Білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары ретінде 2021 жылы аттестаттаудан өту
Білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – БҰ) басшылары және олардың орынбасарлары үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді (ҚР БҒМ 2016.27.01 № 83 бұйрығы). Егер басшы жүктілігі және босануы бойынша демалыста немесе бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болса, онда ол қызметке шыққаннан кейін кемінде алты ай өткен соң аттестатталады.
Басшының орынбасары аттестаттаудан қалай өтуі керек
Басшының орынбасарын аттестаттау тек біліктілік бағалауды және портфолио негізінде қызмет нәтижелерін жан-жақты аналитикалық жалпылауды қамтиды.
Аттестаттау үшін қандай құжаттар қажет
Басшының орынбасары комиссияға құжаттар жиынтығын ұсынады:
- үміткердің біліктілік санатын көрсете отырып өтініш береді (Қағидаларға 11-қосымша).
- өз бейіні аясындағы кәсіби білігі мен жетістіктерін көрсететін портфолио (оқу жұмысы; тәрбие жұмысы; ғылыми-әдістемелік жұмыс; АКТ; дарынды балалармен жұмыс) ұсынады.
Егер орынбасар санатқа бірінші рет берсе, өтініште ол біліктілік сипаттамаларына сәйкес санаттардың кез келгенін көрсетеді. Әрі қарай–бірізділікті сақтай отырып береді.
Үміткерлерге қандай біліктілік талаптары қойылады
«Білім беру ұйымы басшысының орынбасары» біліктілік санаты лауазымға тағайындалған кезде автоматты түрде беріледі.
Үшінші санатқа қойылатын талаптар. Үшінші санатқа аттестаттаудан өту үшін орынбасар кем дегенде үш көрсеткішті орындауы керек:
- бейініне сәйкес педагогикалық немесе өзге де кәсіби білімі болуы немесе педагогикалық қайта даярлаудан өтуі тиіс;
- БҰ мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мектепішілік бақылаудың (сапаны бақылаудың) алуан түрлерін пайдаланудың нәтижелілігі;
- оқу/сабақ талдауының (оқуды/сабақты бақылау журналы (парақтары) оқуды/сабақты бақылау бағдарламасына сәйкестігі;
- педагогтердің біліктілік санаттарын, мектепішілік бақылауды (сапаны бақылауды) жүзеге асыру үшін білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып деңгейлік дескрипторларды пайдаланудың тиімділігі;
- жетекшілік ететін бағыт бойынша аудандық/қалалық деңгейде жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату.
Екінші санатқа қойылатын талаптар. Екінші санатқа аттестаттаудан өту үшін орынбасар кемінде үш көрсеткішті орындауы керек:
- бейініне сәйкес педагогикалық немесе өзге де кәсіби білімі болуы немесе педагогикалық қайта даярлаудан өтуі тиіс;
- мектепішілік бақылау (сапаны бақылау) үшін БҰ ресурстарын (цифрлық, кадрлық, материалдық-техникалық) ұтымды пайдалану;
- бақылау-өлшеу материалдарының алуан түрлерін пайдалану және олардың ақпараттылығы; оқу жетістіктерінің көрсеткіштері;
- мектепішілік бақылауды ұйымдастыруда тиімді кері байланыс пен түзету қызметін қамтамасыз ету: нәтижелерді «тігінен» (әкімшілік –мұғалім) және «көлденеңінен» (басқару субъектілері арасында) пайдалану;
- облыстық деңгейде жетекшілік ететін бағыт бойынша жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату.
Бірінші санатқа қойылатын талаптар. Бірінші санатқа аттестаттаудан өту үшін орынбасар кем дегенде үш шартты орындауы керек:
- бейініне сәйкес педагогикалық немесе өзге де кәсіби білімі болуы немесе педагогикалық қайта даярлаудан өтуі тиіс;
- мектепішілік бақылау (сапаны бақылау) нәтижелерінің объективтілігі мен пәрменділігін көрсету:
- өлшенетін көрсеткіштердің динамикасы;
- мектепішілік бақылауды (сапаны бақылау) ұйымдастырудағы инновациялық тәсіл;
- талдамалы материалдардың сапасы;
- жетекшілік ететін бағыт бойынша жұмыс тәжірибесін республикалық немесе халықаралық деңгейде жалпылау және тарату;
- педагогтердің әртүрлі санаттарымен сараланған жұмыс жүйесін құру.
Білім беру ұйымының басшысына аттестатаудан қалай өту керек
«Білім беру ұйымының басшысы» біліктілік санаты лауазымға тағайындалған кезде автоматты түрде беріледі.
БҰ басшыларын аттестаттауды өткізуге дайындықты БҰ-да жауапты орындаушылар немесе аттестаттаушы органның кадр қызметі ұйымдастырады. Ол үшін мыналарды дайындау керек
- қызметтік мінездеме;
- ұлттық біліктілік тестілеуден өткендігі туралы анықтама;
- жұмыс тиімділігінің көрсеткіштері бойынша талдамалық есеп (ҚР БҒМ 2016.27.01 № 83 бұйрығының 69-тармағы).
Қамқоршылық кеңес және аттестаттаушы органның кадр қызметі жұмыс орнынан қызметтік мінездемені ресімдейді.
Егер құжаттар топтамасын толық ұсынбасаңыз, аттестаттаушы органның кадр қызметі оларды қабылдамайды және дәлелді бас тартуды ұсынады.
Басшыларды тестілеуді кім өткізеді
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы тест тапсырмаларының базасын әзірлеуде. Тестілеуді Ұлттық тестілеу орталығы не білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым өткізеді.
БҰ басшылары «Заңнаманы білу» бағыты бойынша жауаптар дайындайды – 80 сұрақ:
- ҚР Еңбек кодексі – 20 сұрақ;
- «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекс – 20 сұрақ;
- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 20 сұрақ;
- «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 10 сұрақ;
- «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 10 сұрақ.
Тест сұрақтарына «Басқару құзыреті» бағыты бойынша 20 сұрақ кіреді.
Ұлттық біліктілік тестілеуінің жалпы уақыты екі жүз он минутты, «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – екі жүз қырық минутты құрайды.

Аттестаттаудың қандай кезеңдерінен өту керек
Аттестаттаудан өту үшін басшылар өтініш береді және Ұлттық біліктілік тестілеуді (ҰБТ) электронды форматта тапсырады.

Басшы ҰБТ өтуге өтініш берген кезде тапсыру тілін (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек немесе тәжік) ол бірден таңдайды. Күнін, уақытын көрсетеді және ҰБТ өткізу жөніндегі нұсқаулықпен танысады. Нұсқаулықты білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым дайындайды.
Ұлттық біліктілік тестілеу тиісті күнтізбелік жылдың бір айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде ақылы негізде өткізіледі.
Аттестаттауға құжаттарды қабылдау кезінде кадр қызметі біліктілік бағалауды жүргізеді және жиналған аттестаттау материалдарын комиссияға жібереді.

Білім беру ұйымдарының басшыларына санаттар қалай беріледі
Комиссиялар біліктілік санаттарын береді. Аттестаттау комиссиясын құру үшін билік органы оның құрамын, мамандарды тартатын жұмыс тәртібі мен жағдайларды анықтайды. Комиссиялар аумақтық қағидат бойынша, аттестатталушы адамдар қызметінің бағыттары немесе бейіндері бойынша, БҰ типтері және олардың ведомстволық тиістілігі бойынша қалыптастырылады.
Комиссия аттестаттауды аттестатталатын БҰ басшыларының қатысуымен өткізеді. Отырыс барысында комиссия ұсынылған материалдарды зерделейді, аттестатталатын адамды тыңдайды. Ұсынылған материалдарды зерделеу және аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесімен әңгімелесу нәтижелері бойынша аттестатталушыға бағалау парағы толтырылады.
Басшының орынбасарын аттестаттау.БҰ басшысының орынбасарын аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
- өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;
- өтініш берілген санатты растаумен аттестатталды;
- өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.
Егер комиссия «өтініш берілген санатқа аттестатталмады» деген шешім қабылдаса, басшының орынбасары аттестаттаудан өткен күннен бастап бір жылдан ерте емес мерзімде қайта аттестаттауға өтеді. Егер қайта аттестаттау кезінде комиссия шешімімен ол қайтадан «өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмаған» болса, қолда бар біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіледі.
БҰ басшысын аттестаттау. ББ басшысын аттестаттау нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
- өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды;
- өтініш берілген біліктілік санатына ротациямен аттестатталды;
- өтініш берілген біліктілік санатына растаумен аттестатталды;
- өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады;
- еңбек шартты бұзуымен өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.
Егер комиссия «өтініш берілген санатқа аттестатталмады» деген шешім қабылдаса, аттестаттаудан өткен күннен бастап үш айдан ерте емес мерзімде қайта аттестаттаудан өтуге болады.
Қайта аттестаттаудан қалай өту керек
Қайта аттестаттауды өткізген кезде комиссия өз шешімімен таныстырады, хаттама ресімдейді және шешімді аттестаттау парағына енгізеді, ол қызметтік мінездемемен бірге жеке істе сақталатын болады. Содан кейін комиссия шешімі қызметтік тізімге енгізіледі және аттестаттаушы орган ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейін және 25 желтоқсанына дейін бұйрық шығарады. Тиісті бұйрықтың негізінде біліктілік бере (растай) отырып, аттес-таттау туралы куәлік беріледі.


Педаготерге екі қосымша ақы төлеу заңды ма және кәсіби бухгалтерден еңбекақы төлеу туралы 12 жауап

«Педагог мәртебесі туралы» Заңға сәйкес үлгілік оқу бағдарламаларымен дәптерлер мен жазбаша жұмыстарды тексеру қарастырылса, қосымша ақы тағайындалады (ҚР Үкіметінің 2015.31.12 № 1193 қаулысына 4-қосымшаның 2-тармағының 3) тармақшасы). Қосымша ақы белгілі пәндерге ғана тағайындалады. Бұл жерде «нақты жүктемені ескере отырып» деген тұжырымдама жоқтығын ескеру керек.
Мемлекеттік ұйым педагогтерінің жалақысын есептеу тәртібін ҚР БҒМ 2020.11.05 № 191 бұйрығы айқындайды. Бұл тәртіп «Педагог мәртебесі туралы» Заңның, ҚР Үкіметінің 2015.31.12 № 1193 қаулысының нормаларына сәйкес әзірленді. Бұл бұйрық пен ҚР Үкіметінің № 1193 қаулысының арасында қарама-қайшылық жоқ. Сонымен, бухгалтер негізгі мұғалімге оқу жүктемесіне қарамастан дәптер тексергені үшін қосымша ақы тағайындауы тиіс.

ҚР Үкіметінің 2015.31.12 № 1193 қаулысына 4-қосымшаның 2-тармағының 6) тармақшасында жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлерінде, балалар интернат үйлерінде, отбасылық үлгідегі балалар үйлерінде, жетімханаларда, мектеп интернаттарда және мүмкіндіктері шектеулі балалар контингентінің интернат-үйлерінде, сәбилер үйлерінде (сыныптарда, топтарда) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істегені үшін базалық лауазымдық айлықақыдан (бұдан әрі – БЛА) 30 % мөлшерінде қосымша ақы қарастырылған.
Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлерінде, балалар интернат үйлерінде, отбасылық үлгідегі балалар үйлерінде, жетімханаларда, мектеп-интернаттарда және дене бітімінің немесе ақыл-ойының да-муында кемістігі бар, ұзақ уақыт емделуді қажет ететін, психикалық дамуы артта қалған балалар контингентінің интернат-үйлерінде, сәбилер үйлерінде (сыныптарда, топтарда) қосымша ақылар екі негіздеме бойынша белгіленеді: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істегені үшін және даму, оқу мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегені үшін (ҚР Үкіметінің 2015.31.12 № 1193 қаулысына 4-қосымшаның 2-тармағының 6) тармақшасы).
Осы балалармен тікелей жұмыс істейтін жұмыскерлерге екі қосымша ақы тағайындалады: бір қосымша ақы «жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істегені үшін» және екінші қосымша ақы «даму, оқу мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегені үшін»: 30 % + 30 % = БЛА-дан 60 %.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының басқару біліктілік санаты бар басшылары мен олардың орынбасарларына басшы жүктемесі үшін қосымша ақы төленеді (ҚР Үкіметінің 2015.31.12 № 1193 қаулысына 4-қосымшаның 9-тармағы).Мұғалім блогы бойынша ақы төленетін сағаттары үшін аталған қосымша ақы төленбейді.

Сол бір ұйымда, еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізіледі (ҚР ЕК 111-бабы).
Лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағының кеңейгені немесе уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін берілетін қосымша ақының мөлшерлерін жұмыс беруші орындалатын жұмыс көлемін негізге ала отырып, жұмыскермен келісім бойынша белгілейді. Бұл жағдайда мектепке дейінгі тәрбие беру әдіскері қоса атқару арқылы жұмыс күні ішінде бастауыш білім әдіскерінің лауазымдық міндеттерін атқарады, бұл 8 сағатты құрайды делік. Яғни жұмыскер негізгі лауазымы бойынша 8 сағатты құрайтын жұмыс күнінде бастауыш білім әдіскері лауазымы бойынша 0,5 ставканы қоса атқарады. Бұл жағдайда есептеу былай жүргізіледі:
Мектепке дейінгі тәрбие беру әдіскерінің бір ставкасы + қызмет көрсету аймағын ұлғайтқаны (лауазымдарды қоса атқарғаны) үшін жұмыскердің лауазымдық айлықақысынан 50 % қосымша ақы, яғни мектепке дейінгі тәрбие беру әдіскерінің лауазымдық айлықақысынан 50 %.
Қызмет көрсету аймағын ұлғайтқаны үшін «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты үшін қосымша ақы төленбейді. Ол лауазымдық айлықақыға ғана төленеді. Сондықтан аталған жұмыскерге педагогикалық шеберлігі үшін қосымша ақы төленбейді.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде (сыныптарда) қазақ тілі мен басқа да ұлттық тілдерді және оқу ұлттық тілдерде жүретін мектептерде (сыныптарда) орыс тілін 1–4 сыныпта жүргізетін осы пәндердің мұғалімдеріне дәптерлер мен жазбаша жұмыстарды тексергені үшін БЛА-дан 50 % мөлшерінде қосымша ақы қарастырылған (ҚР Үкіметінің 2015.31.12 № 1193 қаулысына 4-қосымшаның 2-тармағының 3) тармақшасы). Ол8 849 теңгені құрайды. Аталған мұғалімдер негізгі мұғалімге жатпайды.

Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. (ҚР ЕК 100-бабының 3-тармағы). Бұл норма білім беру ұйымы басшысын тарифтеу кезінде бала күтіміне байланысты демалысқа кеткен мұғалімдердің оқу жүктемесін сақтауға міндеттейді: тарифтеуде мұғалімнің Т. А. Ә. мен жүктемесі көрсетіледі.
Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда, жұмыскер жұмыс берушіні өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын хабардар етуге міндетті. Жұмыс беруші де алмастырушы жұмыскерге бір ай бұрын хабарлайды. Сонымен мұғалім демалыстан жұмысқа шыққан кезде оның жүктемесі қайтарылады.
Бұл жағдайда мұғалімнің құқығы бұзылған, себебі бала күтіміне байланысты демалыс-тан шыққан кезде басшы мұғалімге тарифтеумен бекітілген жүктемені беруге міндетті.

Қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқытуды ұйымдастыруға және өткізуге тартылған педагогтердің жалақысын есептеу қосымша ақылар мен үстемеақыларды ескере отырып, нақты жүктеме бойынша жүргізіледі («Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020.11.05 № 191 бұйрығының 46-тармағы).
Сондықтан мектепке даярлық тобының тәрбиешілерінен басқа тәрбиешілердің еңбекақысы толық көлемде есептеледі әрі төленеді, себебі олар қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы лауазымдық міндеттерін атқарады.

Жоқ, II топтағы мүгедек жұмыскерлерге еңбекақы және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы есептеу кезінде жеңілдіктер қарастырылмаған.
II топтағы мүгедек жұмыскер 882 АЕК мөлшерінде салық шегерімін қолдануға құқылы, бұл күнтізбелік жыл үшін 2021 жылы 2 573 794 теңгені (882*2917) құрайды. Шегерім осы тармақшаны қолдану сәтінде жұмыскер II топтағы мүгедек болып табылатындығы негізінде қолданылады (Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы). Яғни, егер 2021 жылы жұмыскердің жалпы табысы (жалақы + сыйлықақы және басқа есептеулер) 2 573 794 теңгеден аспаса, онда ЖТС ұсталмайды.
Осы салық шегерімі салық шегерімдерін қолдану құқығын растайтын құжаттардың негізінде қолданылады. Жеңілдіктерді алу үшін жұмыскер СК 346-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының негізінде салық шегерімі туралы өтініш беруі және анықтама–растайтын құжатты қоса беруі керек. Оған қоса, II топтағы мүгедек жұмыскер басқа қызметкерлермен тең дәрежеде Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әр ай үшін 1 ЕТЖ мөлшерінде шегерімге өтініш беруге құқылы.

Инфекциялық аурумен ауырған науқастармен қарым-қатынаста болған немесе бактерия тасушылық салдарынан уақытша жұмыстан шеттетілген адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аумақтық департаментінің эпидемиолог дәрігерінің ұсынысы бойынша учаскелік дәрігер береді. (ҚР ДМ 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығының 70-тармағы). Бұл жағдайларда инфекциялық ауруды бастан өткерген және олармен қарым-қатынаста болған адамдарды жұмыстан шеттету ұзақтығы адамдарды оқшаулау мерзімімен анықталады.
Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайға байланысты үй немесе стационарлық карантинде болған кезеңде қызметкер жұмыс берушімен тараптардың өзара келісімі бойынша қашықтықтан жұмысты жүзеге асыра алады. Қашықтықтан жұмыс істеу форматы Денсаулық кодексінің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша берілген анықтама негізінде мүмкін болады. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мұндай жағдайда берілмейді.
Бұл жағдайда мұғалім екі апта үйде қашықтықтан жұмыс істемеді. Үйде болған кезде қызметкер Қағидалардың 70-тармағына сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ресімдеуге құқылы. Содан кейін бухгалтерия парақтың негізінде жәрдемақыны стандартты түрде есептейді. Егер мұғалім уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұсынбаса, онда ол анықтама беруге міндетті.
Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама – бұл жәрдемақы алмастан жұмыстан босату үшін негіз болып табылатын еңбекке жарамсыздық фактісін куәландыратын құжат. Басқаша айтқанда, анықтама бойынша жәрдемақы есептелмейді.

Науқас балаға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі және ол күтімді қажет ететін кезеңге, бірақ күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Егер бала стационардан шығарылғаннан кейін күтімді қажет етсе, ал емдеуге жатқызылғанға дейін оны күтіп-бағу үшін жұмыстан босату жүргізілмесе, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым күнтізбелік он күнге дейінгі кезеңге береді. Егер осы ауру бойынша стационарға емдеуге жатқызылғанға дейін еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген болса, онда ол қалған күндерге (он күнге дейін) беріледі.
Бала күтімі бойынша босату кезеңінде балада алдыңғы аурумен байланысты емес басқа ауру туындаған кезде еңбекке уақытша жарамсыздық туралы басқа парақ беріледі.
Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақ ремиссия кезеңінде созылмалы науқас балаларға күтім жасау үшін берілмейді.
Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу қағидаларында да, еңбекке жарамсыздық парақтарын беру мен төлеуді регламенттейтін басқа да нормативтік құжаттарда ол бала күтімі бойынша берілетін баланың шекті жасы көрсетілмеген. Демек, медициналық ұйым заңды түрде берген бала күтімі бойынша еңбекке жарамсыздық парақтары жалпы негізде төленуі керек. Айлық жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген шамасынан аспауға тиіс (ҚР Үкіметінің 2015.28.12 № 1103 қаулысының 3-тармағы).

Жоқ, бала күтімі бойынша еңбекке жарамсыздық парағы мен қызметкерге оның тікелей еңбекке жарамсыздығы кезінде берілген еңбекке жарамсыздық парағы арасындағы есептеулерде айырмашылық жоқ.

Күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы каникул кезеңіндегі жұмыс уақыты үшін педагогтердің еңбегіне ақы төлеу каникул басталар алдындағы тарифтеу кезінде (қосымша ақыларды ескере отырып) белгіленген жалақы есебінен, нақты жүктемені ескере отырып жүргізіледі (ҚР Үкіметінің 2015.12.31 № 1193 қаулысымен бекітілген 4-қосымшаға ескертпенің 2-тармағы).
Сонымен қатар, ҚР БҒМ 2020.11.05 № 191 бұйрығының 11-тармағында (бұдан әрі – Қағидалар) демалыс күндерін қоспағанда, оқу тоқсандары арасындағы және оқу жылының басына дейінгі каникул кезінде негізгі жұмыс орны бойынша педагогикалық жұмыс жүргізетін білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы каникул басталар алдындағы тарифтеу кезінде белгіленген айлық жалақы есебінен есептелетіні айқындалған.
Негізгі жұмыс орны бойынша білім беру ұйымдарында бір сағат үшін педагогтердің жалақысын есептеу ауруы немесе басқа да себептер бойынша қатарынан екі айдан аспайтын уақытқа созылатын уақытша болмаған педагогтің міндеттерін орындау кезінде оқу сағаттары үшін жүргізіледі (Қағидалардың 14 тармағы).
Егер сабақтар каникул кезінде жүргізілмесе, осы кезең үшін жалақы есептелмейді.
Егер уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін орындау қатарынан екі айдан астам уақытқа созылса, педагогтің жалақысын есептеу осы Қағидалардың 9-тармағындакөрсетілген жалпы тәртіппен нақты педагогикалық жүктеменің барлық сағаты үшін алмас-тыру басталған күннен бастап жүргізіледі.
Егер мұғалімде тарифтеу бойынша 27 сағат болса, оған қоса бұл жүктемеге бұйрық бойынша 10 сағат берілді деп санаймыз, оны мұғалім екі ай қатарынан сағат сайын емес, тұрақты негізде жүргізеді, ал каникул кезінде бұл мұғалімге еңбекақы төлеу 37 сағатқа нақты жүктеме негізінде жүргізіледі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден:
- осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар;
- егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, I және II топтардағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;
- әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
- еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар;
- салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар босатылады.
Бұл норманы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 24-бабы 2-тармағы регламенттейді.
Көп балалы аналар зейнетақы емес, ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алады. Адамдардың бұл санаты көрсетілген тізімге кірмейді, сондықтан бухгалтер МЗЖ-ны қызметкер – көп балалы ананың табысынан ұстап қалуға және аударуға міндетті.
