ещё
свернуть
Все статьи номера
№4, 2021
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ БАСҚАРУ

ПМПК отырысы, жедел тексерулер мен мультимедиакөрме әдіскердің сәуір айындағы жұмыс циклограммасында

Сәуір айында жедел бақылау өткізіп, тәрбиешілердің топта және серуендеу кезінде балалармен жеке жұмысты қалай ұйымдастыратынын тексеріңіз. Бұл кезекші топтар үшін де өзекті. Педагогтердің мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру жұмысына көңіл бөліңіз. Педагогтердің таңғы сүзгі мен топтарда су ішу режимін орындайтынын тексеріңіз.

Педагогтермен жұмыс. Осы айда оқу жылының қорытындысы бойынша балаларға білім беру қызметін бағалау бойынша барлық топты аралаңыз. Олардың білім беру қызметінде қандай жаңа жұмыс нысандары мен әдістерін қолданатыны туралы тұжырым жасаңыз. Ай соңында жедел кеңесте бақылауды қорытындылаңыз және тәрбиешілерге ұсынымдар әзірлеңіз.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум отырысына дайындалыңыз және өткізіңіз. Мұнда таңдалған түзету-дамыту бағдарламаларының тиімділігін қарастырыңыз.

Осы оқу жылында аттестаттаудан өтуі тиіс педагогтерге консультативтік көмек көрсетуді жалғастырыңыз.

Ата-аналармен әрекеттестік. Ата-аналар мен балалар үшін «Біз денсаулықты таңдаймыз» атты отбасылық газеттердің мультимедиакөрмесіне дайындалыңыз және өткізіңіз. Дене шынықтыру бойынша нұсқаушыға ата-аналарға арналған «Дені сау болғанын қалайтындардың бәріне!» атты видеогазетін дайындауға көмектесіңіз. Педагогтер мен ата-аналар қоғамдастығынан алынған «МДҰ-ғы денсаулық сақтау қызметінің тиімділігі» атты сауалнаманы қорытындылаңыз.

Әдіскердің 2020/2021 оқу жылының сәуір айына арналған жұмыс циклограммасы (үлгілік)

Жүктеу