ещё
свернуть
Все статьи номера
№4, 2021
РЕДАКТОР СӨЗІ

Жұмысты жоспарлап, жүктемені бөлеміз

Директордың орынбасары жұмыс уақытын жоспарлауда қиналмауы үшін осы нөмірде екі циклограмма дайындадық: апта күндері бойынша және бір айға арналған. Біріншісі оқу жылы бойы барлық істі тең бөлуге көмектессе, екіншісі сәуір айындағы істерді уақтылы шешуге ықпал етеді. Екі циклограмма мен пән апталығы жоспарының үлгісін «Директордың орынбасары сәуір айында нені бақылауы тиіс. Жұмыстың дайын циклограммасы» мақаласынан қараңыздар.


Татьяна Казакова,
бас редактор,
e-mail: moo@mcfr.kz

Сәуір айында балабақша әдіскерлері денсаулық сақтау технологияларына ерекше назар аударуы тиіс. Ата-аналар мен педагогтерден алынған балабақшаңызда осы технологияларды қолдану тиімділігі туралы сауалнаманы қорытындылаңыз және осы тақырып бойынша видеоконференция форматында педагогикалық сағат өткізіңіз. Осы айда тағы қандай істерді шешу керектігін әдіскердің сәуір айындағы циклограммасынан қараңыз.

Осы жыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы деп жарияланды, сондықтан балаға адамгершілікті-патриоттық тәрбие беру көп мектепке дейінгі ұйым жұмысының басты бағытына айналды. Әріптестеріңіз балалардың туған өлкенің тарихи, географиялық, табиғи-экологиялық ерекшелігі туралы білім деңгейін 35 %-ға көтеріп, жылдық жоспардың міндеттерін шешуге көмектесетін қысқамерзімдік жоспар әзірледі.

Мақалаларға қойған бағаларыңыз бен қалдырған пікірлеріңізге рақмет. Олар біз үшін аса маңызды!