ещё
свернуть
Все статьи номера
№2, 2020
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС

Білім алушылардың ақпараттық сауаттылығын анықтаудың сегіз өлшемшарты

Оқу — бұл балалар әлемді ашатын және өзін-өзі танитын терезе. Оқумен қатар, бір уақытта, тіпті кітап бетін алғаш ашқаннан да ертерек сөзбен жұмыс басталған кезде ғана ол бала үшін ашылады.
В. А. Сухомлинский

Мектеп қазіргі ақпараттық қоғамның талаптарына сай болуы үшін өз саласының жақсы маманы ғана болып қоймай, сонымен бірге құбылмалы өмірлік жағдайларға тез бейімделетін, сыни тұрғыдан ойлай алатын, ақпаратпен сауатты жұмыс істейтін түлектерді даярлауы тиіс.

Білім саласындағы жаңа парадигма үнемі білімді толықтыру мен жаңартуға, машықтары мен дағдыларын жетілдіруге, оларды бекіту мен біліктілікке айналдыруға деген сұраныстарды қалыптастыруға бағытталған. Ақпарат көлемі мен ақпарат ағымының жылдамдығы артқан кезде қазіргі қоғамда ақпаратты қабылдауға, өңдеуге және қайта өңдеуге байланысты машықтардың өзектілігі артады. Оқушылардың оқуға қызығушылық деңгейі, білім деңгейі, үнемі өз бетімен білім алуға дайындығы олардың ақпаратпен жұмыс істеу, сыни тұрғыдан саралау және жүйелі танымдық қызметті ұйымдастыру машығына байланысты.

Мұғалімнің оқушыға білім, машықтар мен дағдыларды жеткізуімен бірге білім алушының өз бетімен оқу мақсаттарын белгілеу, оларды іске асыру жолдарын жобалау, өз жетістіктерін бақылау және бағалау, түрлі ақпарат көзімен жұмыс істеу, оларды бағалау және осының негізінде өз пікірін, ойын, бағасын қалыптастыру қабілеттерін дамыту білім берудің басты мақсатына айналады.

Адам сәтті білім алуы және өз бетімен ізденуі үшін бірқатар біліктіліктерді меңгеруі тиіс, ең алдымен ақпараттық біліктілікті.

«Ақпараттық біліктілік» термині екінші буынның білім беру стандарттарының негізгі терминдеріне жатады және «ауызекі және жазбаша коммуникативтік ақпараттық технологиялардың көмегімен қажетті ақпаратты өз бетімен іздеу, талдау, таңдау, өңдеу және жеткізу қабілеті мен машығы» деп танылады.

«Ақпараттық сауаттылық» пен «ақпараттық мәдениет» те осы терминмен тығыз байланысты.

Ақпараттық мәдениет — ақпаратпен мақсатты түрде жұмыс істеу және оны компьютерлік ақпараттық технологияны, заманауи техникалық құралдар мен әдістерді алу, өңдеу және жеткізу үшін қолдану машығы.

Ақпараттық мәдениетті меңгеру адамның дербес ақпараттық ортасын ақылға қонымды етіп құру, артық немесе жалған ақпарат ағымын сүзгілеу, ақпарат мөлшері, ақпараттық әрекеттестік деңгейі, адам үшін құндылығы бойынша бағалау қабілетін талап етеді.

Оқушылардың ақпараттық сауаттылығы ақпараттық біліктілікті қалыптастырудың негізі, бастапқы деңгейі болып табылады және білім алушының түрлі қызметтер мен қатынастарға сәтті қосылуы үшін ақпаратты тиімді іздеуге, бағалауға, пайдалануға мүмкіндік беретін қасиеттерін, білімін, машықтарын, дағдыларын қамтиды.

Оқушының ақпараттық сауаттылығының өлшемшарттары

  • Оқушы маңызды ақпаратқа деген сұранысты сезінуі, сауалдарды тұжырымдай білуі, ақпарат көздерін анықтауы және ақпарат іздеудің сәтті стратегияларын пайдалануы тиіс.
  • Тапқан деректердің ішіндегі фактілерді анықтау және қажетсіз ақпаратты «сүзгілеу».
  • Табылған ақпаратпен алмасу үшін оқушы оны ұйымдастыра әрі өз білімімен ықпалдастыра білуі тиіс. Бұл үшін ол сыни ойлау және мәселелерді шешу дағдыларын іске қосуға тиіс.
  • Оқушы ақпараттық сауаттылықты меңгерген соң алған білімді қолдануға машықтануы тиіс.
  • Білім алушы сенімді әрі қызығушылық танытатын оқырман ғана болып қоймай, сонымен бірге ұсынылған ақпаратты бағалай білуі, сондай-ақ оны түрлі құралдардың көмегімен ұсына білуі тиіс.
  • Ақпаратты, жеткен нәтижелерді қолдану процесін бағалау, оны қайта қарау, жұмысты жетілдіру немесе жаңарту жолдарын табу керек.
  • Ақпараттың жауапты тұтынушысы болып, зияткерлік еркіндік қағидаттары мен зияткерлік меншік құқығын құрметтеу керек, бұл ретте өзгелердің идеяларына дұрыс сілтеме жасау керек.
  • Ақпарат іздеу және қолдану барысында өзгелермен серіктес бола білу, содан кейін өз қызметінің нәтижелерімен бөлісу керек.
Мұғалім қызметінің алгоритміОқушылардың бойында қалыптасқан оқу-ақпараттық машықтар мен дағдылар деңгейін анықтау өлшемшарттары
Танысу үшін ұсынылатын ақпаратты жеткізгіштер мен көрсету құралдарының көлемін, түрін анықтайды. 
Сабақтың әр кезеңінде ақпаратпен жұмысты ұйымдастырады.
Ақпаратты жеткізгіштермен жұмыс кезінде танымдық қызметтің сипатын анықтайды:
– танысу;
– жаңғырту;
– ұғыну;
– қолдану.
Үй тапсырмасын және шығармашылық сипаттағы түрлі тапсырмаларды сәтті орындау үшін нұсқаулық жүргізеді.
Машықтарды қалыптастыру алгоритмін іске асырады:
– сәтті оқу және өз бетімен білім алу үшін осы машықтың мәнін түсіндіреді;
– машықты құрамдас компоненттерге бөледі;
– іс-қимыл реттілігін көрсетеді;
– машықты қалыптастыру үшін тапсырмаларды, міндеттерді, жаттығуларды іріктейді;
– машықты меңгеруге педагогикалық диагностика жүргізеді;
– өзіндік тапсырмалар жүйесі арқылы машықты жаттықтырады және бекітеді;
– машықтарды қолдану үшін өзгертілген және бейстандартты тапсырмалар мен жағдайларды ұсынады;
– машықтардың қолданылуын өзара және өзіндік бақылауды ұйымдастырады;
– қалыптасқан машықтар сапасына бақылау жүргізеді;
– машықтарды бекіту бойынша шығармашылық тапсырмалар ұсынады 
Жазбаша мәтіндермен жұмыс істейді:
– шапшаң, түсініп, дұрыс, әдеби айтылым нормаларын ұстана отырып оқиды;
– түрлі оқу тәсілдерін меңгереді: толық, іріктеп, пікір айта отырып, талдамалы, рөлдер бойынша оқу;
– оқулықтың негізгі компоненттерімен жұмыс істейді: мазмұнымен, құрылымдық компоненттерімен, тапсырмалармен, сөздікпен, иллюстрациялармен, схемалармен, кестелермен, сілтемелермен;
– библиографиялық тізімдерді, картотекаларды, каталогтарды, нұсқағыштарды қолдана біледі;
– ғылыми, көркемдік және ресми-іскер мәтіндерді ажырата біледі;
– жазбаша мәтіннің жай әрі күрделі жоспарын құрастыра біледі;
– жазбаша мәтіннің негізінде кестелерді, схемаларды, графиктерді, диаграммаларды құрастыра біледі;
– жазбаша мәтіннен еркін цитатасы берілген үзінділер құрастырады;
– мәтінді баяндаудың түрлі тәсілдерін меңгерген (қысқаша, толық, таңдаулы);
– түрлі мәтіндер құрастырады (баяндамалар, рефераттар, курстық жұмыстар және т. б.).
Ауызекі мәтіндермен жұмыс жасайды:
– ауызша мәтінді мәнерлеп жеткізе алады;
– толықтырушы және нақтылаушы сұрақтар қоя алады;
– сыныптасының сөзіне пікір айта біледі;
– диалог пен полилогтың түрлі ұйымдастырушылық нысандарында әрекеттеседі (талқылау, пікірталас, сұхбат).
Нақты объектілермен ақпарат көзі ретінде жұмыс істейді:
– түрлі бақылау түрлерін қолданады;
– бақылау объектісін сипаттайды.
Ақпаратты жаңғыртудың техникалық құралдарын қолдана біледі:
– компьютерлік каталогтармен, дерекқорлармен, Интернет желісінде, жергілікті компьютер желісінде жұмыс істейді;
– заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген 

Әмбебап оқу-ақпараттық машықтар мен дағдыларды жетілдіруге ықпал етуші қағидаттар

  • Алгоритмдеу қағидаты – оқушының қалыптасқан «білім траекториясын» және ақпаратпен жұмыс тәсілдері мен кезеңдерінің қоры туралы білімінде көрініс табуын талап етеді.
  • Түсіну енжарлығын жою қағидаты – ақпаратты өзгерту процесін бақылауға көмектесетін оқу қызметін ұйымдастырудың белсенді нысандары (Г. Д. Чистякова бойынша – толық іздену-зерттеу белсенділігі).
  • Әмбебаптылық қағидаты. Белсенді ойлау қызметіне материалды енгізу үшін көбіне бір ақпарат көзі қолданылады. Бұл ретте мәтінді іріктеуге айрықша талаптар қойылады: қағида бойынша, мазмұны ауқымды философиялық, әлеуметтанушылық, мәдениеттанушылық, тарихи мәнмәтінді қамтиды. Осындай мәтіндерді толық түсіну әрі түсіндіру үшін ақпаратты жеткізу, мәтінді қолдану кезінде оның «көпөлшемділігін» анықтау үшін әмбебаптылықты міндетті түрде сақтау барысында түрлі пән саласындағы ақпаратты үйлестіру дағдысы қажет.
  • Түсіну объектісін енгізу қағидаты оқушылардың жеке тәжірибесі тұрғысынан сабақтың «мағынасын белгілеу» кезеңінде немесе жобалық зерттеу жұмыстарын қорғау жүретін семинар сабақтарда өзіндік бағалау (кері байланыс) мен бағалау кезеңінде іске асырылады.
  • Оқушыларға жобамен жұмыс кезінде, семинар сабағына дайындықты зерттеуге консультативтік көмек көрсетуде педагогикалық күш-жігерді шоғырландыру қағидаты.
  • Ашықтық және таңдау еркіндігі қағидаты – оқушыларға ұсынылатын жаттықтырушы және бақылау тапсырмаларының демо-нұсқалары қолжетімді және күрделілігіне қарай сараланған.

Машықтар мен дағдыларды қалыптастыру кезінде мына кезеңдері бөлініп шығады:

  • осы машықпен танысу, машықтың негізгі құрамдастарын меңгеру;
  • машықты қолдануға жаттықтыру;
  • оқушылардың машықты меңгеруін тексеру және қажетіне қарай жекелеген оқушылардың машықтарды орындауын түзету.

Оқу дереккөздерімен жұмыс істеу машықтарын қалыптастыру тиімділігі мына жағдайда қамтамасыз етіледі

  • оқу мазмұнының, ақпараттық машықты қалыптастыру құрылымы мен тәсілдерінің оқытудың ортақ дидактикалық қағидаттары мен таным ерекшеліктеріне сәйкестігі;
  • процесті жүйелі жобалауда, жалпы оқу және арнайы машықтарды дамыту мақсаттарына сәйкес оқытудың ақпараттық машықтарын қалыптастыруда;
  • білімнің дереккөздерімен жұмыс істеу машықтарын кезеңмен қалыптастыруды мақсатты түрде тақырыптық жоспарлау мен ұйымдастыруда;
  • оқу мазмұнына дереккөздер мен олармен жұмыс істеу тәсілдері туралы қарапайым білімді енгізуде;
  • оқу процесінің мазмұнын меңгеру міндеттерін оңтайлы шешуге және бір мезгілде білім алушылардың ақпараттық машықтарын дамытуға мүмкіндік беретін білімнің дереккөздерімен қамтылуы;
  • танымдық процесті басқарудың қызметтік тәсіліне, интерактивті әдістеріне негізделетін ақпараттық машықтарды меңгерудің осындай әдістемесін қолдануда.

Оқу-ақпараттық машықтар мен дағдылар білім алушыға оқу міндеттерін шешуге қажетті ақпаратты табуды, қайта өңдеу мен қолдануды қамтамасыз етеді.

МашықтарыДағдылары
Қажетті ақпаратты іздеу және іріктеу – библиографиялық сауаттылық– кітаптың негізгі компоненттерімен жұмыс;
– мәтіннен ақпарат іздеу;
– әдебиет көзінен, қосымша және анықтамалық әдебиеттен ақпарат іздеу;
– каталог бойынша ақпарат іздеу;
– Интернет желісінен ақпарат іздеу;
– қажетті ақпаратты іріктеу;
– оқу түрлері, қарқыны, әдеби стильді ажырату және дұрыс қолдану 
Ақпаратты алғашқы өңдеу. Ақпаратты қысқарту– терминдермен жұмыс;
– түйін сөздерді таңдау;
– объектінің сипаттамасы;
– сұрақ құрастыру;
– мәтінді құрылымдау;
– мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу;
– бастысын таңдау;
– заңдылықтарды таңдау;
– жоспар құрастыру;
– тезис құрастыру;
– дәйексөздерді іріктеу;
– болжамды ұсыну;
– кесте құрастыру;
– схема құрастыру (кластер, тірек сигналдар парағы (ТСП), логикалық-мағыналық моделі (ЛММ));
– конспект құрастыру
Ақпаратты ашу– терминдер;
– түйін сөздер;
– объектінің сипаттамасы;
– сұрақтар;
– үзінділер, белгілер;
– мағыналық бөліктері;
– басты ойы;
– заңдылықтары;
– жоспары;
– кесте;
– схема (кластер, ТСП, ЛММ);
– конспект бойынша;
– тезистердің көмегі бойынша;
– цитаталар;
– болжамды дәлелдеу немесе жоққа шығару 
Ақпаратты бұдан әрі өңдеу және қолдану. Мәтіндік ақпаратты басқа ақпарат түріне ауыстыру– график, сурет құру және оқу;
– диаграмма құру және талдау;
– компьютерлік презентация құрастыру 
Ақпаратты сыни тұрғыдан меңгерумәтінді сыни тұрғыдан меңгеру:
– мәтінді қайта құрастыру;
– пікір, талқылау құрастыру;
– аңдатпа құрастыру;
– пікір құрастыру;
– сын-пікір құрастыру
Мәтінді шығармашылық тұрғыдан қайта өңдеу– шағын шығарма, эссе, шығарма, синквейн, өлеңдер;
– хабарлама, баяндама, реферат, ғылыми-зерттеу жұмысы;
– жобаны орындау
Түрлі қабылдау арналарын қолдану арқылы ақпаратты қайта өңдеу– ақпаратты тыңдау кезінде қабылдау, қайта өңдеу;
– көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдысы;
– шынайы объектілермен жұмыс істеу дағдысы 

Уақыт талабына қарай туындаған жаңалықтардың қайсысы мектепке енсе де, бағдарламалар мен оқулықтар қалай өзгерсе де, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қызметіне ықпал ететін ақпараттық біліктілікті қалыптастыру әрқашан негізгі жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттерінің бірі болып қала береді.