Педагогтерді мазалайтын еңбекақы төлеуге қатысты сұрақтар. Кәсіби бухгалтердің кеңесі

Мемлекеттік орта білім беру ұйымында, сондай-ақ әдістемелік кабинетте кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке негізгі жұмыс орны бойынша ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді («Педагог мәртебесі туралы» Заңның 8-б. 5-т.). Сондықтан әдіскерлерге ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төленуі тиіс.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне белгіленген үлгідегі құжаттары болған жағдайда белгіленеді және негізгі жұмыс орны бойынша нақты жүктемеге қарай ECTS 120 академиялық кредиттен кем емес меңгерген магистр дәрежесі үшін10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша ақы төленеді («Мемлекеттік ұйымдар Педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020.11.05 № 191 бұйрығының 42-т.)
Бір оқу жылы 60 ECTS-балына тең, тиісінше екі оқу жылы 120 ECTS-балына тең болады. Егер оқу жылы екі жылды құраса, және қағидалардың 42-т. көрсетілген ғылыми-педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша, сондай-ақ ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуішіне сәйкес дайындықтың жоғарыда аталған бағыттарына баламалы мамандықтар бойынша болса, онда педагог қосымша ақы алуға құқылы.

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымына тиісті бейінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе қайта даярлау курсынан өткендігін растайтын құжат немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар тұлға қабылданады (ҚР БҒМ 2009.13.07 № 338 бұйрығының 19-т.).
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орнын «үздік» бітірген адамдарға «педагог-модератор» біліктілік санаты ұлттық біліктілік тестілеуінен өтпей беріледі (ҚР БҒМ 2020.11.05. № 192 бұйрығының 48-т.). Сонымен, бұл қызметкер аттестаттаудың бірінші кезеңінен босатылады. Аттестаттаудың екінші кезеңін жұмыскер мектепке дейінгі ұйымда өтеді.
Педагогтерге біліктілік санатын беру білім туралы дипломда немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік бере отырып, қайта даярлау туралы құжатта көрсетілген мамандыққа (біліктілікке) сәйкес жүзеге асырылады (Біліктілік санатын тағайындау қағидаларының 28-т.).
Бейініне сәйкес келмейтін педагогикалық білімі бар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша біліктілікті арттыру (немесе қайта даярлау) курстары туралы құжат болған жағдайда біліктілік санаты беріледі (ҚР БҒМ 2020.11.05 № 192 бұйрығының 38-т.). Бұл жағдайда жұмыскер тәрбиеші лауазымын атқарып, басқа бейін бойынша педагогтік білімі болса, «педагог-модератор» біліктілік санатын алу үшін (ҰБТ-дан өтпей) бұл жұмыскер мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша қайта даярлықтан өтуі тиіс. Басқа сөзбен айтсақ, бұл жұмыскерге автоматты түрде «педагог-модератор» санатын тағайындауға болмайды. Егер ол бастауыш мектепте ағылшын тілі мұғалімі лауазымында жұмыс істесе, осындай санат тағайындалады.
Қосымша ақы төлеу санатсыз мұғалім ретінде жүзеге асырылады.

«Педагог-модератор» біліктілігі екінші біліктілік санатына теңестіріледі (ҚР БҒМ 2020.11.05 № 192 бұйрығының 22-т.). Сәйкесінше, мектепке дейінгі ұйымның «педагог модератор» біліктілік санатына ие арнайы орта білімді тәрбиешісінің лауазымдық айлықақысы В4 буыны 3 сатысы бойынша екінші санатты тәрбиеші ретінде есептеледі. Жоғары білімді В3 буыны 3 саты бойынша.
Сонымен бірге тәрбиешіге «педагог модератор» біліктілігі үшін лауазымдық айлықақысына 30 % мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Бұл қосымша ақы нақты жүктемені ескере отырып, лауазымдық айлықақыға бекітіледі (ҚР Үкіметінің 2015.31.12 № 1193 қаулысына 4-қосымшаның 8-т.).
Ауылдық жерде жұмыс iстейтiн бiлiм беру саласындағы мамандарға, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 25 %-дан кем емес айлықақылар белгiленедi (Қаулыға 18-қосымшаның 1-т. 1) тарм.).
Сонымен, ауылдық жерде 1,125 ставкамен жұмыс істейтін тәрбиешінің лауазымдық айлықақысы 141 415,31 теңгені құрайды (100 562 * 1,125 ставка * 1,25 арттыру с/м). «Педагог – модератор» педагогикалық шеберлігі үшін лауазымдық айлықақыдан 141 415,31 * 30 % = 42 424,59 теңге төленеді.

Бұл жағдайда 1 штат бірлігі бойынша дене шынықтыру нұсқаушысы лауазымын атқаратын жұмыскер аптасына 40 сағат жұмыс істеуі тиіс, егер еңбек шартымен кем сома қарастырылмаса. Сондықтан қосымша 0,5 ставка үшін ол аптасына тағы 20 сағат жұмыс істеуі тиіс, бұл аптасына 60 сағатты немесе бес күндік жұмыс аптасында 12 сағатты құрайды.
Егер 8 сағаттың шеңберінде немесе аптасына 40 сағат шегінде 1,5 ставканы орындаса, бұл жұмыскерге бір ставкаға лауазымдық айлықақы төленуі тиіс, ал 0,58 ставка үшін лауазымдарды қоса атқарғаны үшін жұмыскердің лауазымдық айлықақысынан 50 % мөлшерінде қосымша ақы төленеді (ҚР Үкіметінің 2015.31.12 № 1193 қаулысына 18-қосымшаның 5-т.). Педагогикалық шеберлігі үшін қосымша ақы (біліктілік санаты болған жағдайда) және басқа қосымша ақылар, мысалы айрықша еңбек жағдайы үшін 10 % бір ставкаға ғана төленеді, себебі бұл қосымша ақыға қосымша ақы төленбейді.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне ғана қарастырылған (ҚР Үкіметінің 2015.31.12 № 1193 қаулысына 4-қосымшаның 2-т. 11) тарм.). Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мен тәрбиешілеріне қосымша ақы қарастырылмаған. Сонымен, бухгалтер мектепке дейінгі ұйымның аталған мамандарына жаңартылған мазмұн бойынша қосымша ақы төлеуге құқылы емес.

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің тиісті бейінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе қайта даярлау курсынан өткендігін растайтын құжат немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды (ҚР БҒМ 2009.13.07 № 338 бұйрығының 19-т.).
Сонымен, егер тәрбиеші лауазымын атқаратын жұмыскер атқаратын лауазымы бойынша педагогикалық дайындығын растайтын құжатты өткізсе, бухгалтер оның лауазымдық айлықақысын есептеуде жоғары педагогикалық білімін ескереді.

Педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам («Білім туралы» Заңның 1-б. 50-1) тарм.). Бірақ педагог қызметімен айналысуға педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және оқыту, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам жіберіледі (ҚР БҒМ 2018.30.10 № 595 бұйрығына 1-қосымша).
ҚР бакалавриат пен магистратура мамандықтары жіктеуіші мен ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуішінің сәйкестік кестесіне сәйкес арнайы педагогтік білім педагогтік білім мамандықтары бойынша нақтылауды білдіреді.
«Мектепке дейінгі тәрбиешісі», «Мектепке дейінгі ұйым әдіскері» лауазымдарын атқаратын жұмыскерлері қайта даярлау курсынан өтуі тиіс деп ойлаймыз.
