ещё
свернуть
Все статьи номера
№5, 2021
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ БАСҚАРУ

Әдіскерге практикалық ұсынымдар: МДҰ-да күн режимін құру кезінде нені ескеру керек

Әдіскер әр жас тобына күн режимін әзірлейді және оны педагогикалық кеңесте бекітеді. Дұрыс күн режимі баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі, денсаулығын нығайтуы, жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуі және шамадан тыс жұмыстан қорғауы тиіс. Мақалада сергектену және ұйықтау кезеңдерін қалай ұйымдастыруға болатындығын, сауықтыру және гигиеналық рәсімдерді қашан жүргізу керектігін, СанҚжН-ға сәйкес әр түрлі жастағы балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері қанша уақытқа созылуы керек екенін айтамыз. Соңында оқу уақыты мен жазғы кезеңдегі орта топқа арналған күн тәртібінің мысалын қараңыз.

Күн режимін қалай дұрыс жасауға болады

Күн режимін құру кезінде

Серуен. Серуен ұйымдастырылған оқу қызметтерінен кейін және ұйқыдан кейін күніне екі рет өткізіледі. Оның жалпы ұзақтығы 3–4 сағатты құрайды. Егер ауа температурасы –15 °C дейін төмендесе немесе желдің жылдамдығы 7м/с дейін артса, серуендеу уақытын азайту керек.

Оқу жүктемесі.Үлгілік бағдарламаның мазмұны балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық» және «Социум» білім беру салаларын интеграциялау негізінде іске асырылады.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін вариативтік компонент бойынша ҰОҚ-ны қоса алғанда, апталық білім беру жүктемесінің ең жоғары рұқсат етілген көлемі:

  • кіші топта (2 жастан бастап) – 9 сағат;
  • орта топта (3 жастан бастап) – 12 сағат;
  • ересек топта (4 жастан бастап) – 14 сағат;
  • дайындық тобында (5 жастан бастап) – 20 сағат.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы балалардың жасына байланысты. Кіші топта ол 10–15 мин., орта топта – 15–20 мин., ересек топта– 20–25 мин., дайындық тобында – 25–30 мин.

ҰОҚ арасында балалар 10 минут демалуы керек.

Статикалық сипаттағы ҰОҚ ортасында тәрбиешілер дене шынықтыру минуттарын өткізуі керек.

Әр жас тобы үшін қанша және қай уақытта ҰОҚ жоспарлауға болады?

Ұйымдастырылған оқу қызметі балалардың жоғары танымдық белсенділігі мен ақыл-ойының жүктемесін талап етеді, сондықтан оны күннің бірінші жартысында және жұмыс қабілеттілігі неғұрлым жоғары: сейсенбі және сәрсенбі күндері жоспарлаңыз. ҰОҚ-ның рұқсат етілген ең көп саны

  • кіші топ – 1;
  • орта және ересек топтар – 2;
  • мектепалды даярлық тобы – 3.

Тәрбиешілер вариативтік компонентті күннің екінші жартысында өткізеді.

ҰОҚ қанша уақытты алуы керек?

Ұйымдастырылған оқу қызметіне жалпы уақыттың 50 %-ынан аспайтын уақыт бөліңіз. Қалған уақытты эстетикалық және дене шынықтыру-сауықтыру кезеңінің қызметіне арнаңыз.

ҰОҚ-ны жоспарлауға қойылатын қандай талаптарды сақтау қажет

ҰОҚ-ны жоспарлау кезінде

  • оқу жүктемесін қадағалаңыз; ҰОҚ саны мен ұзақтығын ҮОЖ-ға сәйкес өткізіңіз, вариативтік компонентті күннің екінші жартысында өткізіңіз;
  • оқу үдерісі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келе ме, жоқ па, соны бақыла- ңыз; айтарлықтай ақыл-ой жүктемесін қажет ететін ҰОҚ-ны аптаның ортасына жоспарлаңыз және оларды белсенді моторикамен алмастырыңыз;
  • режимдік үдерістерді жүргізу кезінде санитариялық-гигиеналық, дидактикалық талаптарды ескеріңіз;
  • серуендеу, шынықтыру және сауықтыру іс-шаралары, ертеңгіліктер және т. б. кезінде аймақтық және климаттық ерекшеліктерге назар аударыңыз;
  • балалардың жеке ерекшеліктерін есте сақтаңыз;
  • білім беру, оқыту, дамыту міндеттерінің өзара байланысын қолданыңыз; оларды ҰОҚ-да және басқа да қызмет түрлерінде іске асыруға болатынын ойластырыңыз;
  • балаларды эмоционалды жеңілдету бойынша: психогимнастика, релаксация, түс терапиясы, музыка және т. б. жұмысты қосыңыз;
  • ҰОҚ-ның біріктірілген түрлерін жоспарлау кезінде барлық педагогтердің өзара іс-қимылын ұйымдастырыңыз.

Вариативтік компонентке қандай сабақтарды және қандай көлемде енгізу керек

Вариативтік компонент орта топтан бастап енгізіледі. Вариативтік компонентті анықтаған кезде жас және жеке ерекшеліктерді, балалардың мүдделерін және мектепке дейінгі ұйымның бағытын ескеріңіз. Вариативтік бөлімге мектепке дейінгі ұйымның мүмкіндіктерін: штат кестесіне сәйкес кабинеттердің болуы және т. б. ескере отырып, ағылшын тілін, логиканы, балалардың қызығушылықтары бойынша сабақтарды қосыңыз.

Вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің көлемі қандай болуы керек?

Қазақ тілінде тәрбиелейтін және оқытатын топтардағы балаларға арналған вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі

  • орта топ үшін – 1 сағат;
  • ересек топ үшін – 2 сағат;
  • мектепалды даярлық тобы үшін – 3 сағат.

Орыс тілінде тәрбиелейтін және оқытатын топтардағы вариативтік компоненттің балаларға арналған апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі

  • орта топ үшін – 0,5 сағат;
  • ересек топ үшін – 1,5 сағат;
  • мектепалды даярлық тобы үшін – 2 сағат.

Жаз мезгілінде дене шынықтыру-сауықтыру және эстетикалық кезеңдердің іс-шараларын күн тәртібіне енгізіңіз. ҰОҚ және сауықтыру іс-шараларын тәрбиешілер ауа-райына байланысты таза ауада өткізеді.

Төменде оқу уақыты мен жазғы кезеңдегі орта топтағы балаларға арналған күнделікті тәртіптің мысалын қараңыз.


1-қосымша
Директоры ____________________________
«____»______________ ж.
КҮН ТӘРТІБІ/РАСПОРЯДОК ДНЯ Ортаңғы топ/средняя группа


2-қосымша
Директоры ____________________________
«____»______________ ж.
КҮН ТӘРТІБІ/РАСПОРЯДОК ДНЯ НА ЛЕТНИЙ ПЕРИОД Ортаңғы топ/средняя группа