ещё
свернуть
Все статьи номера
№5, 2021
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ БАСҚАРУ

Мамыр айына арналған жұмыс циклограммасындағы қорытынды педкеңес және екі әдістемелік кеңес

Мамыр айында тәрбиешілердің таңертеңгілік гимнастика режимін қалай ұстанатынын тексеріңіз. Ол үшін барлық жас топтарында жедел бақылау жүргізіңіз.

Жаяу жүру учаскелерінің жазғы маусымға дайындығын тексеріңіз. Айдың соңында бақылауды қорытындылап, тәрбиешілерге арналған ұсыныстар дайындаңыз.

Педагогтермен жұмыс. № 5 қорытынды педкеңесін өткізіңіз. Онда 2020/2021 оқу жылындағы педагогикалық жұмысты қорытындылаңыз.

Меңгеруші алдында кіші топ және ерте жастағы балаларға арналған топ тәрбиешілерімен кеңесу өткізуді жоспарлаңыз. Балалардың даму деңгейінің қорытынды мониторингінің нәтижелерін талқылаңыз. Білім беру бағдарламасын игеруде қиындықтарға тап болған тәрбиеленушілерді анықтаңыз.

Жас педагог мектебінің отырысын өткізіңіз. Жас педагогтерге «Мен және менің тәрбиеленушілерім» тұсаукесерін өткізуді ұсыныңыз. Олардың жетістіктерін талқылаңыз. «Аналитикалық есептерді жасау мәселесі» тақырыбында тәр- биешілерге кеңес дайындаңыз.

Осы айда сізде әдістемелік кеңестің екі отырысы бар: балалар- дың дағдылары мен қабілеттерін дамыту мониторингінің қоры- тынды көрсеткіштері және бір жыл ішіндегі ӘК жұмысын талдау.

Әдістемелік кабинет жұмысы. Оқу жылында мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс туралы педагогтердің есептеріне талдау жасаңыз. Балабақшадағы педагогикалық жұмыс туралы қорытынды аналитикалық есепті дайындау үшін мәліметтер жинаңыз. Тақырыптық бақылау нәтижелері туралы анықтама жасаңыз. Педагогтер мен ата-аналардың сауалнамаларын талдаңыз. Жазғы сауықтыру жұмысының жоспарын жасаңыз және оны айдың соңында педагогикалық кеңесте қарастырыңыз.
 

2020/2021 оқу жылының мамырына арналған Әдіскер жұмысының циклограммасы (шамамен)

№5, 2021
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ БАСҚАРУ

Әдіскерге практикалық ұсынымдар: МДҰ-да күн режимін құру кезінде нені ескеру керек

Әдіскер әр жас тобына күн режимін әзірлейді және оны педагогикалық кеңесте бекітеді. Дұрыс күн режимі баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі, денсаулығын нығайтуы, жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуі және шамадан тыс жұмыстан қорғауы тиіс. Мақалада сергектену және ұйықтау кезеңдерін қалай ұйымдастыруға болатындығын, сауықтыру және гигиеналық рәсімдерді қашан жүргізу керектігін, СанҚжН-ға сәйкес әр түрлі жастағы балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері қанша уақытқа созылуы керек екенін айтамыз. Соңында оқу уақыты мен жазғы кезеңдегі орта топқа арналған күн тәртібінің мысалын қараңыз.

Күн режимін қалай дұрыс жасауға болады

Күн режимін құру кезінде

Серуен. Серуен ұйымдастырылған оқу қызметтерінен кейін және ұйқыдан кейін күніне екі рет өткізіледі. Оның жалпы ұзақтығы 3–4 сағатты құрайды. Егер ауа температурасы –15 °C дейін төмендесе немесе желдің жылдамдығы 7м/с дейін артса, серуендеу уақытын азайту керек.

Оқу жүктемесі.Үлгілік бағдарламаның мазмұны балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық» және «Социум» білім беру салаларын интеграциялау негізінде іске асырылады.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін вариативтік компонент бойынша ҰОҚ-ны қоса алғанда, апталық білім беру жүктемесінің ең жоғары рұқсат етілген көлемі:

  • кіші топта (2 жастан бастап) – 9 сағат;
  • орта топта (3 жастан бастап) – 12 сағат;
  • ересек топта (4 жастан бастап) – 14 сағат;
  • дайындық тобында (5 жастан бастап) – 20 сағат.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы балалардың жасына байланысты. Кіші топта ол 10–15 мин., орта топта – 15–20 мин., ересек топта– 20–25 мин., дайындық тобында – 25–30 мин.

ҰОҚ арасында балалар 10 минут демалуы керек.

Статикалық сипаттағы ҰОҚ ортасында тәрбиешілер дене шынықтыру минуттарын өткізуі керек.

Әр жас тобы үшін қанша және қай уақытта ҰОҚ жоспарлауға болады?

Ұйымдастырылған оқу қызметі балалардың жоғары танымдық белсенділігі мен ақыл-ойының жүктемесін талап етеді, сондықтан оны күннің бірінші жартысында және жұмыс қабілеттілігі неғұрлым жоғары: сейсенбі және сәрсенбі күндері жоспарлаңыз. ҰОҚ-ның рұқсат етілген ең көп саны

  • кіші топ – 1;
  • орта және ересек топтар – 2;
  • мектепалды даярлық тобы – 3.

Тәрбиешілер вариативтік компонентті күннің екінші жартысында өткізеді.

ҰОҚ қанша уақытты алуы керек?

Ұйымдастырылған оқу қызметіне жалпы уақыттың 50 %-ынан аспайтын уақыт бөліңіз. Қалған уақытты эстетикалық және дене шынықтыру-сауықтыру кезеңінің қызметіне арнаңыз.

ҰОҚ-ны жоспарлауға қойылатын қандай талаптарды сақтау қажет

ҰОҚ-ны жоспарлау кезінде

  • оқу жүктемесін қадағалаңыз; ҰОҚ саны мен ұзақтығын ҮОЖ-ға сәйкес өткізіңіз, вариативтік компонентті күннің екінші жартысында өткізіңіз;
  • оқу үдерісі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келе ме, жоқ па, соны бақыла- ңыз; айтарлықтай ақыл-ой жүктемесін қажет ететін ҰОҚ-ны аптаның ортасына жоспарлаңыз және оларды белсенді моторикамен алмастырыңыз;
  • режимдік үдерістерді жүргізу кезінде санитариялық-гигиеналық, дидактикалық талаптарды ескеріңіз;
  • серуендеу, шынықтыру және сауықтыру іс-шаралары, ертеңгіліктер және т. б. кезінде аймақтық және климаттық ерекшеліктерге назар аударыңыз;
  • балалардың жеке ерекшеліктерін есте сақтаңыз;
  • білім беру, оқыту, дамыту міндеттерінің өзара байланысын қолданыңыз; оларды ҰОҚ-да және басқа да қызмет түрлерінде іске асыруға болатынын ойластырыңыз;
  • балаларды эмоционалды жеңілдету бойынша: психогимнастика, релаксация, түс терапиясы, музыка және т. б. жұмысты қосыңыз;
  • ҰОҚ-ның біріктірілген түрлерін жоспарлау кезінде барлық педагогтердің өзара іс-қимылын ұйымдастырыңыз.

Вариативтік компонентке қандай сабақтарды және қандай көлемде енгізу керек

Вариативтік компонент орта топтан бастап енгізіледі. Вариативтік компонентті анықтаған кезде жас және жеке ерекшеліктерді, балалардың мүдделерін және мектепке дейінгі ұйымның бағытын ескеріңіз. Вариативтік бөлімге мектепке дейінгі ұйымның мүмкіндіктерін: штат кестесіне сәйкес кабинеттердің болуы және т. б. ескере отырып, ағылшын тілін, логиканы, балалардың қызығушылықтары бойынша сабақтарды қосыңыз.

Вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің көлемі қандай болуы керек?

Қазақ тілінде тәрбиелейтін және оқытатын топтардағы балаларға арналған вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі

  • орта топ үшін – 1 сағат;
  • ересек топ үшін – 2 сағат;
  • мектепалды даярлық тобы үшін – 3 сағат.

Орыс тілінде тәрбиелейтін және оқытатын топтардағы вариативтік компоненттің балаларға арналған апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі

  • орта топ үшін – 0,5 сағат;
  • ересек топ үшін – 1,5 сағат;
  • мектепалды даярлық тобы үшін – 2 сағат.

Жаз мезгілінде дене шынықтыру-сауықтыру және эстетикалық кезеңдердің іс-шараларын күн тәртібіне енгізіңіз. ҰОҚ және сауықтыру іс-шараларын тәрбиешілер ауа-райына байланысты таза ауада өткізеді.

Төменде оқу уақыты мен жазғы кезеңдегі орта топтағы балаларға арналған күнделікті тәртіптің мысалын қараңыз.


1-қосымша
Директоры ____________________________
«____»______________ ж.
КҮН ТӘРТІБІ/РАСПОРЯДОК ДНЯ Ортаңғы топ/средняя группа


2-қосымша
Директоры ____________________________
«____»______________ ж.
КҮН ТӘРТІБІ/РАСПОРЯДОК ДНЯ НА ЛЕТНИЙ ПЕРИОД Ортаңғы топ/средняя группа


№5, 2021
БIЛIКТIЛIКТI АРТТЫРУ, АТТЕСТАТТАУ

Білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары ретінде 2021 жылы аттестаттаудан өту

Білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – БҰ) басшылары және олардың орынбасарлары үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді (ҚР БҒМ 2016.27.01 № 83 бұйрығы). Егер басшы жүктілігі және босануы бойынша демалыста немесе бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болса, онда ол қызметке шыққаннан кейін кемінде алты ай өткен соң аттестатталады.

Басшының орынбасары аттестаттаудан қалай өтуі керек

Басшының орынбасарын аттестаттау тек біліктілік бағалауды және портфолио негізінде қызмет нәтижелерін жан-жақты аналитикалық жалпылауды қамтиды.

Аттестаттау үшін қандай құжаттар қажет

Басшының орынбасары комиссияға құжаттар жиынтығын ұсынады:

  • үміткердің біліктілік санатын көрсете отырып өтініш береді (Қағидаларға 11-қосымша).
  • өз бейіні аясындағы кәсіби білігі мен жетістіктерін көрсететін портфолио (оқу жұмысы; тәрбие жұмысы; ғылыми-әдістемелік жұмыс; АКТ; дарынды балалармен жұмыс) ұсынады.

Егер орынбасар санатқа бірінші рет берсе, өтініште ол біліктілік сипаттамаларына сәйкес санаттардың кез келгенін көрсетеді. Әрі қарай–бірізділікті сақтай отырып береді.

Үміткерлерге қандай біліктілік талаптары қойылады

«Білім беру ұйымы басшысының орынбасары» біліктілік санаты лауазымға тағайындалған кезде автоматты түрде беріледі.

Үшінші санатқа қойылатын талаптар. Үшінші санатқа аттестаттаудан өту үшін орынбасар кем дегенде үш көрсеткішті орындауы керек:

  • бейініне сәйкес педагогикалық немесе өзге де кәсіби білімі болуы немесе педагогикалық қайта даярлаудан өтуі тиіс;
  • БҰ мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мектепішілік бақылаудың (сапаны бақылаудың) алуан түрлерін пайдаланудың нәтижелілігі;
  • оқу/сабақ талдауының (оқуды/сабақты бақылау журналы (парақтары) оқуды/сабақты бақылау бағдарламасына сәйкестігі;
  • педагогтердің біліктілік санаттарын, мектепішілік бақылауды (сапаны бақылауды) жүзеге асыру үшін білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып деңгейлік дескрипторларды пайдаланудың тиімділігі;
  • жетекшілік ететін бағыт бойынша аудандық/қалалық деңгейде жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату.

Екінші санатқа қойылатын талаптар. Екінші санатқа аттестаттаудан өту үшін орынбасар кемінде үш көрсеткішті орындауы керек:

  • бейініне сәйкес педагогикалық немесе өзге де кәсіби білімі болуы немесе педагогикалық қайта даярлаудан өтуі тиіс;
  • мектепішілік бақылау (сапаны бақылау) үшін БҰ ресурстарын (цифрлық, кадрлық, материалдық-техникалық) ұтымды пайдалану;
  • бақылау-өлшеу материалдарының алуан түрлерін пайдалану және олардың ақпараттылығы; оқу жетістіктерінің көрсеткіштері;
  • мектепішілік бақылауды ұйымдастыруда тиімді кері байланыс пен түзету қызметін қамтамасыз ету: нәтижелерді «тігінен» (әкімшілік –мұғалім) және «көлденеңінен» (басқару субъектілері арасында) пайдалану;
  • облыстық деңгейде жетекшілік ететін бағыт бойынша жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату.

Бірінші санатқа қойылатын талаптар. Бірінші санатқа аттестаттаудан өту үшін орынбасар кем дегенде үш шартты орындауы керек:

  • бейініне сәйкес педагогикалық немесе өзге де кәсіби білімі болуы немесе педагогикалық қайта даярлаудан өтуі тиіс;
  • мектепішілік бақылау (сапаны бақылау) нәтижелерінің объективтілігі мен пәрменділігін көрсету:
  • өлшенетін көрсеткіштердің динамикасы;
  • мектепішілік бақылауды (сапаны бақылау) ұйымдастырудағы инновациялық тәсіл;
  • талдамалы материалдардың сапасы;
  • жетекшілік ететін бағыт бойынша жұмыс тәжірибесін республикалық немесе халықаралық деңгейде жалпылау және тарату;
  • педагогтердің әртүрлі санаттарымен сараланған жұмыс жүйесін құру.

Білім беру ұйымының басшысына аттестатаудан қалай өту керек

«Білім беру ұйымының басшысы» біліктілік санаты лауазымға тағайындалған кезде автоматты түрде беріледі.

БҰ басшыларын аттестаттауды өткізуге дайындықты БҰ-да жауапты орындаушылар немесе аттестаттаушы органның кадр қызметі ұйымдастырады. Ол үшін мыналарды дайындау керек

Қамқоршылық кеңес және аттестаттаушы органның кадр қызметі жұмыс орнынан қызметтік мінездемені ресімдейді.

Егер құжаттар топтамасын толық ұсынбасаңыз, аттестаттаушы органның кадр қызметі оларды қабылдамайды және дәлелді бас тартуды ұсынады.

Басшыларды тестілеуді кім өткізеді

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы тест тапсырмаларының базасын әзірлеуде. Тестілеуді Ұлттық тестілеу орталығы не білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым өткізеді.

БҰ басшылары «Заңнаманы білу» бағыты бойынша жауаптар дайындайды – 80 сұрақ:

  • ҚР Еңбек кодексі – 20 сұрақ;
  • «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекс – 20 сұрақ;
  • «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 20 сұрақ;
  • «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 10 сұрақ;
  • «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 10 сұрақ.

Тест сұрақтарына «Басқару құзыреті» бағыты бойынша 20 сұрақ кіреді.

Ұлттық біліктілік тестілеуінің жалпы уақыты екі жүз он минутты, «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – екі жүз қырық минутты құрайды.



Аттестаттаудың қандай кезеңдерінен өту керек

Аттестаттаудан өту үшін басшылар өтініш береді және Ұлттық біліктілік тестілеуді (ҰБТ) электронды форматта тапсырады.

Өтінішті тестілеу өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 күн бұрын беріңіз.

Басшы ҰБТ өтуге өтініш берген кезде тапсыру тілін (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек немесе тәжік) ол бірден таңдайды. Күнін, уақытын көрсетеді және ҰБТ өткізу жөніндегі нұсқаулықпен танысады. Нұсқаулықты білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым дайындайды.

Ұлттық біліктілік тестілеу тиісті күнтізбелік жылдың бір айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде ақылы негізде өткізіледі.

Аттестаттауға құжаттарды қабылдау кезінде кадр қызметі біліктілік бағалауды жүргізеді және жиналған аттестаттау материалдарын комиссияға жібереді.



Білім беру ұйымдарының басшыларына санаттар қалай беріледі

Комиссиялар біліктілік санаттарын береді. Аттестаттау комиссиясын құру үшін билік органы оның құрамын, мамандарды тартатын жұмыс тәртібі мен жағдайларды анықтайды. Комиссиялар аумақтық қағидат бойынша, аттестатталушы адамдар қызметінің бағыттары немесе бейіндері бойынша, БҰ типтері және олардың ведомстволық тиістілігі бойынша қалыптастырылады.

Комиссия аттестаттауды аттестатталатын БҰ басшыларының қатысуымен өткізеді. Отырыс барысында комиссия ұсынылған материалдарды зерделейді, аттестатталатын адамды тыңдайды. Ұсынылған материалдарды зерделеу және аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесімен әңгімелесу нәтижелері бойынша аттестатталушыға бағалау парағы толтырылады.

Басшының орынбасарын аттестаттау.БҰ басшысының орынбасарын аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

  • өтініш берілген  біліктілік санатына аттестатталды;
  • өтініш берілген санатты растаумен аттестатталды;
  • өтініш берілген  біліктілік санатына аттестатталмады.

Егер комиссия «өтініш берілген санатқа аттестатталмады» деген шешім қабылдаса, басшының орынбасары аттестаттаудан өткен күннен бастап бір жылдан ерте емес мерзімде қайта аттестаттауға өтеді. Егер қайта аттестаттау кезінде комиссия шешімімен ол қайтадан «өтініш берілген  біліктілік санатына аттестатталмаған» болса, қолда бар біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіледі.

БҰ басшысын аттестаттау. ББ басшысын аттестаттау нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

  • өтініш берілген  біліктілік санатына аттестатталды;
  • өтініш берілген  біліктілік санатына ротациямен аттестатталды;
  • өтініш берілген  біліктілік санатына растаумен аттестатталды;
  • өтініш берілген  біліктілік санатына аттестатталмады;
  • еңбек шартты бұзуымен өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.

Егер комиссия «өтініш берілген санатқа аттестатталмады» деген шешім қабылдаса, аттестаттаудан өткен күннен бастап үш айдан ерте емес мерзімде қайта аттестаттаудан өтуге болады.

Қайта аттестаттаудан қалай өту керек

Қайта аттестаттауды өткізген кезде комиссия өз шешімімен таныстырады, хаттама ресімдейді және шешімді аттестаттау парағына енгізеді, ол қызметтік мінездемемен бірге жеке істе сақталатын болады. Содан кейін комиссия шешімі қызметтік тізімге енгізіледі және аттестаттаушы орган ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейін және 25 желтоқсанына дейін бұйрық шығарады. Тиісті бұйрықтың негізінде біліктілік бере (растай) отырып, аттес-таттау туралы куәлік беріледі.