Тәрбиешілерге оқу жылы бойынша талдамалы есеп дайындау жөнінде кеңес береміз
Педагог жыл сайын оқу жылы аяқталғанда атқарған жұмысын талдайды және оның нәтижесін есеп түрінде өткізеді. Талдау схемасы еркін болады. Бірақ мұнда міндетті түрде педагог жұмысының барлық аспектілері мен ерекшеліктері қамтылуы тиіс.
Бұл есеп не үшін қажет
Педагогикалық талдамалы есеп – мектепке дейінгі ұйымдағы есептік құжаттаманың маңызды элементтерінің бірі. Ол ішкі ақпаратты талдауды қарастырады және ол
- жыл ішінде әр топта атқарылған жұмысты қорытындылау;
- тәрбиешінің алдағы қызметінің жоспарын сауатты құрастыру;
- аттестаттау портфолиосына қоса тіркеу;
- өткен және жаңа оқу жылындағы жұмыс сабақтастығын белгілеу;
- МДҰ-ның кезекті жылдық жоспарын құрастыру үшін қажет.
Есептегі маңызды нәрсе – талдау. Оның негізгі бөлімі – нақты мәліметтерді талдау және бағалау, ал мәліметтер қосымшаларға кесте түрінде енгізіледі. Бұл есепті шағын әрі мазмұнды етеді.
Жұмыс талдауы – бұл атқарылған жұмыс туралы деректерді баяндау ғана емес, сонымен бірге мыналарды талдау: не және қалай істелді? не шықты және не шықпады? Тәрбие-білім беру процесінің нақты жай-күйін, қызметтің нәтижелілігін және мақсатқа жету үшін ықпал ету шаралары мен тәсілдерін қолдану негізділігін түсіну үшін, сондай-ақ шыққан нәтижені әділ бағалау үшін педагогтер қызметіне талдау жүргізу қажет.
Талдамалы есепті құрастыру жолы
Есеп құрастыру технологиясы бес кезеңнен тұрады:
- 1-ші кезең – тәрбие-білім беру процесінің жай-күйі туралы мәлімет жинау: бақылау, әңгімелесу, тестілеу, сауалнама алу және т. б.
- 2-ші кезең – алған мәліметпен танысу және талдау.
- 3-ші кезең – соңғы нәтижеге қандай факторлар мен шарттардың оң әсер ететінін анықтау.
- 4-ші кезең – мәселелерді айқындау.
- 5-ші кезең – анықталған кемшіліктерді жою тәсілдерін табу.
Көрнекілік үшін педагогтерге мәліметтердің кесте түріндегі нысанын қолдануға немесе ақпаратты диаграммалар мен графиктер түрінде ұсынуға кеңес беріңіз.
Маңызды
Есептің тілі міндетті түрде ресми, сондай-ақ қысқа әрі анық баяндалуы тиіс екеніне тәрбиешілердің назарын аударыңыз.
Есепті сауатты құрастыру үшін тәрбиешіге мына құжаттар қажет болады:
- өткен жылдағы балалармен жұмыстың перспективалық және күнтізбелік жұмыс жоспары;
- өткізілген іс-шаралар жоспары және оны талдау;
- балалардың МДҰ-ның негізгі білім беру бағдарламасын меңгеру деңгейіне мониторинг жүргізу нәтижелері;
- ата-аналармен әрекеттестік жоспары мен нәтижелері: пікірлер, сауалнама алу және т. б.
Есеп құрастыру алгоритмі
- 1-ші тармақ. Топтың жалпы мінездемесі
Тәрбиеші жылдың басы мен соңындағы бала саны мен жасы туралы мәліметтерді көрсетеді. Оның ішінде қанша ұл және қыз бар екенін міндетті түрде нақтылайды, топтағы тәрбиеленушілердің даму және қарым-қатынас ерекшеліктерін сипаттайды. Кіші жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйым жағдайына бейімдеу қалай өткені туралы ақпарат береді.
- 2-ші тармақ. Мақсаттары мен міндеттері
Мұнда педагог осы оқу жылында алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін көрсетеді.
- 3-ші тармақ. Топтағы білім беру ортасын талдау
Тәрбиеші бұл тармақта мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын қамтамасыз ету жағдайларын сипаттайды және бағалайды. Ол үшін толтырылған кестелерді алады, нәтижесінде бұлар нақты материалдар берілген есепке қосымша болады: РППС, өткізілген іс-шаралар, педагогикалық технологияларды қолдану және білім беру ортасының басқа құрамдастары бойынша мәліметтер. Оның міндеті – жыл бойы жинаған мәліметтерді талдау, мықты және күшті тұстарын белгілеу, топтағы білім беру ортасы оңтайлы болуы үшін қандай ішкі және сыртқы мүмкіндіктерді қолдануға болатынын жазып алу. Бұдан әрі ең мықты жақтарын және білім беру қызметінің нәтижелерін және ең әлсіз, қиын жақтарын қарастырып, оларды талдау кестесіне енгізу керек:
Мықты жақтары | Әлсіз жақтары | Мүмкіндіктері |
---|
- 4-ші тармақ. Білім беру бағдарламасын орындау нәтижелері
Күтілетін оқу нәтижелерін білдіреді. Мектеп жасына дейінгі балалар жас тобына сәйкес әр білім беру бағдарламасы мен ұйымдасқан оқу қызметі бойынша тиісті білім, машық, дағды көлемін меңгеруге тиіс. Бұл көлем мектепке дейінгі тәрбие және оқудың үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген.
- 5-ші тармақ. Машықтары мен дағдыларының даму мониторингінің көрсеткіштерін талдау
Тәрбиеші педагогикалық диагностика нәтижелерін жалпылайды, мектеп жасына дейінгі балалардың қандай бағыт бойынша көрсеткіштері жоғары, ал қайсысы бойынша төмен екенін белгілеп алады. Бұдан әрі төмен көрсеткіштерді түзету мен өсу нүктелерін қолдау мүмкіндіктерін қарастырады. Бала жетістігіне мониторинг жүргізудің негізінде оның жасына сәйкес диагностика нәтижелерін график, диаграмма түрінде ұсынады.
- 6-шы тармақ. Балалармен бірге өткізген іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы
Балалардың конкурсқа, спорттық сайысқа, үйірмеге, фестивальға және т. б. қатысу нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынады. Тәрбиеші мұнда ата-аналардың пікірлерін көрсете алады.
- 7-ші тармақ. Жеке жетістіктері
Педагог біліктілікті арттыру және педагогикалық тәжірибені тарату үшін қандай жұмыстар атқарылғанын талдайды: біліктілікті арттыру курстарынан өтті ме, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, әдістемелік бірлестіктерге, кәсіби байқауларға қатысты ма, баспа жұмыстары бар ма, сайтта парақшасы бар ма немесе жеке кәсіби сайты бар ма және т. б.
- 8-ші тармақ. Өз бетімен білім алу бойынша есеп
Педагог қандай әдістемелік тақырыппен және қанша мерзім жұмыс істегенін көрсетеді, мақсаттарын, міндеттерін сипаттайды, қандай кәсіби ақпарат көздерін қолданғанын тіркейді, олардың пайдасын бағалайды: ...таныстым, ...әзірлеу үшін негізге алдым. Тәжірибе жалпыланған есепті тапсырады: педкеңесте, тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігінде, педагогикалық оқуларда сөз сөйлеу, тақырып бойынша конкурстарға қатысу, шеберлік сағаты, өз бетімен білім алу тақырыбына байланысты ашық сабақ көрсету және т. б. Нәтижесі бойынша диаграмма ұсынуға болады. Үйірме қызметін жариялау: атауы, жұмыс бағдарламасы, бағыты, мақсаты, балалардың үйірмеге қатысу пайызы, нәтижелері графиктер мен диаграммалар түрінде. Педагог өз бетімен білім алу тақырыбының аясында қандай технологияларды, соның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданады, қолдануға мысал келтіреді. Екі-үш тиімді технология жеткілікті.
- 9-шы тармақ. Ата-аналармен жұмыс нәтижелері
Бұл бөлімге педагог
- отбасының қатысуымен жүргізілетін білім беру жобаларын;
- ата-аналар белсенді қатысушы, ұйымдастырушы, жүргізуші болған бірлескен іс-шараларды;
- ашық есік күндерін;
- дөңгелек үстелді;
- ата-аналармен бірге экскурсияларды;
- бірлескен қабырға газетін және отбасымен қарым-қатынастың басқа белсенді нысандарын;
- топтағы бірлескен көрмелерді (көрме атауы, мақсаты, фото, суреттер);
- нәтижелерді (мадақтамалар, дипломдар);
- ата-аналар жиналыстары мен кездесулерін (тақырыбы, мақсаты);
- жалпы ата-аналар жиналысын енгізеді (қатысушының мәртебесін хабарлау: баяндама немесе хабарлама жасады, өз жас тобындағы балалармен бірге баяндама, компьютерлік презентация дайындады, тыңдаушы болды).
- 10-шы тармақ. Атқарылған жұмыс туралы жалпы тұжырым
Перспективалық жоспардың белгілі міндеттері қаншалықты сәтті шешілгенін көрсетеді. Келесі оқу жылына арналған мақсаттары мен міндеттерді белгілейді, белгіленген стратегияларды іске асыру бойынша алдағы жұмыс бағытын айқындайды.
Маңызды
Егер тәрбиеші туындаған мәселелерді жеңу жолын білмесе және өсу нүктесін же- тілдіру мүмкіндіктерін көрмесе, есепте көрсетілген мәселе әріптестердің тәжірибесіне жүгінуге және мәнін терең түсінуге ынталандырады.
Тәрбиеші мәселелі жақтары ретінде жете алмаған мақсаттарын көрсетеді. Тәрбиешілер әдістемелік іс-шараға қатысуы мен олардың ұйымдастыру сапасын төмен бағалаудан қорқақтамауға тиіс. Қызметіндегі қиындықтарды көру және оны шешу жолдарын табу машығы оның жоғары кәсіби деңгейін дәлелдейді.
Жылдық талдамалы есепті жазудың осындай тәсілі талдау мен жоспарлауды біртұтас жүйеге біріктіруге мүмкіндік береді. Сапалы талдау педогтің жұмысын дұрыс жоспарлауына мүмкіндік береді, кәсіби дамуға қосымша серпін береді.
Есептің көлемі сапасын анықтамайтынын тәрбиешілердің есіне салыңыз. Жас және тәжірибелі оқытушылардың есепте ұсынған материалының көлемі ерекшеленуі мүмкін. Есепте педагогтің жұмысындағы қиындықтарды көретіндігі және оларды жою бойынша қандай шара қолданатынын көрсетуі тиіс. Әдіскер үшін мұндай есептер педагогтерді әдістемелік қолдаудың тиімді бағдарламасын құруға көмектеседі.
Есепті сауатты құрастыру үшін тәрбиешіге мына құжаттар қажет болады:
- өткен жылдағы балалармен жұмыстың перспективалық және күнтізбелік жұмыс жоспары;
- өткізілген іс-шаралар жоспары және оны талдау;
- балалардың МДҰ-ның негізгі білім беру бағдарламасын меңгеру деңгейіне мониторинг жүргізу нәтижелері;
- ата-аналармен әрекеттестік жоспары мен нәтижелері: пікірлер, сауалнама алу және т. б.

Мектепте Bookсrossing акциясын өткіземіз: екі жеңіл тәсілі
Соңғы уақытта кітапқа, баспасөзге деген қызығушылықтың төмендегені байқалады. Кітап «сәннен шықты» дейді. Бұқаралық мәдениеттің нарықтық нысандары кітапты ығыстыруда. Адамдар бос уақытын кітап оқуға жұмсамайды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернетте, кәсіби кездесулерде кітап пен кітап оқуға деген қызығушылықтың төмендеу, білім алушылар арасында оқырмандар санының азаю мәселесі жиі көтеріледі.

Қазіргі кезде адам өмірінің барлық саласына интернет-технологиялар енгізілді. Әдебиет те одан тыс қалмайды. Кітаптарды насихаттауға ықпал ететін тиімді әдістердің біріне бүкіләлемдік желі жатады.
Әлеуетті оқырманның қызығушылық танытуы, біздің жағдайда әр пән мұғалімінің алдына қоятын міндеті – мектепте кітапқа құмар баланы жоғалтпау.
Жоғары сынып оқушылары арасында Bookсrossing акциясын өткіздік.
Мәлімет үшін
Буккро́ссинг (ағылш. bookcrossing), – «кітап айналымы». Әлеуметтік желі қағидаты бойынша әрекет ететін және флешмобқа секілді қоғамдық қозғалыс пен хобби.
Ұйымдастыру тәсілі
1-ші қадам. Мектеп сайтына балаларды оқушылар арасындағы қызықты кітап алмасу акциясына шақыру туралы хабарлама жариялаңыз.
2-ші қадам. Буккроссинг процесі қарапайым іс-қимылдан тұратынын түсіндіріңіз. Ол «кітапты оқып болсаң басқа балаға бер» қағидатына негізделген. Басқалармен бөлісуге болатын кітаптарды кітапханаға алып келуге болады, себебі ол осы жерде жаңа оқырмандарын табу арқылы қызықты саяхатқа аттануы тиіс.
Оның ерекшелігі қандай
Кітап айналымы қоғамдық қозғалыс қағидаты бойынша әрекет етеді және «флешмобқа» ұқ- сайды. Кітапты оқып болған адам оны қоғамдық орында – саябақта, сауда орталығында, дүкенде, кафеде, пойызда, кітапханада, метро станциясында қалдырады. Басқа кездейсоқ адам осы кітапты тауып алады және оқиды, және, өз кезегінде, оқып болған соң осы іс-қимылды қайталайды. Біз оқушыларға кітап алып келуді және оны көрсетілген орында қалдыруды ұсындық.

Буккроссинг идеясы интернет-технологиялар бойынша америка маманы Рон Хорнбекерге тиесілі. 2001 жылы ол өз қонақүйінің дәлізінде түсіндірме жазбалары берілген 20 кітап қалдырды. Бүгінде бүкіл әлем бойынша миллиондаған кітап «серуендеуде». «Саяхаттаушы кітаптар кітапханасы» күн сайын 300 кітапқа толығады.
Тақырыпқа:
Білім алушылардың ақпараттық сауаттылығын анықтаудың сегіз өлшемшарты
Балаларды кітап оқуға тарту және оқу сауаттылығын қалыптастыру
Идеяны сабақта қолдану тәсілі
Орыс әдебиеті сабағында балаларға кітап оқуды насихаттау мақсатында буктрейлер жасауды ұсыныңыз. Бұл тапсырма кинофильмдерге жасалған трейлерге ұқсайды.
Буктрейлер – бұл алдын ала қарауға арналған миниатюра немесе қысқа видео, ол қандай да бір кітаптың сайтындағы мәтіннің немесе видеороликтің мағынасын білдіреді.
Соңғы уақытта жаңа кітаптардан бастап орыс, қазақ және шетел классикасының үлгілеріне дейінгі кез келген кітапты ілгерілетудің түріне айналды.
Осы бірегей жанр ауызекі шығармашылықты, визуалды өнерді және интернет-технологияларды біріктірді.
Басқаша айтқанда, буктрейлер – бұл оқып шыққан немесе ұнаған кітаптың желісі бойынша құрастырылған ролик-миниатюра. Білім алушы оның көмегімен жарқын үзінділерді ашып, шығарманың кейіпкерлерімен танысып, ерекше көңіл күйге бөленеді және автордың қайталанбас стилін сезінеді.
Бұл тапсырма кез келген оқушыны қызықтырады және оның шығармашылық қабілеттерін ашады.
Роликте кітап туралы ақпаратты көрсету және оны қызықты әрі бейнелі етіп жеткізу маңызды, нәтижесінде кез келген адам кітапты қолына алып, оқып шыққысы келуі тиіс.
Буктрейлердің басты міндеті – болашақ оқырманды қызықтыру және таң қалдыру, көркем шығарманың сюжеттік желісіне және кейіпкерлеріне назар аудару. Буктрейлер жасау кезінде видео, иллюстрациялар, фотосуреттер, кітап мұқабаларын және т. с. с. қолдануға болады.
Бітіру сыныбының студенттері құрастырған буктрейлермен танысуды ұсынамыз.
Уинстон Грумның «Forrest Gump» кітабы бойынша буктрейлер
«Форрест Гамп» – бұл америкалық жазушы Уинстон Грумның 1986 ж. АҚШ-та жарық көрген романы. Бірақ бізге Роберт Земекис осы кітаптың желісі бойынша түсірген комедиялық фильм жақсы таныс, ол осы жұмысы үшін «Оскар» премиясын алған. Кітаптың басты кейіпкері қандай да бір тәсілмен америкалық реалийге енгізілген өміріндегі түрлі жағдайларды басынан өткереді. Форрест Гамп — АҚШ-тың танымал кино кейіпкерлерінің бірі. Оның бейнесі көптің жүрегін жаулаған және культқа айналды.
Анждей Сапковскийдің «Сага о ведьмаке» атты шығармасы
Басты кейіпкері Ривия қаласынан шыққан Геральт, мыстан – адамдарға қауіп төндіруші құбыжықтарды жоюшы. Оны бала кезінде Геральтті ескі қамалға алып кеткен мыстандарға беріп жіберген, мұнда ол мутацияға ұшыраған, нәтижесінде оның реакцияларының жылдамдығы, төзімділігі, улар мен ауруларға төзімділігі артқан. Геральттің негізгі жұмысы – қауіпті құбыжықтар мен сойқандарды жою. Мыстан өмірінде маңызды адам: Цирилла есімді кішкентай қыз пайда болған уақытқа дейін мұнымен көп жыл бойы айналысты. Патшалар мен сиқыршылардың қастандығының нәтижесінде мыстан Солтүстік патшалықтар мен ұлы оңтүстік Нильфгаард империясы арасындағы қақтығыстарға араласады. Геральт жойылған патшалықтың князь қызы жас Цириді екі жақтан да құтқаруға тырысады.
Колин Маккалоудың «Поющие в терновнике» романы
Бұл таңғажайып әрі ауқымды роман миллиондаған адамның жүрегін жаулады. Австралияда тұратын Клири отбасының шым-шытырық тіршілігі туралы отбасылық сага. Бұл жақындарына, балаларға, Отанға деген сүйіспеншілікті білдіретін роман. Нағыз әдебиет деңгейіне көтерілген махаббат романы. Ғашықтардың қарым-қатынасы туралы әсерлі роман, ол оқырмандарды шынайылығымен, тазалығымен және тереңдігімен жаулап алады.
Терри Вулфтің «Кодзима – гений» кітабы
Видеоойындар индустриясына төңкеріс жасаған құрастырушының тарихы. Хидео Кодзима жасаған дүниенің бәрі, мейлі ол жаңа ойын немесе Инстраграм парақшасындағы пост болсын, көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырады және қызу талқыға түседі. Бұл кітапта Кодзима шығармашылығының бастауы, классикаға айналған оның культті ойындары қамтылған, Metal Gear, Snatcher және Policenauts сериясын қосуға болады. Бұл тайтлдан ойын индустриясының титандарын талантты құрастырушы туралы сөз қозғауға және осы дарынды жігіттің геймдевтен түсінігі бар екенін мойындауға мәжбүрледі.
Роберт Сикрояктың «Жауһар комикстері» – классикалық шығармаларды танымал комикстердің кейіпкерлерімен біріктірген бірегей кітап. Мысық Гарфилдтің денесіндегі Мефистофель, Ұйқы елінен келген сәби Немо «Портрет Дориана Грея» шығармасының беттерінде, «В ожидании Годо» шығармасының басты кейіпкерлері – Бивис пен Баттхед, ертекші склептен алынған ертегілердің орнына Бронттың «Грозовой перевал» атты шығармасы туралы баяндайды.
Дэниел Киздің «Цветы для Элджернона» атты шығармасы
Бұл ақыл-ойының кемістігі бар Чарли Гордон атты ер адам мен оның танысы тышқан Элджернон туралы оқиға. Адам мен аң зердені жасанды түрде ұлғайту бойынша эксперимент объектісіне айналды. Ғажайып орын алды: бұрынғы ақыл-ойы кеміс Чарли ақылды болды.
Кітапты басқа адамға беру арқылы оған жаңа өмір сыйлайсыз. Біреу қуанса, біреу қызықты адамдармен танысады. Барлық адам үшін кітапқа қолжетімділік қамтамасыз етілген. Егер сүйікті немесе оқып шыққан кітапты алып келіп, оны шкаф сөресінде, дәлізде немесе холлда қалдырса, кез келген адам буккроссер бола алады.
Bookсrossing акциясы өтті, бірақ мектеп кітапханасының сөрелері түрлі көркем шығармалармен: ертегілер мен Ұлы Отан соғысы туралы шығармалар, орыс және шетел классикасы, фантаст жазушылардың шығармалары мен әр халықтың поэзиясымен толықты.
Білім алушыларды буккроссинг ережелерімен таныстыру үшін оларға жаднама таратыңыз.
Егер сен мектеп буккроссерлерінің сөресінен кітап алсаң, онда
• кітапты буккросинг ақпар-кітапшасына міндетті түрде тіркеуді;
• кітапты ұқыпты ұстауды;
• кітапты өзіңді ұзақ уақыт ұстамауды (мүмкін, көп адамның оны оқығысы келетін шығар!);
• қосымша бетте оқыған кітап туралы қысқа пікір қалдыруды ұмытпа.
Буктрейлер – бұл алдын ала көруге арналған қысқа видео немесе миниатюра, ол қандай да кітаптың мәтінінің немесе сайттағы видеоролигінің мағынасын білдіреді.

Балалардың жобалық зерттеу қызметін қалай ұйымдастырамыз. Ғарыш тақырыбына арналған жоба паспорт
Балабақшадағы жобалар әртүрлі. Бұл мақалада біз мектеп жасына дейінгі ересек балалармен жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы баяндаймыз. Оның мақсаты – мектеп жасына дейінгі баланың еркін шығармашылық тұлғасын, оның даралығын, дербестігін дамыту, жобалық дағдыларын қалыптастыру, танымдық іс-әрекетке ынталандыру. Тәрбиешілер әрқашан балалармен жоба ұйымдастыра бермейді. Кейде олар балалар бастамашылық пен дербестік көрсете алмайтын тапсырмаларды ұсынады немесе әртүрлі балалар іс-әрекеттерін ұйымдастырады және оларды жай бір тақырыппен үйлестіреді. Мақаладан балалармен қандай іс-шараларды жобалық іс-әрекет деп санауға болатындығын және зерттеу кезеңдерінің қандай кезеңдерін қамтитынын оқыңыз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жобалық қызметінің теоретикалық аспектісін зерттеңіз
Балалармен жобалық іс-шараларды ұйымдастырмас бұрын және оларды оқу үдерісіне қоспас бұрын, педагогтерге осы оқыту әдісінің теориялық аспектісін зерттеуге кеңес беріңіз. Бұл педагогтерге балалар мен ересектер жобасының мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс кезінде ескеру қажет оны ұйымдастырудың ерекшеліктерін жақсы түсінуге көмектеседі. Төменде қысқаша анықтама береміз.
← Толық көру үшін басыңыз

Жобалық қызмет логикалық тұрғыдан жоспарды жүзеге асырудың әртүрлі кезеңдерімен өзара байланысты балалар іс-әрекетінің әр түрлі формаларын қамтиды, сондықтан ол балабақшадағы дәстүрлі іс-шаралар кестесінен тыс болады. Педагогикалық жобалау технологиясы мұғалімдерге мектепке дейінгі білім беру мазмұнын кіріктіруге, балалармен жұмыс нысандары мен балалар қызметінің түрлерін біріктіруге, мектеп жасына дейінгі балалардың бірлескен және өзіндік қызметіндегі тәрбиелік мәселелерді шешуге, тәрбиеленушілердің отбасыларымен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Бірақ ең бастысы – баланың жобаға қатысуы оны оқу үдерісінің белсенді қатысушысы етеді, өзін-өзі дамытуға серпін береді. Ақыр соңында, баланың мектепке дейінгі жасында алатын өзіндік белсенділігі тәжірибесі өзіне деген сенімділікті дамытады, оны сәттілік жағдайына қояды. Егер мұғалім балалармен жобада жұмыс жасау кезінде осы ерекшеліктердің барлығын ескерсе, мұндай әрекетті жобалық қызмет деп санауға болады.
Жобалық қызметтің негізгі кезеңдерін сақтаңыз
Зерттеу жобасының негізін балалар заттарды немесе құбылыстарды бақылау кезінде мұғалімге қоятын сұрақтар құрайды. Мысалы, ол неге қозғалады, ол неге тәуелді, ішінде не бар және т. с. с. Балалар табиғатынан ізденімпаз, және бұл сұрақтардан олардың танымдық зерттеу қызметін байқауға болады. Жобалық қызмет барысында бала өзінің сұрақтарына жауап алады, бірақ ол осы заттарды немесе құбылыстарды мұғаліммен бірлескен танымдық зерттеу қызметі барысында зерттейді. Сондықтан, ғылыми-зерттеу қызметінде үш кезеңді шартты түрде ажыратуға болады.
Дайындық кезеңінде тәрбиеші алдағы зерттеудің проблемалық өрісін анықтайды. Ол үшін педагог балаларды не қызықтыратынын, қандай сұрақтарға жауап алғысы келетінін анықтайды. Тәрбиеші проблемалық өрісті үш жолмен анықтай алады. Бірінші әдіс – балалар өз бетінше сұрақтар мен зерттеушілік қызметтің міндеттерін тұжырымдайтын жағдайларды құру, ал мұғалім олардың назарын аударады, сұрақтарды құрастыруға көмектеседі. Екінші әдіс – балалардың іс-әрекеттерін мұқият бақылап, әр баланың қызығушылықтарын анықтап, зерттеу проблемасын тұжырымдауға көмектесу. Үшінші әдіс – баламен бірге жобаның зерттеу міндетін құрастыратын, содан кейін оған белсенді қатысатын ата-аналарды тарту.
Негізгі кезеңде балалар жобалық іс-шараларға қатысады, балалар іс-әрекетінің түрлі формалары мен түрлері арқылы өз идеяларын жүзеге асырады: олар талқылайды, сурет салады, сұрақ қояды, кітаптар мен теледидар бағдарламаларынан үлкендерден ақпарат алады, жауаптың дұрыстығын тексереді және т. б. Зерттеу жобасы әр беті жеке жұмыс кезеңі нәтижесінің иллюстрациясын көрсететін кітап түрінде безендіріледі. Бұл кезеңде ересектердің көмегі маңызды: мұғалім, ата-ана, ағасы немесе әпкесі. Ересектер көмекші функцияны орындайды: олар қол қояды, түсіндіреді, әртүрлі ақпарат көздерінен ақпарат табуға көмектеседі, баланы тәуелсіз қорытындылар мен тұжырымдар жасауға жетелейді.
Қорытынды кезең – жобаны қорғау. Бұл кезеңде ересек балаларға істелген жұмыс туралы әңгіме құрастыруға көмектеседі. Егер зерттеу жеке сипатта болса, тәрбиеші әр балаға жобаны қорғауға уақыт бөледі. Егер осы кезеңде ата-аналар қатысса, жобаны бірге қорғауы мүмкін. Егер зерттеуге балалар тобы қатысса, тәрбиеші әр баланың өзі жасаған жұмысы туралы сөйлесуі, өз пікірін білдіруі үшін жобаны қорғауды ұйымдастырады.
Жоба бойынша жұмыс нәтижелері бойынша тәрбиеші топта «зерттеу орталығын» құрып, көрме ұйымдастыра алады және т. с. с. Жобаларда балалар ұсынған материалды жинақтау және жүйелеу үшін мұғалім түрлі тапсырмалар мен интеллектуалды ойындарды ойлап табады және ұйымдастырады.
Ғылыми жобалардың тақырыптары әртүрлі болуы мүмкін: «Біздің есімдер», «Менің отбасым, менің шежірем», «Кішкене қасық туралы әңгіме», «Қандай кітап бар?», «Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?», «Көліктің жерасты әлеміне саяхаты» және т. с. с. Жобаның балалардың қызығушылығын тудыратын және өмірлік және практикалық мәні болып, жалған емес, нақты мәселені шешуге бағытталғандығы маңызды. Балалар ғарыш, жұлдыздар, ғарышкерлер туралы көп сұрақ қояды, өйткені аспанның беймәлім әлемі оларға қызықты, балалар қиялын оятады. Ғарышкерлер күні қарсаңында ғарыштық саяхаттың тақырыптық апталығы аясында тәрбиеші балалармен «Ғарышта адамға ыңғайлы ма?» тақырыбында жоба ұйымдастыра алады. Төменде берілген жобаның әдістемелік паспортын және оған арналған практикалық материалдарды оқыңыз.
Қосымша
← Картинаны толық көру үшін оны басыңыз
«Ғарышта адамға ыңғайлы ма?» тәжірибесіне арналған практикалық материал

Буккроссингке қатысушыларға арналған жаднама