себебі ақыл-ой әлеуеті дененің физикалық мүмкіндіктеріне тікелей байланысты.

Интеллектуалды дамудың негізін ақпарат құрайды. Глен Доман ақпараттың ең кіші бірлігін бит деп атаған. Егер балаға оқуды үйретсеңіз, онда бит қандай да бір сөздің нақты картинасын немесе фотосуретін білдіреді, егер математиканы оқытсаңыз, онда бит дегеніміз – белгілі санға сәйкес нүктелер жиынтығы. Биттер он немесе одан да көп картина бойынша санатқа біріктіріледі.

Әдістеме бойынша қалай жұмыс істейміз

Балаға картинаны көрсетіп, оның атауын дауыстап айтыңыз. Карточкаларды баладан 45 см арақашықтықта көрсетіңіз. 15 секунд ішінде 15 карточка көрсетіңіз, демек әр карточкаға 1 секундтан көп уақыт бөлмеңіз. Біраз уақыттан кейін жаттығуды қайталаңыз, бірақ жаңа карточкаларды қолданыңыз. Негізгі қағида: әр битті 30 рет – 10 күн бойы күніне үш рет көрсетіңіз.

Жаттығуды таңғы уақытта ұйымдастырыңыз, осы кезде бала жаңа ақпаратты жақсы қабылдайды.

Доман балаға оқуды үйрету үшін ұсынатын әдістеме балаға күніне бірнеше рет көрсетілетін сөздерді механикалық түрде есте сақтауға негізделеді. Глен Доманның ойынша, уақыт өте келе бала ауызекі тілді жазумен жеткізетін заңдылықты өзі түсінеді. Жаттығу кезінде баланы артық ақпаратпен шатастырмау маңызды. Егер сіз анасы бейнеленген карточканы көрсетсеңіз, онда «ана» деп дауыстап айту жеткілікті, қосымша пікір не толықтырулар қажет емес. Сөз жазылған карточкадан сөз тіркестері мен тұтас сөйлем жазылған карточкаларға ауысамыз.

Қорытынды кезең – кітап оқу. Бірнеше күн бойы балаға бір кітапты оқиды. Белгілі бір кезеңде бала оны өз бетімен оқығысы келеді. 

Доман бойынша математиканы оқыту зат санын білдіретін нүктелермен жұмыстан тұрады. Мысалы, балаға 1+3 дегеніміз не екенін түсіндіру үшін үш карточканы мына реттілікпен қойыңыз: бір нүктелі, екі нүктелі, үш нүктелі. Бірінші карточканы көрсетіп, былай дейсіз: «Бір». Осыдан кейін «Плюс» деп қосасыз және екі нүктесі бар екінші карточканы көрсетіп, «Екі» дейсіз. Айтқаныңызды қорытындылайсыз: «Үшке тең» және үшінші карточканы көрсетесіз.

Балалар үлгілермен амалды жалғастыру үшін алдымен барлық карточканы нүкте санымен бірге есте сақтайды (2-сурет).

Глен Доман әдістемесі бойынша карточканы өз бетіңмен дайындауға болады: өлшемі 28 х 28 см екі жағы ақ картон алып, қызыл маркермен тиісті жазба қалдырыңыз. Бұл ретте әріптердің биіктігі 2,5 см-ден кем болмауы тиіс. Егер бит картинаны білдірсе, онда карточканың ішкі жағына оның атауын жазыңыз. Егер таңдалған объект фонда орналасса немесе жазба сәйкес келсе, оны қиып алып, ақ картонға жапсырыңыз.

Биттер карточкасын жалпыдан жекеге қағидаты бойынша жүйелеңіз. Мысалы, басында жануарлар әлемін «Жәндіктер», «Құстар» санатына бөліп, осыдан кейін біртіндеп нақтылаңыз.

Доман әдістемесінің жоғары нәтижелілігіне және осы әдістеме бойынша жаттыққан балалардың жоғары көрсеткіштеріне қарамастан педагогтер оның бірқатар кемшілігін көрсетті:

  • ойынның жоқтығы: жұмыс барысында үнемі карточка көрсетіледі;
  • ақпарат дайын күйде жеткізіледі – аналитикалық және сыни ойлау қабілеті дамымайды;
  • шығармашылық әлеуетті дамытуға арналған тапсырмалар жоқ.

Сондықтан бала жан-жақты дамуы үшін бұл әдістемені баланың креативтік қабілеттерін дамыту көзделген өзге әдістемелермен үйлесімде қолданыңыз.

Масару Ибуктің әдістемесі

Жапон инженері әрі өнеттапқышы Масару Ибуктің баланы дамытуға қатысты көзқарасын шартты түрде әдістеме деп атайды. Незінде бұл дамыту әдістемесі емес, керісінше жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеуге қатысты құнды ұсынымдар.

Ол өз ұсынымдарын «Үш жастан кейін кеш болады» атты кітабында жазған, бұл жарылған бомба әсерін қалдырды. Ғылыми кітаптармен салыстырғанда «Sony» компаниясының негізін қалаушы бала 3 жасында скрипкада жеңіл ойнап, қиын мысалдарды шешіп, көркем шығармаларды оқуы үшін не істеу керектігін түсінікті етіп жеткізді.

Оның кітап жазуына ұлының балалық шағында сырқаттанып, нәтижесінде басқа балалардан ақыл-ойының кем болуы түрткі болды. Осы қасіреттен арылу үшін Масару Ибук ұлымен күнделікті жаттықты. Ол осы тәжірибесін бестселлерге жазған болатын.

Масару Ибуктің ұсынымдары

  • баламен бірге көп өлең жаттаңыз: оның миы қысқа өлеңнің ауқымды мөлшерін есте сақтай алады. Баланың жадысын қарқынды қолданған сайын ол жақсы дамиды әрі жұмыс істейді. Бұған А. Барто мен К. Чуковскийдің өлеңдері сай келеді.
  • Жаттығуды түрлендіріп отырыңыз: балаға өз күшін сынау пайдалы.
  • Бала мен ата-ананың дене байланысын тәжірибеде қолданыңыз. Бұл баланың зердесіне оң әсер етіп, сезімтал әрі нәзік адамды тәрбиелеуге ықпал етеді.
  • Баланға ойыншықты көп алмауға тырысыңыз: баланың зейінін тұрақтандырмайды, сондай-ақ бейстандартты ойлауын, қиялы мен өнертапқыштығын дамытуға кері әсер етеді.
  • Балаға қарындаш, фломастер, қайшы секілді заттарды ерте ұстатуға тырысыңыз. Бала өз қолымен жасағанның бәрі: сурет салуы, қағазды жыртуы немесе ойыншықты шашуы оның шығармашылық қабілеті мен зердесін дамытады.
  • Көп қозғалыңыз: жаяу серуендеу ойлау процесін ынталандырады.

Тәрбиешінің міндеті – балаларды осы ұсынымдармен таныстыру, семинар, әңгімелесу өткізу. Бұл отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайтып, баланы жан-жақты дамытуға ықпал етеді.

Никитиндер отбасының әдістемесі

Борис Павлович пен Елена Алексеевна Никитиндер – педагог әрі көпбалалы ата-ана. 60–70-ші жылдар олар жеті баласын ерекше әдістеме бойынша тәрбиелеу арқылы танымал болды. Соңғы сұқбатының бірінде Елена Никитина «осы ерте дамыту әдістемесінің барлық халықта болғанын» атап өтті. Мысалы, моңғолдар әлі тәй-тәй баспаған баласын атқа отырғызған. Ал орыс крестьян отбасында қалай болған? Бала өмірге келіп, өсіп, бес-алты жасында үйдің еденін сыпырып, от жаққан. Бала ересекке, табиғатқа еліктеп өскен. Қазіргі ерте білім беру (дамыту емес!) сәнінің басты қаупі – нәтижесінде кітапқа тәуелді, ебедейсіз, нақты өмірді естімейтін әрі көрмейтін адамдар өсіп шығады».

Никитиндер әдістемесінің қағидаттары

Авторлар өз әдістемесінің негізгі қағидаттарын былай анықтайды. Біріншіден, жаттығу кезінде балалар шығармашылығына еркіндік берілуі тиіс. Ешқандай арнайы жаттығулар, ширатулар, сабақтар қажет емес. Балалар спортты басқа қызмет түрімен үйлестіре отырып, қалағанынша жаттығады. Екіншіден, жеңіл киім мен үйдегі спорттық жағдай ерте жастан балалардың күнделікті өміріне енеді, олар үшін жиһаз бен өзге үй заттарымен бірде шынайы тіршілік ортасына айналады. Үшіншіден, балалардың іс-әрекетіне ата-анасы селқос қарамауы тиіс, олар балалар ойындарына, сайыстарына, тіпті олардың өміріне араласуы тиіс.

Ата-ана мен тәрбиешілердің мақсаты біреу ғана: бала дамуына кедергі келтірмеу, оған көмектесіп, өзінің ойына сәйкес оған қысым көрсетпеу, керісінде баланың көңіл күйі мен ниетіне қарай олардың дамуына жағдай жасау.

Балалардың интеллектуалды дамуы нәтижелі болуы үшін Борис Никитин ойын сериясын әзірледі, оқу әдістемесінің негізін де осы құрайды. Никитиндер ойынының басты айырмашылығы – олардың көп қызметті атқаруы әрі шығармашылық кеңістігінің шексіздігі. Бір ойын 3 жасар балаға да, ересек адамға да жарамды. Сондықтан да Никитиндер ойыны мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері арасында аса танымал.

Әр ойын – бұл тапсырмалар жинағы, бала оны текшелердің, кірпіштердің, шаршылардың, конструктор-механиктің көмегімен шешеді. Тапсырмалар түрлі нысанда беріледі: модель түрінде, тегіс сурет, изометрия суреті, сызба, жазбаша немесе ауызша нұсқау түрінде, осылай оны ақпарат жеткізу тәсілдерімен таныстырады. Тапсырмалар жеңілінен күрделісіне қарай орналасқан.

Ойын қағидаттары

  • Балаға тапсырманы шешу тәсілі мен ретін түсіндіруге, әрі көмектесуге болмайды. Бала шешімін практикалық тұрғыдан жүзеге асыра отырып, қоршаған ортадан қажеттінің бәрін өз бетімен алуды үйренеді.
  • Баланың тапсырманы бірден шешуін талап етуге әрі соған тырысуға болмайды.

Меңгеруіне қарай бала тапсырманы, өрнекті, пішінді өзі ойлап табады және т. б. Бұдан әрі Никитендердің «Унитекше» ойынының үлгісі берілген.

«Унитекше» – бұл баланы үшөлшемді кеңістікпен таныстыратын әмбебап текшелер. «Унитекше» 27 шағын ағаш текшеден тұрады. Әр текшенің шеті үйлесімі сирек, бірегей болатындай етіп боялған. Сондықтан да ұсынылған схема бойынша тапсырманы орындау оңай емес. Никитин «унитекше» үшін 60 тапсырма ұсынады. Оның алғашқыларын автор 1,5–3 жасар балалармен бірге орындаған, ал ең қиынын барлық ересек адам түсіне бермейді.

Сонымен бірге «Бөлшектер», «Жиектеме мен қосымша беттер», «Шаршы құр», «Өрнек құр» секілді ойындардың танымалдығы артты. Бұл ойындарды білім беру процесінде қолдану логикалық, кеңістікті ойлауды, тапқырлықты, түсті қабылдауды, көркемдік әрі құрылымдық қабілетті, сондай-ақ қиял мен зейінді дамытуға ықпал етеді.

Кез келген басқа ерте дамыту әдістемесі секілді Никитиндер жүйесі мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесіне толық енгізілді. Бірақ әр тәрбиеші оны топтағы баланың тұлғалық ерекшеліктеріне қарай бейімдей алады.

Қарастырылған үш әдістеменің авторлары ерте дамытудың данышпандарды тәрбиелеуге емес, керісінше адамның шынайы қабілетін уақтылы ашуға бағытталуын ұсынады.

№4, 2021
ОЗЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Қоқысқа екінші өмір сыйлайық» экожобасы

Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатқа деген қамқорлығын экожабалар арқылы қалыптастыруға болады. Бұл балалардың зерттеу және қатынас дағдыларын дамытуға әрі ата-аналарды ынтымақтастыққа тартуға көмектеседі, үлгі ретінде мектепке дейінгі ересек жастағы балалармен бірге іске асыруға болатын жобаның әзірлемесін қараңыз.

Жобаның ұзақтығы: қысқамерзімдік.

Жобаның мақсаты:

  • балаларды қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен таныстыру;
  • адамның қоршаған ортаға әсерін білдіретін қауіпке балалар назарын аудару;
  • балалардың бойынша экологиялық мәселелерге танымдық-зерттеушілік қызығушылық пен оларды шешуге қатысуға деген ынтаны қалыптастыру.

Жобаның міндеттері:

  • экологиялық мәселені көру және оны шешу жолдарын табу машығын дамыту;
  • тұрмыстық және шаруашылық қалдықтарды қайта қолданудың дұрыстығы туралы түсінік қалыптастыру;
  • эксперименттеу дағдыларын, іздену-зерттеу машықтарын жетілдіру;
  • балаларды қоқыстан қол бұйымдарын және керек-жарақ жасау арқылы шығармашылық қызметке ынталандыру;
  • отбасы мен мектепке дейінгі ұйым жағдайында еріктілер ретінде ата-аналарды балалармен бірлескен қызметке тарту.

Болжамды нәтиже

  • Ата-аналардың қалдықтарды, тұрмыстық қоқысты қолдану мәселесіне қатысты ақпараттылығы мен экологиялық мәдениеті көтеріледі.
  • Балалардың іздену-зерттеу қызметінің деңгейі, эксперименттеу дағдылары көтеріледі.
  • Жобаға қатысушылар тұрмыстық қалдықты қоршаған ортаға залал келтірместен қайта қолдану үшін өңдеуге болатынын білетін болады.

Жоба балалар мен ата-аналарға ойланбастан қоқыс тастауға болмайтынын түсінуге көмектеседі. Балалар заттарға ұқыпты қарап, қоқысқа тастайтын заттардан ерекше сыйлықтар, танымдық, театр және ойын қызметіне қажетті түрлі құралдар жасауға болатынын түсінеді. Балалар азық-түлік сатып алу кезінде тауардың қаптамасына көңіл бөліп, өңделетін шикізаттан жасалған тауарды таңдайтын болатын.

Жобаны іске асыру кезеңдері

Жобаны үш кезеңмен ұйымдастырыңыз. Бірінші кезеңде тұрмыстық қоқыс мәселесіне қатысты ақпарат жинап, теоретикалық және практикалық материал дайындауға қажетті әдебиетті іріктеңіз және ата-аналардан сауалнама алыңыз. Алдағы жұмыс жоспарын жасаңыз. Жоспардың үлгісін төменнен қараңыз.

Екінші кезеңде ата-аналар мен педагогтерге консультация өткізіңіз. Тұрмыстық қоқысты жинау мен сұрыптауға ерікті ретінде қатысудың маңызын ата-аналарға түсіндіріңіз. Мектеп жасына дейінгі балалармен қағаздың, пластмасса мен шынының қасиеттерімен таныстыратын тәжірибелер мен эксперименттер ұйымдастырыңыз. Қазақстан мен өзге елдердің қоқыс өңдеу зауыттарына виртуалды экскурсия ұйымдастырыңыз.

Үшінші кезеңде педкеңестің аясында жобаны қорғау өткізіп, ұжымға жұмыс қорытындысы бойынша презентация көрсетіңіз. Фойеде ұйымдастырылған көрмеде жарамсыз материалдан жасалған қол бұйымдарын көрсетіңіз.

Жобалық қызметтің өнімдері:

  • тәжірибелер мен эксперименттер картотекасы;
  • экологиялық мультхикаялар мен видеоматериал картотекасы;
  • жарамсыз материалдан жасалған бұйымдар;
  • «Қоқыс жер серігі емес» суреттер көрмесі;
  • жылжымалы папкалар, сәбилерге арналған кітаптар;
  • экологиялық таңбалар;
  • «Қоқыс қалай шіриді» экспериментінің нәтижелері көрсетілген бақылаулар күнделігі.
Жобаны іске асыру жоспары

Жүктеу