ещё
свернуть
Все статьи номера
№12, 2018
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында

Қазіргі даму кезеңінде елімізде ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда, олар мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңаша қарауды және оқу процесін ұйымдастырудың тиімді нысандарын іздеуді талап етеді.

Мектепке дейінгі білім беру балаларды үздіксіз тәрбиелеу мен ерте әлеуметтендірудің алғашқы сатысының әлемдік үлгісі болып қала береді, немесе тәрбие процесінің үздіксіздігін баланың өмірінің мектепке дейінгі, мектептік және келесі жылдарымен байланыстырады.

ҚР-ғы білімді дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басты міндеті мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мазмұнын жаңартудың негізінде мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасын жетілдіру, білім беру процесіне инновациялық әдістемелер мен технологияларды енгізу болып табылады.

Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарын орындау арқылы балабақша жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды көптілді тәрбиелеу және оқыту жоспарын іске асырады, оның аясында үш тілде мерекелер, ойын-сауықтар, дөңгелек үстелдер, викториналар, танымдық сабақтар мен сұхбаттар өткізіледі. Біздің бөбекжай-балабақшамыздың балалары конкурсқа белсенді қатысады және жүлделі орындар алады.

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың екінші басым бағыты барлық білім беру деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасы болып табылады.

Тәрбиеленушілердің зияткерлік-математикалық дамуын қалыптастыру бойынша инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу бойынша жұмыс мектепке дейінгі білім беру деңгейінде сәтті іске асырылуда.

Пәндік-дамытушы кеңістік ортасы білім салаларын кіріктіру қағидатын ескере отырып құрылады. Екі топ М. Монтессори технологиясы бойынша жұмыс істейді, 9 топ В. Воскобовичтің технологиясы бойынша дамытушы ойындар сериясымен және балалардың зияткерлік дамуына арналған өзге ойын құралдарымен жарақтандырылды.

Біз оқыту мен тәрбиелеудің заманауи инновациялық технологияларын сәтті қолданудамыз: Макото Шичидо әдістемесін, Дьенеш блоктарын, Кюизенердің таяқшаларын, Никитиннің дамытушы текшелерін, мнемотехниканы және т. б.

Әр алуан заманауи инновациялық педагогикалық әдістемелер мен технологиялар мектеп жасына дейінгі бала тұлғасының зияткерлік-танымдық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.

Мәлімет үшін

Балабақшаның білім беру қызметі нәтижелілігінің көрсеткіштерінің біріне тәрбиеленушілердің индикаторлар жүйесі арқылы бақыланатын білім беру стандарттарын меңгеруі жатады.

Мониторинг педагогтарға баланың әр кезеңдегі даму қарқынын бақылауға, педагогтың алдағы әрекетінің келешегін айқындауға, әр мектеп жасына дейінгі баланың жеке даму траекториясын құруға мүмкіндік береді. Оқу жылының соңында бағдарлама материалын меңгеру мониторингін талдау барлық жас топтарының балалары материалды жоғары және орташа деңгейде меңгергенін көрсетті.

Балабақша бүгінде қызмет ету режимінде емес даму режимінде тұруы, ұтқыр жүйені ұсынуы тиіс. Балабақша жағдайында гимназиямен әрекеттестік жүйесі құрылды. Қалыптасқан сабақтастық жүйесі оң нәтижесін көрсетуде. Білім деңгейі жоғары балалар Рудный қ. гимназиялары мен лицейлеріне сәтті оқуға түсуде.

ҚР білімді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі ұйым қызметі нәтижелілігінің көрсеткіштерінің бірі ретінде білімге деген сұраныстары ерекше балаларды тәрбиелеу мен оқытуға жағдай жасау болып белгіленді. Мектепке дейінгі ұйым жағдайында – бұл баланың психикалық және әлеуметтік амандығына жағдай жасайтын, бұзылған қызметтерін қалпына келтіру бойынша түзету жұмыстарын жүргізетін педагог-психологтың, логопедтің, тәрбиеші мен ата-аналардың бірлескен жұмысы.

Логопедтік кабинет пен психологтың кабинеті түзетушілік жоспардың барлық бөлімі бойынша дидактикалық құралдармен жарақтандырылған.

Логопедтің түзету кабинеті тіл бұзылыстарын қалпына келтіруге ықпал етеді. Бала сенімді, қатынасқа бейім, әлеуметтік ортамен араласуға ашық бола түседі.

Тәрбие процесінің сәттілігі педагогтардың, тәрбиеленушілер мен ата-аналардың арасындағы қарым-қатынастың қалай орнайтынына байланысты. Ересектер мен балалар арасында ынтымақтастықты қалыптастыру үшін ұжымды үлкен отбасы секілді біртұтас дүние ретінде елестетіп көру керек, егер педагогтардың, ата-аналардың, балалардың бірлескен қызметі ұйымдастырылса, ол бірігеді әрі қызықты өмір сүреді.

Мәлімет үшін

Ата-аналарға практикалық және теоретикалық көмек көрсету теоретикалық білім негіздерін тарату әрі балалармен практикалық жұмыс дағдылары мен машықтарын қалыптастыру арқылы жүзеге асады.

Біздің балабақшамызда бұл ата-аналарды педагогикалық ағартудың дәстүрлі ашық есік күндері, дөңгелек үстелдер, «Араласа білейік» отбасылық клубын ұйымдастыру секілді әртүрлі нысандары және т. б.

Біз ата-аналар мен педагогтар үздіксіз білімін арттыруы тиіс және өз тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сонымен бірге шет тілдерін меңгерген, көзқарасы жетік заманауи баланы тәрбиелеуі тиіс деп санаймыз.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде, сөзсіз, жаңашылдықтар жеткілікті мөлшерде жоспарлануда әрі енгізілуде, алайда бұл реформалар үшін реформа болмайды. Олардың әрқайсысы мақсаттарды нақты белгілеуге және күтілетін соңғы әсерін нақты түсінуге негізделген. Демек, нақты нәтижеге де қол жеткіземіз.
 

№12, 2018
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР

Балаларды кітап оқуға тарту және оқу сауаттылығын қалыптастыру

Дамыған бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына кіру үшін біз жоғары білімді ұлтқа айналуға тиіспіз. Қазіргі кезде жай ғана жеке сауаттылық жеткіліксіз екендігі айқын. Балаларымыздың және бүкіл өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығына барынша көңіл бөлу керек.

Осыған байланысты біздің «Балапан» бөбекжай-балабақшамыз «Кітаптар әлемінде» білім беру жобасын әзірледі, оның негізгі мақсаты балаларды кітап оқуға тартуға және оқу сауаттылығын қалыптастыруға ықпал етуші әдеби шығармалармен жұмыстың заманауи әдістерін енгізу педагогикалық практика болып табылады.

Жобаны іске асырудың жол картасы

Жобаның кезеңдері

Пәндік-дамыту ортасын құру: кітап, экологиялық, шығармашылық бұрыш, тілдік даму бұрышы, театр аймағы.

Кітап көрмесін безендіру: «қолдан жасалған кітаптар»; алдағы «Кітаптар әлемінде» жобасы туралы сұхбат өткізу – тәрбиешінің «Балалар кітабы апталығы» мерекесі қайда және қашан пайда болғанын хабарлауы.

Мәлімет үшін

Бұл педагогикалық жоба «Рухани жаңғыру» тұжырымдамасына, көркемсөзге деген сүйіспеншілік, кітап туралы білім мен түсінікті байыту арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тұрғысынан Қазақстандық балалардың оқу картасына сәйкес мектеп жасына дейінгі балалар мен отбасының оқу мәдениетін арттыруға бағытталған.

Балалар мен ата-аналарға арналған үй тапсырмасы:

  • сүйікті кітаптарын қайта оқу;
  • әр халықтың ертегілеріне иллюстрациялар дайындау;
  • халық ауыз әдебиетінің жаңа жанрларымен таныстыру;
  • балалар мен ата-аналардың бірлескен жұмыстары.

1-ші кезең – жоба алдындағы (бастапқы) (мерзімі: 20___ ж. қаңтар)

Мақсаттары мен міндеттерін белгілеу, бағыттарын, объектілері мен әдістерін анықтау, балалармен және ата-аналармен алдын ала жұмыс, жабдықты және материалды таңдау. Аралық мониторинг, «Бала және кітап» ата-аналарға арналған сауалнама, мәселені айқындау. Алған ақпаратты өңдеу, көрнекілік және ойын материалын таңдау. Әдістемелік әдебиетпен танысу, бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу.

Міндеттері

  • балалардың кітаптар туралы өзекті білімін анықтау;
  • белгіленген міндетті шешуге қызығушылық тудыру.

1-ші кезеңдегі жұмысты ұйымдастыру нысандары:

  • әдістемелік әдебиетті қолдану арқылы «Кітаптар әлемінде» тақырыбы бойынша жобалық қызметті жоспарлау;
  • әдістемелік және көркем әдебиетті таңдау;
  • дидактикалық, қимылды, аз қимылды ойындарды таңдау;
  • ата-аналармен және балалармен әрекеттестік жоспарын құрастыру.

2-ші кезеңі – жобаны іске асыру (мерзімі: 20___ ж. ақпан–мамыр).

Жобаға қатысушылардың жобалық қызметі арқылы түрлі тәсілдермен берілген сауалдардың жауаптарын іздеу. Балалар қызметінің әр түрін кіріктіру арқылы бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру.

Міндеттері:

  • мәселелі жағдайды құру;
  • сөйлеу мәнерлілігін дамыту;
  • бірлескен театр қызметі барысында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту; 
  • кітап бұрышын жоба тақырыбы бойынша материалдармен толықтыру;
  • кітаппен жұмыс барысында ұқыптылықты тәрбиелеу.

Жұмысты ұйымдастыру нысандары: балалармен жұмыс (танымдық сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру, қимылды режимді ұйымдастыру).

Балалармен жұмыс нысандары

Балалармен жұмыстың дәстүрлі нысандары

  • «Ойыншықтардың ғажайып әлемі» тақырыбына әңгімелесу.
  • «Менің Қазақстаным, сені әнімен қосамын» мәнерлеп оқушылар конкурсы.
  • «Ертегі оқимыз – денсаулығымызды нығайтамыз» ойын-сауығы.
  • «Алтын кілтті іздеу» ертегі-спорт эстафетасы.
  • Көркем әдебиет оқу: К. Чуковский «Мой додыр», «Федорино горе», «Айболит».
  • А. Бартоның, С. Маршактың, С. Михалковтың өлеңдерін оқу.
  • Ертегі оқу.
  • Мультхикаяны көру және талқылау.
  • Ертегі тақырыбына жазылған әндерді тыңдау және топпен әндету.

Балалармен жұмыстың инновациялық нысандары

  • «Жүйенің аға буыны» кітапханаға экскурсия.
  • «Оқыған кітаппен алмасу» буккроссингі.
  • «Кел, оқиық!» кешкі оқулар.
  • «Ғажайып ертегілер әлемі», «Әдеби қонақ бөлме» презентацияларын көрсету.
  • «Баспаға виртуалды экскурсия».

Шығармашылық қызмет:

  • «Үш торай» ертегісіне қалпақ дайындау.
  • Қолдан кітапшалар дайындау.
  • Қатпарлы қамырдан жасалған «Ертегі кейіпкерлері» жұмысы.

Театр қызметі

  • «Үш торай жаңа мақамда» ертегі-импровизациясы.
  • «Ертегіге саяхат» викторинасы.
  • «Хан мен Қарынбай» қазақ халық ертегісінің негізіндегі спорттық-театрландырылған ойын.

Ата-аналармен ынтымақтастық

  • «Абай оқулары» смартмобы.
  • «Жүйенің аға буыны» кітапханаға экскурсия.
  • «Ертегі терапиясы» брейн-рингі.
  • «Анам, әкем, мен – оқымысты отбасымыз» білгірлер конкурсы.
  • «Ертегіге саяхат» сөзжұмбақтар құрастыру.
  • «Қандай ғажап ертегілер!» шеберлік сағаты.
  • «Үздік білгір» әдеби викторинасы.
  • «Отбасылық кітап оқу кітапқа деген қызығушылықты қалыптастыру мен отбасыны рухани байыту көзі ретінде» мектеппен бірлескен ата-аналар жиналысы.
  • «Планета детства» газетіне «Болашаққа бағдар» мақаласы.
  • «Бала және кітап» сауалнамасы.

Ата-аналарға арналған ақпарат

  • «Игі кеңестер» кітапханашының ата-аналарға арналған ұсынымдары.
  • Кітапшалар дайындау.
  • Қатпарлы қамырдан жасалған «Ертегі кейіпкерлері» жұмыстары көрмесі.

Дидактикалық ойындар: «Ертегіні құрастыр», «Сөйлемді аяқта», «Сөзді аяқта», «Ойлан, тап», «Өлеңді жалғас- тыр; қима суреттер, «Менің сүйікті ертегілерім» пазлдары; «Суретті құрастыр».

Қатпарлы қамырдан жасалған «Ертегі кейіпкерлері» жұмыстары көрмесін безендіру.

Сюжеттік-рөлдік ойындар: «Кітапхана», «Кітап дүкені», «Баспа үйі».

Қимылды ойындар: «Киіз үй», «Құмыра», «Еңбектеп алып өт», «Астық жина», «Кім жылдам», «Тап және үндеме».

«Кітаптар ауруханасы» кітап бұрышында «сырқат» кітаптарды жөндеу.

«Қолдан жасалған кітаптар» көрмесіне саяхат – мазмұны, безендірілуі, бағыты бойынша ерекше кітаптарды қарау.

3-ші кезең – рефлексивтік (жалпылаушы) (мерзімі: 20___ ж. маусым)

Мақсаты: ойын түрінде жұмыс нәтижелерін жалпылау, оларды талдау, алған білімді бекіту, тұжырымдарды қорытындылау. Жұмыс тәжірибесіне балалардың үздік жұмыстары, фотоматериалдар мен жобалық қызметті өткізу бойынша қорытынды іс-шара қосылады (бұл кітапханашы мен ата-аналарды тарту арқылы өткізілетін «Ертегіге саяхат» бірлескен викторинасы).

Міндеттері:

дамыту

  • шығармашылық қабілеттерді;
  • кітап оқуға қызығушылықты;
  • талдау, жалпылау және қарапайым тұжырым жасау машығын;
  • байқампаздықты және білуге құмарлықты, танымдық белсенділікті.

тәрбиелеу

  • әртүрлі қызмет түрлерінде дербестілікті.

«Кітаптар әлемінде» жобасын іске асыру барысында мына нәтижелерге қол жеткіздік:

  • Еске түсіреді:
  • Балалар: балалар жазушылары мен ақындарының тегін, олардың шығармаларын.
  • Ата-аналар: қазақ авторлары шығармаларының мазмұнын.
  • Педагогтар: практикалық қызметте инновациялық технологияларды қолдану машығын.
  • Түсінеді:
  • Балалар: кітаптың адам өміріндегі мәнін.
  • Ата-аналар: баланы тәрбиелеудегі отбасылық оқудың рөлін.
  • Педагогтар: «Қатынас» білім саласындағы міндеттерді іске асыру бойынша кәсіби біліктілікті арттыру қажеттілігін.
  • Қолданады:
  • Балалар: ойын, театр қызметінде қатынас дағдыларын.
  • Ата-аналар: әртүрлі адамдармен араласа білу машығын.
  • Педагогтар: педагогикалық процесте мектеп жасына дейінгі балалардың қатынас дағдыларын дамытушы әдістер мен тәсілдерді.

Жобаның келешегі

  • «Кітап – біздің көмекшіміз» электрондық кітапханасын ашу.
  • «Кітаптар әлемінде» жобасына қатысушылар үшін әдебиеттерді толықтыру.
  • Кітапқа, отбасылық оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру бойынша жұмысты жүйелеу.
  • Оқу сауаттылығын арттыру – «4–6 жасар балаларды ерте оқуға баулу» ОӘК бойынша дарынды балалармен жұмыс.
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының «Қатынас» білім саласын іске асыру бойынша педагогтардың жағымды педагогикалық тәжірибесін насихаттау және тарату, тәрбиеленушілердің көркемсөзге деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру.

Балалардың кітап оқуы болашақ қоғамның мәдениет деңгейін анықтайтын аса маңызды феноменге айналуда.

Сондықтан кітап оқуға деген құмарлықты қалыптастыруды және баланың жақсы кітапқа «тәуелділігін» барынша ерте қалыптастыруды, сондай-ақ баланың «Қатынас» білім саласындағы дамуын қамтамасыз ету маңызды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында мына міндеттер белгіленді:

  • әдеби жанрларды түсіну: ертегі, әңгіме, өлең;
  • балаларды көркем бейнелермен таныстыру;
  • әңгіменің жалғасын және соңын ойластыру, бірізді сюжет құрастыру, сөйлеуде бейнелі сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану машығын қалыптастыру.

Тек көркем әдебиет бала үшін қоғам мен табиғаттың тіршілігін, адам сезімдері мен қарым-қатынастары әлемін ашады әрі түсіндіреді. Ол баланың ойлауы мен қиялын дамытады, оның эмоцияларын байытады, әдеби тілдің керемет үлгілерін қалыптастырады. Оның тәрбиелік, танымдық, эстетикалық мәні де ауқымды, себебі баланың қоршаған әлем туралы білімін кеңейте отырып, ол оның тұлғасына әсер етеді, бейнелілікті және бір тілдің ырғағын нәзік сезіну машығын дамытады.

Мәлімет үшін

Әдеби шығарманы толыққанды қабылдау үшін балалардың назарын шығарманың мазмұнына ғана емес, сонымен бірге ертегі, әңгіме, өлең тілінің көркемдік құралдары және көркем әдебиеттің басқа жанрларына аудару керек. Біртіндеп балалардың әдеби шығармаларға деген бейнелі көзқарасы қалыптасады, көркемдік талғамы жетіледі.

Мектепке дейінгі жас адам өмірінің аса маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. Осы кезеңде сезімдер мен мінез-құлық дами бастайды, бұл оны халқымен, елімен байланыстырады және елеулі деңгейде оның өмірлік жолын айқындайды. Бала меңгеретін халық тілі, халық әндері, ертегілер, мақал-мәтелдер, туған өлке табиғаты, еңбек, адамдардың салт-дәстүрлері мен тұрмысы – олар үшін Отан дегеніміз осы. Баланы жанды бейнелерге, елінің жарқын бояуларына қанық ортада өсірген маңызды. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие-білім беру процесіне қазақ халық өнерінің шығармаларын енгізген маңызды.

Қазақ халық ауыз шығармашылығында халықтың тән мінезі мен ойлауы көрініс табады және тарихи тұрғыдан сақталады. Табиғаттың байлығы мен алуан түрлілігі, еңбегі мен тұрмысы, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары қазақ халық ертегілерінің бірегейлігін, ерекшелігін негіздеді. Олар ежелден халық педагогикасының элементін құрайды.

Қазақ халық ертегілері көшпенді өмір салты жағдайын қалыптастырды, бұл олардың өзіндік ерекшелігін, мазмұнын, тақырыбын, өзіндік мінездері мен адамгершілікті қасиеттері бар кейіпкерлердің бейнелерін анықтады.

Қазақ халық ертегілерінің тілі өте бай, поэзиялық әрі нақты. Туған өлке табиғаты, заттардың немесе құбылыстардың ерекшеліктері мұнда барынша жалпы әрі бірге сипатталады. Сондықтан ертегінің бала тіліне әсері өте үлкен. Ал ол ертегілерді жиі тыңдаған сайын туған тілдің сұлулығына қызығушылық таныта бастайды.

Жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде қазақтың ұлы педагогтары Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы, А. Байтұрсынов халық ертегілерінің ауқымды рөл атқаратынын атап өтті.

Ы. Алтынсарин ертегілерден халық даналығының түпнұсқалық көзін, балаларға түсінікті әрі қолжетімді тәрбие құралдарын көрді.

Ертегілер балаларға қиял кеңістігін ашады. Қазақ халық ертегілеріне жетелеу барысында мына қағидаттарды ұстану керек:

  • ертегінің сюжеті балаға түсінікті болуы керек, сиқырлы ертегідегі бейнелер қорқыныш сезімін тудырмауға тиіс;
  • ертегілер жағымды адамгершілікті қасиеттерді, мейірімділікке, адалдыққа, әділдікке деген ынтаны, еңбексүйгіштікті, үлкендерге деген құрметті қалыптастыруы тиіс;
  • қазақ тілінде қалыптасқан бейнелі сөйлемшелер қатары балаларға жақын болуы тиіс;
  • ертегіден алынған халық мәтелдері уақытқа және орнына сай қолданылуы тиіс.

Балалардың халық ертегілерін өз бетімен түсіндіруінің тәрбиелік мәні ауқымды. Бала ертегіні түсіндіру арқылы сюжетті ғана жеткізіп қоймайды, болған оқиғаны ретімен жеткізеді, бейнелерді елестетеді, дауысымен, ым-ишараттарымен кейіпкерлер мен олардың іс-әрекеттеріне деген көзқарасын жеткізеді (Таубаева Г. З. «Влияние казахских народных сказок на воспитание детей старшего дошкольного возраста»).

Балаларды оқуға тартудағы ата-аналардың рөлі үлкен. Көп жағдайда мектеп жасына дейінгі балалардың оқырмандық әрі көрермендік қызығушылықтар шеңберін айқындайды, сондықтан ересектердің балалар әдебиеті туралы түсінігін кеңейту керек.

Ата-аналар тәрбие ісіндегі басты нысанның тіл екенін түсінуі тиіс, сондай-ақ баласының тілін дамыту ісіндегі өзінің рөлі мен жауаптылығын білуі керек. Себебі отбасы баланың ақыл-ойы мен қиялы, оның талғамдары мен қызығушылықтары қалыптасатын орта болып табылады.

Кітап оқу зияткерлік, ақыл-ой, шығармашылық, психологиялық және психофизиоло- гиялық дамуға зор ықпал етеді, көркемдік-тілдік дағдыларын дамытады, баланың адамгершілікті әрі мәдени жағын қалыптастырады, өмір, табиғатқа деген көзқарас, еңбек туралы түсінігін жеткізеді, сол арқылы әлеуметтік тәжірибе мен еңбек қызметін дамытады. Көркемдік әдебиетпен танысу үшін материалдық база мен жағдай жасай отырып, көркемдік құралдарды дұрыс таңдаған жағдайда бейнелі мазмұнын көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік беретін әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы тәрбиешілер мен ата-аналар мектеп жасына дейінгі балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын және сұранысын қалыптастырады.
 

№12, 2018
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР

«Кітаптар әлемінде» жобасын іске асырудың жол картасы

Қызмет бағыттарыМақсатыӨнімЖауаптылар
Жоба алдындағы кезең (бастапқы)
1Жоба тақырыбына сәйкес мәселені анықтау бойынша маркетингтік зерттеулерАта-аналардың отбасында кітаптың маңызы туралы пікірін айқындау, көркем әдебиет шығармаларын эстетикалық қабылдауды және түсінуді қалыптастыруАта-аналар арасында «Бала және кітап» сауалнамасыШығармашылық топ
2«Коммуникативтік біліктілікті бағалау» мониторингіКоммуникативтік қабілеттердің даму қарқынын айқындауӘзірленген Бақылау парағы бойынша диагностикалық материалдарТәрбиешілер
3Педагогикалық қызметке және араласу дағдыларына мониторингКөркем әдебиеттің бала тұлғасының дамуына ықпалы мәселесінен педагогтардың хабардарлық деңгейін айқындау; педагогтың «Қатынас» білім саласындағы жұмыс нәтижелілігін бағалауПедагогтар арасындағы «Педагогтың коммуникативтік әрекеттестік технологияларын меңгеру деңгейін анықтау», «Көркем әдебиетті, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту құралы ретінде қолдануды анықтау» сауалнамасыШығармашылық топ
4Жоба әзірлеу. Мәселені, мақсаттары мен міндеттерін айқындау. Болжам ұсынуЖобаны сапалы іске асыруға жағдай жасауЖоба құрастыруӘдіскер, тәрбиеші
Жобаны іске асыру кезеңі
5«Кітап апталығы» көрмесін безендіруТопта кеңістіктің білім беру әлеуетін барынша іске асыруды қамтамасыз ету; әртүрлі балалар қызметін дамытуға арналған материалдардың, жабдықтың және керек-жарақтың болуыКөрме, ата-аналарға арналған буклеттерБалалар, ата-аналар, тәрбиешілер
6«Тілдік дамытудың ең үздік бұрышы» байқау-конкурсыТопта кеңістіктің білім беру әлеуетін барынша іске асыруды қамтамасыз ету; әртүрлі балалар қызметін дамытуға арналған материалдардың, жабдықтың және керек-жарақтың болуыАспаптар, жабдықтарТоп тәрбиешілері
7Педагогтарға, ата-аналарға, балаларға арналған иллюстрациялық, демонстрациялық және ынталандырушы материалды таңдауЖобаны сапалы іске асыруға жағдай жасауБаспа материалдары, видеоқатар жинағыӘдіскер, тәрбиешілер, ата-аналар
8«Жүйенің аға буыны»Қазан кітапханасының жұмысы туралы материал жинау және сақтауАта-аналар үшін кітапхана тарихына экскурсияӘдіскер, тәрбиешілер
9«Ертегі терапиясы»Ата-аналарға балабақша жағдайында ертегімен жұмыс тәсілдерін көрсетуАта-аналармен брейн-рингӘдіскер, тәрбиешілер
10«Ертегі кейіпкерлері»Қатпарлы қамырдан бұйымдар жасауға және қатысуға ата-аналардың назарын аударуАта-аналардың қатпарлы қамырдан жасаған жұмыстарының көрмесіТәрбиешілер, ата-аналар
11«Анам, әкем, мен – оқымысты отбасымыз» (кітапханашымен бірге)Балаларға таныс ертегі кейіпкерлері мен атауларын бекіту. Ертегіге қызығушылықты тәрбиелеуБілгірлер конкурсыӘдіскер, тәрбиешілер
12«Ертегіге саяхат»Ертегіге деген танымдық қызығушылық пен сүйіспеншілікті дамытуАта-аналармен бірге сөзжұмбақ құрастыруТәрбиешілер
13«Қандай ғажап ертегілер!»Ата-аналардың балаларды тәрбиелеуге деген қызығушылығын арттыру; ұлт мәдениетіне тартуАта-аналарға арналған шеберлік сағатыТәрбиешілер
14«Игі кеңестер»Кітапқа деген ұқыпты көзқарасты тәрбиелеуКітапханашының ата-аналарға арналған ұсынымдарыКітапханашы
15«Үздік білгір»Топ балалары, олардың ата-аналары мен педагогтар арасындағы тұлғааралық қатынасты реттеуге ықпал етуӘдеби викторинаТәрбиешілер
16«Қолдан жасалған кітапшалар»«Қолдан жасалған кітапшалар» дайындауға және қатысуға ата-аналардың назарын аударуКітаптар көрмесіТәрбиешілер
17Отбасылық кітап оқу кітапқа деген қызығушылықты қалыптастыру мен отбасыны рухани байыту көзі ретінде. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды мектепке дайындауОтбасылық кітап оқуды насихаттау бойынша жұмысты жалғастыру. Ата-аналармен бірге топтық балалар кітаптарының бұрышын, сондай-ақ ойын-сауықты ұйымдастыруға арналған театр түрлерін толықтыру. Тәрбиеленушілерді мектепке даярлау бойынша ата-аналармен өзара әрекеттестікті ұйымдастыруМектеппен бірлескен ата-аналар жиналысыӘдіскер тәрбиешілер, мектеп педагогтары
18«Болашаққа бағдар»Отбасымен кітап оқуды насихаттау«Планета детства» газетіне мақалаАта-аналар
19«Сындарлы ойлауды дамыту технологиясы мектеп жасына дейінгі баланың сәтті даму факторы ретінде»Педагогтарды интерактивті процеске тарту арқылы сындарлы ойлауды дамытуды қамтамасыз етуПедагогтарға арналған шеберлік сағатыӘдіскер, тәрбиешілер
20«Педагогтың шешендік өнері»Өз ойын тіл құралдарымен дұрыс, дәл әрі мәнерлі жеткізу машығы арқылы педагогтардың жоғары сөйлеу мәдениетіне қол жеткізуіПедагогтарға арналған шағын ойынӘдіскер, тәрбиешілер
21«Көркем әдебиетпен танысу бойынша балалармен жұмысты ұйымдастырудың заманауи тәсілдері»«Көркем әдебиет» бөлімінің «Қатынас» білім саласын іске асыру мәселесі бойынша педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруПедагогтарға арналған семинар-практикумТәрбиешілер
22«Ойын барысында балалар тілін дамыту»Педагог тілінің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу; сөздікті байыту, бекіту және белсендіруПедагогтарға арналған консультацияӘдіскер
23«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік дамуы»Педагогикалық тәжірибе алмасу үшін және балалардың тілін дамыту бойынша педагогтардың кәсіби біліктілігі мен шеберлігін арттыру бойынша ақпараттық кеңістік құруПедагогтармен бірлескен семинар-практикумӘдіскер, тәрбиешілер
24«Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамытуда мнемотехника әдісін қолданудың әсері»Педагогтарды мнемотехника әдісімен ақпаратты тиімді есте сақтауды, сақтауды және еске түсіруді қамтамасыз етуші әдістер мен тәсілдер жүйесімен таныстыруПедагогтармен бірлескен шеберлік сағатыӘдіскер, тәрбиешілер
25«Педагогикалық шеберлік»Теоретикалық білімді, кәсіби машықтар мен дағдыларды жетілдіру; педагогтардың машықтарын, олардың тапқырлығын, әділ сайысты ұйымдастыру қабілетін көрсетуге жайлы жағдай жасау; қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуПедагогтарға арналған КТАӘдіскер, тәрбиешілер
26«Кітап – біздің көмекшіміз»Электрондық кітапхана құру, жобаға қатысушылар үшін әдебиет таңдауЭлектрондық кітапханаӘдіскер, тәрбиешілер
27«Кел, оқиық!»Әдеби шығармаларға тұрақты қызығушылық тудыру, ата-аналарды балабақша қызметіне тартуБалалармен бірге кешкі кітап оқуларТәрбиешілер
28«Ғажайып ертегі әлемі»Балаларды ертегі түрлерімен таныстыруБалаларға арналған презентацияТәрбиешілер
29«Менің Қазақстаным, сені жырыма қосамын»Эмоционалды елеу, отансүйгіштік сезім; Отанын мақтан тұту дағдыларын дамытуМәнерлеп оқушылар конкурсыӘдіскер, тәрбиешілер
30«Үш торай жаңа мақамда»Балаларды ойын арқылы театрландырылған қызметке тартуды жалғастыруБалалармен бірлескен ертегі-импровизацияТәрбиешілер
31«Әдеби қонақ бөлме»Балалар жазушыларының шығармашылығымен таныстыруБалаларға арналған презентацияТәрбиешілер
32«Хан және Қарынбай»Балаларды театр қызметі арқылы саламатты өмір салтына тартуҚазақ халық ертегісіне негізделген спорттық-театрландырылған ойынТәрбиешілер
33«Қаладағы бас ғимарат»Үйлер туралы ертегі құрастыру машығын қалыптастыруБалалармен әңгімелесуТәрбиешілер
34«Ертегі оқимыз – денсаулығымызды шынықтырамыз»Ертегі сюжетін қолдану арқылы балалардың саламатты өмір салты туралы түсінігін қалыптастыруБалалармен бірге ойын-сауықТәрбиешілер
35«Кітапхана»Балалардың ойын тәжірибесін байытуБалалармен бірлескен сюжеттік-рөлдік ойынТәрбиешілер
36«Алтын кілтті іздеу жолында»Балалардың ертегі туралы білімі мен түсініктері арқылы балалардың қимыл машықтары мен дағдыларын қалыптастыруБалаларға арналған ертегілік-спорттық эстафетаТәрбиешілер
37«Ғажайып ойыншықтар әлемі»Ойыншықтар, заттар туралы ертегі құрастыру машығын қалыптастыруБалалармен әңгімелесуТәрбиешілер
38«Ақылдылар мен данагөйлер»Кітаппен алғашқы танысу; кітап оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруБалалармен бірлескен кітап ойыныТәрбиешілер
39«Абай оқулары»Мәнерлеп оқу, жаттау дағдыларын жетілдіру, ата-аналар мен педагогтардың рухани дүниетанымын кеңейту, Абай Құнанбайұлының шығармалары арқылы поэзияға деген сүйіспеншілікті оятуСмартмобТәрбиешілер, ата-аналар
Рефлексивтік кезең
40Жоба нәтижелерін бағалау және есеп құрастыруТалдау: жоба мақсатына жетті ме және нәтижесі қалай бақыланадыӘдістемелік кеңестегі анықтама-талдауӘдіскер
41Жоба презентациясыБалалардың бойында зерттеу қызметі тәжірибесін құрдастарымен бөлісу ынтасын қалыптастыруПрезентацияӘдіскер, тәрбиеші
42«Ертегіге саяхат»Балалар ертегілерінің атауы, авторлары мен кейіпкерлерін еске түсіру және бекітуБалалармен бірге қорытынды викторинаТәрбиешілер
Жобадан кейінгі кезең
43«Кітап – біздің көмекшіміз» электрондық кітапханасын ашу. Кітапқа деген, отбасымен кітап оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру бойынша жұмысты жүйелеу. «Кітаптар әлемінде» жобасына қатысушылар үшін әдебиеттерді толықтыру. Оқу сауаттылығын арттыру. «4–6 жасар балаларды ерте оқуға баулу» ОӘК бойынша дарынды балалармен жұмыс. Мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының «Қатынас» білім саласын іске асыру бойынша жағымды педагогикалық тәжірибені насихаттау және таратуЖобалық қызмет нәтижелерін талқылау, жұмыс тәжірибесін анықтауЭлектрондық кітапханаӘдіскер, тәрбиеші